Материалдар / Авторлық бағдарлама: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау.

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл материал педагог психологтарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2019
1372
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қарақия ауданы

«Мұнайшы селосының №5 орта мектебі»КММ






Авторлық бағдарлама


Тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау.





Дайындаған: Абуова Ақжүніс















2015-2016 оқу жылы

Түсінік хат

Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылар үшін ең маңызды кезең. Себебі, ҰБТ оқушылардың орта білімін жалпы бағалау көрсеткіші болып саналады. Бір ұпайдың жетпей қалуынан оқушылар мемлекеттік оқу грантынан, көп жағдайда жоғарғы оқу орнына ақылы түрде оқуға түсу мүмкіндігінен айырылады. Оқушылар үшін өздеріне қажетті ұпай санын жинай алмау үлкен психологиялық дағдарыс болып табылады. Жалпы, жыл аяғындағы ҰБТ-ға дайындық көп жағдайда балаларды жағымсыз психологиялық соққыға әкелуде.

Оқушылардың ҰБТ жағдайындағы жеке басының психологиялық күй-жайы оларды күйзеліске соқтыруы мүмкін. Кейде тестті жақсы, ойдағыдай орындап, қажетті ұпайын жинаған жағдайдың өзінде жоғарғы көрсеткіш иегерлері біраз уақытқа дейін психологиялық жағымсыз күйді бастан өткізеді. Мұның себебін балалардың қарқынды дайындалуымен байланысты болатын уақыт кестесінің қысымдығымен, жеке бастарындағы уайымдауларымен, жыл бойы бастан кешірген ҰБТ-ға деген қорқыныш, үрей сезімдерімен, алынған тесттің нәтижесінде ұзақ уақытқа дейін сенбеуінен туындайтын «түсініксіз» сенімдерімен және т.б. психологиялық ерекшеліктерімен түсіндіруге болады.

Ал, нәтижелері теріске шыққан оқушылардың психологиялық жай-күйлері мүлдем нашарлайды деуге болады.

ҰБТ тапсыратын түлектердің ерекшелік психологиясын ескеретін болсақ, осы кезеңде оқушының бойында өзіндік сана, өзіндік «Мен деген» бейне қалыптасады, өзін және айналасындағы қатарластарын, олардың әрқайсысының мәртебесін, алатын орнын, беделін сезіне бастайды.

Кей жағдайларда бәсекелестік те байқалады, бұл ҰБТ жағдайы үшін кері және ауыр жағдаят, өйткені құрбы-құрдастарының қатарынан аз ұпай жинап қалып қою, оқуға қатарларынан қалып түсе алмай қалуы, өзінің бәсекелес құрбысының бар болғаны бір немесе бірнеше ұпай артық жинауы, 11 жыл бойы сабағы үштік «3» баға деңгейінде келген сыныптасының бірыңғай тестен кездейсоқ «5» алып, жоғары ұпай жинап қалуы, осы кезде тек жақсы оқып, «қызыл аттестат», «Алтын белгі»алуға үміткер болып отырған өзінің төмен ұпай жинап қалуы-оқушыны ең ауыр психологиялық дағдарысқа алып келеді.

Өз-өзін құрбы-құрдастарының алдында «ұят» сезімінде қалғандай сезінеді; «Мен» сезімі шиеленіседі; ішкі психологиясында өз-өзімен ішкі кикілжің пайда болады; күтілген нәтижеден төмен баға алып, қалған жағдайларда балалар, көбінесе өз достарын көруден де бас тартады, қиын және қауіпті жағдайға тап болады.

Осыған байланысты мектеп психологтары ҰБТ-ға дайындау барысында психологиялық қолдау жағдайларын ескере отырып, ҰБТ-ға дайындау жөнінде психологиялық қолдаудың мақсат, міндеттерінің орындалуын басшылыққа алуы қажет:



Бағдарламаның мақсаты: түлектердің жағымды психоэмоционалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру.


Міндеті:

1. Түлектердің болашақ мамандығын айқындау.

2. Стрестік жағдайдан арылуға көмектесу.

3. Өзіне сенімділігін арттыру, өзінің күшіне сену қабілеттерін дамыту, эмоциялық жағымды қатынастар орнату.

































Бағдарлама жоспары

Жұмыс мазмұны


Уақыты

Әдісі

Жауапты

1

11-сынып оқушыларының темперамент ерекшеліктерін анықтау.

11-сынып оқушыларының «Оқушылардың мамандық таңдау» дайындығын анықтау .


Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау кеңестері


Қыркүйек





Үнемі

Тест алу



Сауалнама



Дәріс оқу, пікірлесу






Психолог

2

Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау кеңестері.

