Материалдар / АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қырқүйек 2024
141
0 рет жүктелген
4900 ₸
Бүгін алсаңыз
+245 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +245 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КІРІСПЕ


Зерттеу жұмысының өзектілігі. Урбанизация процесі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап «қалалық революция» деген атқа ие болып, зерттеушілер үшін қызығушылық туғызған әлемдік глобальді мәселелердің біріне айналды. «Урбанизация» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін, тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі. Ал тар мағынасы – ол тек үлкен қалалардың одан ары кеңейуі әсерінен тұрғындардың үлес салмағының өсуі.

Урбанизация деңгейі жағынан да дүние жүзі елдері үш үлкен топқа бөлінеді:

1. Қала тұрғындарының үлес салмағы 50%-дан асатын жоғары урбандалған елдер;

2. Қала тұрғындарының үлесі 20-50% аралығын құрайтын орташа урбандалған елдер;

3. Қала тұрғындарының үлесі 20%-дан төмен нашар урбандалған елдер.

Бүгінгі таңда ел халқының түгелінің 100% қала тұрғындары құрайтын шағын «қала-мемлекеттер» Монако, Сингапур, Ватикан бар. Сол сияқты дамыған және мұнай өндіруші мемлекеттерде бұл көрсеткіш (Кувейт 98%, Бельгия 97%, Бахрейн, Катар, Исландия 92%) аса жоғары. Ал Африка мен Азияның кейбір дамушы елдерінде (Руанда 6%, Бутан 7%, Бурунди 9%, Непал 12%) керісінше өте төмен. Қазақстан халқының 57%-дан астамын қала тұрғындары құрайды. Дамушы елдерде ауыл тұрғындарының жұмыссыздық және басқадай да себептермен ұдайы қалаларға, оның ішінде ірі қалаларға ағылуынан урбанизация дағдарысы туындауда. Әдетте мұнда халықтың кедей бөлігінің үлкен қалалардың шеткі жақтарына қоныстануы әсерінен, бұл жерлерде сыртқы кейпі қала көркіне сай келмейтін әрі антисанитарлық жағдай қалыптасады. Мұндай «жалған урбандалу» үдерісі нәтижесінде дамушы елдерде аса ірі «алып қалалар» (Мехико, Сан-Паулу, Бомбей , Лагос, Буэнос-Айрес, Карачи т.б) пайда болуда. Экономикасы дамыған елдерде қала халқының үлесі баяу өсіп, олардың астаналар мен ірі қалаларының тұрғындар саны азаюда. Мұнда «субурбандалу» үдерісі жүруде, яғни ауасы барынша ластанған әрі шулы ірі қалалардан оның маңындағы ауасы тазалау, әрі тыныш ауылдық мекендерге қаланың ауқатты адамдарының қоныс аударуы белең алуда. Қазақстанда қалалардың көркеюі, яғни ауыл халқының көп бөлігінің қалалық аймақтарға қоныстану жүйесі миграциялық процесті күшейтті. Урбанизация процесі Қазақстанда Кеңестер Одағының құрамында болған мемлекеттермен салыстырмалы түрде алып қарағанда біршама кеш басталды. Жалпы алып қарағанда ауыл халқының қалалық аймақтарға қоныстануы Қазақстанның әр ауданында әртүрлі деңгейде болды. Урбанизация нәтижесінде қалалық елді мекендердің тұрғын үй қорларының меншік салмағы өсті. 2008 жылы оның үлесі 60,5 % дейін жетті, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қоры – 4,4 %, және жеке – 95,6% құрады. Ауылдық мекендерде тұрғын үй қорының меншікті слмағы 39,5 % тең, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қоры - 1%, және жеке тұрғын үй қоры - 99% құрайды.

Қазіргі заман ағымына орай әр мемлекеттің экономикасының, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени дамуын сол мемлекеттің қалаларының дамуымен өлшейді. Өйткені, мемлекеттің кез келген қырының дамуының барлығы дерлік қалаларда көрініс табады.

Қазақстан Республикасында жеделдетілген модернизация процесі жүру үшін қалаларды жаңа этап бойынша, яғни индустриалды-инновациялық орталық ретінде дамыту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2010 жылғы Қазақстан халқына арнап жолдаған жолдауында мемлекеттің индустриалдық дамуын былай деп атап көрсетеді: «Индустриалық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіндігіміз, елімізді дамытуға арналған жаңа серпіліс. Қазақ мемлекеті болашақта индустриалды алпауыт державаға айналатындығына мен толық сенімдімін» [1].

Қазақстанның географиялық орналасуы жағынан Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, Түркменстанмен шектесуі Қазақстан қалаларының мәдени, саяси, экономикалық, әлеуметтік, этнодемографиялық құрылымының дамуына өзіндік әсер етеді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының көпұлтты, зайырлы мемлекет болуы қалалық аймақтарда қазақ ұлтымен қоса өзге де этностардың тұруына мүмкіндік береді.

Зерттелу деңгейі. Қала мен қала тұрғындары тарихына революцияға дейінгі авторлар көп көңіл бөлді. Бұл мәселені алғаш болып зерттеген ғалымдар қалалар жайлы жалпы ақпараттар жинады. Э.И.Герасимова мен Н.Е.Бекмаханованың «Проблемы политической и социально-экономической истории Казахстана XVIII - XIX веков»атты ғылыми мақаласында қалалар тарихына байланысты жарық көрген зерттеулерді шартты түрде екі топқа бөледі: қалалар жайлы жалпы сипаттама берілген еңбектер және жекелеген қалалардың кейбір мәселелеріне арналған зерттеулер [2].

Сондай-ақ Н.Е. Бекмаханованың «Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма» атты еңбегінде халықтың, соның ішінде қала халқының тұрғындарының қалыптасуы мен даму концепциясына алғаш рет сараптама жасалынды [3].

Революцияға дейінгі кезеңде жарық көрген еңбектерде жекелеген қалалардың мәселелеріне сипаттама беріледі. Жекелеген сауалдарға байланысты еңбектер ХІХ ғасырдың 50-60 жж шыға бастады. Алғаш зерттеушілердің еңбектерінде қалалар тарихына ақпараттық сипаттама берілді. Революцияға дейінгі зерттеушілердің еңбектерінде сонымен қатар қалаға көшіп келушілер мен тұрғылықты халықтың экономикалық дамуына көп көңіл бөлінді. Бұл кездегі қала тұрғындарының экономикалық жағдайы ауылшаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты еді. Н.А. Абрамов, П. Золотарев, Г. Потанин, А. Шайтанов сынды ғалымдардың еңбектерінде қалалардың даму тарихы мен олардың геосаяси жағдайы қарастырылған. Сондай-ақ қала халқының тұрмысының негізгі түрлеріне, азаматтардың әлеуметтік құрылымындағы өзгерістеріне жалпы сипаттама берілген.

Н.В. Алексеенконың Население дореволюционного Казахстана (чис­ленность, размещение, состав. 1870 - 1914г.г.) еңбегінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қала халқының тарихи демографиясының сандық, этникалық, таптық, жас ерекшелік өзгерісіне сипаттама берілді [4].

М.Н. Сыдыковтың «Изменения национального и социального состава населения Западного Казахстана (конец XIX -1989 год: Автореф. д.и.н.,» зерттеулерінде аймақтық жерлердегі халықтың құрамының қалыптасуының ерекшеліктері қарастырылады [5].

Ж.К. Касымбаев «О некоторых вопросах изучения истории городов Казахстана дорево­люционного периода» сынды тарихшылардың еңбектерінде далалық жерлердегі Қазақстан қалаларының құрылымының қалыптасуының жалпы тенденциялары зерттелген [6].

Қазақстан қалаларының тұрғындарына арналған И.А.Коноваловтың « Состав населения городов Северного Казахстана в 40-х годах XIX века» еңбегінде ХІХ ғасырдағы қала тұрғындарының құрамына талдау жасалынады [7].

Революцияға дейінгі кезеңдегі авторлардың негізгі міндеті материалдарды жинақтап жүйелеу болса, кеңестік кезеңде бұл мәселені теориялық тұрғыда зерттей бастады. Қазақстандағы қала тұрғындарының тарихы 60-70жж жеке ғылым ретінде дамыған тарихи демографияның дамуымен байланысты.Келесі кезектегі зерттеулердің қатарына кеңестік кезеңдегі Қазақстан қалалары мен қала тұрғындарының зерттеулерін жатқызамыз. Бұл зерттеулердің ішінде Қазақстан қалаларының әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселесі ең ауқымды зерттеулер қатарына жатады.

