Материалдар / АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА, Психологилық қолдау элективті курсы.Бастауыш буын оқушыларының түсініп (концептуалды) ойлауын жетілдіру жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА, Психологилық қолдау элективті курсы.Бастауыш буын оқушыларының түсініп (концептуалды) ойлауын жетілдіру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл авторлық бағдарламада оқушы ойнай отырып ойлай алу (түсініп-ұғынып) дағдысын дамытатын нейрогимнастикалық, ой-логикалық, қимыл-эмоциялық, кинесиологиялық тәсілдермен өзін-өзі дамытып, ішкі кедергісінен арылады. Заттық құбылыстарды танып ой түйіндеу негізінде өзіндік пікір қалыптастырудың маңызын ұғынады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2024
153
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАҒДАРЛАМА

Психологилық қолдау элективті курсы

Бастауыш буын оқушыларының түсініп (концептуалды) ойлауын жетілдіру жолдары

1-2 сынып оқушыларына арналған

(аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат)

Умирбаева Роза Буркитбаевна

«№65 ЖББМ» КММ



Түсініктеме хат

Бастауыш сынып таным әлемі қалыптасатын ең икемді әрі ең нәзік кезең. «Үлгермеуші оқушы қайдан шығады?», деген сауал әр тоқсан сайын педагогикалық кеңес мәселесінен түспейтін мектептердің өзекті басымдылығы. Осы бағыттағы үлгермеушіліктің алдын алуда баланың түсініп ойлау динамикасын дұрыс жетілдірудің кинесологиялық, нейрогимнастикалық, аудио профилактиклық түрлі әдістер жиынтығымен жүргізетін кешенді бағдарлама құруды жөн санадық. Консепуальді ойлауды жетілдірудің психологиялық тәсілдерін баламен жүргізілетін тренингтерде қолдансақ: физиологиялық, психодинамиклық қасиеттер, әлеуметтену сатылары қатар жетілетін даму тұтастығы қалыптасады. Баланың ойнап отырып ойлай алуын дамытудың маңыздылығы, олардың оқу материалдарын сараптау, талдау, түсіну, қолдану, пайым т.б, меңгеру операциясын дамытады.

Баланың мектепке дайындығы обьективті талдауды қажет етеді, себебі қазіргі оқу стратегиялары мен бағдарламалық меңгеру межелеріне бала қаншалықты сай екенін білу және соған сәйкесінше басмыдықтардың алдын алу маңызды. Қазіргі балалардың сабақтарда қажетті ақпараттарды түсініп қабылдауы үшін интеллектулдық дамудың жоғарғы деңгейіне жетуге икемі мен қабілеттері қалыптсқан болуы қажет: олар маңызды мен маңызсыздықты ажырата білуі керек, екіншіден, елеусіздің ағымынан негізгі нәрселерді іріктей алуы қажет; Бұл сипаттамалар инеллектуальді қатынастар қалыптасқанда және қасиеттер мен құбылыстар бірегей қабылданбай бағынышты түрде қабылданғанда ғана мүмкін болатын процесс. Сондай ақ, балалардың зейіндік шашыраңқылығын шектеу, ақпараттар ағынын логикалық жүйелікте ұғуында ассоциативті немесе функцианлдық-жағдаяттармен емес, себеп-салдық негізде түсінуін қамту маңызды. Сонда ғана балалар кез-келген материалды ұғынудың векторлық логикасын құра алады.

Балалардың түсініп ойлауын дамытудағы тренинг- жаттығулар төмендегідей қағидаттармен жүргізілген жағдайда мақсатты жұмыс нәтижесін көруге болады: Талдау барысында балалар кездейсоқ сипатамаларға емес, ішкі маңызды, тұрақты көрінбейтін сипатамалар туралы ұғымдарын айта алуы шарт; Баланың абстрактілі ойлауына ықпалды әрекеттер болуы керек;

Бала әрекеттік дағдыда түсініп ойлауды қолдана алуы үшін «аналогиялық ойлау» үдерісін қалыптастыру маңызды.

