Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 33 жалпы орта білім беретін мектебі КММ
«Орфографиялық сауаттылық» курсының
бағдарламасы
жалпы орта білім беретін мектептің
4- сыныбына арналған

2017 ж
Құрастырған: бастауыш сынып мұғалімі
Ажикенова Лаззат Жамбуловна

Түсінік хат
Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің
ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің
келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу
жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын
ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді,
интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін
практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Сабақта әр оқушының
белгілі тақырыптардан өзінше жұмыс жасауына мән беріледі. Бұл
оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық
білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Сонымен қатар
оқушының білімді шала түсінген тұстарын практика жүзінде нақтылауда
атқаратын қызметі зор.
Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш 4 - сыныбына арналған «Орфографиялық сауаттылық» бағдарламасы. Бағдарлама мемлекеттік білім стандартының негізіне сүйене отырып жасалған.
Оқу жоспарында көрсеткендей бастауыш буында «Қазақ тілі» курсын оқытуға бөлінген уақыты ( 4 – сыныпта, аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат) ескере отырып, дайындалған бағдарлама. Оқу материалдардың мазмұны маусымдық – тақырыптық принципке құралған. Бастауыш сынып қазақ тілі пәні бүгінгі талапқа сай «Қазақ тілі» курстарына қосымша білім беруге бағытталған.
Бағдарлама бастауыш сынып оқушылардың алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландырып, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгертетін жəне олардың ақыл-ойын дамытады. Оқушылардың дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастырады; тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктерін қалыптастыру; алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгертеді, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастырады;тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамытады;оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіреді;ой - өрісін кеңейту, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту, оқытудың өмірмен байланысын нығайту мақсатындағы қосалқы әдістемелік тәсіл ретінде ұсынады.
3
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту,қазақ тілінен білімін кеңейту және тереңдету.Орфоэпиялық және орфографиялық, пунктуациялық білімдерін қалыптастыру, тілді үйрену қабілетін дамыту.
Сатылай кешенді талдауының ғылыми мазмұны мен жүйесін,оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрлысын сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қарым-қатынастық біліктілігі дамыған, ұлттық
санасы оянған дара тұлға қалыптастыруға мүмкіндік
туғызу.
Бағдарламаның міндеті:
-
оқушының өзіндік іс-əрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.
-
тіл дыбыстары, сөз таптары мен қосымшалар туралы теориялық білімдерін жүйелеу;
-
теориялық білімдерін ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерінде орынды қолдануға төселдіру;
-
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
-
оқу материалдары арқылы ана тілін жетік меңгерген ұлтжанды тұлға қалыптастыру;
-
баланың тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуға, интеллектуалдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу;
-
оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейінде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
-
оқушылар жылдам, әрі жүйелі талдау дағдысына қалыптасады;
-
грамматикалық тапсырмалардың мағынасына қарай дұрыс,әрі қатесіз орындауға үйренеді;
-
оқушылардың сатылай кешенді талдау түрлерін талдауын өздері мұғалімнің көменгінсіз еркін талдай алатын болады;
-
өздерді сауатты, әрі әдемі жазуға дағдыланады;
-
оқушының бойында адами құндылықтар қайырымдылық, сүйіспеншілік, елжандылық, имандылық қасиеттері дамиды.
4
Оқушының дайындығының міндетті (минимум)
деңгейіне қойылатын талаптар
1) Дыбыс және дыбыс түрлері
2) тасымал
3) сөйлемнің бірыңғай мүшелерін, олардың тыныс белгілерін;
4) сөз тіркесін;
5) буын жəне дыбыс үндестігін;
6) сөз мағыналарын, олардың бір-бірінен айырмашылығын;
7) күрделі сөздерді жəне оның түрлерін (біріккен сөз , қос сөз);
8) жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің бір-бірінен өзгешелігін, құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін;
9) сөз таптарын жəне түрлену жүйесін.
10) мəтіндегі тірек сөздерді табуды жəне олармен мəтін құрауды;
11) сөз таптарын ажырату, талдау жəне оларды топтастыру, өзара салыстыруды;
12) жіктеу есімдіктерін табуды жəне оларды септеуді;
13) мəтіннен қаратпа жəне қыстырма сөздерді табуды;
14) жай сөйлемге синтаксистік талдау жасауды;
15) өз ойларын еркін жеткізуді, сөйлемдерді дұрыс құрастыруды;
16) берілген мəтінге жоспар құруды;
17) қоршаған орта мен мақсатқа сəйкес орынды сөйлей білу.
5
Бағдарламаның күнтізбелік жоспары
Аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат
|
№ р/с |
Сабақтың тақырыбы |
Сағат с |
Мерзімі |
|
1 |
1 тоқсан Дыбыс және дыбыс түрлері |
1 |
|
|
2 |
Тасымал |
1 |
|
|
3 |
Буын түрлері |
1 |
|
|
4 |
Буын үндестігі |
1 |
|
|
5 |
Дыбыс үндестігі |
1 |
|
|
6 |
Фонетикалық талдау |
1 |
|
|
7 |
Дыбыстарға математикалық талдау |
1 |
|
|
8 |
Қызықты грамматикалық тапсырмалар |
2 |
|
|
|
2 тоқсан |
|
|
|
1 |
Сөйлем. Сөз тіркесі |
1 |
|
|
2 |
Сөйлемнің дара жəне күрделі мүшелері |
1 |
|
|
3 |
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері |
1 |
|
|
4 |
Жай сөйлем жəне құрмалас сөйлем |
1 |
|
|
5 |
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі |
1 |
|
|
6 |
Қыстырма сөз, олардың тыныс белгісі. |
1 |
|
|
7 |
Синтаксистік талдау |
1 |
|
|
|
3 тоқсан |
|
|
|
1 |
Сөз жəне оның мағынасы |
1 |
|
|
2 |
Мағынасы бір-біріне жуық сөздер |
1 |
|
|
3 |
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер |
1 |
|
|
4 |
Көп мағыналы сөздер. Күрделі сөздер. Біріккен сөз. |
1 |
|
|
5 |
Қос сөз. Қысқарған сөз |
1 |
|
|
6 |
Cөз ойла,тез ойла.Фонетикалық талдау |
1 |
|
|
7 |
Сөз құрамына – грамматикалық мағанасына қарай талдау |
1 |
|
|
8 |
Сөз таптары Зат есім. Зат есімнің септелуі |
1 |
|
|
9 |
Етістіктің жіктелуі Етістіктің шақтары |
1 |
|
|
10 |
Дара және күрделі сын есім |
1 |
|
|
|
4-тоқсан |
|
|
|
1 |
Жіктеу есімдіктері |
1 |
|
|
2 |
Үстеу. Мезгіл үстеу |
1 |
|
|
3 |
Мекен үстеу. Сын-қимыл үстеуі |
1 |
|
|
4 |
Синтаксистік талдау |
1 |
|
|
5 |
Шылау |
1 |
|
|
6 |
Одағай |
1 |
|
|
7 |
Еліктеуіш сөздер |
1 |
|
|
8 |
Жұмбақ жасыру |
1 |
|
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Қазақ тілі оқулығы / Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова Алматыкітап баспасы 2011– 200 бет, суретті.
-
Қазақ тілі дидактикалық материалдар / Ж.Қ. Балтабаева – Алматыкітап баспасы - 2011 – 56 бет, суретті
3. Қазақ тілі оқулығына түсіндірмелер / Әубәкірқызы қ Наурызбайқызы
Ә Кеңесбайқызы С, Мұхамбетқызы С – Алматы, Рауан, - 2011 – 48 бет.
-
Қазақ тілі оқытудың тиімді әдістері /Ж.Б.Жеткізген – Алматыкітап баспасы -2011жыл/
-
Қазақ тілі әдістемелік құрал /Ф.С.Лекерова, М.К.Солтангазина, Ж.К.Балтабаева-Алматыкітап баспасы -2011жыл/
1-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс және дыбыс
түрлері
Мақсаты: Тірек сызбалар арқылы өткен
тақырыптарға шолу жасау. Дыбыс пен әріптің айырмашылықтарын
ажырату, сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы білімдерін кеңейту.
Грамматикалық талдау дағдыларын, оқушы ойын
дамыту;Өздіктерінен жұмыс жасауға
тәрбиелеу.
Барысы:
1 Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Оқу
құралдарын дайындау.
2 Сөздік диктантына дайындық
жұмысы
Тірек сызбамен
жұмыс
- Сөз дыбыстардан
құралады.
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы
неде?
- Дыбысты естиміз,
айтамыз,
- әріпті көреміз,
жазамыз.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды
қайталату.
Дауысты
дыбыстар
↓
Жуан,
жіңішке
Дауыссыз
дыбыстар
↓
Қатаң, ұяң,
үнді
3 Дәптермен
жұмыс.
Суреттердің атауын дәптерге жазып, дыбыстық
талдау жаса.
4 Сөздік
диктанты.
Трамвай, вагон, велосипед, фонтан, асфальт,
телеграф, ащы, тұщы, чемпион, плащ, кофе, флот, волейбол,
телефон.
5 Сабақты қорыту.
-
Бүгін қандай тапсырмаларды
орындадық?
- Қандай тапсырмалар сендерге
ұнады?
2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тасымал
Сабақтың мақсаты :
а)
Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына ана тілімізді
сүюге,ана тілін аяққабаспай мәртебесін биік ұстау жөнінде
түсіндіру,соған дәріптеу ;
ә)
жаттығулар , мәтін арқылы бекіту,дағды – машықтарын
қалыптастыру,шешен сөйлеуге мақал – мәтелдің оқушы тілінде қолданыс
аясын кеңейту ; б) Ақыл –
ойларын,іскерлік белсенділіктерін арттыру,өз ойын дұрыс айта білу
негізінде әдемі сөйлеуге баулу,адмгершілік тәрбиесін бойына
сіңіру.
Сабақтың әдісі :
сұрақ -
жауап
Сабақтың көрнекілігі :
үлестірмелі кеспе қағаздар
Пәнаралық байланыс :
әдебиет
Сабақтың барысы :
а)
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың
тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә)
Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін.
Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1.Буын дегеніміз не?
2.Буын нешеге бөлінеді?
3.Ашық буын дегеніміз не?
4.Тұйық буын дегеніміз не?
5.Бітеу буын дегеніміз не?
6.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
7.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар дегеніміз не?
8.Ұяң,ашық дауысты,дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?
б)
Жаңа сабақты түсіндіру :
Сөздің жолға сыймаған бір я бірнеше буынын келесі жолға
тасымалдауға болады
Сөздің жолға сыймаған бөлігін екінші жолға тасымалдау
буын жігінен жасалады.Мысалы : са-бақ,мек-теп.
Мына төмендегі сөз түрлерін тасымалдауға
болмайды.
1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды. Мысалы :
от,кел,ет,қарт.
2. Сөздердің бір әрпін келесі жолға тасымалдауға
немесе жолдың соңынап қалдыруға болмайды. Сондай – ақ
ата,аң,кең,еш,қия сөздеріндегі и,а,я,ю әріптерін тасымалдауға
болмайды.
3. А.Құнанбаев,М.Жұмабаев деген сияқты қысқартылып
жазылған кісі атын оның фамилясынан бөліп тасымалдауға
болмайды.
4.Қысқартылып жазылған өлшем атауларын ( км,кг,м,см,мм
) алдындағы санынан бөліп тасымалдауға болмайды : 10кг,25см
5.Бас әріптері және бас әріп пен сөздің басқа буыны
арқылы қысқарған сөздер тасымалданбайды.АҚШ.ТМД,ҚАЗ
МУ.
Жаттығумен жұмыс : Сөздерді әуелі буынға бөліп және жолға тасымалдап жазыңдар.
Білімді бекіту :
1.Тасымал дегеніміз не? 2.Қандай
сөздер тасымалданбайды ?
3. Буын нешеге бөлінеді?
4. Бітеу буын дегеніміз не?
Тапсырма:
Берілген сөздерді дұрыс тасымалдаңдар және олармен сөйлем құраңдар:
Тобылғы, жігіттер, Жәнібек, сұлтан, ел, сындырды, тер, ақты, күш.