М.Х.Асылбеков пен А.Б.Галиевтің «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980)» атты еңбегінде мемлекет тұрғындарының этникалық құрамы мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер қарастырылады. Сонымен қатар миграциялық процестердің қала тұрғындарының құрылымы мен саны динамикасы деңгейінің өзгеруіне септігін тигізетіндігін анықтады [8].

Зерттеуші Ф.Н.Базанованың «Формирование этнического состава населения дореволюцион­ного Казахстана», «Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР: (Национальный аспект)» атты еңбектерінде революцияға дейінгі қазақ жеріндегі қала тұрғындарының этникалық құрамының қалыптасуы мен даму деңгейі жан-жақты талданған [9;10].

Тұрғындардың территориялық қоныстануы мәселесі, урбанизация процесінің дамуы мен оның халықтың әлеуметтік, экономикалық дамуына әсері жайлы мағлұматтарды Г.Д. Москвина, М.К. Медельханова, А.Н.Алексеенко, Б.Я. Двоскина и М.Д.Спектора, У.М. Искакованың зерттеулерінен байқауымызға болады.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы мен ХХІ ғасырдың басында өлкетанулық зерттеулер қатары жаңа ғылыми-танымдық баспалармен толықтырылды. К.Ж. Абилов, С.Н. Мамытова, Г.М. Рахимова, А.Ж. Алиева, А.Т. Бексеитова, Г.Д. Мынтаева, Г. Такуова және Т.М.Байсалбаева сынды өзге де авторлар қалалар өмірі мен Қазақстанның қалалары мен оның аймақтарының тұрғындарының өмірін әр қырынан зерттеуге көп көңіл бөлінді.

90 жж революцияға дейінгі кезеңдегі Қазақстан қалаларының тарихын зерттеуді А.Кушпаева, Г.Алпысбаева, Б.О. Медетов, А.Б.Таскужиналар жалғастырды. [11-14]

Тарихшы Е.Б.Бекмахановтың «Қазақстанның Ресейге қосылуы» атты еңбегінде Қазақстанның Ресей империясына қосылуын экономикалық негізде талдай келе, Қазақстан қалаларының дамуы мен қалыптасуының себептерін, қала тұрғындарының саны мен құрамына баса назар аударады [15].

Қазақстан қалалардың экономикалық, әсіресе, саяси тарихына қатысты құнды мәліметтерді Н.Г.Апполова мен И.Я.Златкиннің еңбектерінен алуымызға болады. Аталмыш еңбектерде ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастарының Қазақстан қалаларының экономикалық-саяси дамуына әсер еткендігі айқындалады[16-18].

Авторлардың келесі тобына капиталистік модернизация кезеңіндегі қала өміріндегі өнеркәсіптің, сауданың, темір жол транспротының дамуы жайында зерттеген ғалымдарымызды жатқызуымызға болады. Ж.К. Касымбаев, С.А. Сундетов және Г. Чуланов сынды ғалымдар далалық аймақтардағы уездік сауда-өндірістік дамудағы айналымдарды зерттесе[19-21], М.Х. Асылбеков және В.И. Зырьянов сынды ғалымдар индустриалды транспорттың қалалық аймақтардағы ауылшаруашылығының дамуына өз әсерін тигізетіндігіндігіне ғылыми сипаттама берді[22].

С.Айымбетовтің «1926-1939 жылдар аралығындағы Казақстан халқының этнодемографиялық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерiстер» атты диссертациясында елдегі 1926-1939 жылдардағы тұрғындар мен азаматтардың этнодемографиялық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістерге талдау жасалынады[23].

Н.В.Алексеенко Қазақ халқының Ресеу империясымен бірігуін, оның ішінде қаладағы қазақтардың сандық құрамына баса назар аударады [24]. Қазақстандағы қала тұрғындарының әлеуметтік, саяси және этникалық құрылымына байланысты қажетті материалдарды зерттеуші М.Х. Асылбековтің еңбектерінен алуымызға болады [25].

Зерттеуші А.Б.Галиевтің еңбектерінің бірқатары Қазақстанның қайта құру кезеңінің соңындағы, сондай-ақ 1917-1991 жж қала тұрғындарының этнодемографиялық құрылымына талдау жасауға арналған. Қала тұрғындарының этникалық құрамы жеке тарау ретінде бөлек қарастырылған. [26-29].

Зерттеуіміздің іргелі негізгі объектілерінің бірі – қазақ этносының демографиялық процестері, 80-90 жылдардағы қала тұрғындарының сандық көрсеткіші болып табылады [30].

А.М.Мамырханованың кандидаттық диссертациясының мақсаты Қазақстанның ауылдық, қалалық, облыстық қазақ халқының ауылдық типіне байланысты сандық динамикасы мен аумақтық бірігуіне арналады. Қазақ халқының сандық динамикасы және оның аумақтық бірігуі, әлеуметтік құрамы, ұлттық жұмыс күшінің қалыптасуы мұрағаттық, статистикалық деректер негізінде анықталынады. Демографиялық көрсеткіштер (туылу, өлу, миграциялық көштер т.б), болып жатқан құбылыстардың сандық ара қашықтығы көрсетілген[31].

К.Ж.Абилов, С.Н.Мамытова, Г.М.Рахимова, А.Ж.Алиева, А.Т.Бексеитова, Г.Д.Мынтаева, Г.Такуова. Т.М.Байсалбаева және тағы да басқа зерттеушілер қала өмірі мен Қазақстан қалалары мен оның аймақтарындағы тұрғындардың жағдайын әр қырынан зерттеді [32-34].

2010 жылы қорғалған Г.А.Сарсембаеваның « Қазақстанның халқының егемендік жағдайындағы этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер (1991-2010жж)» атты кандидаттық диссертациясында 1991-2009 жылдардағы республикадағы қазақ халқының этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді жан-жақты және кешенді түрде қарастырылған [35].

Тарихи өлкетанушылық көзқарасқа байланысты бағытталған авторлардың келесі тобын бөліп қарастыруымызға болады. Олардың арнайы зерттеп-зерделеуінің нәтижесінде Петропавл, Павлодар, Ақмола қалалары және Солтүстік және Шығыс Қазақстанның бірқатар қалаларының тарихына арналған еңбектер жарық көрді. Зерттеушілердің көпшілігі Қазақстанның жекелеген қалаларының әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық дамуына көп көңіл бөлді. Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай және Семей қалаларының тарихына байланысты мағлұматтарды Х.И. Табылдиев, А.К. Иваненко, А. Абдрасимовтың зерттеулерінен алуымызға болады. [36-38]. Бұл еңбектерде көбіне қалалардағы білім мен ғылымның дамуына, оның инфрақұрылымына баса назар аударылған. Бірақ та, Қазақстан қалаларының әр кезеңдегі экономикалық және әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктер негізінен толық зерттелмеген.

Біздің зерттеуімізге қатысты құнды мәліметтер беретін монографиялар қатарына У.М,Искаковтың еңбегін жатқызуымызға болады [39-40]. Онда қалалардың қалыптасуының экономикалық және әлеуметтік-демографиялық аспектілері, сондай-ақ олардың әлеуметтік-экономикалық процестерге өз әсерін тигізетіндігі жан-жақты қарастырылған.

Республика қалалары мен олардың тұрғындарына қатысты жарық көрген еңбектердің соңғы тізбегіне белгілі экономист А.К.Кошанов пен М.Х.Айдархановтың еңбегін айтуымызға болады [41]. Ол еңбекте рыноктық қатынастарға өткен кезеңдегі кішігірім қалалардың дамуына экономикалық анализ жасалынған.

Зерттеу жұмысының деректік қорына: статистикалық мәліметтер, саяси-құқықтық органдардың құжаттары, интернет-сайт материалдар т.б.жатқызуымызға болады.