11-сынып оқушыларынан « Болашақ мамандығым» атты тақырыпта сауалнама алу

Үнемі


Қазан


Дәріс оқу, пікірлесу

Сауалнама





Психолог

3

« ҰБТ – ге дайындығың қалай?». «Стресс-тест» атты сауалнама алу.

«Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?»атты дәріс оқу.

Қараша



Сауалнама, тест


Кіші дәріс



Психолог

4

«Менің өмірдегі орным» тренинг сабақ

Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау кеңестері.


Желтоқсан




Үнемі

Тренинг,жаттығу



Дәріс оқу, пікірлесу



Психолог

5

Оқушылардың эмоцияларын басқара алуына және қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйретуде «Сенімділік күш береді» тақырыбында тренинг сабақ өткізу


Қаңтар

Тренинг сабақ







Психолог

6

Оқушыларға аутотренингтер өткізу.

Ақпан

Тренинг

Психолог

7

« Мен мамандық әлеміндемін» атты тақырыпта мамандық туралы кеш өткізу


Наурыз

Шағын кеш

Студенттермен кездесу

Психолог

Сынып жетекшілері

8

Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу және емтихан кезіндегі стрестен арылу әдістемелерін өткізу

Тренинг – жаттығулар өткізу


Сәуір


Кіші дәрістер

Тренинг- жаттығулар


Психолог

9

Оқушыларға, ата-аналарға, ұстаздарға уақытынды психологиялық кеңес беру (топпен және жекелей)


Үнемі


Кеңес беру


Психолог

10

«Өз эмоцияңды қалай басқару керек?» тақырыбында кіші дәріс беру

«ҰБТ-ге сеніммен барайық» тақырыбында тренинг сабақ өткізу


Мамыр


Кіші лекция

Тренинг сабақ


Психолог




1-қосымша

Темпераментті анықтау әдістемесі


Берілген пікірлердің ішінен өзіңізге тән дегенін белгілеңіз.

  1. а) Мазасыз, күйгелексіз.

б) Көңілді, ақжарқынсыз.

в) Сабырлы, байсалдысыз.

г) Ұялшақ, қысылып-қымтырыласыз.

2. а) Ұстамсыз, қызбасыз.

б) Белсенді, істе ширақсыз.

в) Ретті, нақтысыз.

г) Жаңа ортада ыңғайсызданасыз.

3. а) Шыдамсыз.

б) Бастаған беті аяқсыз қалдырасыз.

в) Сақ, парасаттысыз.

г) Жаңа адамдармен тіл табысу сізді қиналдырады.

4. а) Қарым-қатынаста бірбеткей, тік мінездісіз.

б) Өзіңізді асыра бағалайсыз.

в) Шыдамсыз.

г) Өз күшіңе сенбейсіз.

5. а) Батыл, белсендісіз.

б) Жаңашыл нәрсені тез қабылдайсыз.

в) Үндемейтін, көп сөйлегенді жек көресіз.

г) Жалғыздықты ұнатасыз.

6. а) Бірбеткейсіз.

б) Ықылас бейімділігіңіз тұрақсыз.

в) Аспай-саспай бір қалыпты сөйлейсіз.

г) Сәтсіз жағдайларда ұнжырғаңыз түсіп, сасасыз.

7. а) Дау-дамайда тапқырсыз.

б) Сәтсіздік, көңілсіздікті тез жеңесіз.

в) Ұстамды, шыдамды.

г) Өз ойыңызбен отырғанды қалайсыз.

8. а) Тәуекелге бейімсіз.

б) Әр түрлі жағдайларға тез бейімделесіз.

в) Бастаған істі аяғына дейін бітіресіз.

г) Тез шаршап қаласыз.

9. а) Іске анда-санда ғана араласасыз.

б) Кез-келген жаңа іске қызығушылықпен кірісесіз.

в) Күшіңізді бекерге жұмсамайсыз.

г) Тым әлсіз сөйлейсіз, кейде тіпті естімей қаласыз.

10. а) Қайтымы жылдам, секемшілсіз.

б) Тартымсыз болса, көңіліңіз тез қалады.

в) Қойылған күн тәртібін ұстанасыз.

г) Еріксіз әңгімелесушінің мінез-құлқымен үйренесіз.

11. а) Шапшаң, әсерлі, бірақ жиі тоқтап сөйлейсіз.

б) Жаңа іске тез кірісесіз, басқа іске де араласып кетесіз.

в) Шапшаңдығыңызды басып отырасыз.

г) Істе шапшаңдық танытпайсыз.

Темпераментті анықтау тесттің кілті.

Әр нұсқаға «1» ұпай беріледі.

А) холерик – (ыстықты)

Б) сангвиник – (жеңілқанды)

В) флегматик – (суыққанды)

Г) меланхолик – (ауырқанды)

Қай нұсқаның балы көп болса, сол темперамент иесінің көрсеткіші.

Темперамент жөнінде түсінік.