Ал мұндай толық қанды физологиялық, психологиялық даму сатысына қол жеткізуде баланың визуальді, кинестикалық, аудиалды дамуының барлық тәсілдеріне тән қимылдық, ресурстық, қатынастық жүйелері қамтылған ойын-танымдық психологиялық тернингтердің маңызы өте жоғары.

Бағдарламаның мақсаты: Оқушының жеке тұлғалануында кездесетін психологиялық ішкі кедергілерін алдын ала отырып, түсініп ойлау динамикасын оңтайлы дамыту.

Міндеттері:

  • Логикалық ойлау бойынша дағдыны дамыту;

  • Қарым -қатынасты реттей алуға үйрету;

  • Мінез-құлық және қасиеттеріндегі өзгерістердің дұрыс бағытталуына ықпал ету арқылы командалық ойлау, мәмілеге келуге үйрету;

  • Қол маторикалары арқылы тілдік дамуы мен ойды жинақтай алу байланысын жетілдіру;

Өзектілігі: Алғашқы материалдық танымы аясындағы оқушының оқу-танымдық жүйесін дұрыс құра алуына бейімдеу, үлгермеушіліктің алдын алу.

Бағдарламаның ерекшелігі:

Бұнда оқушы ойнай отырып ойлай алу (түсініп-ұғынып) дағдысын дамытатын нейрогимнастикалық, ой-логикалық, қимыл-эмоциалық, кинесологиялық тәсілдермен өзін-өзі дамытып, ішкі кедергісінен арылады.

Заттық құбылыстарды танып ой түйіндеу негізінде өзіндік пікр қалыптастырудың маңызын ұғынады.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушы өзіндік түсініп ойлауы арқылы танымдық сауаттануы жоғарлайды;

  • Оқушы обьективті дүнеинің субьективті қырларын тануға дағдыланады;

  • Дербестік пен командалық жүйедегі ойлау тәсілдерімен өзгенің ойын құрметтеуді маңызын меңгереді;

Курстың қажеттілігінің туындау себебі:

  • Сауатты ойлау мен салауатты дамудағы кедергілердің дер кезеңінде анықталмауы;

  • Бастауыштағы дайын механикалық білімнің жоғары сыныптарда үлгерім мен тұлғаның өзіндік бағалауына кері әсерлерінің көрініс беруі;

  • Дербес ойлау және ықыласпен тану икемінде өздігінен түсініуін бастауыштағы қалыптасуының толық болмауы салдарынан мамандық таңдауда қиналыстардың болуы;

Тренинг жүргізу кезеңінде ескерілетін қағидалар:

  • Жаттығулар оқушының психологиялық ахуалы мен жасына сай таңдалынуы тиіс.

  • Жаттығуға оқушыларды ерікті тартылыуында олардың әрбір ойына құрметпен қарау қажет.

  • Жаттығулар әркезде шағын қолжетімді мақсатты көздеуі тиіс.

  • Жаттығу алдында, кейін де оқушы ахуалын қалыптаушы сәттер болуы қажет.

  • Оқушының психикасына, денсаулығына кері ықпалды жағдайлар туындамауын алдын ала қарастыру қажет.



Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім

Бағдарлама бес кезеңнен тұрады.


Қалыптастырушы кезеңі: Ойды дамытушы жаттыуғулар, командалық әрекеттерге бейімдеу, ортақ мүдделікті ұғынту (жүктеме 7 сағат)

Ақпараттық танымдық кезең: Жалпы және жүйелі ойлауды дамытушы жаттығудар ( жүктеме 9 сағат) сөздік, заттық, бас қатырғыш ойындар арқылы тұрақты ой тізбегін жасауға үйрету..

Сараптамалық, саналық кезең: Заттар мен құбылыстар, сөздік мән-мағына, сандық түрленулер т.б (жүктеме 7 сағат) ой дамытушы тестерді өткізу, рефлексия жасату.

Аналитикалық түйіндеу кезең: Шытырман тапсырмалар, нейрожаттығулар арқылы (жүктеме 5 сағат) қабілеттерін айқындай алуы.

Ойдаудағы дербестік кезеңі: Шығармашылық ойлау бойынша тапсырмалар жасау (6 сағат) Ішкі жоспарлы ойлаудың маңызын түсіндіру.