Зерттеу жұмысының деректік қорын статистикалық деректер құрайды. 1897 жылы жүргізілген алғашқы жалпыхалық санағынан, сондай-ақ 1926, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989 жж жүргізілген кеңестік кезеңдегі халық санағынан және Қазақстан Республикасы кезеңінде1999жылы және 2009 жылы жүргізілген екі халық санағынан көптеген құнды мәліметтер алуымызға болады. Бұнда Қазақстан тұрғындарының сандық құрамы мен оның ұлттық және жас ерекшелік құрылымы, қала халқы мен ауыл халқының табиғи және механикалық өсімі көрсетілген. Согымен қатар республика қалаларының облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтылған.

Бұдан басқа, құнды деректер қатарын аралық статистикалық басылымдар мен революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі және қазіргі кезеңдегі жинақтар құрайды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және мәдени дамуын методология мен концептуалдық принциптерді негізге ала отырып кешенді түрде жан-жақты объективті зерттеу болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету барысында бірнеше міндеттер қойылды:

- Қазақстандағы урбанизация процесі мен қала құрылымының қалыптасуының теориялық-методологиялық негізін жасау;

- зерттеу жұмысына қатысты деректер мен зерттеулерге тарихнамалық талдау жасау;

- Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына әсер ететін саяси факторларға сипаттама беру, салыстырмалы талдау жасау;

- Қазақстан қалаларының экономикалық даму динамикасы мен бағыттарының негізгі факторларына жүйелі анализ жүргізу.

- Қазақстан қалаларының әр тарихи кезеңдегі индустриалды даму ерекшеліктерін айқындау;

- Қазақстан қалаларындағы әлеуметтік-демографиялық процестерге, атап айтқанда сандық құрамына, этноұлттық өзгерістерге, жас ерекшелік құрамына, миграциялық векторларға талдау жүргізу;

- Қалалық аймақтардағы білім мен мәдениеттің даму ерекщеліктеріне мән беру, сондай-ақ тұрғынүй мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымының даму проблемаларындағы ерекшеліктеріне талдау жасау;

- Қазақстан қалаларының сауда байланыстарының қалыптасуы мен дамуын, олардың болашақта мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететіндігін айқындау;

Зерттеу жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері.Зерттеу жұмысының тақырыбы Қазақстан қалаларының жалпы тарихына арналғандықтан, диплом жұмысының территориялық шеңбері Қазақстан Республикасының барлық территориясын қамтыса, хронологиялық шеңбері ХХ ғасырдың соңғы ширегі мен бүгінгі таңға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан қалаларының әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық ахуалы мен даму тарихы.

Зерттеу жұмысының пәні – Қазақстан қалаларының тұрғындарының жағдайының жан-жақты дамуына әсер ететін негізгі факторларды зерттеу жұмысы барысында ашып жазу.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізін қалыптастыруда тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдары саласындағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат, оның принциптері мен теориясы, тарихы туралы жазған еңбектері қолданыс тапты. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды диалектикалық материалистік тұрғыдан қарастыруда тарихи қағидалар мен объективті көзқарастар пайдаланылды. Іргелі еңбектер мен зерттеулерді, деректерді ғылыми тұрғыда сараптауда нақты – тарихи-салыстырмалы, сыннан өткізу, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Мұның өзі алынған ақпараттардың толықтығы мен шынайылық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Зерттеудің методологиялық негізін объективтілік, тарихилық, жүйелілік сынды ғылыми танымның маңызды принциптері құрайды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген «Мемлекеттердің сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі» теориялық-методологиялық негізге алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысы барысында Қазақстан қалаларының әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына байланысты жарық көрген зерттеулер мен деректер, БАҚ материалдары толықтай жинақталынды.

Екіншіден, жинақталған материалдар тарих ғылымының барлық ережелеріне сай жүйелі, кешенді түрде жан-жақты талданды. Атап айтқанда, қала халқының қалыптасуы мен урбанизация мәселесінің теориялық-методологиялық аспектілеріне талдау жасалынды. Қалалардың этноұлттық құрамының қалыптасуы мен дамуына, оның қоршаған ортаға қаншалықты өз әсерін тигізетіндігіне салыстырмалы талдау жасалынды. Қалалардағы өндіріс орындарының дамуының экологияға, әлеуметтік-демографиялық, этникалық, мәдени өркендеуге тигізетін кері әсері ашып көрсетілді. Қазақстан қалаларының мәдениет пен ғылым-білім орындарындағы, өндіріс орындарының инфрақұрылымдық өзгерістер динамикасы анықталынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми және теориялық-қолданбалық маңызды­лығы. Зерттеу жұмысындағы негізгі тұжырымдар мен ғылыми ойлар Қазақстан қалаларының тұрғындарының әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, демографиялық дамуының негізгі белгілері мен даму жағдайларына байланысты жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында талқыланған қала тұрғындарының жағдайлары қоғамның ілгері жылжуына, мемлекеттің дамуына байланысты тың тұжырымдар демократиялық қоғамға өтпелі кезеңде мемлекеттің іщкі саясатын, қоғамдық идеологиялық ұстанымдарды анықтауда айтарлықтай қажет және маңызды.

Зерттеу жұмысында ұсынылған библиографиялық көрсеткіштерді ғылы­ми-зерттеу мақалалары мен еңбектерін жазуда, «тоталитаризм» тарихына қатысты библиографиялық көрсеткіштер әзірлеуде пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, төрт тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.




































  1. Қаланың әлеуметтік даму тенденциялары және проблемалары


1.1. Республикадағы урбанизация, субурбанизация, рурализация процесінің жүргізілуі

«Урбанизация» сөзінің кең мағынасы – жалпы қоғамның дамуындағы қалалардың рөлін көтеру, қала мәдениетін-тұрмыс жағдайын барша елді-мекендерге енгізу арқылы Ел ресурстарын тиімді пайдалану үрдісі, ал тар мағынасы – ол тек үлкен қалалардың одан ары кеңейуі әсерінен, тұрғындардың үлес салмағының өсуі қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалымен сәйкес келмей, жалған урбанизацияға ұрыну үрдісі. Латынша «urbs»-қала, қалалану – қалалар саны мен оның тұрғындарының үлес салмағының өсуін, қалалар желісі мен жүйесінің қалыптасуын, олардың маңызының мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуын білдіреді [43, 671].

Дүние жүзінің елдерінің көпшілігіне тән қазіргі урбанизация процесінің үш белгісі бар:

  1. Қала тұрғындарының тез қарқынмен өсіп көбеюі. Мысалы., 1900 дүние жүзі халқының 14%-ы, 1950 жылы 29%-ы, 1990 жылы 46%-ы, ХХІ ғасырдың басында 50%-ы қала тұрғындары болса, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 60%-дан асады деп күтілуде. Статистикалық деректер жер шарында қала халқының саны жылына орта есеппен 50-60 млн адамға артып отыратынын дәлелдейді;

  2. Халықтың негізгі бөлігі мен олардың рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету нысандарының, шаруашылық пен қызмет көрсетудің алуан түрлі салаларының ірі қалаларға шоғырлануы; Мысалы., ірі қалалар (тұрғындары 100 мың адамнан асатын) саны ХХ ғасырдың басында 360 (оның ішінде «миллионер» қалалар 10), 1980 жылы 2500 (200), ал ХХІ ғасырдың басында 4000-ға (400-ден аса) жетті. ХХ ғасырдың екінші жартысында қала халқы 4 есе көбейсе, ол шетелдік Азияда 5 есеге, Латын Америкасында 5,1 есеге, ал Африкада 6,3 есеге өскен.