ІҮ. Қорытындылау:
«Көп қорқытады, терең батырады» деген мақалдың мағынасын түсіндіре отырып, осы жайында оқушылардың пікірлерін тыңдау. Сабақты «Бірлік болмай, тірлік болмас» мақалымен қорытындылау.
3-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Буын
түрлері
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың буын және оның
түрлері туралы білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша
тапсырмалар арқылы
бекіту.
2.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,
елжандылыққа
тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың буын және оның
түрлерін түрлерін ажырата алу дағдыларын арттыру,деңгейлік
тапсырмалар беру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
талдау дағдыларын
арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақты
түсіндіру
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап,
жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты
кесте,үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ
әдебиеті
Сабақтың
барысы:
I.Ұйымдастыру
кезеңі
IІ .Жаңа сабаққа
дайындық
1.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты
туралы хабарлау
V Жаңа тақырыпты
түсіндіру:
Сөз бірнеше фонетикалық бөлікке жіктеледі.
Балалар мектепке келді деген сөйлемде үш сөз бар. Осы сөйлемдегі
сөздер естілуі жағынан Ба-ла-лар мек-теп-ке кел-ді болып бірнеше
шағын дыбыс тобына жіктеліп тұр. Осындай дыбыстық топқа жіктелген
сөз ағымының шағын мүшесі БУЫН
делінеді.
Сөздердің әрбір фонетикалық бөлшегі болған
буын бір не бірнеше дыбыстан (фонемадан) құралады: Мысалы, қант,
а-ла-мын сөздеріндегі буындарды алсақ, бірінші сөз бір буыннан,
екінші сөз үш буыннан құрылып тұр. Бірінші сөзде буын төрт
дыбыстан, екінші сөздегі бірінші буын бір дыбыстан, екінші буын екі
дыбыстан, үшінші буын үш дыбыстан
құралған.
Демек, буын дегеніміз – Сөз құрамындағы бір
немесе бірнеше дыбыстардың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек.
Дауысты дыбыстың Бір өзі буын бола алады. Дауыссыз дыбыстар жеке
тұрып өздігінен буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты
дыбыс болса, сонша буын
болады.
Буын жеке дауыстыдан және дауысты мен
дауыссыз дыбыстардың тіркесінен жасалатын болғандықтан, оның құрамы
үнемі бір қалыпты болмайды. Қазақ тілінде буынның үш түрі бар.
Олар: 1)ашық буын, 2) тұйық буын, 3) бітеу
буын.
1.Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған
немесе дауыстыдан басталып дауыстыға аяқталатын буынды ашық буын
деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла, т.б. Ашық буынның ішндегі жалғыз
дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам,
а-та.
2. Тұйық буын. Дауыстыдан бастылып,
дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ,
өрт, ұл, ант, т.б.
Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда
буын жігі өзгереді: өрт+і=өр-ті, оқ+ы=оғы, еп+і= е-бі, ек+ін=е-гін,
т.б.
3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып,
дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу
буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант,
т.б.
Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі
тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз
болуы өте сирек.
VІ. Түсінік
тексеру
1.Оқулықпен
жұмыс
* Мәтінді оқып, тарихи сөздерді тауып, оларды
буынға бөліңдер. Әрбір буын қанша дыбыстан құралған және қайсысы
буын құрайтын, қайсысы буын құрай алмайтын дыбыстар екенін
айтыңдар.
VІІ. Жаңа сабақты
бекіту
1.Перфокартамен
жұмыс
Сөйлем Ашық буын Бітеу буын Тұйық
буын
Біздің заманымызда не көп, сан түрлі таң
ғажайып мамандық
көп.
( І.
Есенберлин)
Ауыл осы қонысқа кейін орналасқаннан бері
қарай, ол бір күн дамыл танытқан
емес.
(
М.Әуезов)
Сайдың тасындай, күмістей жалтылдап күнге
шағылысқан, қорғасындай
балқып.
Ералин жуынып шыққан соң қорасына қарап
тұрғанда есіктен басын ғана қылқитып қарт анасы
шықты.
(Ғ.
Мүсірепов)
Мал, жан көп, бай ауыл осы орынды қыстауға
лайықтап алғаннан әлі жаңа қыстау сала алмай ескілеу тар қораға сия
алмай күннің көзі жылынысымен киіз үйге
шығыпты.
(
М.Әуезов)
2.Деңгейлік
тапсырмалар:
І
деңгей
1. Буын құрайтын дыбыстарды
жаз.
2. Мәтінді буынға бөліп
жаз.
Абай – өз заманының жаршысы. Оның шығармалары
– сол заманның шежіресі. Оларда сол кездегі қазақ қауымының тұрмыс
– тірішілігі барлық ерекшеліктерімен, тек өзіне ғана тән белгі –
бедерімен, өзіндік бояу өрнектерімен мейлінше айқын да толық
бейнеленген.
(Ж.Смағұлов)
ІІ
деңгей
1. Буын дегеніміз
не?
2 Буын түрлеріне ажыратып
жаз.
Адамның бір атаның балалары екені рас болса,
белгілі бір заманның баласы екен де
даусыз.
ІІІ
деңгей
1.Бітеу буынды сөздерге мысал
келтір.
2. «Менің қалам» деген тақырыпта мәтін құра.
Мәтіннен буын түрлерін ажыратып
жаз.
IІІ. Сабақты
қорыту
4-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Буын үндестігі»
Мақсаты:Оқушылардың буын үндестігі туралы білімін арттыру;
Сөздер бірде жуан,бірде жіңішке айтылу ерекшеліктеріне басты назар аударту;
Қызығушылығын арттыру,;
Көрнекіліктер: плакаттар,суреттер,таратпа материалдар,т.б.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Өткенді қайталау.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Кіріспе бөлім.
Буын үндестігі-сингармонизм .
Сөздің соңғы буының жуан,жіңішкелігіне қарай қосымшалардың да не жуан,не жіңішке жалғануы.
Жуан сөздер : Жіңішке сөздер:
Жұмыс-шы-лар-ға Сүйінші-лер-ің-ді
Тарих-ты Лагерь-ге
Цех-та Роль-дің , рол-ім
Сонымен қатар буын түрлері де бар,олар: ашық,тұйық,бітеу болып бөлінеді.
Ашық буын дегеніміз-дауысты дыбыстан басталып,дауысты дыбыспен аяталады.
Мысалы: Ашық буын
а-та
ә-ке
Тұйық буын дегеніміз- дауысты дыбыстан бастылып, дауыссыз үнді немесе қатаң дыбыспен аяталады.
Мысалы: Тұйық буын
Аң
Ұлт
Бітеу буын дегеніміз- дауыссыздан басталып,дауыссызбен аяқталады.
Мысалы: Бітеу буын
тас
дәп-тер
Сабақтың соңында оқушыларға үйде ережелерді жаттай отырып,қалам,кітап,оқулық деген сөздермен күрделі сөйлемдер құрастыра отырып,сөйлем мүшесіне және буын түрлеріне ажыратып талдау тапсырылады.
Буын үндестігі
-
Көрсетілген жұрнақтарға түбір сөз қосып, жаңа сөз жаса:
------------------------------- -хана
------------------------------- -паз
------------------------------- -қой
------------------------------- - кер
-
Сөздерге қосымша жалғап жазып, ережесін еске түсір:
Думан, Темірлан, жұмыскер______________________________________
-
Аралас буынды болып келетін сөздерді білесің бе? ______________________________________________________________________________________________________________________________
-
Апта күндерінің айтылуына қарап отырып, дұрыс жазылуын көрсет:
Дүйсембі _____________________________
Сейсембі _____________________________
Сәрсембі ____________________________
Бейсембі _____________________________
Жұма _____________________________
Сембі _____________________________
Жексембі _____________________________
5-сабақ
Тақырыбы:
Дыбыс
үндестігі
Сабақтың мақсаты: Дыбыс үндестігінің түрлері,
ілгерінді ықпалдың, кейінді ықпалдың, тоғыспалы ықпалдың жасалуын
түсіну, қолдану.
Міндеттері: 1. Оқушылардың белсенділігін
арттыру.
2. Сабаққа деген қызығушылықтарын
тудыру.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды
түсінуде, оқушылар жаттығулармен жұмыс барысында ойландыру, топтық
жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа
сабақ
Әдіс - тәсілдері: Жеке, жұптық, топтық жұмыс,
сұрақ - жауап, қорыту, талдау, бекіту, ауызша - жазбаша, сыни
тұрғыдан ойлау стратегиялары ( ой тастау, топтастыру, т.
б)
Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта,
әдістемелік құралдар, бағалау
критерийлері
Күтілетін
нәтиже:
1. Жаңа сабақ материалын толық
меңгереді.
2. оқушылар мәтін бойынша бір - біріне
сұрақты дұрыс қоя біледі
3. көрген, естігенін өз ойымен еркін жеткізе
алады,
4. Бір - біріне сұрақтар
қояды.
5. Ой
қорытады.
6. Пікірлерін
айтады.
7. Ұжымдасып еңбек етуді
үйренеді.
8. Жұппен жұмыс істей
алады.
Ұйымдастыру
кезеңі
1.
Амандасу.
2. Шеңбер құру: Мен сендерді көргеніме
қуаныштымын. Кәне, барлығың бір - бірлеріңнің көздеріңе қараңдаршы.
Мен сендердің көздеріңнен мейірімділікпен, достықтың,
сүйіспеншіліктің, әдеміліктің белгісін көріп тұрмын. Енді бір -
бірімізге жылы, жақсы сөздер айтайық! Мысалы: Сен бүгін ақылдысың,
әдемісің, күштісің. т. б.
3. «Сен кімсің» ойыны. Бір оқушының көзін
байлаймыз. Ортаға шығарып, бір оқушының алдына апарады. Ол
танымайтындай өзгертіп айту керек. Егер тапса ол кісі орнына
барады.
4. Қиғаш қағаздарды беріп, таратамын. Ол
қағаздардың шетіне 4 түрлі түсті жазылған дауыссыз дыбыстар. Сол 4
түске байланысты 4 топқа
бөлінеді.
5. Алтын ережемізді еске түсіреміз. (2
мин)
Үй жұмысын тексеру (5
мин)
1. Мұғалімнің іс -
әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау» буын
үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды
ата.
2. Перфокартаны
толтыр.
Қосымшалар --------------- Буын үндестігіне
бағынбайтын қосымшалар
- мен
- шы
- паз
- нікі
- қой
- дың
- кер
Жаңа сабақ
Сабақтың
барысы
2. Мұғалімнің іс -
әрекеті
Жаңа
тақырып:
«Кім жылдам?» Тапсырма: Берілген сөздердің
айтылғанда өзгеріске ұшырайтынын топ болып көрсету
керек.
1 - топ: көп бала (ілгерінді ықпал - көп
пала)
2 - топ: сөзсіз (кейінді ықпал -
сөссіз)
3 - топ: Досжан (тоғыспалы ықпал -
Дошшан)
4 - топ: ала қап (ілгерінді ықпал – ала
ғап)
СТО ой тастау, Ал енді мына жазылған сөздерге
қараңдаршы не байқап тұрсыңдар? Қандай ой келеді?, / Балалар, ықпал
деген не? Осы ықпал сөзін естігенде қандай ой
келеді?
Жеке жұмыс. Өзіндік жұмыс. (Кеспе қағазбен
жұмыс)
(2 мин) тақтада
тексеремін.
Топтық жұмыс. Әр топ осы тақырыптарға
оқулықтан, интернет ақпарат көздерінен қарап
қорғайды.
1 - топ. Дыбыс
үндестігі.
2 - топ. Ілгерінді
ықпал.
3 - топ. Кейінді
ықпал.
4 - топ. Тоғыспалы
ықпал.
Жұппен жұмыс. Берілген дауыстыдан басталған –
ым, (- ім), - ы (- і), - ың (- ің), ып (- іп) қосымшаларын жалғап,
қандай дыбыс үндестігіне ұшырағанын табыңдар. (2
мин)
6-сабақ
Тақырыбы: Фонетикалық талдау
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға білімді ғылыми
негізде, сатылай, жүйелі, кешенді, меңгеруді ұлттық құндылықтарды
бағалай қолдана білуге пәнді сауатты меңгеруге негіз
қалау.