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

Сангвиник.

Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді, сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелігіне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.

3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғи да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

Флегматик.

Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру. Кейде флегматиктер жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

Мысалы 2-ші сынып оқушысы – флегматик, ол барлық істі баяу, байыппен, асықпай істейді. Одан сабақ сұраған кезде, ол баяу орнынан тұрып, азғана үндемей тұрады да, сабақты үйден қараған болса, бірқалыпты дауыспен сабақ айта бастайды; ал егер үйде оқымаған болса, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап қайтармай үнсіз тұрады. Кейде ондай оқушылар мұғалімді ызаландырады, ал достары оның баяулығына күледі. Бірақ, флегматик оқушы – жақсы дос,ашық және өте ұстамды, оны ренжітіп алу немесе күлдіру өте қиын.

Холерик.

Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Мысалы, кіші холерик оқушыда талпыныс пен құштарлық ерекше көзге түседі. Тіпті партада мұғалімді тыңдап отырған холерикті анық мимика мен энергетикалық белгілер арқылы ажыратуға болады. Тақтада жауап бергенде, кіші оқушы бір аяқтан екіншісіне ауыстырып тұрады, өте жылдам жауап береді. Ондайлар тез істеуге, үлкен өзгерістерге құлшынып тұрады. Міне, мұғалім кезекшіні бор әкелуге жіберді делік, ол жиналып барғанша, холерик оқушы орнынан тұрып борға өзі жүгіріп кетеді. Бұл оқушы әр нәрсеге құштар, істі бастағанда, оны өте тез және беріліп істейді де, түрлі кедергілерден жеңіл өтеді. Ол өте ұстамсыз, өте қарапайым қиыншылықтар үшін күйіп-пысады, мұғалімдер мен ата-аналарына айқайлап сөйлейді. Бірақ ол агрессиялық күйден қайта қалпына келгенде, олай істеуге болмайтынын түсінеді, сонда да ол өзіне ештеңе істей алмайды. Оның ұстамсыздығы оған көп кедергі жасайды және ол үнемі достарымен ойын үстінде ұрсысып, мұғаліммен сабақ үстінде ұрсысады.


Меланхолик.

Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

Мысалға мен 4-ші сынып оқушысын алайын. Ол тұйық, ұялшақ және ол ешкімге көрінгісі келмейді. Біреуден қорқып жүрген сияқты. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды. Сабақ айтып тұрған кезде қызарып кетеді, сабақты біліп тұрса да сасқалақтап жауап бере алмай қалады. Істегісі келмейтін жұмыспен айналысса, тез шаршап кетеді. Достарына көмектесуді ұнатады.














2-қосымша

Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы

11 сынып оқушыларына арналған сауалнама

Құрметті мектеп бітіруші! Өзіңнің көңілнене шығатын жауапты белгілеуіңді сұраймын.

  1. Сен болашақ мамандығынды дәл таңдадың ба?

  2. Таңдаған мамандығыңда сені ең алдымен жұмыс процесі қызықтыра ма?

  3. Қалаған мамандығына қол жеткізе алмаған жағдайда қосымша боламаң бар ма?

  4. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдарды оқисың ба?

  5. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын білесің бе?

  6. Сенде өзің таңдаған маманыққа қажет сапалық көрсеткіштер жетіспейді ме?

  7. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда жұмыс жасайсың ба?

  8. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты құптайды ма?

  9. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз тұстарын білесің бе?

  10. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет түрінен сынақ жасап көрдің бе?

  11. Сен дәрігермен болашақ мамандық таңдау туралы келістің бе?

  12. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша жұмысқа тұру мұмкіндіктері туралы білесің бе?

  13. Сен өзің таңдаған оқу орынына түсу шарттары туралы білесің бе?

  14. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің табыстары туралы білесің бе?

  15. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың ба?


  1. Таңдау себебі - материалдық қызығушылық па ?

  2. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан таңдадың ба?

  3. Сен жұмыс (оқу) орнын сенің үйіңе жақын болғандықтан таңдадың ба?

  4. « Кім болып істеген маңызды емес, мағыздысы қалай жұмыс істеуде» деген пікірге келісесің бе?

  5. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?

  6. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға әсері жоқ деп ойлайсың ба?

  7. Мамандықты таңдауда маңыздысы - кәсіптік оқу орнына түсу мүмкіндігі ме?

  8. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға тусуге) орналасуға көмек беретініне сенесің бе?

  9. Мамандықты таңдау үшін « қаладым» деген сөз жеткілікті ме?

0-6 ұпай – дайын емес

7-12 ұпай – төмен дайындық

13-18 ұпай – орташа дайындық

19-24 ұпай – жоғары дайындық


































3-қосымша

Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау кеңестері:

1. Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол.

2. Тестке барарда, алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.