  3. Қалалық жер аумақтарының кеңейіп, оларға қала маңындағы қоныстардың қосылуы, ірі қалалардың төңірегіне топталуы нәтижесінде қала агломерациясы пайда болады. Әдетте мемлекет астаналары, маңызды өнеркәсіп орталықтары мен ірі көлік тораптары аса үлкен қалалық агломерациялар өзегіне айналады. Мәселен, 1970 жылы дүние жүзінде тұрғындарының саны 10 млн адамнан асатын үш-ақ ( Токио, Нью-йорк, Шанхай) қала агломерациялары болса, 1990 жылы мұндай қалалар 12, ал ХХІ ғасырдың басында олардың саны 20-ға жетті. Осындай бірнеше ірі қалалар мен олардың агломерацияларының тізбектеліп қосылып кетуі салдарынан мегаполистер пайда болды. Бұл көбінесе дамыған елдерге тән құбылыс. Мысалы., АҚШ-тың Атлант мұхиты жағасында орналасқан 40 млн адамдық «Бсваш» мгеаполисі, Жапонияның Тынық мұхит жағалауындағы қалалар қосылуында тұратын 60 млн адамды қамтитын «Токайдо» немесе жапон мегаполисі т.б. урбанизация деңгейі жағынан да дүние жүзі елдері үш үлкен топқа бөлінеді:

  1. Қала тұрғындарының үлес салмағы 50%-дан асатын жоғары урбандалған елдер;

  2. Қала тұрғындарының үлесі 20-50% аралығын құрайтын орташа урбандалған елдер;

  3. Қала тұрғындарының үлесі 20%-дан төмен нашар урбандалған елдер.

Бүгінгі таңда ел халқының түгелінің 100% қала тұрғындары құрайтын шағын «қала-мемлекеттер» (Монако, Сингапур, Ватикан) бар. Сол сияқты дамыған және мұнай өндіруші мемлекеттерде бұл көрсеткіш (Кувейт 98%, Бельгия 97%, Бахрейн, Катар, Исландия 92%) аса жоғары. Ал Африка мен Азияның кейбір дамушы елдерінде (Руанда 6%, Бутан 7%, Бурунди 9%, Непал 12%) керісінше өте төмен. Қазақстан халқының 57%-дан астамын қала тұрғындары құрайды. Дамушы елдерде ауыл тұрғындарының жұмыссыздық және басқадай да себептермен ұдайы қалаларға, оның ішінде ірі қалаларға ағылуынан урбанизация дағдарысы туындауда. Әдетте мұнда халықтың кедей бөлігінің үлкен қалалардың шеткі жақтарына қоныстануы әсерінен, бұл жерлерде сыртқы кейпі қала көркіне сай келмейтін әрі антисанитарлық жағдай қалыптасады. Мұндай «жалған урбандалу» үдерісі нәтижесінде дамушы елдерде аса ірі «алып қалалар» (Мехико, Сан-Паулу, Бомбей , Лагос, Буэнос-Айрес, Карачи т.б) пайда болуда. Эконоомикасы дамыған елдерде қала халқының үлесі баяу өсіп, олардың астаналар мен ірі қалаларының тұрғындар саны азаюда. Мұнда «субурбандалу» үдерісі жүруде, яғни ауасы барынша ластанған әрі шулы ірі қалалардан оның маңындағы ауасы тазалау, әрі тыныш ауылдық мекендерге қаланың ауқатты адамдарының қоныс аударуы белең алуда. Қазіргі урбанизация көпжақты мазмұн сипатындағы әлеуметтік-экономикалық үдеріс болып табылады. Қалалар мен оның халқының тым тез көбеюі қоршаған ортаға кері әсерін тигізіп, көптеген экологиялық қиындықтар пайда болуда. Осы себепті, урбанизация үдерісін реттеу және үйлесімді басқару мәселесін шешумен айналысатын география және онымен мазмұндас ғалымдар тоғысында оның жаңа бір саласы «геоурбанистика» бағыты дамуда. Ол қалалар дамуының тарихи кезеңдері мен болашағын, олардың экономикалық-географиялық жағдайы мен микрогеграфиясын, қалалар желілері мен жүйелерін, қаланы жобалау мен қала құрылысын, осы заманғы урбанизация үдерісінің басты ерекшеліктері мен оның географиялық аспектілерін, урбандалған алаптармен ондағы экологиялық жағдайды, т.б мәселелерді қамтып, оларды зерттеумен айналысады.

Қазақстан жерінде Кеңес Одағының тұсында-ақ белсенді сипатқа ие болған осы құбылыс еліміздің тәуелсіздікке ие болуының нәтижесінде жаңа бір қырынан көрініс беріп, қазақ халқының көш-керуенін қалаларға қарай бағыттады. Ауылдан қоныс аударған әрбір төрт отбасының үшеуі қаланы таңдады. Осының нәтижесінде қалада тұратын қазақтардың үлес салмағы айта қалар­лықтай өсті. Егер тоқсаныншы жылдың басында қазақ халқы қалалықтардың 27 пайызын ғана құраған болса, 1999 жылы 43 пайызын құрады. Қазіргі көрсеткіштің бұдан да жоғары екені белгілі.

Кешегі ауылдың базары мен ажары болған жастардың көпшілігі қазір қалаларда жүр. Келген үстіне келіп жатыр. Өзі ғана келіп қоймай, сәл жағдайы түзелісімен артындағы әке-шеше, ағайын-туыс, бауырларын да қалаға тартып жатыр. Көшу жағынан алғанда біздің қазақтың іс-әрекеті әскери десанттардың қимылына ұқсайды (қанша айтқанмен көшпелі елдің ұрпағымыз ғой). Көп жағдай күтіп, жайқалып отырмайды. Қалаларда тір­кеусіз, бас­па­на­сыз жүр­ген­дері қанша­ма. Бірақ, сол қи­ын­дық­тар­ға қанға біткен көн­бістікпен төзіп кетіп те жатыр. Өйт­кені, оларды қалаға ертеңгі күнге деген сенім жетектеп келіп отыр. Әрине, осының бәрі ең алдымен тәуелсіздіктің арқасы. Басы бодан халықты ешкім де сайрандатып еркін қоя бермейді. “Отыратын жерің мынау, тұратын жерің мынау, басқасына жолама” деп тиып тастайды. Мұндай саясаттың әуселесін қазақ патша заманында көрген. Сол тұста өз елінде отырып-ақ шұрайлы жерлердің бәрін келімсектерге беріп, өзі қу дала, шөлейт мекенге қарай ығысып қалған. Көшіп келгенді қойып, қаланың маңайынан өтуге жүрек дауаламайтын сол заманда самагонға бөгіп желіккен келім­сектер алыстан аттылы қазақ көрінгенде айғайға басып, тарсылдатып мылтық атып, бір-екі қырды асырып қуып тастай­тындықтарын үлкен ақсақалдардан талай естіп те едік. “Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан” деуші еді бұрыңғылар. Енді, міне, құдайға шүкір, тәуелсіздіктің арқасында ауылды “алтын бесігім, тірлігімнің тірегі” дейтін халқымыз тез арада қалалық ха­лық­қа айнала бастады. Урбанизация дегеніміз бұл – елдің та­рихынан, белгілі бір дәуірдегі хал-ахуа­лы­нан сыр шерте алатын құбылыс. Ауыл адамдары үйсіз, күйсіз қалпында қала­лар­ға қарай лап берген осынау өтпелі тұста бұл құбылыстың өзіне тән дра­матизмі мен кейбір қайшылықты сәттері де бой көр­се­тіп, осы жағдай қоғамы­мызды екі ұдай сезімге бөлегені де байқа­лады. Зиялы­лары­мыздың бірсыпырасы қазіргі шақта “қа­зақтың алтын бесігі – ауыл, ауылды сақтап қалайық, ағайын” деп ұрандаса, енді біреулері “қазақтың ендігі тіршілігі қалада, демек қаланы көркейтейік” дейді [6; 45]. 