Дамыту міндеті: Қазақ тілі ғылымының мазмұны
мен жүйесін, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби жазу дағдысын
қалыптастыру
Тәрбиелік міндеті: ынтымақтастық, өзара
сыйластық, түсіністік, әріптестік сияқты қасиеттерді
сіңіру
Сабақтың түрі: шығармашылық
сабақ
Сабақтың әдісі: "Сатылай кешенді талдау"
технологиясы, ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру,
тілдік талдаулар жасау
Сабақтың
барысы:
I. Ұйымдастыру
бөлімі
II. Сабақ мақсатын
хабарлау
III. Дауысты дыбыстарға дыбыстық мінездеме
беру (әр оқушының қалауы бойынша дыбыстарды
талдау)
1. Ө - □ бұл - дауысты дыбыс. Себебі: бұл
дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге
ұшырамай, ауа еркін шығады.
2. Тілдің қатысына қарай - тіл алды немесе
жіңішке. Себебі: бұл дыбысты айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай
созылып, үсті сәл
төмендейді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай; жартылай
ашық. Себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып
шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай еріндік.
Себебі: бұл дыбысты айтқанда ерін дөңгеленіп, алға қарай
сүйірленеді.
IV. Дауыссыз дыбыстарға дыбыстық мінездеме

1. Т -
△ бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі: бұл дыбысты
айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап,
ауа қысылып шығады.
2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң.
Себебі: бұл дыбыс тек салдырдан
тұрады.
3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: шұғыл.
Себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау мүшелері бір - біріне қатты
соқтығысып ауа кілт үзіліп, шұғыл
шығады.
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің
қатысына қарай: тіл мен тіс
.
V."Атырау" сөзіндегі дыбыстарға математикалық
тәсілмен дыбыстық мінездеме
беру.
(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге
дыбыстық мінездеме береді)
Берілгені: Атырау ○=
□=?
△
Мұнда неше дыбыс бар, оның нешеуі дауысты,
нешеуі дауыссыз екенін менен
сұрайды
Шешуі: Атырау
сөзінде
6 ○= 3(2а, ы)□
себебі;
3 (т, р,
у)△ себебі:
□
1. Бұл - дауыссыз дыбыстар. Себебі: бұл
дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі
кедергіге ұшырап, ауа қысылып
шығады.
2. Тілдің қатысына қарай: 2а, ы тіл арты
немесе жуан □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл артқа
қарай тартылып, үсті сәл
дөңестенеді.
3. Жақтың ашылу дәрежесіне қарай 2(а) ашық □,
себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ кең ашылып ауа еркін шығады, (ы)
қысаң □, себебі: бұл дыбысты айтқанда жақ тар ашылып, ауа қысылып
шығады.
4. Ерін мен езудің қатысына қарай:(а, ы)
езулік □, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда ерін жиырылып, езу артқа
қарай тартылады.

2. Үн мен салдырдың қатысына қарай: (т)
қатаң △, себебі: бұл дыбыс тек салдырдан тұрады.(р,
у) үнді △, себебі: бұл дыбыстарды айтқанда салдырдан
гөрі үн басым.
3. Айтылу (жасалу) тәсіліне қарай: (т)
шұғыл △, себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау
мүшелері бір - біріне қатты соқтығысып ауа кілт үзіліп, шұғыл
шығады. (р) діріл △, себебі: бұл дыбысты айтқанда дыбыстау
мүшелері бір - біріне соқтығысып, ауа дірілдеп
шығады
4. Жасалу орны мен дыбыстау мүшелерінің
қатысына қарай: (т)- тіл мен тіс
△, (р)- тіл алды
△.
VI. Фонологиялық талдау (сөз
сазындық)
(Оқушылар өз қалаулары бойынша сөздерге
фонологиялық талдау жасайды)
Жайық
1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына
қарай жуан буынды сөз. Себебі: сөздің құрамындағы дауысты дыбыс
жуан дауысты.
2. Бұл сөз Жа - йық болып 2 буынға бөлінеді.
Себебі: сөздің құрамында екі дауысты дыбыс
бар.
3. Бұл сөз Жа - йық болып бір жағдайда
тасымалданады, себебі: сөздің құрамында екі буын бар немесе сөз
буын жігіне сәйкес
тасымалданған.
4. Бұл сөзде екпін - йық буынындағы "ы" -
дауысты дыбысына түсіп түр.
5. Бұл сөзде буын үндестігі жоқ, себебі,
түбір сөз.
6. Бұл сөзде дыбыс үндестігі жоқ, себебі,
түбір сөз.
VII. Туған жер, Отан және ана тілі туралы
мақал - мәтелдер айту, жалғасын
табу
1. Туған жердей
-...........
2. Өзге елде сұлтан болғанша
-.............
3. Батыр майданда шынығады
-........
4. Отансыз адам
-.................
5. Өнер алды
-........
6. Отан елдің анасы
-.........
VIII. "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында жазған
оқушылардың шығармашылық жұмысын
тыңдау.
IX. Сабақты
қорытындылау
Дауысты, дауыссыз дыбыстарға сатылай кешенді
талдау технологиясымен дыбыстық талдауды жалғастыру, сөздерге
фонологиялық талдау.
7-сабақ
Тақырыбы: Дыбыстарға математикалық
талдау
Мақсаты: Қазақстанның үлкен қалаларының
маңыздылығын түсінеді, бір -бірін оқыту ,түсіндіру арқылы
білімдерін
толықтырады.
Жаңа сөздерді игере отырып, тіл байлықтарын,
сөйлеу әрекеттерін
дамытады.
Міндеттері: а)Білімділік: Қазақстанның үлкен
қалалрының керектігін оқыту, түсіндіру арқылы білімдерін
толықтыру.
ә) Дамытушылық: Сөздермен ой- өрісін, тіл
байлықтарын, сөйлеу әрекетін
дамыту.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды қаланың гүлденуіне
үлес қосуы жайында, адам өміріне әсерін
түсіндіру.
Күтілетін нәтиже: Сын тұрғысынан ойлау
қабілеті дамиды. Мәтінмен ,диалогпен ,тірек сызбалармен жұмыс
істеп, негізгі ойын анықтай
алады.
Сабақта қолданылған құрал
–жабдықтар:
интерактивтік тақтадан слайдтар,Қазақстан
Республикасының картасы, сөздік,
тақта.
Сабақта қолданылатын әдісі-
тәсілдер:
сұрақ –жауап,әңгімелеу
түсіндіру,жинақтау,топтастыру,ой
қорыту.
Сабақтың
барысы:
ұйымдастыру
1.Шартты белгілерімен таныстыру.
Шартты белгілер:
O – жалпы дыбыс
- дауысты
дыбыс
- дауыссыз
дыбыс
Ø –жоқ деген белгі
І.2. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.
Берілгені:Халықтармен сөзінде қанша дыбыс бар,оның нешеуі дауысты,нешеуі дауыссыз?
Берілгені:
Х
алықтармен = қанша
дыбыс бар? = нешеуі + нешеуі =
?
Берілгені:
Х
алықтармен = O = +
= ?
Шешуі:
Халықтарымен сөзінде он бір дыбыс бар.
Оның төртеуі,олар 2 а, ы, е дауысты дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай,ауа еркін шығады.
Жетеуі, олар х , л , қ , т , р , м , н дауыссыз дыбыстар.Себебі: бұл дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергілерге ұшырап,ауа қысылып шығады.
Ш
ешуі:
Халықтармен = 11 ° = 4 (2а, ы, е) + 7 (х ,л , қ , т , р , м , н)
4.Жеке жұмыс
жүргізу
2.Ережені қайталау, тапсырма барысында
қолдану.
Жалғау
түрлері:
1.Көптік
2.септік.3тәуелдік4жіктік
5.Кері байланыс
Ідеңгей
Берілген сөздерді қолданып үш сөйлем
жазу
Қала, саябақ, әуежай. "Саябақ" сөзін
септеу.
ІІдеңгей
Кокшетау, Астана сөздерімен сөз тіркес
құрастыру."Астана" сөзін
тәуелдеу
ІІІдеңгей
"Әдемі" сөзге фонетикалық талдау
жасау
Сабақты қорытындылау Оқушылар стикер арқылы өздерінің сабақтан алған әсерлері мен сабақтың қалай өткенін жазып береді. Көңіл-күйлерін білдіреді.
8-сабақ
Тақырыбы: Қызықты грамматикалық тапсырмалар
Мақсаты:Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа тәрбиелеу,зеректікке,жылдамдыққа баулып тәрбиелеу.
Барысы:
І. Грамматикалық тапсырмалармен жұмыс жүргізу
-
«А» - дан басталатын сөздер жаз.
2.Қандай сөздер шығады?

-
Логикалық тапсырмалар
-
Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған жеті құстың атын тауып жаз.
-
Алфавиттің 7 - әрпінен басталатын сөзге жұмбақ құрастырып жаз.
-
Төмендегі дауыстылардың қатысуымен жасалған сөздер ойлап жаз.
Дәрілік өсімдік ... а...а...а...
Құс атауы ...а...а...а...
Жәндік ...а...а
Үлкен қап ...а...а...
-
Қыстырма сөздерді қатыстырып 3 сөйлем құрап жаз.
-
Бірінші буыны ашық буыннан тұратын, екінші буыны бітеу буыннан тұратын бес кісі атын тауып жаз.
-
Өлеңнің ұйқасын тауып жаз . Осы өлеңді қара сөзбен жазып , мәтін құра.
Бастауы білімнің
Балам менің таң қалып,
Әліппені ...
Сөз құраған әр ...
Білім нұрын ...
Асыл сөзін тілімнің
Бойға құйған ...
Нақ бастауы ...
Қырық екі ...
Әли Ысқақов
-
Әрқайсысының аты екі бітеу буыннан құралған 7 адамның атын жаз.
-
Метаграмманы шеш. Осы сөзге фонетикалық талдау жаса.
Метаграмма
Мені қалтаңа саласың,
Әмиянға да тығасың.
Егер «ы» -ны «і» - ге ауыстырсаң,
Орманнан тез табасың.
(Шешуі ...)
-
Мына жұмбақталып берілген біріккен сөздің атын тап: (екі түбірден бір біріккен сөз шығады)
Адамның дене мүшесінің атауы ...
Ыдыстың атауы ...
Біріккен сөзді сөз құрамына талда.
-
Мына жұмбақталып берілген біріккен сөзді тап, сөз құрамына талда:
Өзі қатты өлі табиғат денесінің атауы ... , қосмекенді ...
-
Аталған біріккен сөз туралы сипаттау мәтінін құрап жаз.
-
«Асық ойнаған озар» тақырыбына әңгіме құрап жаз. Таңдаған үш сөйлеміңді сөйлем мүшесіне талда.
-
Әріптердің орнын ауыстырып, мына сөздерден сөз құрап жаз:
Пікір –
шырша –
қалам-
алма-
-
Әріптерді орнына қойып, сөз тіркестерін құрастыр. Оларды қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Ы Л С А ЕЖӘ ______________________
ЗҮТУЗЫСЫҚ ______________________
ҚУЫСҮНК ______________________
14. Мына әріптер айнаға қарағанды жақсы көреді екен. Неге екенін тауып көрші.
Т М Х Ж Ф П Н А І Ү Ұ О Ө Ш
15. «Ана» сөзіне 5 жолды өлең құрап жаз. (Синквейн) Осы сөзге фонетикалық талдау жаса.
16. «Көктем маған несімен ұнайды» тақырыбына шағын эссе құрап жаз. Бірінші сөйлеміңдегі сөздерді сөз құрамына талда.
17. «Жаңбыр» сөзіне ассоциация жаз. Осы сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз. (Жаңбыр дегенде ойыңа не келеді соны жаз)
18. «Ана» сөзіне ассоциация құрап жаз. Осы сөзді пайдаланып, жайылма сөйлем құрап жаз.
19. «Мен не жазарымды білмей отырмын» ... деп бастап еркін тақырыпқа шығарма жаз. Жазған шығармаңда үш қыстырма сөз болсын. Соңғы сөйлеміңді сөз табына, сөйлем мүшесіне талда.