Тақырыптың мазмұндық бөлімі

2-сынып оқушылырына арналған

(аптасына-1 рет, барлығы-34 сағат)


1-бөлім: Зерделей ойлау негіздері

(7 сағат жүктеме)


1 - дәріс «Неге олай?»;

Мақсаты: Балалардың ойын дамытудағы дербес пікірі мен ойын қалыптастыруға, командалық ойлауға бейімдеу.

Мазмұндық бөлім: Заттар мен құбылыстардың өзгерісі мен байланысына қатысты ойландыру. Оқушыларға ұяшықтарды таңдатып, тапсырмалар орындату. Мәселен, «Неге пингвин ұша алмайды?», «Кемпірқосақ неге әр түсті?» т.б танымдық сауалдар қойылады, олар пікірлерін айтады.

Соңынан қандайда бір дәлелдер мен қызықты ойлар жинақталып, сол тақырып туралы танымдық журнал жасауға болады.


2- дәріс « Шатасқан питон»

Мақсаты : командалық қатынастар мен ортақ мүдделікте ойлана алуға үйрену.

Мазмұндық бөлім: Балалар шеңберде тұрады да, 1-2-3 санақтан соң екі қолымен кез келген екі адамның білегінен ұстайды. Осылайша шатасып тұрады да, қолдарын жіберместен қайта шешіліп бастапқы шеңберге келулері қажет.


3- дәріс «Түстерге сәйкес саусақ биі»

Мақсаты: Нейродинамикалық жүйеде жылдам ойлауын дамыту.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға түстер көрсетілгенде олар соған сәйкес саусақтарын қозғалтуы қажет мұнда, тырнақтар сол түске сай боялады. Тренер түстерді жеке, кейде қостан көтергенде бала шатаспай сол түстегі саусақтарын жазуы қажет.


4- дәріс тұспалды ойдау «Соқыр суретші»

Мақсаты : астарлы ойлау қабілеттерін дамыту, баламалы салыстырулар жасауға дағдыландыру.

Мазмұндық бөлім: Оқушылар төрт топқа бөлінеді. Әр топтан бір оқушы таңдалып, көзі байланады. Ол- суретші. Қалған оқушыларға әр тақырыпта суреттің жазбасша нұсқасы беріледі. Оқушылар сол заттарды суретшіге тікелей айтпай тұспалдап жеткізулері қажет. ал, суретші өзі ойлап сол атты салады. Мұнда, командалық қолдау, тұспалап айту т.б төселеді.


5-6 дәріс «Түймедақ құрастыру»

Мақсаты : Заттар мен құбылыстардың өзіндік құпиясын ашып топтастыруға үйрету. Зерделі ойлау, бір заттың бірнеше қырына мән беру.

Мазмұндық бөлім: Жапырақ сарғайюы, тастардың берік болуы т.б құбылыстардың құпиясын ашып талдау бойынша ізденістер жасату. Көріп, ұстап, тәжірибелер жасап заттардың қасиеттерін талдап, түймедақ күлтесіне жазу.


7- дәріс «Бейнені жалғастыр»

Мақсаты : Болжап ойлау және қиялды дамыту.

Мазмұндық бөлім: Балаларға дөңгелек немесе қисыз шеңберлі сызбалар беріліп, оны белгілі бір бейнеге жеткізу тапсырмасы беріледі. Топтағы әр бала өз сызба детальдерін қоысып тұтас бейнелі сурет салуы крек.



2- бөлім. Түсініп ойлау негіздері

( жүктеме 9 сағат)


1-2- дәріс Логикалық ой ширату «Қайық, қасқыр, шөп, ешкі»

Мақсаты : Себептер мен салдарды және түйінді ойлауды дамыту.

Мазмұндық бөлім: Өзенен өткізу тапсырмасы орындайды. Мұнда, әрбір оқушы дербес ойланып, шешімдерін жариялауына үш мәрте рұқсат етіледі. «Салмағы бірдей 9 теңге», « Мақта мен темір салмағы» т.б ой тұрақтату тапсырмалары жүргізіледі.



3- дәріс Байланыстық логикалық жаттығулар «Қайдан пайда болды?»