Дегенмен, осы тұстағы урбани­зациялану үрдістерінде жергілікті ұлт өкілдерінің көбі келімсек диаспоралар белсенді түрде тартылды. Олар қалаларға келіп орнықты. Көп салалы қала шаруашылықтарында, жаңадан ашылып жатқан өнеркәсіп орындарында жұмыс істеді. Ал қазақ халқының еншісіне не­гізінен ауылда тұрып, мал шаруашы­лығымен шұғылдану бұйырды. Сексенінші жылдардың басында қазақтар қала халқының 18 пайызын ғана құрады да, қалғандары басқа ұлт өкілдері болды. Соның ішінде сол кездегі астанамыз Алматы тұрғындарының 18 пайызын қазақтар, 64 пайызын орыстар құрды. Орыстардың үштен екі бөлігі, кәрістердің 86 пайызы, еврейлердің 95 пайызы қалаларда тұрды. Қалалы жерлерде қазақ мектептері мен балалар бақшалары некен-саяқ қана болды. Осыған қарамастан, қалаға ұмтылған қазақтар баспанасыздықтың, тілдік кедергілердің, басқа да қиындықтардың зардаптарын тартып, өз елінде отырып өгей баланың күйін кешті. Осы кедергі тұсауды тәуелсіздік қана шешіп бере алды. Тәуелсіздік еліміздің ішкі мүмкіндіктерін ашуға, оның әлемдік эконо­микалық жүйеге қосылуына, бұрынғыдай Кеңес Одағының құра­мындағы шеткері бір өңір емес, Еуропа мен Азияны байланыс­тырушы кіндік ел болуына қызмет етуде. Бұл жағдай ел ішіндегі үлкен өзгерістерге жол ашып берді. Елдің еркін дамуындағы көп ғасырлық мешеуліктің көбесі сөгілді.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты халыққа арнаған Жолдауында: “ХҮ ғасырдың соңына дейін Орталық Азия әлемдік экономиканың маңызды өңірі болып келді. Біздің өңіріміз Шығыс пен Батысты жалғастырып жатты. Халықтар аумақтар мен ұлттарға бөлінген жоқ. Жібек жолының саябыр тартуы Орталық Азияны мешеу шет аймаққа айналдырды. Тәуелсіздік алғанымыздан кейін соңғы 500 жылда алғаш рет біздің өңіріміз әлемдік экономика үшін қайтадан экономикалық маңызға ие болды. Біз өзіміздің транзиттік мүмкіндіктерімізді нығайтып келеміз, әлемдік нарыққа бағалы тауарлар – мұнай, газ, кен, ауыл шаруашылығы шикізатын шығаратын өңірге айнала бастадық. Қазірдің өзінде шамамен көне Жібек жолының бойымен өтетін ХХІ ғасырдың жаңа мұнай-газ құбырларының, авто және темір жолдарының сұлбалары айқындала бастады”, деп атап көрсетті. Елбасының осы сөзі біздегі жедел түрде жүріп жатқан демографиялық, миграция­лық, урбанизациялық және басқа да өзгерістердің негізгі себебі мен терең мәнін барынша дөп басып, ашып тұр деп ойлаймыз. Қазақстанға – Батыс пен Шығыстың ортасында алтын көпір болуға әдбен лайық осынау байтақ өңірге – тәуелсіздіктің келуі сан ғасыр бұрын үзіліп кеткен халықаралық сауда-экономикалық байланыстың үлкен арнасына қайта жан бітіріп қана қоймай оның жаңа сипатта жан-жақты дамуына жол ашты. Оның үстіне осы уақытқа дейін көп ғасырды қалғумен өткізген Азияның көптеген елдері жылдан-жылға дамып, осы өңірді әлемдік тартылыстың үлкен бір орталығына айналдырып отыр. Көршіміз Қытай бүкіл дүниеге экономикалық ықпал ететін ХХІ ғасырдың ең үлкен алыбына айналмақ. Экономикалық орталық­тары­ның ара салмағында үлкен өзгерістер жүріп жатқан осынау шақта өз тәуелсіздігіне ие болған Қазақстанның әлемдік шаруашылық жүйе­сіне аса бір ұрымтал, яғни стратегиялық маңызды тұстан келіп қосылуы оның экономи­ка­лық, транзиттік маңызын арттыра береді. Бұл жағдай тәуелсіздік талаптарымен қо­сыла келіп іштегі халықтың көші-қон қозғалысының обьективті себептерін туындатады. Ауыл және ауыл шаруашылығындағы халыққа қарағанда қалада тұратын және ауыл шаруашылығымен шұғылданбайтын халық санының басым түсуі – қазіргі урбанизацияның басты ерекшеліктерінің бірі. Әлемнің үш бөлігінде Еуропада, Солтүстік Америкада және Австралия мен Океанияда ауылдағыларға қарағанда қала халқы әлдеқайда көбейе түсті. Латын Америкасында да осы үрдіс жедел өрбу үстінде. Ал халқының саны мейілінше көп Азияда (мұнда әлем халқының 60 пайызы тұрады) әзірге ауыл халқының саны басым. Сондай-ақ табиғи өсім көрсеткіші бәрінен жоғары тұрған (яғни бала туу жөнінен бірінші орында) Африкада да халықтың негізгі бөлігі ауылда қоныс теуіп отыр. Ғалымдар бұл екі құрлықта ауыл халқының басым болу себебін Азияда халықтың көп шоғырлануымен, ал Африканың даму жағынан артта қалушылығымен түсіндіреді. Сонымен, урбанизация ең алдымен дамыған елдерге тән құбылыс болып отыр. Егер деректерге жүгінетін болсақ осы үрдістің көш басында еуропалықтардың келе жатқандығына көз жеткіземіз. Мәселен, Ұлыбританияда халықтың 91 пайызы, Швецияда 87 пайызы, Германияда 85 пайызы қалалы жерлерге шоғырланған. Осындай үрдіс Дания (84 пайыз), Франция (78), Нидерланды (76), Испания (74), Бельгия (72), АҚШ (77), Канада (80), Израиль (89), Жапония (78), Австралия (89), Жаңа Зеландия (85) елдеріне де тән. Дамыған елдердің тәжірибесі қала халқынының саны 70 пайызға жеткенде урбанизация қарқыны төмендеп, 80 пайызға жеткенде тоқтай бастайтындығын аңғартады.Әлемнің әр шалғайында халықтың негізінен ірі қалалық агломерацияларға шоғырлануы – осы замандық урбаниза­цияның тағы бір белгісі болып отыр. Агломерация, яғни латын тіліндегі “agglomero” сөзі – “қосамын”, “шоғырлан­дырамын”, “бірге қоршаймын” деген мағынаны білдіреді. Яғни, бір қаланың ірілену нәтижесінде өзінің бұрынғы шекарасынан шығып, айналасындағы елді мекендерді соның ішінде ауылдар мен шағын қалаларды жұтып қоюы немесе тең дәрежедегі екі үлкен қаланың араларында бос жер қалмауына байланысты бір біріне қосылып кетуі осы құбылыстың әсері.Қалалық агломерациялардың пайда болуына көптеген әлеуметтік-экономи­калық, экологиялық және адами факторлар ықпал етеді. Өткен ғасырда АҚШ-тағы қала орталығындағы жер бағасының тұрақты түрде өсуі, көліктің көбеюіне байла­нысты қаланың орталық көшелерінде жүрудің қиындығы, экологиялық проблемалардың етек алуы (көліктерден бөлінетін көмір қышқыл газдар, тағы басқалар), оның үстіне көп пәтерлі үйлердегі сүреңсіз тірліктен, орталықтағы шулы өмірден қажыған адамдардың табиғат аясына қарай ұмтылысы агломерациялардың дамуына алып келді. Қала сыртында тұрмысқа қолайлы, айналасында шағын да болса жері бар бір-екі қабатты үйлер көптеп салынып, қаланың жалпы аумағы кеңейген үстіне кеңейіп, орталықтан мейлінше қашықтай түсті. Сөйтіп, 1950 жылы АҚШ-та 170 қалалық агломерация болса, 90-ыншы жылдардың соңында олардың саны 400-ге жуықтады. Қазіргі күні бүкіл америкалықтардың тең жартысы ірі агломерацияларда өмір сүрсе үштен екі бөлігі жоғарыдағыдай бір-екі қабатты жеке үйлерде тұрады екен.Батыс Еуропа елдерінде де халықтың қала шетіндегі жеке үйлерге қарай шығуы Лондон, Париж, Гамбург, Вена, Милан секілді қалалардағы орталық көшелерде тұратын адамдар санының азая түсуіне, ал шеткі және қала маңайындағы аймақ­тардың дамып, жетілуіне алып келген. Ғалымдар бұл үрдіске “субурбанизация” деген ат берді [43;493].

Қазақстанда қазір қалалық агломера­цияның дамуы ең алдымен Алматы қаласының бет бейнесінен байқалады. Бұл қала өзіне Талғар, Николаев, Қалқаман секілді бірнеше елді мекендерді қосып алу арқылы барған сайын қанатын кең жайып келеді. Енді бір адым аттаса Қаскелеңге жетпек. Қапшағай қаласы да қол созым жерде тұр. Мамандардың айтысына қарағанда, Алматы төңірегі бір ядролы қалалық агломерация ретінде қалыптасып келеді. Астананың қазіргі өсу, кеңею деңгейі де агломерациялану үрдісін байқатады. Ол маңайындағы Көктал, Мичурин, Кірпішті секілді елді мекендерді өзіне қосып алды. Қарағанды-Теміртау қалаларының да бір-біріне жақын келуі тағы бір қызықты құбылыс. Бұл жерде екі орталықты қалалық агломерацияның пайда болу құбылысы байқалады.Осындай үдерістер еліміздің басқа өңірлері мен қалаларында да жүріп жатыр.