3. ҰБТ-ке кіретін кезде қобалжыма, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста.

4. Тестілеу барысында, ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше өзіңе жеңіс картинасын суретте.

5. Сағат 3,5 (үш жарым) сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан.

6. Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.

7. Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.

8. Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле.

9. Тестке барарда өзіңе ыңғайлы киіміңді киін.























4-қосымша

Болашақ мамандығым

1. Мамандық таңдау дегенді қалай түсінесің?

2. Мамандық таңдау туралы сыныпта әңгіме айтылды ма?

3. Өзіңнің болашақ мамандығыңды нақты таңдадың ба?

4. Болашақ мамандықты таңдауда кім ақыл-кеңес берді?

5. Сенің таңдаған мамандығыңды ата-анаң біле ме?

6. Оған қарсы емес пе?

7. Мамандығың бойынша таңдау пәнінің қандай екенін білесің бе?

8. Сенің таңдаған таңдаған мамандығың өзіңе ұнай ма?

9. Қандай оқу орнына түсесің?

(университет пе, колледж бе?)

10. Болашақ мамандығың бүкіл өміріңнің жалғасы екенін түсінесің бе?

Нәтижесін өңдеу әр сұрақтың жауабы талданады.Қорытындысы сол бойынша шығарылады.
























5-қосымша

«ҰБТ-ге дайындығың қалай?»сауалнамасы

1

ҰБТ-ге дайындық жүріп жатыр ма?

2

ҰБТ-ге дайындық көңіліңізден шығады ма?

3

ҰБТ-ге дайындалу үшін репетитор қажет деп ойлайсыз ба?

4

ҰБТ-ге деген көзқарасың қандай?

5

Таңдау пәнің қандай?

6

ҰБТ-ге дайындығың қалай?

7

ҰБТ-ге деген қобалжу бар ма?

8

ҰБТ-ден ең жоғарғы балл жинайтыныңызға сенесіз бе?

9

ҰБТ-ға деген қорқыныш сезімі бойыңызда байқалады ма?

10

Қай пәннен төмен балл жинаймын деген сенімсіздік бар?

11

Неліктен?

12

ҰБТ-ге дайынсыз ба?

13

ҰБТ көп дайындықты қажет етеді ме?

14

Қай пәннен дайындығың жақсы?

15

ҰБТ-ге психологиялық дайындық қажет деп ойлайсыз ба?


















6-қосымша

«Стресс- тест»

Мақсаты: Қатысушы стресске шалдықты ма, әлде жоғын анықтау

Уақыты:

15 минут

Барысы: Сіз сөйлемді оқып, өзіңіздің ойыңызды келесі шкаланың көмегімен айтуыңыз тиіс:

- ешқашан (1 ұпай)

- кейде, оқта- текте ( 2 ұпай)

- жиі (3 ұпай)

- әрқашан (4 ұпай)

1.Болмайтын нәрсе мені кейде ғана тітіркендіреді

2.Біреуді күткенімде ғана қобалжимын.

3.Ұялған уақыттарымда қызарып кетемін.

4.Ашуланғанымда мен біреуді абайсыз өкпелетіп алуым мүмкін

5.Сынды көтере алмаймын, өзімді ұстай алмаймын.

6.Егерде автобуста біреу мені итерсе, мен тура сондай жауап қайтарам немесе дөрекі жауап қатамын.

7.Бар бос уақытымда бір іспен айналысамын.

8.Кездесуге әрқашан кешігіп немесе ерте келемін.

9.Тыңдау қабілетім төмен, міндетті түрде сөзге қыстырылып отырамын.

10.Аппетиттің жоқтығынан қиналамын.

11.Себепсіз көп қобалжимын.

12. Таңертеңгі уақытта өзімді нашар сезінемін.

13.Өзімді нашар сезініп, аз ұйықтаймын, ұзақ уақыт ұйықтай алмаймын.

14.Жеткілікті ұйықтағанның өзінде өзімді сезінбеймін.

15.Жүрегіммен бір нәрсе дұрыс емес шығар деп ойлаймын.

16.Арқам мен мойнымда ауыртпалықтар сеземін.

17.Үстел басынды отырғанымда, аяғыммен тербетіп, саусақтарыммен үстел үстін соғып отырамын.

18.Үстел үстінде отырғанда теңселе- тербеліп отырамын.

19.Жетістіктерім үшін әрдайым мақтау сөздерін күтемін

20.Өзімді басқалардан әлдеқайда күштімін деп ойлаймын.

21.Тамақтану тәртібін (диета) сақтамаймын.


Бағалау шкаласы:

30 ұпай және одан төмен. Сіз саналы әрі тұрақты өмір сүретін адамсыз.Өміріңізде пайда болатын бар проблемаларды тез шеше аласыз. Өзіңізді өзгелерден артық деп ойламайтын, қанағат тұта алатын, әрқашан бәріне үлгеретін адамдардың қатарындасыз.