20. «Жер» сөзіне бес жолды өлең құрастыр және фонетикалық талдау жаса.
21. Көп нүктенің орнына антоним сөзді қойып мақалды аяқта.
1. Ағаш кессең, ұзын кес,
... оңай
Темір кессең, ... кес,
... оңай.
22. Берілген сөйлемді сөз табына және сөйлем мүшесіне талда.
Біз өзімізге берілген тапсырманы жақсы орындап шықтық.
23. Мына сөздердің баламасын тауып жаз:
Бармағын тістеді -
Ереуіл атқа ер салу -
Инемен құдық қазғандай -
Кежегесі кейін тарту –
Мұзға отырғызу –
Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрап жаз.
24. Берілген сын есімдерден зат есім жаса:
Дәулетті –
Қу –
Ажарлы –
Үлгілі –
Айлакер –
25. Қызанақ сөзінің ортасында не бар?
26. Пайымдау мәтінін құрап жаз.
27. Шығармашылық жұмыс
Гүрілдеді, оқып отыр, ашылды, жүзді, шомылды
-
Осы сөздерді қатыстырып жалаң сөйлем құрап жаз.
-
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жаз.
28. Анаграмма - бір немесе бірнеше сөздердің әріптерін кері оқу.
Кері оқығанда да, сол сөз шығатын үш сөз ойлап тауып жаз. Мысалы: «нан» сөзін қері оқысаң да сол сөз шығады.
29. Логогриф
Желкеде тұрағы,
Үнемі ойлап тұрады.
Қоссам егер бір буын
Ел басқарып шығады.
Логогрифтің шешуі болған сөзді қатыстырып сөйлем құрап жаз. Сөйлемді сөз таптарына талда.
30. Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады. Сан есімнің түрін анықта.
Ер жігіт ... күнде ... кісілік,
... күнде ... кісілік.
Фонетика
Тапсырмалар
1. Фонетика дегеніміз не? Ол нені тексереді?
2. а) әріп саны дыбыстан артық үш сөз тауып жаз.
б) дыбыс саны әріп санынан артық үш сөз тауып жаз.
3. Дыбыс саны мен әріп саны тең келетін сөздердің астын сыз.
Жаңғақ, қоян, жеті, қою, көктем.
4. Мұнда қандай сөз шифрленген:
73974614542 ? Шифр: 2-к; 3-е; 7-б; 1- ш: 5- л: 4-і ; 9-й; 6-т.
5. Сөздерді алфавит ретімен жаз.
Саңырауқұлақ, фабрика, бидай, өсімдік, құжат, түлкі, бақыт.
6. Қай сөзде қатаң дауыссыз дыбыстар ғана бар?
Тарих
жауынгер
пысық
қымыз
көгершін
7. Қай сөзде әріп және дыбыс саны бірдей?
Альбом, подъезд, қияр, поэзия, алма.
8. Қай сөз дұрыс жазылған?
А) Миуа
Б) хайюуанат
В) биуақ
Г) диюана
9. Сөздерді алфавит ретімен жаз. «Бұлғын» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
Момын, дұшпан, жақұт, аю, ірімшік, бұлғын, экскаватор.
10. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
Вал...с, біл...ір, май...ыл, жу...ан, ір...іт, а...лдау, қоше...ет, паро...оз.
11. Тасымалдауға болмайтын бір дыбысты буыны бар жеті сөз жаз. Буын түрлерін анықта.
12. Орфоэпия дегеніміз не?
13. Орфография дегеніміз не?
14. Берілген сөздердің айтылуын бағанға жаз.
Жазылуы
Айтылуы
Құндыз
жазса
Көнбіс
күндіз
Жас шағында
15. Тасымалдауға болатын сөздердің тасымалдау тәсілін жазып көрсет.
Пияз, ана, құрылысшы, Отан, фильм, бақыт, факс, қолбасшы.
16. Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстарды ретімен жазып шық.
17. Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай нешеге және қандай болып бөлінеді? Жазып шық.
18. Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып сөз құрап жаз.
Шаршы, алаша, үркек, салақ.
19. Ашық және қысаң дауыстыларды жаз.
20. Еріндік және езулік дауысты дыбыстарды жаз.
«Бәйшешек» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
21. Алдыңғы буыны да, соңғы буыны да ашық буын болып келетін бес сөз тауып жаз. Мысалы: а – са, ...
22. Екі дыбыстан құралған жеті тұйық буынды сөз тауып жаз. Мысалы: аң, ән ...
23. Екі бітеу буыннан құралған төрт сөз жаз. Мыалы: көлшік, ...
24. Тұйық буындарды тауып, екі дыбыстан құралған тұйық буынның астын бір, үш дыбыстан құралған тұйық буынның астын екі сыз.
Астық, олжа, өткір, ұрттау, ыстық, артық, алпысыншы, ерттеу, ерітінді, елгезек, аңқау, еркелік, еркіндік, естілу, еңбектену, ынталы.
25. Тасымалдауға болмайтын он сөз жаз.
26. Бастапқы буыны - тұйық, екінші буыны бітеу буын болатын үш сөз тауып жаз.
27. Үш дыбысты тұйық буынды сөз тауып жаз. Мысалы: ант, ...
28. Барлық буыны бітеу буын болып келетін екі буынды алты сөз тауып жаз.
29. Сөздерді буынға бөліп көшіріп жаз. Ашық буындарды тауып, астын сыз.
Әже, кеме, көмір, желке, жеміс, жаға, тағалау, қамыс, қоға, қалашық, кеңсе, алты, жеті, өкпе, көлеңке, терезе, ұйқы.
30. Көп нүктенің орнына төменде көрсетілген әріптердің тиістісін қойып жаз.
-
н – м: от жа...бады, шам сө...беді, бір жа...бастап жату, жа... басына бөлгенде, кү...батыстан, жел тұру, кү... бағыс егу.
31. Берілген сөздерді алфавит ретімен жаз.
А Өскемен, Астана, Жезқазған, Тараз, Семей, Шымкент
Ә) Әли ,Сәуле, Райхан, Айзере, Қарашаш
Б) Қарындаш, кітап, өшіргіш, сызғыш
А) __________________________________________
Ә) __________________________________________
Б__________________________________________
32. Өлең шумағын ұйқастырып жаз. Өлеңді оқып, әр дыбыстың өз орнын тап.
Тиін
Мен - тиінмін, тиінмін,
Қысқа жылы ...
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы ...
Нұрхан Жанаев
Жуан
Жіңішке
Қатаң
Ұяң
Үнді
...................
...............
................
.................
.................
33. Қосарлы у дыбысына аяқталған қимылды білдіретін бес сөз тауып жаз.
34. Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәде, ауыл, уыс, бояу, жетеу, ашыту, құру, қуаң, қулық, жету, улы, астау.
Дауысты : __________________________________
Д
ауыссыз
: __________________________________
35. Кестені толтыр.
Дауысты у Дауыссыз у
Ашыту Уәде
__________________ _________________
__________________ _________________
__________________ _________________
__________________ _________________
36. У әрпі сөз басында келетін 5 сөз тауып жаз.
37. Сөздерге қосымша жалғаңдар. Олардың біріне қосымшаның жуан, екіншісіне жіңшке жалғану себебін түсіндіріңдер.
Су, ту, бу, кесу, кему, өндіру, оқу, жату, тоқу, өру, тігу.
4-тапсырма Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз. Мәтінде
қанша сөйлем барын жақшаның ішіне жаз
Оқушылар орманға саяхатқа шықты Олар орманда неше түрлі өсімдіктер мен жәндіктерді кездестірді Арайлым мен Ернат қызықты сәттерді фотоаппаратпен суретке түсірді Оқушыларға саяхат ұнады
5-тапсырма Төмендегі сөйлемдер мағыналы болатындай етіп, сөздердің орнын ауыстырып жаз
Мен бардым бүгін мектепке.
Он бес аулада жүр тауықтар.
Сырғанақ қыста біз достарымызбен тебеміз.
Күн ыстық шомаламыз жазда болғанда өзенге.
9-сабақ
Тақырыбы:
Сөйлем.Сөз
тіркесі
Сабақтың мақсаты: Сөйлем,сөз тіркесі ұғымын
толық түсіне отырып, алған білімін толықтыру және мағынасын түсіну,
сөз тіркесініңграмматикалық ерекшелігін
ұғындыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың дүниетанымын, ойлау
қабілетін, танымдық, шығармашылық қабілетін тапсырма мен сұрақтар
арқылы байқау, белсенділігін
дамыту.
Тәрбиелігі: Сауаттылыққа, жылдамдыққа,
еңбексүйгіштікке, бірлікке
тәрбиелеу.
Өткізу әдістері: Сұрақ - жауап, ойын, топпен
жұмыс.
Пәнаралық байланысы: Математика, музыка,
дүниетану.
Сабақтың
барысы:
І.
Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын
тексеру.
а) - Өткен сабақтарда не туралы оқып
білдік?
- Мәтін деген
не?
- Мәтіннің қандай түрлері
болады?
- Мәтінге ат қою деген
не?
- Тақырып деген
не?
- Мәтіндегі негізгі ой деген
не?
ә) Тест жұмысын
орындату.
б) Дәптер
алмастыру.
ІІІ. Жаңа
сабақ.
1) Ребус
шешу.
........
2) Кесте
ілу.
ағаш
қасық
көк
шөп
мектеп
мұражайы
төрт
тоқсан
тез
оқу
мектепке
келу
дұрыс
жазу
есеп
шығару
3) Ережені айту, оқушыларға ережені оқыту,
мысалдар келтіру.
Ережені оқушыларға оқыту, сұрақ қою арқылы
түсіндіру.
Емен ағашы, жүйрік ат, темір күрек, киіз үй,
жез шәугім, қой қора, күміс медаль, қыш құмыра, түлкі тымақ, қыл
шылбыр, бота көз.
- Балалар, сөз тіркесінің екінші сыңарлары
қай сөз табынан жасалған?
Осындай бес сөз тіркесін
құрастыру.
ІҮ. Сергіту
сәті
(тақтада
орындату)
Оқушыларға тапсырмасын
орындатамын
Жиырма оқушы оқыды. Әдепті қыз боламын.
Мөлдір бұлақ ақты. Жасыл қарындаш
берді.
«Кім шапшаң?»
ойыны
Ол үшін үлгі бойынша сөз тіркесін құрау
керек. 3 қатарға бөліп ауызша
өткізу.
Зат
есім+етістік
Сын есім+зат
есім
Сан есім+зат
есім
Өзіндік
жұмыс
Биік тау, мөлдір бұлақ, кең өріс, ашық аспан,
ақ тауық, таза сынып, таза жазу, үлкен үй, тәтті шырын, қалың қар,
терең құдық, жақсы оқушы. Сөз тіркесінің қай сөз таптарынан жасалғанын
анықтау
«Тіркесін тап»
ойыны
Кодоскопта жазылған сөздерге ауызша
тіркестерін тапқызу.
Өзен, төсек, көбелек, көктем, жыл, сурет,
көмір, үй.
«Ойлан тап»
ойыны
Карточкалармен
жұмыс.
Сұрақтар:
1. Отан туралы мақал
айт.
2. Қазақтың үш биін
ата.
3. Бишілер сөзін сөз құрамына
талда
4. Қазақстанның жер көлемі
қанша?
5. Қазақстан қай мемлекеттермен
шектеседі?
6. Өзім сөзден тұрамын, аяқталған ойды
құрамын.
- Қандай сөз шықты? (Республика
күні)
- Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қашан қабылданды?
- Қазақ КСР - і қай уақыттан бастап Қазақстан
Республикасы деп атала
бастады?
- Тәуелсіздікке байланысты қандай өлеңдер
білесіңдер? (жатқа айтқызу)
Ү. Сабақты
қорыту.
- Бүгін не
үйрендік?
- Сөз тіркесі деген
не?
- Қандай жұмыстар
жасадық?
- Қай мақалды ескере отырып жұмыс
жасадық?
- Бірлесіп жұмыс жасасақ, неге қол жеткізуге
болады?