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан­ның ең үлкен екі қаласы Алматы мен Астана өте жедел қарқынмен дамуда. Алматы халқының саны соңғы 6-7 жылда 160 мың адамға ұлғайып, қазір 1,2 мил­лионнан асып түскен. Бұл – ресми де­рек­тер, ал шын мәнінде Алматыда қанша халық бар екендігін, қанша адамның тіркеусіз жүргендігін ешкім білмейді. Астананың қарқындылығы тіптен ерекше. Алғашқы жасалынған қала дамуының жоспары бойынша Астана тұрғындарының саны 500 мыңдық белеске 2020 жылы жетеді деп жобаланған болатын. Дегенмен, өмірдің өзгерістері бұл жобаға қарағанда әлдеқайда жылдам болды. Астана 500 мыңдық белеске жобадағыдан 18 жыл бұрын, яғни 2002 жылы көтеріліп үлгірді. Егер елордасына халықтың осылайша ағылуы сақтала беретін болса, Астананың 1 миллиондық белеске енді бір жеті-сегіз жылдың айналасында жетіп қалуы да ғажап емес.Рас, басқа қалаларға келіп қоныс теуіп жатқандар да жоқ емес. Бірақ оның есесіне ол қалалардың тұрғындары Аста­на мен Алматыға қарай жылжығанды жөн көреді және солай болып та жатыр. Сонымен қатар, кейбір өңірлердің табиғатының жағымдылығы және ондағы жүріп жатқан өзгерістер халықтың көшіп келуіне әсер етуде. Мәселен, Шымкент қаласы халқының саны жағынан өзінің алдында тұрған Қарағанды қаласын қуып жетіп, басып озды. Жалпы еліміздің оңтүстік өңірінде халық саны ұлғаю үстінде. Атырау, Ақтау қалалары да өсіп келеді. Бірақ Астана, Алматы қалаларының қазіргі тартымдылығына ешбір өңір ілесе алмайды. Мұны қазіргі таңдағы Қазақстандағы урбандалу үрдісінің бір ерекшелігі ретінде атап көрсетуге болады. Бұл жақсылық па, жоқ әлде жағымсыз құбылыс па? Әрине, жақсылық. Өйткені, бұл жағдай Қазақстанның жаңа астанасының шын мәнінде халықтың талғамынан шыға білгендігін, оның болашағына ел тұрғын­дарының үлкен сеніммен қарайтындығын білдіреді. Сондай-ақ елдің бұрынғы астанасы Алматы қаласына қатысты ел басшы­лы­ғының саясаты дұрысқа шыққандығын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Астана мәр­те­бесінен айырылғанымен Алматы аб­ды­рап қалған жоқ. Ол енді үлкен сауда, қаржы орталығы ретінде дамуға бет алды. Мұны жамандық деп кім айта алады.Сонымен, еліміздің тәуелсіздік алуы нәтижесінде Қазақстандағы урбандалу үрдістері жеделдей түсті. Мұны халықтың арман-тілегінен туған заңды құбылыс деп те атауға болады. Өйткені, кез келген тәуелсіз мемлекеттің халқы жақсы да қолайлы жерлерде тұрғысы келеді. Баста билік жоқ кезде тамаша, шұрайлы деген жерлерден сырылып қалған қазақ халқы кезінде ата-бабаларымыз арман еткен қайта қоныстану мәселесіне өз еркімен белсенді түрде кірісіп кетті. Әркім қайда баратындығын өзі таңдап, өзі шешуде. Урбандалудың қазіргі әсерінен елімізде үлкен-үлкен қалалық агломе­рациялар пайда бола бастады, ал кейбір ауылдар халықтан босап қалды. Ендігі кезекте бұл мәселеге мемлекет те араласып, реттеу тетіктерін іске қосқаны жөн болар еді. Өйткені, Қазақстан жері кең-байтақ, ал онымен салыстыра қарағанда халық саны аз. Мұның өзі халықтың қайта қоныстау үлгілерін жоспарлауды қажет етеді.

Әлемдік ақпарат көздерінің мәліметтеріне сүйенсек, 2008 жылдың соңына қарай ғаламшар тұрғындарының тең жартысы қалаларда тұратын болады екен. Ғасырдың ортасына қарай қала тұрғындарының саны шамамен 6,4 миллиардқа жетсе, ауыл тұрғындарының саны 2,8 миллиардқа дейін азаяды. Сонымен бірге, 2050 жылға қарай Жердің жалпы халқының саны 2,5 миллиардқа көбейеді деп күтілуде. Дегенмен де, бүгінгі күннің өзінде ауыл тұрғындарының жартысы тым құрығанда шағын қалаларда тұруды қалайтындықтарын аңғартып отырған көрінеді. Урбанизация мәселесі негізінен дамыған елдерге тән құбылыс болып табылады [39; 89].

Нақты деректер еуропалықтарды бұл құбылыста алдыңғы орынға шығарады. Сонымен бірге, бүгінгі урбанизацияның басты ерекшеліктері ретінде - ауыл және ауыл шаруашылығындағы халыққа қарағанда, қалада тұратын және ауыл шаруашылығымен мүлдем айналыспайтын халық санының басым түсуі аталуда. Тура осы ерекшелік бүгінгі Қазақстанға да тән болып отырғандай. Кез келген жұрт жақсы да қолайлы жерлерде тұрғысы келеді. Отарлану тұсында тек қана ауыл шаруашылығымен, мал бағумен айналысқан қазақ халқы шұрайлы деген жерлерден сырылып, шеттетіліп келсе, бүгінгі күні қайта қоныстану мәселесіне өз еркімен белсенді түрде араласып отыр. Әркім қайда баратындығын өзі таңдап, өзі шешуде. Сонымен бірге, Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік дамуы елдегі ішкі көші-қон үрдісіне ерекше әсер етті. Осыған орай, соңғы 10-15 жылда Қазақстанда урбанизация нақты түрде әрі қарқынды жүріп жатыр. Тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның басты немесе үлкен, өндірісті қалаларындағы халық санының артуы осының айғағы. Қазақстанның дамуы тұрғысынан қарағанда бұны өте жағымды құбылыс деп те атауға болады. Еліміздің одан әрі өнеркәсіптік дамуына байланысты республикадағы ішкі көші-қон үдерісі қазіргіден де арта түседі. Дегенмен де, бұл жағымды құбылыстың жағымсыз жақтары да байқалып отыр. Мәселен, Қазақстандағы ішкі көші-қон үдерісі негізінен ауылдық өңірден өмір сүру сапасы жоғары, инфрақұрылымы дамыған қалаларға, сондай-ақ экологиялық күйсіз ауданнан қоршаған ортасы соншалықты ластанбаған өңірге қарай көшуді құрап отыр. Ал көшушілердің басым бөлігі де еңбекке қабілетті, экономикалық белсенді жастағылар. Сонымен бірге, аграрлық дағдарыстар, атап айтқанда ауыл шаруашылығы саласындағы жалақының төмендігі, күнкөрістің нашарлығы, табыстың кемдігі мен табиғи-климаттық катаклизмдер де ауылдағы жұрттың қалаға қарай ағылуына әкеп соғады. Осыдан барып «жалған урбанизация» мәселесі туындайтыны анық. Өйткені қалаға ағылған ауылдықтар ең алдымен жұмыссыздардың санын көбейтеді. Рас, құрылыс қарқынды заманда бұндай «ағылып келгендер» жұмыссыздық деңгейіне соншама әсер етпеген болатын. Ал бүгінгі күні экономикаға айрықша демеу болған құрылыстың бәсеңдеуі жұмыссыздық мәселесінің басын ашты. Оның үстіне қаржы саласындағы қиындықтар шағын және орта бизнестің аяғына тұсау болды. Нәтижесінде, құрылыс саласына қатысты кәсіпорындар табандап қалды. Осыдан барып, жаңағы «жалған урбанизация» анық байқалып, қалқып шығып отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстанда 697 мыңға жуық адам өзінің тұрақты мекен жайын өзгерткен екен. Өткен 2007 жылдың өзінде ғана 195 мың адам ішкі көші-қон үдерісіне тап болған. Бұлардың барлығы дерлік ауылдан қалаға қарай ағылуды көрсетіп отыр. Сонымен бірге, «Арқа жайлы болса, арқар ауып несі бар?!» деген қазаққа ұғымды сөз мәнісінің де осы урбанизацияға қатысы баршылық. Ал жаңағы жоғарыда айтып өткен «ауыл шаруашылығымен мүлдем айналыспайтын халық санының өсуі туралы урбанизация ерекшелігіне» осы тұрғыдан сақтық жасаған орынды. Өйткені бүгінгі әлем ауыл шаруашылығын жылдам дамытуға қарай ойысып келеді. Дамыған елдерде таза-табиғи, қоспасыз-натуралды өнімге сұраныс күн санап өсуде. Ал Қазақстанның өзі аграрлы өндіріске қолайлы мемлекет екендігін ескерсек, ауылдық жерлерге жағдай жасауды арттыра түсудің маңызды болатынын түсінеміз. Сонда ғана урбанизацияның жағымсыз факторларына да «жалған урбанизацияға» да төтеп беруге болады [43;495].