31-45 ұпай. Сіз өте белсенді адам болғандықтан өміріңіз қызықты әрі стресске толы болып өтеді. Сондықтан сіз көп шаршайсыз, үздіксіз стресске шалдығып отырасыз. Алайда бұл стресстің барлығы алдыңызға қоятын биік мақсаттарыңыз үшін.

46-60 ұпай. Сіз үшін бастысы- жарқын мансап. Сіз үшін өзгелердің ойы мен көзқарасы өзіңіздің ойыңыздан әлдеқайда маңызды, сондықтан сіз әрқашан стресс үстінде боласыз. Егерде сіз өміріңізді осындай бағытта жалғастырсаңыз, сіз расында да көп нәрсеге жетіп, армандарыңыздың көбі орындалады, алайда мұның барлығы сізге қуаныш әкеле алады ма, ойланып көріңіз.

61 ұпай және одан жоғары. Сіз көліктің жүргізушісі секілді өмір сүресіз: бірде газға басып, бірде тормазға басасыз. Тез арада өмір сүруіңіздің салтын, тәртібін өзгертіңіз. Мұндай стресс тек сіздің денсаулығыңызға ғана емес, сондай- ақ сіздің болашағыңызға да зиян әсер етуі мүмкін.















7-қосымша

«Менің өмірдегі орным»атты тренинг


Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау;өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау; қоғамдағы жарнамаларға қалай қарайтынын білу;өмірдегі қиындық неден шығатынын еліктеушілік, иланушылық, қызығушылық туралы түсініктері мен білімдерін анықтау.

«Мен және өмір» жаттығуы

Шарты: оқушылар шеңберге тұрып мысалы «Мен, Айбол өмірде бақыттымын» дегендей өмірге байланысты сөз тіркестерін айтады .

«Балалығым бақытым»жаттығуы

Шарты: балалық бақыт пен ересектік бақыттың ерекшелігін қалай түсінетіндерін тақтаға сурет салу арқылы талқылап айтады.

«Жан дүниемдегі сырымды таба біл» жаттығуы

Шарты:қатысушылар бір-біріне, сол бала жайында өзіне жауап ала алмай жүрген сұрақтарын қою арқылы жауап алып оның сырын аша бастайды.Ойын бәрі толық сұраққа жауап бергенше жүреді.

8-қосымша

«Сенімділік менің серігім» атты тренинг

«Жылдамдық» жаттығуы

Мақсаты: оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.

Нұсқау: мен сіздерге жылдам сөздер тобын оқимын, сіздер мұқият тыңдап әр сөздің 2-әрпін жазасыздар.

Бастаймыз!

Ес, сезім, анықтау, білек, емен, адамгершілік, кітап, үлкен, білім, екі.

С е н і м д і л і к сөзіне түсініктеме беру.

Сенімділік адамның бойынан табылатын жақсы қасиет болып саналады

Сенім адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.

Қорытынды: тренинг барысында оқушылар өздерін жақсы сезінді.Математика пәнінен ең жоғарғы балл жинайтынына сеніділіктерін қалыптастырды.

Оқушылар «Сілкіп таста» жаттығуында бір сергіп қалды. Бұл жаттығуда оқушыларға нұсқау берілді, яғни:

Айналамызға орын қалдырып,еркін тұрып,алақаныңызды сілкіңіздер,білегіңізді сілкіңіздер,иығыңызды сілкіңіздер.Осы сәтте өзіңізді жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер.

Аяқтарыңызды саннан тобыққа дейін сілкіңіздер, бастарыңызды сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңызда болады, беттеріңізді сілкіңіздер.

Сезініңіздер, сіздің бойыңыздан ауыр жағымсыз, жүктің түскенін. Сіз біртіндеп сергек, көңілді болудасыз немесе көңілді - күй жағдайдасыз. Енді сеніммен мына сөздерді қайталаңыз:

  • Мен ақылдымын.

  • Менің жаным тыныш

  • Мен қиындықтан қорықпаймын.

  • Менің қолымнан бәрі келеді.

  • Маған сенімділік күш береді.

  • Мен дайынмын.

Бұл жаттығудан кейін оқушылар өз ойларын білдіріп, талқыға салдық. Оқушылар, «бойым жеңілдеп қалды», «шаршағаным басылды» т.б. пікір білдірді.


























9-қосымша

Аутотренинг «Теңізге саяхат»

Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып сіз тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып - жылы, әрі жұп - жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, - жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Асықпай бұл орынмен қоштасыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз.

Аутотренинг жаттығу «Сиқырлы орман»

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, коммуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.