10-сабақ
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі
мүшелері
Сабактың максаты:
1. Білімділік: Окушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен
таныстыру, кұрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер кұрастыра білуге
үйрету.
2. Дамытушылық: дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын
дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру
3 Тәрбиелік: тиянақтылыққа, зейінін тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабактың әдісі: сұрак - жауап, қайталау, салыстыру, көрнекілік,
ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі: кесте, кубизм әдісі, интерактивті тақта
Сабактың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
II. Өткенді еске түсіру
Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері нешеге болады?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем қалай аталады?
Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Баяндауыш көбінесе қандай сөз табынан жасалады?
IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.
Ой ширату
- Балалар, тақтада берілген бағандардағы сөздерге назар аударып,
оқып көрейік.. Әр бағандағы сөздердің ішінде қай сөз артық деп
ойлайсыңдар?
IV. Артығын тап
Қысқа----жазды----ұзын бойлы---алты
Ұзын----оқыды------қара торы------тоғыз
Қара-----көріп тұр----ала торы---екі жүз
ақ сары---естіді---------бойшаң-----алпыс
жуас------ұшты---------қызыл ала---сексен
• Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
• Осы сабақтан нені білуіміз керек деп ойлайсыңдар?
Сөйлемдерді салыстыр, ұқсастығын, айырмашылығын тап
1. Айгүл мектепке барды.
2. Айгүл мектепке бара жатыр.
3. Серік Сәпиев – атақты чемпион.
4. Серік чемпион атанды.
Берілген мәтінді оқып шығады. Мәтіннің алғашқы екі - үш сөйлемі
тақтаға жазып талданады. Сөйлемдердегі күрделі мүшелерді тауып,
астын сызады.
Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында
бір үлкен ас болды. Оған арғы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақтар
жиналды. Асқа әнші, балуан, ақындар жиналды. Менің Жамбылды көргім
келді. К. Әзірбаев
Бір әріптің ізімен” ойыны
Ооо Ттт Ккк Жжж Ддд Ммм
Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей әріптен
басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап
беріп тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды.
Сөйлемді бір оқушы құраса, екінші оқушы талдау жасайды.
Мыс: Орман отқа оранды. Дәурен допты домалатты.
Өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңнің мазмұны сұралады.
Қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесі екенін
анықтайды..
Дала баласы
Бес жасында ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын
Мен баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс – кейпін
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін
Мен баласы даланың!
М. Әлімбай
Тапсырма
Мақсаты: Оқушылардың алған білім
деңгейін және білік мен дағдының саналы түрде меңгерілуін
тексеру;
І
Деңгей
Соңғы алма
Күз айы еді. Рысбек ауланы жапырақтардан тазартып жүр еді. Бір
кезде ағаш басындағы жалғыз алмаға көзі түсті. Рысбек ойланбастан
алманы алғысы келді. Ол бұтаққа шықты. Бұтақ сынып кетті. Рысбек
ағаш түбіндегі кірпінің үстіне құлап түсті. Ол жылап қалды. Үзіліп
түскен алма кірпінің үстінде кетті.
1. Бесінші сөйлемді сөйлем
мүшелеріне талда.
2. Бұтақ тәуелдеу.
3. Мәтіннен күрделі етістікті тап.
Сабақты бекіту. Дұрыс па, бұрыс па?
Ò Құрмалас сөйлем бір ғана
тиянақты ойды білдіреді.
Ò Сөйлем мүшесі дегеніміз –
сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы
сөз.
Ò Жеке сөзден жасалған сөйлем
мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп
аталады.
Ò Дара баяндауыш күрделі
етістіктен жасалады.
Ò Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз
мүшесі.
Ò Жалаң сөйлем тұрлаулы
мүшелерден тұрады.
Ò Берілген сөйлемдегі қатені
тап
Қажымұқан Мұңайтпасов, атақты балуан.
VII. Сабақты қорытындылау.
Сөйлемнің қандай мүшелері болады екен?
Сөйлемнің дара мүшесі неше сөзден
жасалады?
11-сабақ
Сабақтың тақырыбы:Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің бірыңағай мүшелері туралы түсінік беру, олардың жасалу жолын түсіндіру, тыныс белгілерінің қойылуын үйрету.
Оқыту нәтижесі
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік қалыптасады, олардың жасалу жолын біледі, тыныс белгілерінің қойылуын үйренеді
Тапсырмалар
«Ыстық орындық» әдісі
Психологиялық ахуал «Ынтымақтастық» шеңбері
Ой қозғау
«Біл, түсін, талқыла»
Жаттығу жұмысы
Деңгейлік тапсырмалар
Семантикалық карта
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) топтастыру
Ой қозғау.
-Бірыңғай сөзін қалай түсінесіңдер?
-Балалар, партаның үстінде нелер жатыр?
Ендеше балалар, бүгінгі біздің сабағымыз сөйлемнің бірыңғай мүшелері деп аталады. Өздерің анықтағандай сөйлем ішінде біркелкі сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын мүшені бірыңғай мүше деп айтамыз.
Оқушылар өз ойын айтады
Оқушылар жауап береді.
ІҮ. Жаңа сабақ
«Біл, жұпта түсіндір, топта талқыла».
І топ. Сөйлемнің бірыңғай бастауышы пен баянауыштары
ІІ топ. Бірыңғай толықтауыш
ІІІ топ. Бірыңғай анықтауыш
ІҮ топ. Бірыңғай пысықтауыш
Деңгейлік тапсырмалар беріледі.
1-деңгейлік тапсырма:
Берілген сөйлемнен бірыңғай мүшелерді тауып,тыныс белгісін қой.
1. Туған жеріңді еліңді мектебіңді сүй.
2. Мынау тастар Жезқазған Алтай Алатау (жұпқа)
Қаратау кендерінен табылған.(жеке)
3. Бұғыбай көрікті ашық-жарқын ақ көңіл жігіт.
4. Көл бетінде су құстары үйрек қаз аққу бірқазандар жүр.(жұпқа)
5. Халық болған соң өзіндік тарихы тілі мәдениеті дәтүрі болуы шарт. (жеке)
2-деңгейлік тапсырма:
1) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері бастауыш болып келген бірнеше сөйлем жазып,олардың қай сөзбен байланысқанын,қай сөз табынан екенін айт. (орта деңгейдегі оқушыға)
2) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері пысықтауыш болып келген бірнеше сөйлем тауып жаз. (жеке)
3-деңгейлік тапсырма:
Абайдың «Қыс» өлеңін жатқа айтып,бірыңғай мүшелерді табыңдар,қай сөйлем мүшесі екенін анықтаңдар. (жоғары деңгей оқушысына)
1) Сурет бойынша әңгіме құрау. Ішінде бірыңғай мүшелері болуы шарт. (жұптық)
Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
Ү. Сабақты бекіту
Семантикалық карта
Қайрат, Ербол, Ләззат халқының жүрегінде мәңгілік сақталады.
Олардың, жауынгерлердің, батылдықтарын, ел аңыз етіп ұрпағына жеткізеді.
Өр мінезді, асқақ сезімді, жоғары талғамды ақынның жыр жолдары ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.
Шоқан араб өлеңдерін ерекше ұнататын, тамсанып отыратын.
Оқушылар жұмысты жеке орындайды. Интербелсенді тақтадағы дұрыс нұсқаға қарап, өз-өздерін бағалайды.
12-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Жай сөйлем және құрамалас
сөйлем
Сабақтың
мақсаты: Сөйлем түрлері туралы
түсініктерін кеңейту
1. Жай сөйлем және құрмалас сөйлем айырмашылықтарын, ерекшеліктерін ұғындыру. 2.Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, теориялық білімді толықтыру.
3. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқыту әдісі: талдау,жинақтау
Көрнекілігі: оқулық, сызбалар, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру
Жаңа сабақ Жай сөйлем және құрмалас сөйлем
(сөйлемнің бастауыш пен баяндауышын таптыру)
Тұз қасиетті зат. Сабантойда кең дастархан жайылады, ақсақалдар бата береді.
Ой тұжырымдамасы
Құрмалас сөйлем
|
Жай сөйлем |
Құрмалас сөйлем |
Құрмаласу тәсілі |
|
Жаңбыр жауды. |
|
|
Жер көгердіЖаңбыр да жауды, жер де көгерді.Баяндауыштың тиянықты формасыКүн шықты.
Мал өріске кетті.Күн шыққан соң, мал өріске кетті.Шылау арқылыБет қаратпайтын боран болды.
Арман қалаға бармады.Бет қаратпайтын боран болғандықтан, Арман қалаға бармады.Қосымшалар арқылы
ӨЗ БЕТІНШЕ ЖҰМЫС:
(Құрмалас сөйлем құрастыру)
Фонетикалық талдау
(Жай сөйлем және құрмалас сөйлемді көшіріп жазу)
Жай сөйлем
Есет қой жайып жүрді.
Бір кездееліктерілгері жүріп кетті.
Құрмалас сөйлем
Кенет астындағы аты екі құлағын тікірейтіп , бұрылып артына қарады. Есет олардың соңынан ілескісі келіп тұрды да ол ойынан тез қайтты.
Қорытындылау
-Сөйлем түрлері?
-Құрамына қарай қалай бөлінеді?
-Мағынасына қарай қалай бөлінеді?
-Құрмаласу тәсілі?
13-сабақ
Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі
Мақсаты:
Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі дұрыс қойып, жазуды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
- Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қоюды біліп түсінеді
- Тыныс белгісіне қарап құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтайды және мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін қояды.
-Құрмалас сөйлемдер арқылы мәтін, өлең құрастыра алады.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Негізгі бөлім:
"Жалғасын тап"ойыны. Топтық жұмыс.
Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Келесі бөлігін табу арқылы, құрмалас сөйлем туралы білімдерін жетілдіру
1-топ. Ол бүгін ерте келіп, ... .
2-топ. Лезде аспанды бұлт торлап, ... .
3-топ. Жаз ыстық болса, ... .
4-топ. Күн жылынып, ... .
Тапсырма. 6 мин. (№4 слайд) Топтық жұмыс.
Сөйлемдерді көшіріп жазу. Құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу арқылы ой-өрісін дамыту.
1-топ. Лезде күн бұлттанып, сәлден соң жаңбыр жауа бастады.
2-топ. Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті.
3-топ. Бекен жалт қараса, келіп тұрған Кемел екен.
4-топ. Шолпан орысша сұрап еді, Таня қазақша жауап берді.
Тапсырма. 8 мин. (№5 слайд) Топтық жұмыс.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрап жазу. Оның жай немесе құрмалас сөйлем екенін дәлелдеу.
5-тапсырма. (10 мин.)
Оқушының табиғатты қағаз бетіне бейнелеп, сол бойынша өз ойын жазбаша түрде жеткізе білу арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Барлық оқушылар тақырыпқа сай сурет салып, салған суреті бойынша шығарма жазады, жұмысын қорғайды.
7 – тапсырма
«Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын»
сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер
құрау
Үлгі: «Балқарағай»
сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер
құрау
(Бал, қарағай, қара,
бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ,
арал...)
Омарташы –
____________________________________________________________________________
Қанағат –
_______________________________________________________________________________
Ұсынылатын -
__________________________________________________________________________
8
– тапсырма
«С»- дан басталатын сегіз
сөз. Ол сөздер төмендегі заттардың атауы
болсын:
1. Сұйық зат
________________________________________________________________________
2. Зат
немесе құбылыс атауы
__________________________________________________________
3.
Дақыл атауы
______________________________________________________________________
4.
Жеміс аты

5.
Қарудың аты

6.
Өсімдік атауы
_____________________________________________________________________
7.
Адам аты

Қорытынды
Не білдім? Нені үйрендім? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып жабыстырады. (2 мин.)
14-сабақ
Тақырыбы: Қыстырма сөз,олардың тыныс белгісі
Мақсаты:Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын
рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату,
сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің
тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды
қолдана білуге дағдыландыру. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге
тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма
сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге
үйрету;
оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой
қорыту, пікір айту дағдыларын
жетілдіру.
Күтілетін
нәтиже;
топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік
ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары
артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау,
өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай
білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік
пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін
ұғынады.