Дүниежүзі елдерінің соңғы ғасырлардағы дамуына ой жүгіртсек, өндірісі дамып, экономикасы жетілген сайын урбанизация үрдісі де күшейе түсетінін ұғынуға болады. Басқаша айтқанда, феодалдық кезеңнен капиталистік формацияға ауысқанда өнеркәсіптің өркендеуіне орай елдердің қай-қайсысында болсын урбанизация қарқын алады. Соған орай қала халқы күрт өсіп, олардың тірлігіне қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдар жасау қажетке айналады. Ал Қазақстан жағдайына үңілсек, Кеңес заманында қалалар өскенімен кәсіпорындарға қажет жұмыс қолы Қазақстаннан тыс жерлерден әкелініп, республика халқы негізінен ауылдық жерлерде қалып келді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін қалалардағы өзге ұлт адамдарының тарихи Отанына қайтуы кенет күшеюмен және кәсіпорындардың жаппай тоқтап қалуымен байланысты 1991-1994 жылдары қала халқы күрт кеміді. Алайда 1995 жылдан бастап ауылдардан қалаға ағылған адамдардың есебінен, әсіресе, ірі қалалар тұрғындарының саны қайта арта бастады. Өкінішке қарай, бұл үрдіске әлі күнге дейін қарсы шығушылар бар. Шын мәнінде, бұл қазақ халқының өсіп-өркендеуіне аса қуатты серпін әкелетінін болжау қиын емес. Қазақтардың қалалы жерлерде де басым болуы елге толық иелік етуге жол ашады емес пе.

Өркениеттің дамуына, экономика мен ғылым-білімнің, мәдениеттің өркендеуіне қала өмірі қолайлы екені жөнінде айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да өркениет дамыған ХХ ғасырда әлемде қала халқының саны күрт артты. Егер өткен ғасырдың басында бүкіл әлемде қала халқының үлес саны – 10 пайыз, 1940 жылы – 25, 1950 жылы – 29, 1983 жылы 40 пайыз болса, ал ғасырдың соңында 50 пайыздан асты. Бұл кезеңде тек Еуропада ғана емес, Азия, Африка елдерінде де экономикасы дамуымен қатар урбанизация күшті қарқын алды. Сөйтіп, Еуропа елдері секілді ауыл халқының саны күрт азайып, қалалардың өсуі күшейді. Демек, елдің дамуы үшін халықтың басым бөлігі қалаға шоғырлануы заңдылық. Мұны кез келген дамыған елдердің өмірінен аңғаруға болады. Мәселен, қазіргі таңда Жапонияда қала халқының үлес саны – 79 пайыз, Ливанда – 78, Сауд Арабиясында 70 пайыз болса, Латын Америкасында 75 пайыздан асып барады. Сондай-ақ әлемде ең ірі қалалар саны арта түсуде. 1900 жылы халқы 1 млн.-нан астам қалалар саны 10 болса, 1980 жылдары 209, қазір 300-ден асты.

Ал экономика мен өркениеттің дамуы бірқалыпты ырғаққа түскен кезеңде урбанизация үрдісі тоқтап, халықтың көші-қоны тыйылады десе де болады. Мәселен, Еуропа елдерінде урбанизация үрдісі ХХ ғасырдың соңында мүлде бәсеңдеп, болмашы сипат алды. Ал АҚШ-та өткен ғасырдың 30-шы жылдары-ақ өндірісі қалыптасып, ауылшаруашылығы ырғақты тірлікке түсіп, урбанизация үрдісі де аяқталған. Мұндай мысалдардың өзі елдің даму жоспарын бағамдағанда урбанизацияны мықтап ескеру қажеттігін көрсетеді.

Ал Қазақстанға келсек, урбанизация үрдісі шеттен жұмыс қолын қанша үгіп-төккенімен, әсіресе, Кеңес Одағы тұсында-ақ өткен ғасырдың 70-жылдары бедерінде айтарлықтай сипат ала бастады. Тың көтеру кезінде ауылшаруашылығы барынша дамығанымен, 70-жылдары ауылдық жерлерде халық саны күрт өсіп, жұмыссыздық бел алғанда жастардың қалаға ағылуы байқалды. Ал қала өнеркәсібі айтарлықтай дамығанымен, жұмыс қолын негізінен ауыл халқынан тартуға империялық билік жол бермей, жұмысшылар мен мамандарды Қазақстаннан тыс жерлерден шақыру үрдісі жалғаса берді. Ауылдан келген қазақ жастарын кәсіпорындарға жұмысқа алған күнде оларға әрі кеткенде жатақхана ғана беріп, бірер жылдан кейін ауылға қайтуға мәжбүр етушілік саясаты жүргізілді. Сөйтіп, қалалар қазақтар мүлде сирек ұшырасатындай болып дамыды. 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасы талаптарының бірі қазақ жастарын жұмысқа алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету болғаны белгілі. Сөйтіп, сол жылдары «Тұрғын үй-91» бағдарламасы жасалып, жаппай үй салу қолға алына бастаған еді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа жағдайға бейімделуге байланысты бұл бағдарлама ұмыт болды. Әрине, бұл кезеңде қалалы жерлерде тұрғын үй салуды өрістетуге елдің мұршасы болмады. Ауылшаруашылығы жаппай қиратылып, тоңалып, ауыл адамдарының тұрмысы қиындаған соң олардың қалаға ағылуы қанша күшейгенімен урбанизация үрдісін реттеу бағытқа алынбады. Тіпті урбанизацияға қарсы шығу белең алып, ауыл адамдарын қалаға кіргізбеу жөнінде әрекеттер жасала бастады. Мәселен, 1995 жылдары ауыл адамдарының қалалы жерлерде кәсіпкерлікпен шұғылдануға, нақтырақ айтқанда, ауыл өнімдерін саудалап, асханалар, дүкендер ашуға тыйым салынған жайттар да болды. Міне, осындай қитұрқылық күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқаны аңғарылады. Әсіресе, ірі қалаларда тұрғын үй бағаларының қолдан әдейілеп еселеп қымбаттатылуы, үй-жай салуға жер берілмеуі, қалаға келгендерді үй көлеміне қарамай тоқтаусыз тіркеуге алуға қарсы қаулылар шығару, нұсқаулар берілу осының бір мысалы деуге болады.

