Материалдар / Авторлық бағдарлама "Қазақ тілін үйренеміз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама "Қазақ тілін үйренеміз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрастырушы автор 5 сыныптағы қазақ тілінің грамматикасы бойынша 34 сағаттық күнтізбелік - тақырыптық жоспарлауды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жасаған. Бағдарлама мемлекеттік білім беру стандартына сай жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2021
1635
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ







Хасенова Алтынай Нұрқанқызы





«Қазақ тілін үйренеміз» тақырыбы бойынша 5 сынып

оқушыларына арнап жазылған





АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА

































Рецензия:

Құрастырушы автор 5 сыныптағы қазақ тілінің грамматикасы бойынша

34 сағаттық күнтізбелік - тақырыптық жоспарлауды оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып жасаған. Бағдарлама мемлекеттік білім беру

стандартына сай жазылған.







Құрастырушы автор:

Хасенова Алтынай Нұрқанқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ақмола облысы Жарқайың ауданы

«Абай атындағы жалпы орта мектебі» КММ




































Мектептегі ГЦ әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып,

пайдалануға ұсынылған.


ГЦ әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: Тулебаева З.К.





Пікір жазған мектептегі ГЦ әдістемелік

бірлестігінің жетекшісі: Тулебаева З.К.









Аудандық әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып, бекітуге ұсынылды 27.08.2020 жыл

 

Аудандық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:     Омурзакова З.Ж.                             























Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Хасенова Алтынай Нұрқанқызының

5-сыныпқа арналған

«Қазақ тілін үйренеміз» атты авторлық жұмысына


Рецензия


Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. Сондықтан орта білім беру ұйымдарында қазақ тілін үйретудің маңызы зор. Әсіресе өзге ұлт өкілдерінің балаларын екінші тілге үйрету күрделі жұмыс.

Осы орайда, мұғалім осы маңызды мәселелерді игерудің оңтайлы әрі тиімді жолын өз жұмысы арқылы ұсына білген.

Алтынай Нұрқанқызының «Қазақ тілін үйренеміз» атты авторлық бағдарламасы өзге ұлт өкілдері үшін қазақ тілінің салаларын оқып үйренуге арналған.

Қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді және ойын жазба түрде сауатты жеткізуді жетілдіріп дамытуда сөздік қорды байыту, тілдегі көп мағыналы сөздерді, синоним, антоним, омонимді сөйлеудің синтаксистік құрылысын сауатты меңгертудің маңызы ерекше.

Сонымен қатар, осы салаларды оқушыларға игертудің тиімді әдіс-тәсілдері жан-жақты қарастырылып, дайын сабақ жоспарлары түрінде берілген.

Қазіргі заман талабына сай қазақ тілін жете меңгеру үшін бағдарламаның маңызы зор.




Тулебаева З.К.

















«Қазақ тілін үйренеміз» авторлық бағдарлама


Бағдарламаға арналған балалардың жасы:       5-сынып оқушылары

Бағдарламаны жасақтаған:     қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Хасенова Алтынай Нұрқанқызы

 


Түсінік  хат.


Тіл қашанда ұлт мәдениетінің, өнер-білімнің ұлы қаруы, алтын тұғыры саналатындықтан, қазақ тілі мен әдебиетінің келешек көкжиектері білім беру ұйымдарының қазіргі таңдағы оқытылу жайынан бастау алады. Осы тұрғыдан алғанда курс оқушының талабын ұштап, шығармашылық, тұлғалық шарықтауына мүмкіндік береді, интелектуалдық деңгейін биіктетеді. Қазақ тілінен жүргізілетін практикалық жұмыстарға қойылатын талап ерекше. Бұл оқушының қабілетін дамытады, белгілі тақырыптардан терең теориялық білім алып, оны іс жүзінде қолдануға дағдыландырады. Негізгі мақсаты - оқушылардың материалды жүйелі түрде меңгеруіне жағдай жасау, қазақ тілі ғылымының теориялық негіздерін меңгерту.

Бұл бағдарлама қазақ тілі грамматика бойынша терең білім беру үшін құралған. Қазақ тілінің тереңдетілген бағдарламасының оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді.

  Грамматиканы жақсы меңгеру үшін оқушылардың жазу, оқу, сөйлеу сауаттылығын жетілдіру, өзіндік көзқарасты мен дүниетанымын дамытуға жол аша отырып оқыту.

  Оқушының жеке адами қасиеттерін, тілдік қабілеттерін арттыру көзделеді. Бүгінгі заман талабының қажеттілігі: іскер, белсенді, қандай жағдайда да өздігінен жол таба білуге тәрбиелейді.  Оқушының коммуникативтік дағдыларын, жеке тұлғаның мәдениетін дамытады.

Сауатты сөйлеу қабілетін практика арқылы дамытуды қажет етеді.

Нәтижесінде оқушының қазақ тіліне деген құрмет сезімдерін ояту мақсат етіледі.