Мақсаты: Заттар мен құбылыстардың өзара байланысы арқылы өзгерістік негіздерді түсініп ойлауын дамыту..

Мазмұндық бөлім: Орман қалай пайда болы?, тау неден пайда болды?, бұлт қалай пайда болды? т.б сауалды бойынша, табиғаттың байланысы мен өзгеріс құбылыстарын тану бойынша топтық жарыс тапсырмалары немесе сәйкестендіру тапсырмалары беріліп, түсініп ойлау жүйесіне қатысты дағдылар дамытылады.


4-5-6 дәріс «Танграмм»

Мақсаты: Фигуралар арқылы түрлі бейнелер жасау арқылы тұрақты образды ойлауды дамыту.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға түрлі пішіндерді қосу арқылы жаңа бейнелер жасап шығару және ол жасаған бейнелері туралы ақпараттарын беру жұмыстары жүргізіледі. Екінші, үшінші сағаттарда арнайы бейне атауын тренер ұсынады, балалар соны ойлап жасап шығаруы қажет. Мұнда; жануарлар, заттар, көліктер тақырптары бойынша жүргізіледі.


7-8 дәріс «Анаграмма»

Мақсаты: буындардан сөз құрап жарыстыру арқылы ой жылдамдығын дамыту.

Мазмұндық бөлім: Топтық жарыстар арқылы мәреге жету үшін 5-7-12 буындар бойынша сөздерді тех тауып құрау арқылы жылдам ойлауға, ойды шоғырлауға үйретеміз.


9- дәріс «Жалғасын дұрыс құру»

Мақсаты: Нақты ойлау және ой тізбегін жетілдіру.

Мазмұндық бөлім: Топқа сюжетті сурет және орын ауысқан сөздер беріледі. Топ сөздерді дұрыс қою арқылы оқиға желісін сипаттайтын мәтінде қалпына келтіреді. Жалпылай ойлау және мәнге ие ұғымдарды тануы артады.



3- бөлім. Терең ойлау негіздері

(жүктеме 7 сағат)


1-2 дәріс. «Логикалық түйін»

Мақсаты: Түрлі логикалық есептеулер арқылы терең пайымдау дағдырын жетілдіру.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға түрлі логикалық карточкаларды шешу арқылы фгураларды жинақтап, белгілі бір бейне жасап шығару тапсырмасы орындатылады. Тез бейне жасаған топ жеңімпаз болады.


3-4 дәріс «Бір сөзбен жинақта»

Мақсаты: Оқушының түйінді ойлау және ой қорытуларын жетілдіру.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға ойын таза және ешбір қоспасыз жеткізу бойынша сөйле бойынша түрлі тақырыпта тапсырма беріледі. Ортаға шығып сөйлеушіні қандай қасиеттері тартымды болғанын топ талқылайды. Мұнда, топ алдында сөйлеу талаптары алдын-ала оқушыларға таныстырылады.


5- дәріс «Ой жарысы»

Мақсаты: Бір нәрсенің бірнеше қырынан танудағы ой-түйінді жасауға үйрету.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға түрлі кедергілерден тұратын тапсырмалар ұсынылады. Квес ойыны жүргізіледі. Оқушылар топқа бөлінеді. сипатта, зерттеуші, есептеуші, түсіндір, салыстырушы рөлінде тапсырмаларды орындайды. Терең талдау мен тану дағдыларын дамытады.


6 дәріс «Ұқсас ұғыдармен алмастыр»

Мақсаты: Оқушылар сөздерді теңеу ұғымдармен алмастырып ойды ширатуға машықтанады.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға метафоралық сөз тізбектері беріледі, олар сол сөздерді алдарындағы суреттерді сипатап айту кезінде ұтымды қолдануға тырысады. Мәселен, үлбіреген,мамақтай, жұп-жұмсақ сөзін алдындағы суреттерден тауып сипаттап ойын жеткізуі керек. Ол үшін сөздік карточкалар, суреттер беріледі.


7 дәріс «Қолданысына сай топтастыру»

Мақсаты: жалпыдан жекеге, жекеден жалпыға қарайғы ұғымдармен заттар қасиетін танудағы түсініп ойлауды жетілдіру.