  1. Жап-жасыл орман. Тап-таза ауа. Тек қана құстар ән салғанн ғана естіп тұрсыз. Сіз орманда қыдырып жүрсіз. Сіз жалғыз емессіз, кіммен қыдырып жүрсіз? – Қазіргі таңда өмірңізде маңызды орын алатын адам.

  2. Орманда қыдырып жүріп бір жануар ды көрдіңіз. Ол қандай аң? Үлкен бе, әлде кішкентай ма?- Аң сіздің проблемаңыз.

  3. Сіздің аңға деген көзқарасыңыз. Одан қорқасызба, сүйсіне қарайсызба?

  4. Аңнан әрі қарай өттіңіз, алыстан бір үйді көріп тұрсыз. Ол үлкен үй ме, әлде шағын, кішкентай үй ме? – Үй деген арманыңыз.

  5. Үй сырты шарбақпен қоршалғанба? – адамдармен қарым-қатынасыңыз.

  6. Үйге кірдіңіз, ас үйде үстел үстінде тамақ барма, жоқпа? – тамақ болса бақыттысыз, тамақ болмаса –қазіргі таңдағы өзіңізге

  7. -өзіңіздің көңіліңіздің толмай жүргендігі.

  8. Үйдің артқы есігі бар екен. Сыртқа шықтыңыз. Қапталыңызда шөп үстінде бір ыдыс жатыр. Ол қандай ыдыс, неден жасалған ыдыс және не үшін пайдаланасыз? – ыдыс сіздің маңызды адамыңызбен қарым-қатынасыңыз.


























10-қосымша

«Мен мамандық әлеміндемін» атты студенттермен кездесу кеші.

Кешке қатысушы көрермендер:
- 11-сынып оқушылары
- Студенттер
- Ұстаздар

Пікір айтушылар:
Әр түрлі саладағы болашақ мамандық иелері, яғни студенттер.

Пікір айтушы студенттермен таныстыру

«Мен мамандық әлеміндемін» атты студенттермен кездесу кешінің бағдарламасы:
Кештің мақсаты: 1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, оларға дұрыс бағыт – бағдар беру. Студенттік өмірдің қиындығы мен қызығын таныстыру, олардың таңдаған мамандыққа деген құштарлығын ояту.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу
Кіріспе сөз: -Құрметті, студент қауымы, оқушылар және ұстаздар! Баршаңыз да бүгінгі «Мен мамандық әлеміндемін» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Мектептен түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, кешегі түлектер, бүгінгі студент, болашақ маман иелерімен, кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Адам өзінің болашақ кәсібіне әр түрлі жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге - әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз-өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоймайтын адам кем де кем.

Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді. Адам еңбегінен қуанышын таба білсе, бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі. Зор ықылас, шабытпен істеген іс – табыс биігіне жеткізетін қанат.
Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.

Қатысушыларға берілер сұрақтар: 
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
-Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген-ай деген шақтарыңыз болды ма?

3. Психологиялық сәт: "Психогеометрия"- өзін- өзі тану: Қатысушылар өзіне ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.
Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналана адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады, бірақ саған өзіннің кәсіптік мамандығынды менеджментпен байланыстырмауға ұсыныс айтамын. 
Зигзаг. Сенде әсемдікті көре білу қабілетін жоғары қалыптасқан, сондай- ақ шығармашылық қабілетін, ой- өрісін дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналана қабілетті адамдарды жинай аласын. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесін , басқаның ауарпатылығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың және саған менеджмент саласындағы мамандықтар сәйкес келмейді. Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныннан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар.Саған менеджмент саласын меңгеру ұсынылады.

4. «Мамандықтар тізбегі»- ойыны
Қазір барлығымыз шеңбер жасап, «мамандықтар тізбегін» құрамыз. Мен бір мамандықты айтамын, мысалы: металлург. Келесі оқушы осы мамандықпен қатысы, байланысы, ұқсастығы бар мамандықты атап олардың байланысын, ұқсастығын ажырата білу керек. Мысалы, металлург, аспазшы. Себебі екеуі де отпен, жоғары температурада, ыстық пештерде жұмыс істейді. 
ІV. Қорытындылау:
2. Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін? 
«Бос микрофон» (рефлексия)
Еркін түрде қатысушылар бүгінгі кештен алған әсерлері туралы пікір бөліседі.
- Осы күннен не алдыңыз?
- Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма?

Қорытынды: Бүгінгі кешімізді мына өлең жолдарымен аяқтауға рұқсат етіңіздер:
Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!
















11-қосымша

Шағын дәріс: «Жүйке психикалық күшті түсіру тәсілдері»

Мақсаты: өзіндік реттеу түсінігімен таныстыру және жүйке-психикалық күшті түсірудің тиімді жолдарын ұсыну.

Жүйке психикалық күшті түсіру тәсілдері:

1. Босаңсу жиырылу, босаңсу жиырылу, т.б.