Түйінді
түсініктер:
мағынаны үстемелеу, қолдау, жорамал, пікір,
сенім, сөйлем мүшесі бола
алмайды.
САБАҚТЫҢ ӨТУ
БАРЫСЫ
Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушылармен
амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын
қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін
қою.
Оқушыларды топқа
бөлу.
Оқушының іс - әрекеті: Сабаққа даярланады,
жинақталады, жаңа сабаққа ден
қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін
бекітеді.
Стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған
сөздер туралы түсінік бере отырып, топқа
бөлінеді.
Қыстырма сөздер жазылған үлестірмелі
карточкалар
Топта біріге отырып, талқылау. Талқылау
барысында топта бір - бірін тыңдау, ортақ шешімге
келу.
1 -
тапсырма
Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа
салыңыз:
Әрине Тайынша Бірге
Шындық
әркім Жеңеше Біреу
Шын
Әрекет Көрпеше Бірнеше Шын
сөзі
әрқашан меніңше біріншіден Шынын
айтсам
2 -
тапсырма
Бос орынға тиісті сөзді
қойыңыз:
1., бұл мәселе бүгін шешілетін
сияқты.
2. Болашақта аты шыққан әнші
болар,.
3., биыл қыс жылы
болады.
4. Осының бәрін, ме, жалғыз істей
алмассың.
Керекті сөздер: меніңше, шамасы, бәлкім,
әрине.
3 -
тапсырма
Сөйлемдерді оқу, қыстырма сөздерді теріп
жазу.
Қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден
ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатындығы туралы көзін
жеткізу.
4 -
тапсырма
Бос орынға қыстырма сөзді
қойыңыз:
1., сені бір жерден
көрдім.
2.,, мына киноны көрсем
ғой!
3., бұл туралы айтуды ұмытып барады
екенмін.
4., сапқа тұруға дайындалыңдар. (Флипчарттар,
маркерлер,түрлі - түсті қағаздар, желім, т.
б.)
«Сауаттылық хатын»
орындату.
Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар
аударту.
Жеке
жұмыс
ІҮ Сабақты
қорытындылау
Шығармашылық жұмыс: Сөйлемнің басында, ортасында ,соңында келетін қыстырма сөздерге мысалдар жазыңдар.
Мысалы. 1. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
-
Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды.
-
Өзі осында келген шығар,сірә?
Көп нүктенің
орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., қошақаны...,
алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні...,
қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы...,
перзентімні..., балапаны..., арманымны....
Тапсырма
Төмендегі дауыссыз дыбыстардың
ортасына оң жақтағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар.
Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?
Ж П Н Д Б Р Н Р - А а а і
ә
С Б Р У З Ж Б Қ , Е а а ы а
ы
Ш Л Р М З Г Л Н Д А ы а е і і
е
Б У Р Н Ж З П , А ы а
ы
Ш Н Д Т Л П Ж Т - І і е о ы о
,
К Н Қ З Н С Б Р , А а ы а ы
а
Қ Р К Қ П П И Д - О е ы а
а
Л Н Р Т М М Х Л Қ , А а а а а
ы
15-сабақ
Тақырыбы:
Синтаксистік талдау
Сабақтың
мақсаты:Синтаксистік талдау туралы үйреніп,білім алады.Сөз
тіркесі,сөйлемге синтаксистік талдау жасауға
дағдыланады.
Дамытушылық:
Тіл байлығын арттыра отырып,шығармашылық қабілеттерін
дамытады.
Тәрбиелік:Топтық жұмыс жасай біледі,
достықпен бірін-бірі сыйлайды.
Күтілетін нәтиже Синтаксистік талдау туралы
түсінік қалыптасады. Сөйлемдегі сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерін
ажыратып,талдай алады.Шығармашылық қабілеттері дамиды,пәнге деген
қызығушылығы артады.
Сабақта қолданылатын әдістер: Жаңа әдістер
Топтық жұмыс Дәлелдеу
АКТ СТО Оқыту үшін
бағалау
Сабақтың
барысы
І.Ұйымдастыру
кезеңі
Топқа
бөлу.
ІІ.Жаңа сабақ «Кластер»-Сөйлем мүшелері
бойынша білімдерін топтастыруы
«Ой қозғау» стратегиясы арқылы жаңа тақырыпты
ашуы
(топ мүшелері
қорғайды)
Көркем жазу Синтаксист-сөз тіркесі мен
сөйлемді зерттейді.
Бекіту Рефлекциялық-танымдық ойын
«Конструктор»
Суреттегі заттардың атын қатыстырып,сөйлем
құрау.Синтаксистік талдау
жасау.
Қорытынды І.Шығармашылық
тапсырма
1)Екі мың жыл
жасайды,
Бұл ағаш өссе
далада.
Үлкен жасыл
қолшатыр,
Жаңбырда болар сая
да.(емен)
2)Аппақ өңі
тартымды,
Қасиетті гүл
қашанғы.
Халық одан
әртүрлі,
Дәрі-дәрмек
жасайды.(түймедақ)
3)Жер
үстінде-сабағы,
Жер астында-тамағы.
(картоп)
Жұмбақты оқып,өлең жолдарын сөйлемге
айналдыр.
Қандай
сөйлем?Неліктен?
Сөйлем мүшелеріне
талда.Дәлелде.
Сөз тіркестерін сұрақ
қойып,ажырат
ІІ.Дискуссиялық картамен
жұмыс.
Сұрақтары Иә
Жоқ
1.Бастауыш – тұрлаулы
мүше
2.Тұрлаусыз мүше – кім? не? сұрағына жауап
береді.
3.Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшені
тұрлаусыз мүше дейміз.
4.Сөз тіркесі бір сөзден
құралады
5.Сөйлем бас әріптен басталып
жазылады.
6.Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан
құралады.
7.Егер бастауышта, баяндауышта зат есімнен
болса бастауыштан кейін сызықша
қойылады.
8.Бастауыштың астын ирек сызықпен
сызылады.
9.Құрмалас сөйлем екі не одан да көп жай
сөйлемнен құралады.
10. . Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай
сөйлемнің арасына көбінесе нүкте
қойылады.
16-сабақ
Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы
Cабақ мақсаты: 1.Сөз және оның мағынасы туралы білімдерін терендету, сөз мағынасын айыра білуге жаттықтыру;
2.Оқушылардың сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақ әдістері: топпен жұмыс, сын. тұр.ойлау.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, математика, дүниетану.
Сабақ көрнекіліктері: интерактивті тақта , кима қағаздар, т.б.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезені
ІІ. Психологиялық дайындық
ІІІ. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
«Не оқып, не білдік?» ауызша
Ү. Мағынаны тану сатысы.
Топпен жұмыс.
«Сен білесің бе?» аралы
«Бәйге ойыны.» ауызша
Өздік жұмыс. Дәптермен жұмыс
3-ші
«Ізденушілер» аралы. Ой толғаныс
4-ші арал
«Біліп ал да, ұғып ал!»
Қорытынды бөлім.
1. Венн диаграммасы.
-Балалар, аралдағы тапсырмаларды орындау алдында біз аздап ой ұштап алайық.
v Берілген сөздердегі дыбыстарды өзгерту арқылы бірнеше сөз жаса.
· ТОР- тар, тер, тур, тұр
. ҚАЛ- қас, қар, қан, қап
. ҚОЛ- құл, қыл, қал
· Өзгерген сөздердің мағынасын ашу мақсатында сөйлемдер құрау.
М-лы: Торда 3 қоян отыр. Ол ауылдың көшелері тар екен. Кеше мектепішілік олимпиаданың ІІ туры өтті.Терезеден күннің сәулесі түсіп тұр.
-Сен бүгін үйде қал.Екі үйдің арасы қас-қабақ арасындай. Қар жауып тұр.Қанның түсі қызыл болады.Бір қапта жүз центнер.
-Қолынды жуып жүр. Қарлығаш балапандарын жылқы жалымен байлап қояды екен.Маған ермей осында қал.
– Осы сөздерден нені аңғардыңдар? (сөздегі дыбыстың өзгеруінен оның мағынасының да өзгеретіндігі).
Бірінші топ –«Антонимдер»;
Екінші топ – «Синонимдер»;
Үшінші топ- «Омонимдер».
Бірінші топ –«Антонимдер»;
Әр топқа тапсырма беріледі.( Әр топ өз плакаттарына орындап тақтаға іліп қояды. Топ басшысы жауап береді)
І. Антоним
Шарты:Сөздегі әріптерін байланыстырып сөз жасау және антоним сөздер ойлап табу.
Қызғалдақ –лақ,қыз, ылғал, ал, дақ,қал,ақ,ала, адал,қақ,қыл.
Антоним: ылғал-құрғақ, ал-сал,қал-бар,ақ-қара,адал-арам,
ІІ. Синоним
Шарты: «ДАНА» сөзіне байланысты мына әріптерден басталатын мәндес сөздер ойлап табыңдар.
О... ,ғ... , б ... , д ... , а ... , к... .
ОЙШЫЛ, ҒҰЛАМА, БІЛІМДІ, ДАНЫШПАН, АҚЫЛДЫ, КЕМЕҢГЕР.
ІІІ. Омоним
Шарты: омоним сөздер тауып жаз
Жастық, түс,қас, жаз, жақ,ара, қара, қой, ат, алма,өкпе, аула,бас,түбір, бет,кілт.
І. Антоним
Антоним сөздер деген не?
а) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы
ә) Бір-біріне қарсы мағынада айтылатын
б) Бір-біріне мағыналары қарама-қарсы
Антоним (мысал)
а) кең-тар
ә) ақ-қара
б) жарық-қараңғы
в) үлкен-кіші
г) ыстық-суық
ІІ. Синоним
Синоним сөздер деген не?
а) Мағыналары бір-біріне жақын
ә) Мағыналары өзара мәндес
б) Дыбысталуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
в) Айтылуы әр түрлі, бірақ мағыналары бір-біріне жақын
г) Жазылуы бөлек, өзара мағыналас
Синоним (мысал)
а) салмақты, сабырлы, байыпты, байсалды
ә) маңай, төңірек, айнала.
б) келбет, көрік, шырай
в) әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы
ІІІ. Омоним
Омоним сөздер деген не?
а) Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі
ә) Дыбысталуы бірдей, мағыналық байланыс жоқ
б) Дыбысталуы жағынан бірдей, мағыналары әр басқа
в) Бірдей дыбысталып, түрлі мағына білдіретін
Омоним сөздер
Көш, жаз, қас, алма, бөлме, қос
Таратпа материал.
І. Антоним
Тапсырма:Көп нүктенің орнына сол сөзге қарсы мәндес сөздер тауып жаз.
Батыл- (қорқақ)
Жақсылық-(жамандық)
Күн-(түн)
Тақ-(жұп)
ІІ. Синоним
Тапсырма: Көп нүктенің орнына сол сөзге мәндес сөздер тауып жаз.
1. ӘДЕМІ, ажарлы, көркем, сұлу, келбетті,көрікті
2. ЫНТЫМАҚ, бірлік, бейбітшілік, достық.
3. АЛҒЫР, ұғымтал,зерек
ІІ. Омоним
Тапсырма: Көп нүктенің орнына жазылуы бірдей мағынасы әр түрлі сөздер тауып жаз.

v «Суреттерді сөйлет». Экранға назар аудару.
(суретТүйе) боздап, (сурет қой) қоздап -қорада шу,
(суретКөбелек) пен (сурет құстар) да сайда ду-ду.
(суретГүл) мен (сурет ағаш) майысып қарағанда,
Сылдыр қағып, бұраңдап ағады (сурет)су.
- Бұл қай өлеңнен келтірілген үзінді, авторы кім? («Жазғытұры» Абай.)
І. Антоним
Мақалдың мәнін түсіндір. Қарсы мәндес сөздерді тауып, мәндес сөздер таңдау арқылы түсіндір.
Жомарт дос көбейтеді, (қолы ашық, кең, дархан )
Сараң мал көбейтеді. (аямшақ, іші тар)
ІІ. Синоним
Мақал-мәтел ой ұштар.
«ЖАҚСЫ» сөзіне қатысты мақал-мәтел айту.Мұнда «жаман», «сөз» «жақсылық», «Ай мен Күн» сөздерін қатыстырып, 4 мақал-мәтел айту.
1. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
2. Жақсы сөз – жарым ырыс.
3. Жақсы – Ай мен Күндей, бәріңе бірдей.
4. Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.
ІІІ.Омоним
«БІЛІМ»сөзіне қатысты мақал-мәтел айту.Мұнда «кітап», «қымбат», «жібек», «сөз» сөздерін қатыстырып, 4 мақал-мәтел айту.
1. Кітап – білім бұлағы.
2. Білім – қымбат, білу – қиын.
3. Білімдінің сөзі жібектей, білімсіздің сөзі – білектей.
4. Білімдіден шыққан сөз, ақылдыға болсын кез
17-сабақ
Тақырыбы: Мағынасы бір-біріне жуық сөздер
Мақсаты - Мәндес сөздер туралы алған
білімдерін тапсырмалар орындау арқылы пысықтау, оларды орынды
қолдану дағдыларын
жетілдіру;
- Ойлау, шығармашылық қабілеттерін, өз ойын
еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, көркем
жазу дағдыларын
қадағалау;
- Ынтымақтастықта бірлескен жұмыстарды
орындауға, бір- бірінің жауабын құрметтеуге
баулу.
Күтілетін нәтиже - Сөйлем ішінен және
берілген сөздердің мәндес сөздерін таба
алады;
- Мәндес сөздерді топтастыра алады және
оларды орынды
пайдаланады;
- Талқылауға қатысып, өз ойын айта
алады.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
кезең
-Ендеше осы тақырыпта есімізге бірнеше мақал
түсіріейік, сол кезде мына жабық тұрған қағаздарды ашуға
болады.
-Ақылды, білімді, дана, кемеңгер – бұл
сөздердің мағынасын қалай
түсінесіңдер?
-Мағынасы жуық сөздер туралы не
білесіңдер?
-Қай топ көп мысал келтіре
алады?
Әр топтан спикер шығып, топ жұмысын қорғайды.
Қалғандары мұқият тыңдап, кейін жұмысты
бағалайды.
Ойын: «Сөз
ойлау, тез ойлау».
Еңбекші болсаң ерінбе,
Ауырдың өзін ... де. /жеңіл/
Сөздің де дұрысы бар, ... бар, /бұрысы/
Әр кез дұрыс сөйлеуге тырысыңдар.
Үлкенге кешіріммен қарағаны,
Кішінің ... жарағаны. /үлкендікк
Сөйлемдер
1. Апам жолға тамақ
әзірледі.
2. Апам ас
пісірді.
3. Апам тағамдарды сөмкеге
салды.
4. Апам қонақтарға дәм ауыз
тигізді.
Мағынасы ұқсас сөздер: тамақ, ас, тағам,
дәм.
Үздік
Сурет бойынша жұмыс. «Кім тапқыр?»
ойыны.
Бұл
кім?
Ұстаз, мұғалім,
оқытушы
Адам, кісі. жан,
пенде
Ер бала, жігіт,
ұл
Қарт, кәрі,
қария
Нәресте, сәби, бөбек, бала,
перзент
Бұл
не?
Тамақ, ас, тағам,
дәм
Қандай көңіл
күй?
Қуану, шаттану, мәз
болу
Өкіну, опық жеу, бармағын
тістеу
18-сабақ
Тақырыбы: Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету,түсіндіру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін,сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға,дұрыс шешім қабылдауға,бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже
- сөйлем, мәтін ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді таба алады;
-берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді ойлап таба алады;
-мағынасы қарама-қарсы сөздерді сабақта қолдана алады;
- оқушылардың сыни ойлауы қалыптасады;
Түйінді идеялар
Оқушылар қарама-қарсы мағыналы сөздерді табуға берілген тест жұмыстарында дұрыс жауапты көрсете алу керек.Құрамында мағынасы қарама-қарсы сөздері бар мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштар мен жұмбақтарды жаттап алуы тиіс.
Әдіс- тәсілдер
«Суреттер сөйлейді», «Эссе», «Сәйкестендіру тесті», «Электронды тест» жұмысы, халық даналығы, дидактикалық ойын әдістері, 7 модуль.
Сабақ барысы:
1.Психологиялық дайындық
Сабақтың ұраны: «Көп білсең , білім шыңына жетерсің» -осы айтылған ұранымызға сәйкес мынадай баспалдақтардан өтсек, білім шыңына жетеміз.Оқушыларға баспалдақ атауларымен таныстыру.
Оқушылар шеңберге жиналып алдымен келген қонақтармен амандасады. «Жүрек жылуы» өлеңі
Осыдан кейін шеңберге жиналып, «Алтын тәж» ойынын ойнайды. Мұғалім бастайды: «Мен зиялы Зинатпын ...» әрі қарай оқушылар өз есімдеріне әдемі тіркес ойлап тауып,ойынды жалғастырады.
2. 1-баспалдақ
«Қайталау-білім анасы»
«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» дидактикалық ойыны
Допты оқушыларға лақтыру арқылы мынандай сұрақтарды қоямын:
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөздер неден құралады?
3. Сөз және оның мағынасын неше топқа бөліп қарастырамыз?
4. «Ашық» деген сөздің басқа мағынасына мысал келтір.
5. Білгішбектің сендерге айтқан ақылын айтып берші.
Оқушылардың жауаптары:
1. Адамдар бір-бірін тіл арқылы түсінісетін болса, сол тілдің басты құралы — сөз. Сөз дегеніміз — заттың, түрлі құбылыстың, қимыл-әрекеттердің атауы.
2.Сөздер дыбыстардан құралады.
3.Сөз және оның мағынасын 3 топқа бөліп қарастырамыз.
4.Терезе ашық немесе мінезі ашық.
5.Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, білетін болсаңдар, қоршаған ортаны да жақсы біліп танисыңдар.
3.Қызығушылықты ояту Топқа бөлу
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
/Диалогтік оқыту/
/АКТ-мен жұмыс/
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Оқушыларды суреттер арқылы топқа бөліп аламын.
Мағынасы қарама –қарсы сөздер- олар бір сөз табына жатады, мағыналары бір-біріне қарсы айтылады.Мысалы: биік-аласа, үлкен-кіші, алыс-жақын.
Қазақ тілінде мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, жаңылтпаштарда кездеседі.
Мысалы:
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
(қызылша)
***
Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
(қарбыз)
1.Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
2.Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
3.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
1.Ақ тайлақ ақ па?
Қара тайлақ ақ па?
2.Күн бе, түн бе,
Пілге мінбе.
3.Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы – қара шаш,
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.
Оқушылар қолдарындағы суреттерді құрастырғаннан кейін ондағы шыққан суреттерге қарай отырып, не түсінгендерін айтады.Қарама-қарсы мағыналы сөздерді айта отырып, жаңа сабақтың тақырыбын ашады.Суреттерді салыстырып айтады.Мысалы: көңілді бала- бкөңілсіз бала. Мақсатын құрастырады.
Әр сөз табынан болады
Мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда жарыса қолданылады.
Болымды- болымсыздық мағыналары бар
4.Мағынаны тану
2-баспалдақ «Ізденген жетер мұратқа»
3-баспалдақ
«Ойлы болсаң, озып көр»
АКТ-мен жұмыс
Көшбасшылық модулі
4-баспалдақ
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс
Сыни тұрғыдан ойлау модульдері
5-баспалдақ
«Білгенге маржан»
Оқушылардың сыни ойлауы
6-баспалдақ
«Ұйымдасып орындаймыз, басқа топты қолдаймыз»
Сыни тұрғыдан ойлау модулі
Оқушыларға оқулықпен жұмыстың алғашқы жаттығуын орындау жұмысы тапсырылады.
Дәптерге жаттығу жұмысын қадағалай отырып жазғызу.
Мұғалім көшбасшылығымен сергіту сәтін орындаттару.
Тақтадағы плакатпен жұмысты жеке оқушылармен орындатамын.
Дарынды оқушыларға «Эссе» жазу
Басқа оқушыларға «Сәйкестендіру тесті»
5.Ой толғаныс
7- баспалдақ
«Білім шыңы» ТЕСТ жұмысы
-Оқушылар тесттің жауаптарын белгілеп, өздерін өздері тексереді.
1.Мағынасы қарама-қарсы сөздер қалай аталады?
а/ антоним
ә/ қарсы сөздер
б/ мағынасы жуық сөздер
2.Жабық сөзіне мағынасы қарсы сөзді тап:
а/түзу
ә/ашық
б/жауып тастау
3.Кәрі-жас қарама-қарсы сөздері қандай сөз табынан болып тұр
а/етістік
ә/зат есім
б/сын есім
4.Етістіктен болып тұрған мағынасы қарама-қарсы сөздерді көрсет
а/ ашу-жабу
ә/ алыс-жақын
б/ ақ-қара
5.Құрамында мағынасы қарама-қарсы сөзі бар мақалды көрсет
а/Алма қызыл.
ә/Ашу-дұшпан, ақыл-дос.
б/Күн мен түн.
Өзіңді бағала!
Сабақ Мен сабақта... Қорытынды
1. Қызықты 1. Жұмыс істедім 1. Сабақты түсіндім
2. Көңілсіз 2. Демалдым 2. Бұрынғыдан да көп түсіндім
3. Айырмашылығы жоқ 3. Басқа оқушыға 3. Түсінбедім
Көмектестім
19-сабақ
Тақырыбы: Көп мағыналы
сөздер
мақсаты:
Оқушыларға көп мағыналы сөздер туралы түсінік беру.
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, Отанды сүюге тәрбиелеу.
Оқушылардың логикалық ой лау қабілеттерін арттыра отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту, талдау жұмыстары арқылы қисынды-ойлау дағдыларын дамыту.
түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдіс: СТО
Сабақтың көрнекілігі: кесте
Пәнаралық байланыс: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу
І. Қызығушылықты ояту
Ой шақыру
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, оның тура не ауыспалы мағынада тұрғанын айтыңдар
Ағасы бардың - ...бар.
Інісі бардың - ...бар.
... тасыса, қайық төгілер.
... тасыса, ақыл төгілер.
Тарақтың тісі, адамның тісі Көйлектің жағасы, көлдің жағасы
3. Кітап досың, ақылшың
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.Қанат құстардың ұшып, қонатын дене мүшесі. Алты қанат ақ орданы тігуге кірісті.
2.Көзім ауырып дәрігерге көрініп жүрмін. Иненің көзіне жіп өткізе алмадым.
3.Сөздің басын арыдан бастады. Адамның басы- Алланың добы.
ІІ. Мағынаны ажырату
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни туынды мағыналарға ие болып жатады. соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да дамып,жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады.
Мысалы:
Бас(зат есім)-1)адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;3) таудың ең үсті, төбесі;4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;5) таяқтың ұшы;6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы ; 7) бір нәрсенің айналасы.
Ата(зат есім)-1) үлкен әке, әкенің әкесі;21) ата жолы- ескіден қалған жөн –жоба, әдет – ғұрып;3) ата жұрт- ежелгі мекен; 4) ата кәсіп – атадан келе жатқан шаруашылық.
Сонымен, сөздің қолданылу аясының өзгеруі, яғни бір саладан басқа бір салаға ауысуы оның мағынасының өзгеруіне әсер етеді.
Кісінің кілті- аспанда. Көңіл көзін сөз ашар. Қыз өмірдің-гүлі.т.б.
Көп мағыналы сөздерді теріп жаз.
1.Тарақтың тісі, адамның тісі
2. Көйлектің жағасы, көлдің жағасы

ІІІ.Ойтолғаныс Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
4.Тапқыр болсаң, тауып көр.
Көп мағыналы сөздердің ішінен алғашқы мағынасын тап
А)Сөздің басы, жолдың басы, адамның басы, таудың басы,жұмыстың басы
Б)Кітаптың беті, адамның беті, судың беті, жер беті
В)сағат тілі , кітап тілі, орыс тілі, техника тілі, адам тілі
5. Кім көп біледі?
Көп мағыналы сөздердің қатарын жалғастыр
1 Адамның аяғы,....
2 Домбыраның құлағы,....
3 Жараның ауызы,....
4 Пышақтың жүзі,.....