Мазмұндық бөлім: оқушылар ұяшықтарды таңдау арқылы түрлі заттардың жалпы атауларын, жеке ерекшелігін талдап айтуы шарт. Кім көп ұяшықты ашады сол бала жеңімпаз болады


4-бөлім. Сараптамалық ойды жетілдіру

(жүктеме 5 сағат)



1- дәріс «Қасиеттер құмырасы»

Мақсаты: Оқушылардың теңеу және салыстыру амалдары негізінде ойын жинақтауын дамыту.

Мазмұндық бөлім: Оқушылар өзінің ішкі қасиеттерін табиғаттағы заттармен теңеу арқылы ұқсастығы мен айырмасын жасайды. Баламалы теңеулер жасауға дағдыланады.


2-3 дәріс «Есте сақтауға арналған нейрогиманстика»

Мақсаты: Оқушыларды сызбалар арқылы ойды жетілдіріп, есте сақтауға машықтандыру

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға түрлі лабиринтік кедергілері бар сызбалы тақталар ұсынылаы. Олар екі қол сасақтарымен сызбаларды жүргізу арқылы, кедергілерден өтір тапсырмаларды қосады. Нейро сызбалық жаттығуларды екінші кезеңде нүктелі тапсырмалармен ауыстыруға болады.


4-5 дәріс «Жоғалған санды тап»

Мақсаты: Оқушылар сандар арасындағы байланыстарды табу арқылы логикалық болжамдарға машықтанады.

Мазмұндық бөлім: Сандар тізбегі беріліп, соңынан мәні жазылады. Оқушылар тиісті таңбаларды қою арқылы есептерді жазады. Тоғыз тор көздердерге 1-10 дейінгі сандарды орналастырып, әр жағынан қосса да тек 15 мәні шығатын тапсырмаларды орындату.


5- бөлім. Ойдаудағы дербестік кезең

(6 сағат)

1-2 дәріс «Қазақтың қара есебі»

Мақсаты: Ой операцияларын кешенді қолданып, дербес ойлауға машықтандыру.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға логикалық есептеулер беріледі «Неше төл», «Жеңіл теңгені тап», «Шынжыр» т.б С Елубаевтың тапсырмаларын қолданып ойындар құрылады.

3-дәріс «Ұяшықтардағы құмалақтар»

Мақсаты: Оқушылардың прогрессивтік еспетк мен ықтималдық есптеу логикасын дамыту.

Мазмұндық бөлім: Жеті ұяшықтағы бірдей құмалақтарды үш, екі және бестен алып бір рет ауыстырғанда әр ұяшықтағы құмалақ саны бірдей болып шықты, ал, сен орындап көр. Оқушылар тәжірибелік есептеулер мен түрлі айлаларды ойлап табуға тырсуы қажет.

4-5 дәріс «Он сөзді шатаспай жаз?»

Мақсаты: Есту арқылы сөздерді жадыда сақтап жазу.Есте тұтудың ұзақтығын дамыту

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға тек затесімдегі сөдер айтылады, олар бір рет қана естіп, естерінде қалған сөздерді жазады. Сөз саны саналып, оқушы өзінің есту арқылы жадысының деңгейін бақылайды. Келесі кезеңде сол сөздерге тек етістіктерді қойып, сөйлем құрау тапсырылады.

6- дәріс «Буынан сөз жалғастыру»

Мақсаты: Тез ойлап, тез шешім шығаруға дағдыландыру.

Мазмұндық бөлім: Оқушыларға шеңбер бойымен қолдағы допты бір-біріне лақтырады да сөз айтады, келсі оқушы сол сөздің соңғы бынынан келетін сөз ойлап келсі балаға допты лақтырады. Ұтылған бала топтан шығады.







Нормативтік бөлім

2- сынып. Жылдық сағат саны – 34, аптасына – 1 сағат.


р/с

Тақырыптың атауы

Сағат саны

Жүргізілу түрі

Білімділік қазынасы

Барлығы

Дәріс

Практика


1-бөлім. Зерделей ойлау негіздері

(жүктеме 7 сағат)

1

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!