2. Спорттық шаралар

3. Аралас душ

4. Кір жуу

5. Саусақпен сурет салу (қасық астық, қасық су, қасық бояу пайдаланып) кейін олар туралы әңгімелеу

6. Аяқ табақ жуу

7. Газетті жұмарлап лақтыру

8. Сайыс: өзіңнің теріс күштеріңді газеттен жасақталатын «допқа» беріп, барынша оны кішірейтіп, алысқа лақтыру

9. Газетті ұсақ бөлшектерге бөлу

10. Газеттен өз көңіл-күйіңді жасақтау

11. Газет бетін бояу

12. Сүйікті әніңді дауыстап шырқау

13. Бірде қатты, бірде жай айқайлау

14. Музыка жіберіп билеу, бірде «байыпты», бірде «қатты»

15. Жанып тұрған майшамға қарау

16. 10 рет терең майшамға қарау

17. Ормада серуендеу, айқайлау

18. Тістің ішкі жағынан тілмен санау















12-қосымша

Кіші дәріс тақырыбы: «Өз эмоцияңды қалай басқару керек?»

1.  «Менің эмоциям» жаттығуы

Мақсаты: артистік қабілетті белсенді ету, өзін еркін сезінуге жету, эмоциясын ситуацияларға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру.

Уақыты: 10 минут.

Материал: Адам тәнінің мүшелері және эмоциясы белгіленген түрлі эмоция топтамалары. Топтамаларда түрлі эмоциялар  берілген, олар: «Қайғы бет», «Қуаныш ерін», «Ренжу оң қол», «Көкіректік арқа», «Қорқыныш аяқтар», «Таңқалу  Қастар».

Нұсқау: Мен қазір сіздерге адам тәні мен эоциялық жағдайы белгіленген топтамалар таратамын. Сіздер оны мұқият қарап, эмоцияны бейнелеңіздер.Мсыалы «Қайғы қолдар» топтамасы нені білдіреді соны қолдың көмегімен көрсету қажет. Топтың міндеті – сол эмоцияны анықтап табу.

Талдау:

Эмоцияның сіздер үшін қандай маңызы бар?

Адам өмірінде ол қандай роль атқарады?

Ол қандай өмірлік ситуацияларда туындауы мүмкін?

2. «Өз эмоциянды қалай басқару керек»  мини-лекция

Мақсаты: эмоцияны басқаруға үйрету.

Уақыты: 10 минут.

Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болады?

Сізді түсінетін достарыңыздың арасында жағымсыз эмоцияңыздан арылу. Егер сіз бір жағымсыз эмоцияңыздан арылғыңыз  келсе, онда жастықты ұрыңыз, бет орамалды құрғақ болса да сығыңыз. Ашу энергиясы иық, қолдың жоғарғы бөлігінде және саусақтарда жиналады. Кез келген дыбыс шығарыңыз, ашу күші мойныңызға тығылып қалуы мүмкін. Толыққанды арылу қандай да бір спорт түрімен айналысуда шығады. Сондықтан да нағыз спортшылар дене және жан  саулығына ие.Адамға табиғаттың жақсы әсері мол. Қиын жағдайда серуен жасау, өзен ағысынап және көлдің мөлдірлігіне қарау, таза ауамен тыныстау көп көмектеседі. Тыныс алу арқылы эмоцияны реттеу. 3-4 қысқа тыныс алу мен оны шығару миға баратын импульстар ағыны жақсарып, стреске әсер етеді. Сосын терең тыныс алу қажет.

Табиғат біздің миымызға түсетін психикалық ауырлықтан қорғанудың тамаша құралы жылау мен күлкіні берген. Күлкі жүйке жүйесінің ерекше қорғанышы. Ол қауіпті импульс ағымдарынан құтқарады. Осы жаттығуда жылау мен күлкінің, емдік қасиеттері бірігеді. Ал енді эмоцияны реттейтін бірнеше жаттығулар жасаймыз.

1.     Бас бармақты ішіне қаратып, жұдырықтаңыз. Тынысыңызды жаймен ішке жинап, жұдырығыңызды қысыңыз. Сосын жұдырығыңызды біртіндеп босатып, тынысыңызды шығарыңыз. 5 рет қайталаңыз. Енді осы жаттығуды көзді жұмып жасаймыз. Бұл тиімділігін арттырады.

2.     Екі грек жаңғағын алақанда айналдырыңыз. Екі алақанға кезекпен жасаңыз.

3.     Кішкентай бөбек саусағыңыздың басына массаж жасаңыз.

4.     Жаңғақты кішкентай бөбек саусағыңызға жақын орналастырып, екінші алақанмен 3 минуттай айналдырып қимыл жасаңыз.

4. Кіші топтағы пікір-сайыс

Мақсаты: теориялық  материалды бекіту.