20-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қос сөз. Қысқарған сөздер.
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға қысқарған сөздерді таныту. Сөздердің лексикалық мағынасын байқату.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
3. Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру. Зеректікке, ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Көркем жазу арқылы әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді пысықтау сабағы.
Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, жарыс, ойын.
Көрнекілік: слайдтар, постерлер,
Жұмыс түрлері:
-
Ұйымдастыру б
-
Топқа бөліну
-
Топтастыру (өткен сабақты пысықтау)
-
Ребус шешу
-
Жаңа ақпарат блогы
-
"Кім тапқыр?»
-
Сергіту сәті
-
Мәтінмен жұмыс
-
«Әріп сыры»
-
«Дүкенде»
-
Қорытынды (есеп шығару)
Сабақтың барысы:
Ӏ. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу,психологиялық дайындық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Топқа бөлу: «Білім» тобы, «Еңбек» тобы, «Талап» тобы. (әр топ өздеріне ұран шығарады)
ӀӀ. Өткен сабақты пысықтау. Топтастыру
Сөз мағынасы
Жаңа сабақтың тақырыбын ребус шешу арқылы табу: (Қысқарған)

III Жаңа ақпарат блогы
Бірнеше сөзден тұратын атаулар қысқартылып айтылады: АҚШ, ҚР, педкеңес, кг. Бұларды қысқарған сөздер дейміз.
Қысқарған сөз төрт түрлі жолмен қысқарады:
1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады: АҚШ, БҰҰ, ҚР
Бұған тек өлшем атаулары бағынбайды: м, кг, мм, г
2.Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады:
ҚазМУ-Қазақтың мемлекеттік университеті.
ҚарМУ- Қарағанды мемлекеттік университеті
3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашқы буындары алынады: ауатком-аудандық атқару комитеті.
4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің бірінші буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педучилище, мединститут.
|
Қысқарған сөздердің емлесі |
||||||
|
Қосымша дефис арқылы жазылады |
Қосымша бірге жазылады |
Қосымша дефис арқылы жазылады |
||||
|
БҰҰ - ға |
АҚШ - тың |
ТУ – 154 - пен |
педколледжге |
кг - ның |
||
|
|
|
|
|
|
||
IV Жаттығу блогы:
1 тапсырма: «Кім тапқыр?» ойыны
“Білім” тобына: Сөздердің бастапқы дыбыстарынан жасалған қысқарған сөз жазу
“Еңбек” тобына: Бірінші сөздің алғашқы буыны мен қалған сөздердің бастапқы дыбыстарынан жасалған қысқарған сөз жазу
“Талап” тобына: Өлшем атауларын жазу
Сергіту сәті (видеосымен)
2 тапсырма: Мәтінмен жұмыс (Мәтін ішінен қысқарған сөз табу)
Алматы әуежайында бұрыннан бар «Ил−18», «Ту−134», «Як−40» сияқты ұшақтарға қоса алыс шетел компанияларының әйгілі ұшақтары да жиі қонатын болды. Айгүлдің әпкесі ҚХР−ге туристік жолдамамен барып қайтты. Дарханның ағасы АҚШ−та оқып жүр. Біздің мектепте пединституттың студенттері практикада болды.
3 тапсырма: «Әріп сыры» (қосымша мәлімет беру)
“Білім” тобына: МАБ, мм
“Еңбек” тобына: БҰҰ, г
“Талап” тобына: ТМД, т
4 тапсырма: «Дүкенде» тақырыбына шағын әңгіме құрау. (ұзындық, салмақ өлш.қосу)
Қорытынды: Есеп шығару: Айнұр дүкеннен 2 кг құмшекер, 400 г сары май, 1 кг кәмпит, 500 г сүзбе сатып алды. Айнұрдың алған затының жалпы салмағын тап.
Марапаттау: дипломдармен марапаттау
21-сабақ
Тақырыбы: Сөз ойла,тез ойла.Фонетикалық
талдау
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлау, есте сақтау,
сөйлеу қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді
құрметтеуге шақыру. Оқушыларды адамгершілікке, ана тілін сүюге,
білімдерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Ойын барысы::
1. «Зымыран сұрақтар»
2. Тапқыр болсаң, тауып көр
3. Ойлы болсаң, озып көр
4. Кім жүйрік?
5. Сөз ойла, тез ойла
Ойынымыздың бірінші бөлімі - «Зымыран сұрақтар». Бұл бөлімде қазақ
тілі мен әдебиеті пәнінен және логикалық сұрақтар берілген. Осы
сұрақтарға тез, әрі шапшаң жауап беру керек. Барлығы -11 сұрақ
1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін
тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)
3. . Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
4. Жуан және жіңішке сөздерге жалғана беретін қай жұрнақ?
(хана)
5. “Әдебиет” сөзі қай тілден енген? (араб)
6. Қай шығармадан, кім? “Бірақ амал нешік, сен қызылшақа болып,
жөргекте жатқанда сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең
немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап
жіберген. ” («Менің атым Қожа», Қожа)
7. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім?
(Мұхамедқанафия)
8. “Селт еткізер ” дегеніміз не? (Наурыз мейрамында жастардың
бір-біріне сыйлайтын тосын сыйлары)
9. Бал да, у да таматын не? (тіл)
10. “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын,
әріп)
11.Кім қартаймайды? (анасы бар адамдар)
Екінші бөлім – «Тапқыр болсаң, тауып көр »
Үшінші бөлім – «Ойлы болсаң, озып көр »
Шарты: Күнделікті өмірде қолданылып жүрген тыйым сөздерді айту
Төртінші бөлім – «Кім жүйрік? »
Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, орыс тіліне аудару қажет.
1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух)
2. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - )
3. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың (Жаңбыр – дождь - )
4. Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді.
(түтін-дым- )
5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
(жер-земля- )
6. Балдан тәтті не?
(тіл-язык - )
7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
(сіріңке – спички - )
Бесінші бөлім – «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел
құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «тосын сый», яғни сайыскерге 10 ұпай сыйға тартылады.
Мұғалімнің сөзі:
Көп ұлтты Қазақстанда
Жүзден аста тілдер бар.
Мәртебелі, маңызды
Қазақ тілін танып ал!
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
22-сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Сөз құрамына – грамматикалық мағанасына қарай талдау.»
Мақсаты:Оқушылардың сөз құрамының грамматикалық мағанасына қарай талдау түрімен тагыстыру.;
Сөздердің айтылу жолдарын,тасымал,екпінді дұрыс көрсете бі
луге, буын және дыбыс үндестігіне басты назар аударту;

Кіріспе бөлім
1. Айтылу,жасалу,жазылу
жолдарына :
Сөз
жуан, жіңішке, аралас буындысөздер
2.Буын:
А) ашық
(а.б)
ә) тұйық (т.б.)
б) бітеу (б.б.)

3. Тасымал.
4. Екпін.
5. Буын үндестігі
6. Дыбыс
үндестігі:
А) ілгерінді ықпал( )
ә) кейінді ықпал (
)
б)тоғыспалы ықпал
(
Тақтаға бір оқушы шығып,мұғалім берген сөзді талдай бастайды,ал қалған оқушыларға дәл сол сөз бір-бір параққа мұғалім дайындап әкелген тапсырманы тақтадағы оқушымен бірге талдай отырып,орындайды.
Мысалы: Әдепті-деген сөзді сатылай кешенді талдау.
Әдепті
1. Айтылу,жасалу,жазылу жолдарына :жіңішке буынды сөз.
2.Буын:
А) ашық (а.б)
![]()
3. Тасымал.
«1» рет.
А) әдеп-ті.
4. Екпін.
Әдепті. «ә»
5. Буын үндестігі
Жіңішке буынды.
6. Дыбыс
үндестігі:
А) ілгерінді ықпал( ).
Міне,осылай біртіндеп түсіндіре отырып,оқушылардың жалпы грамматикалық үлгерімін жақсартуға әбден болады.
Үйге:оқу құралына байланысты өздері таңдаған сөз бойынша талдап,дайындап келеді.
...............................................................................................................................................
Оқушыларымның сатылай кешенді талдау ұнағаны соншалықты төрт жолды өлеңдерінде арнады.
Грамматика бар сенің сан қызық жаңалығың,
Үйренуден біз жалықпай,талмаймыз.
Болсақ егер ең сауатты оқушы,
Ол да сенің арқаң деп біл.
Ал,сатылай кешенді талдауды былай өздеріне қарай сөз жұмбақ қып шешіп алды.
С-саналы, К –келешегіміз
А-азамат, Е - ертеніміз
Т-тәртіпті, Ш -шыныққан
Ы-ырысты, Е –елдің
Л-лайықты, Н -намысты
А-арманшыл, Д -достықты
Й-инабатты «й». І-ізденгіш ұрпақпыз деп өздеріне баға бере алатын азамат,тұлға бар екені,сонымен қатар қызығушылығы үйірмеге деген арта түсетіндіктері байқалады.
23-сабақ
Сабақтың
тақырыбы: Сөз таптары.Зат есім.Зат есімнің
септелуі
Сабақтың
мақсаты:
1. Сөз таптары, сөз таптарының түрлері туралы
оқушылардың білімдерін, ұғымдарын
бекіту.
2. Танымдылық тапсырмалар, сұрақтар арқылы
оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау,
дамыту.
3. Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік
қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алуға
тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті
тақта, тапсырмалар жинағы,
сызбалар
Сабақтың
барысы:
Психологиялық
дайындық
І. Тақырып бойынша білімдерін
жүйелеу.
1.«Ойлан, тап!» ойыны. Сөздерді тиісті
ұяшықтарына орналастыр. Тиісті сұрағын
қой.
Доп, ұзын, сегіз, ұшады, гүл, кітап,
сөйлейді, сары, жүз, салады, аласа, домалақ, сағат, жанады,
қаралау, журнал, жарқырады, бір -
бірден.
Сөз таптары → зат есім, сын есім, сан есім,
етістік
ІІ. Сабақтың тақырыбымен
жұмыс.
2. Негізгі зат есім дегеніміз
не?
Туынды зат есім дегеніміз
не?
Олардың бір - бірінен айырмасы
қандай?
Көп нүктенің орнына негізгі зат есімдерді
қойып жаз.
... – биші... –
орындық
... – іскер... –
жолдас
... – өнерпаз... –
көлшік
3. Сөзжұмбақ. Көп нүктенің орнына мағынасына
қарай сөздер қою арқылы сөзжұмбақты
шеш. Жауабы болған
сөздерді сөз табына талда.
Е
Т
І
С
Т
І
К
1. Ұйқысы
келіп....
2. Ұйықтап
жатып... көрді.
3. Түсінде
кітабын жоғалтып алып,....
4. Оған әкесі
кітап....
5. Таңертең
орнынан....
6. Түсінде...
кітабы үстел үстінде жатыр екен.
7.... көріп,
көңілі жайланды.
4.
Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер? Қос
сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға
болады?
Бірінші
сөз...
(Көрсете тұр
сәл сабыр)
Табылса
ол,
Табылады
аңшыдан.
Екінші сөз
–
Жердің өркеш
биігі,
Мұнда бар
ғой
Жолдың ауыр,
қиыны.
Қос жұмбақ
сөз
Сөз құраса
бірігіп,
«Бізге бер!» -
деп
Аспаз келер
жүгіріп.
(Оқ -
тау)
5. Сөзжұмбақты
шешу. Қарамен бөлінген торкөздегі әріптерден сын есім құралады. Сол
сөзді тап.
1.
Ыдыс
2.
Жеміс
3. Ай
аты
4. Сөз
бөлшегі
5.
Көкөніс
ІІІ.
Тақырып бойынша білімдерін бекіту.
6. Ребусты
шеш.
Қандай мақал
шықты? Мақалды жаз. Сызықшаның қойылу себебін
түсіндір.
50, 6 сандарын
реттік сан есімге айналдырып жаз.
7.
Шығармашылық тапсырма.
Буындадың орнын
тауып қойсаң, Абай өлеңінен үзінді шығады. Сол өлең жолдарын
құрастырып жаз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
авторлық бағдарлама "Орфографиялық сауаттылық"

шағым қалдыра аласыз