   «Қазақ тілін үйренеміз» бағдарламасын оқытудағы негізгі мақсат- оқушыларға грамматика, оның зерттеу обьектісі, салалары, түрлері, грамматикалық категориялар туралы  тереңірек теориялық білім беру, грамматикалық ұғымдарды меңгерту, синтаксис мәселелері жайлы ұғымдарын қалыптастыру, оқушылырдың өзіндік ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру.









Мақсаты:

- Оқушының қазақ тілін оқыту процессінде тілдің қоғамдық - әлеуметтік мәнін түсіну, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру, іскерліктерін жетілдіру.

- Тіл қызметін жүйелі меңгеру үшін, грамматика бойынша білік дағдыларды жетілдіру. Оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру, интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.

- Оқушыларға қазақ  тілінің грамматикасы бойынша тереңірек теориялық білім беру, әсіресе, бағдарламада жете тоқталмаған тақырыптарды қарастырып, сол негізде оқушыларда білім, білік дағдысын қалыптастыру.

- Оқушылардың ауызша және жазбаша сауатты сөйлей білуне көңіл бөлу.

- Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.


 Міндеті:    

  • Оқушылардың грамматика ерекшеліктерін дұрыс пайдалану арқылы өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауға жұмсалуына мән беру;

  • оқушылардың қызығушылығын көтеру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін қалыптастыру;

  • оқушылардың тіл мәдениетін дамыту, олардың өзара тіл байлығын кеңейту үшін бағдарлау;

  • Оқушылардың танымдық, өз бетімен білім алу, шығармашылық қабілеттерін  дамыту.


Мазмұны:

  -   Грамматика және оның обьектісі, салалары, түрлері.

  -   Сөз құрамы мен морфемалар туралы түсінік.

  -   Грамматикалық форма мен грамматикалық мағына туралы түсінік.

 -    Грамматикалық категориялар туралы түсінік.

  -   Теориялық білімді меңгертуге арналған жаттығу жұмыстары.

 

Күтілетін нәтиже:

  • сауатты көркем жазуға дағдыландыру арқылы ізденімпаздыққа, шығармашылыққа үйренеді;

  • оқушылардың қажетті шеберлік пен дағдылары қалыптасады және баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау,

елестету сияқты жақсы қасиеттерінің үйлесімді дамуы қалыптасады;

  • практикалық, танымдық, шығармашылық тапсырмаларды еркін орындай алу;

  • сауатты жазу, сауатты сөйлеу, өзіндік ой дербестігінің болуы.









Авторлық бағдарламаның жүргізетін жұмыс түрлері мынандай:

1. Қазақ тілінен берілетін теориялық білімді практикалық жұмыстармен тығыз ұштастырып, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өздерінің ауызша, жазбаша жұмыстарында дұрыс сауатты қолдану;

2. Өтілген грамматикалық ережелердің негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

3. Фонетикалық ерекшеліктер, орфографиялық заңдылықтарды дұрыс танып, ұқсас формаларды бірден ажырату үшін салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізу;

4. Жай талдау үлгісімен қатар талдаудың жаңа әдісі сатылай кешенді талдау үлгілерін жүргізу.


Қорытындылау: оқушылардың білімі әр тақырыпты өткен сайын тест жұмыстары арқылы бағаланады.


Оқушының білімі мен біліктілігіне қойылатын талаптар:

Оқушылар нені білу керек:

  • қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді;

  • білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

  • талдау машығының жоғары болуы;

  • орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

  • салыстыра алу қабілетінің басым болуы.


Оқушылар нені үйрену керек:

- тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

- грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

- сатылай кешенді талдау үлгілерін меңгеру;

- деңгейлік тапсырмаларды орындай алу.



Пәнаралық кіріктіру:

Қазіргі қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ тілінің салыстырмалы грамматикасы, қазақ тілінің тарихи грамматикасы.

 

Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі:   34 сағат (аптасына 1 сағат)














«Қазақ тілін үйренеміз» бағдарламасының

күнтізбелік-тақырыптық жоспары.

2020 - 2021 оқу жылы

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!

Р\с

Мазмұны

Сағат саны

Уақыты

Пайдаланатын көрнекілігі

Үй

тапсырмасы

1

Кіріспе сабақ. Тіл білімінің салалары. Фонетика, лексика, морфология туралы түсініктерін кеңейту. 

1

11.09.2020

Кесте, электронды оқулық

Ережелерді үйрену.

Фонетикалық, морфологиялық талдау.

2

Фонетика. Дауысты дыбыстардың ерекшеліктері, дыбыстардың сөйлеу негізіндегі өзгерістері мен заңдылықтары. 

1

18.09.2020

Тақырыптық кестелер

Сөздерді талдау

3

Дауыссыз дыбыстар, емлесі.


1

25.09.2020

Кесте, тірек -сызбалар

Фонетикалық талдау

4

Үндестік заңы. Дыбыстардың бір-біріне ықпалы, ықпалдың түрлері. Сингармонизм заңы. 

1

02.10.2020

Кесте, тірек -сызбалар

Фонологиялық талдау

5

Буын. Тасымал. Екпін. Буынның түрлері. Тасымал- дауға болмайтын жағдайлар.

1