Уақыты: 25 минут.

Нұсқау: кіші топқа төмендегідей бөлесіздер.

Сіздердің  құлақтарыңызға бір-бір эмоция жазылған сөздер айтылады. Міндеттеріңіз: дәл сондай сөз айтылған адамды дауыс шығармай, вербальды емес тәсілмен табу. Әрбір құрылған топ өз сөздерін ым-ишарамен көрсетеді. Сөздер: таңқалу, қорқыныш, қөұмарлану, қуаныш.

Ал енді 4 кіші топтар құрып, таймер, хатшы, спикер, төрайым немесе төраға таңдайсыз. Қазір емн сіздерге сұрақтарды талқылауға беремін. Пікір-сайыс кезінде ми шабуылын пайдаланып, топ қағидасын сақтаңыздар. Жұмысқа 2 минут беріледі.

1-     Топқа тапсырма: Қорқынышты қалай жеңуге болады?

2-     Топқа тапсырма: Жолы болмаушылықты қабылдаудың жағымды және жағымсыз тәсілдері.

3-     Топқа тапсырма: «мынадай сәтте жолым болады...» және «мынадай сәтте жолым болмайды...» деген сөйлемдерді аяқтаңыз.

4-     Топтың тапсырмасы: Өз эмоцияңызды қалай жеңуге болады?

Ал енді спикерлерге өндейтін топтың идеяларын айтуын сұранамыз.




















13-қосымша

Тақырыбы: ҰБТ-ге сеніммен барайық!

Мақсаты: Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану, қорқыныш сезімдерін жою, өз - өзіне сенімділігін арттыру және жағымды көңіл - күйлерін қалыптастыру.
Түрі: ойын – сабақ
Құрал - жабдықтар: А4 беттері, психологиялық әуендер, түрлі - түсті фламастерлер
Жоспары:
1. Сәлемдесу. Сұрақтарға жауап беру
2. «Күншуақ» жаттығуы;
3. «Бәйтерек» жаттығуы;
4. «Мен өзіме сенімдімін» жаттығуы;
5. «Аутотренинг:Тұлғаның өзіне сенімділігін психологиялық дайындау» жаттығуы;
6. «Тілек ағашы» қорытынды.
Сабақтың барысы:
Қатысушылар барлығы бір - бірімен сәлемдесіп, мына төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
1. Бүгінгі көңіл - күйін қалай?
2. Өзіңді қалай сезініп жүрсің?
3. ҰБТ - ге дайындығың қалай?
4. Сені мазалайтын қандай қиыншылықтар бар?
«Күншуақ» жаттығуы. Бұл жаттығудың шарты бойынша, әр қатысушы берілген А4 беттеріне күн шуақтын суретін салады. Өзінің алдына қойған мақсатын және сол мақсатқа жету жолдарын жазады. Қатысушылардың әрқайсысы өз мақсаттарымен таныстырады. Уақыт 10 мин беріледі.
«Бәйтерек» жаттығуында қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топқа А4 беттері беріліп, «Бәйтерек» жасау керек. «Бәйтеректі» тек А 4 беттерінен жасағанда қайшы, желім т. б. қолданылмайды. Уақыт 20 мин беріледі. Бұл жаттығуда қатысушылардың бір - бірімен қарым - қатынасын, қобалжуын, белсенділігін т. б. сезімдерін байқауға болады.
«Мен өзіме сенімдімін» жаттығу. Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Тақырыпқа байланысты өзіне сенімділігін арттыру үшін, «Мен өзіме сенемін» деп әрқайсысы өз ойларын айтады.
Бұл жаттығуда әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінеді, бір - біріне жылу сыйлайды.

Психологиялық тест

Сіз қандай ағашты таңдайсыз?

Төменге түспей жатып мына ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз. 

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды. 

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді. 

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз. 

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым-қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз. 

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз. 

9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз. 


Күтілетін нәтиже:

  • Мамандық түрлерімен танысады;

  • Оқушылар мамандығын дұрыс таңдай біледі;

  • Қорқыныш,стрестік жағдайдан арыла алады;

  • Өз-өзіне сенімді болуды үйренеді;

  • ҰБТ-ден жоғарғы ұпай жинауына көмектеседі.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007.
2. «Қызықты психология»журналы,№2,2015ж

3.Фрейд 3. Психологическое «Я» и защитные механизмы. – М, 1991.
4.Фрейд 3. Психоанализ. - М, 1994.
5. Құдайбердіұлы Ш. Шын бақыттың айнасы.// Дүние толқын. Наурыз, 2009 ж. №3(27)
6. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 160 б.
7.Спилбергер С.Д. Подходы к изучению стресса и тревожности в спорте. /под.ред Ханина Ю.Л. -М, 1983.С. І2-24






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!