Саясаттанушы Әзімбай Ғали «қазақ тезірек ұлт болып қалыптасу үшін урбанизациялану үдерісін басынан өткеруі керек. Сондықтан, қазақтың қалаларға ағылуы оң құбылыс. Ол халықтың ұлт ретіндегі бәсекелестік қабілетінің артуын жеделдетеді» деген пікірді алға тартады. Ғалымның «урбанизациялану үдерісін басынан өткеру» процесі ауылдағылардың қалаға көшуімен шешіле салмайды. Ол үшін мемлекеттің экономикалық дамуы урбанизациялану процесімен қатар, осы үрдісті қамтамасыз ете алатындай бағытта құрылуы тиіс еді. Яғни ауылдан шыққан 18 бен 40 жас аралығындағы белсенді азаматтар тұрақты табыс көзіне айналған жаңа мамандықтарды игеруге, интеллектуалды тұрғыда өсуге, тұрғын үй мен әлеуметтік қорғауға қол жеткізуге, балаларына білім беруге, тегін медициналық көмекке, кез келген уақытта қажетті мөлшерде азық-түлікпен қамтамасыз етілуіне экономикалық жағдайлар жасалынуы, осы мәселелердің алдын алу шаралары жасалуы керек бола-тұғын. Сонда ғана көшіп келушілер жаңа ортамен шиеленіссіз, жылдам интеграцияланып кетер еді. Яғни тарихшы ғалым айтып отырған «урбанизациялану» өркениетті түрде жүзеге асар еді [55; 69].


    1. Қалалардың атқаратын функциялары


Халқының саны белгілі бір мөлшерге жеткен, тұрғындары негізінен өнеркәсіп пен құрылыста, қызмет көрсету мен сауда орныдарында, ғылыми, мәдени мекемелер мен басқару аппараттарында т.б салаларда қызмет ететін ірі елді мекен. Олар көбінесе өз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Халқы 50 мыңға дейінгі қалалар – шағын, 50-100 мың – орташа, 100-250 мың – үлкен, 250-500 мың - ірі, 500мың- 1млн-нан артса «миллионер қала» деп аталды. Көптеген ірі қалалардың қала-серіктестері пайда болған жағдайда қала агломериясын жасайды. Одан өсе келе мегаполиске айналады. Қазіргі қалалар – өте күрделі инфрақұрылым. Оның келбеті үнемі өзгеріп отырады [ 43;487]. Ол қоғамның әлеуметтік дамуы мен ғылыми-техникалық деңгейін бейнелейді және қалалардың аумағына, қалыптасу тарихына, сақталған тарихи-архитектуралық мұраларына байланысты айқындалады. Қала көлігінің құрамына кіретін - автомобильдер ағыны, көркейтілген аялдамалар, кең жолдар, автомобиль, темір жол, өзен вокзалдары қала келбетін жасаушы белгілер болып табылады. Жасыл гүлзарлар мен бақтар, скверлер оған ерекше көрік береді. Ескі қалалар келбеті күрделі де, әр текті келеді. Олардың келбеті негізінен бірнеше тарихи кезеңдерде тұрғызылған тарихи-архитектуралық мұралардың өзара байланыса бірігуінен құралады. Шет мемлекеттерге тән қалалық басқару органы - сайланып қойылатын муниципалдық кеңес. Кеңестер мен тұрғындар белгілеген қала әкімшілігінің басшысы және оның қарамағындағы бөлімдер, департаменттер басқарды. Кейбір елдерде астаналық басқарудың ерекше ережесі белгіленген. Қалалардың қанат жайып өсуі қоғамның жалпы дамуында маңызды орын алады. Өйткені олардың пайда болып, дамуы адамзат тарихымен бірге жасасып келеді. Алғашқы қалалар б.з.б 4-3 мың жылдықтарда сауда, қолөнер орталықтары ретінде Шумердегі Ур, Лагаш, Ниппур, кейінірек Месопатамиядағы Аккад, Ашшур, вавилон, Египеттегі Мемфис, Фивы, Үнді өзені алабындағы Мохенджо-Даро, Хараппа болды. Б.з.б 1-мыңжылдықтарда қалалар бұрынғыдан да дами дами түсті. Бұл кезде Қытайда ірі астаналық орталықтар – Лоянь, Чаньань, Үндістанда негізінен Ганг өзенінің алқабында жаңа қалалар салынды. Алдыңғы Азияда Вавилон, Ассирияда Ниневия, Ахемен әулеті билеген мемлекетте Персеполь, Иерусалим, Финикияда Тир, Сидон сықылды жаңа қалалар тұрғызылып, ескілері өсіп жетілді. Б.з.б 1-мыңжылдықтың ортасында көне заман қалалары, өз алдына мемлекет-қалалар полистер қалыптасты. Көне заманда, бәрінен бұрын Грекияда – Афина, Коринф, Милет, Эфес эллин мемлекеттерінің жерінде пайда болды. Мұнда Александрия, Антиохия, Селевкия, Пергам т.б секілді ірі-ірі орталықтар қалыптасқан. Б.з.б 1-мыңжылдықта Закавказьедегі мемлекеттерде Эребуни, Тейшебани, т.б, Орта Азияда Самарқанд, Мерв пайда болды. Б.з.б 6ғ - Б.з 4 ғасырында Қара теңіз жағалауында ежелгі грек қоныстары ретінде пайда болған көне заман қалалары өмір сүрді. Мұндай орталықтар Италияда да құрылды. ХІ-ХІІ ғасырларда Европадағы ең ірі қалалар: Венеция, Флоренция, Рим, Париж, Лондон, Кельн, т.б шығыс славяндарда алғашқыда бекіністерді мекенде салынды да, бірте-бірте қалаларға айналды. Ежелгі Русьте олардың саны 25-ке жетті: Киев, Чернигов, Смоленск, Новгород, Псков т.б ежелгі Русьтің қалаларында қолөнер, сауда, мәдениет дамыды. Бұл кезеңде орта Азия мен Қазақстанда: Бұқара, Самарқанд, Шаш, Хорезм, Испиджаб, Отырар, Тараз, Түркістан, Сығанақ, Баласағұн, Суяб, Жент, Сауран, Құлан, Қойлық, Созақ, Тайлақ, Алмалық, Талғар, Мерке, Аспара, Ашнас, Баршынкент, т.б белгілі болды. ХІІІ ғасырдағы Шыңғысхан шапқыншылығына ұшыраған аймақтарда қонысты орындарының дені қиратылды. ХІҮ ғасырдың екінші жартысында Орта Азия мен Солтүстік-шығыс Русьте қалалар қайта өркендеді. Европада ХҮ ғасырдың аяғынан бастап және ХҮІ ғасырда Қайта өркендеу дәуірінің қалалық мәдениеті дамыды. Азия мен Солтүстік Африка елдерінде ертедегі ортағасырлық кезеңде халқы көп қалалар өмір сүрді. Бұлардың бірсыпырасының іргетасы тіпті ежелгі заманда қаланған. Араб халифатындағы Дамаск, Бағдад, Каир, Исфаһан, Шираз, Үндістандағы Дели, ытайдағы Чаньань, Лоян, Гуанджоу, Пекин шығыстың ортағасырлардағы ең ірі қалалары болып табылады. Жаңа заманда Еуропада индустрияның дамуына байланысты қала халқы өсті. Техника дами бастады, сауданың, ақша айналымының жаңа, неғұрлым дамыған түрлері қалыптасты. Ресей империясы Орта азия мен Қазақстанды отарлау мақсатында қазақ даласымен шекаралас аймақта 1613 жылы Жайық қалашығының, яғни қазіргі Орал қаласының, ал 1640 жылы Атыраудың іргесін қалады. ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырларда Семей, Өскемен, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау, Ақмола, Атбасар, Қарқаралы, Алматы қалаларының іргесі қаланды. 1897 жылы Қазақстанда 30 қалалық мекен болды. Кеңес үкіметі тұсында 1926-1939 жж кен орындары Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Кентау, т.б темір жол тораптары төңірегіндегі, ауылдық жерлердегі елді мекендердің қалаларға айналуы нәтижесінде 81 қала пайда болды. Республикада 276 қалалық мекен, оның ішінде 53 шағын, 10 орташа, 12 үлкен, 6 ірі және 2 аса ірі Астана мен Шымкент, 1 млн-дық Алматы – барлығы 84 қала бар [39; 112]. Қала климаты- қаладағы кәсіпорындардың, көліктің, тас жолдардың және үйлердің ауаны тез қыздыруы, ластауы әсерінен туындаған микроклиматтық жағдай. Үйлердің төбелері мен қабырғаларының, тас жолдардың жер бетіне қарағанда тез және күшті қызуы нәтижесінде қала ішіндегі ауа температурасы жоғары болады. Әдетте 1-2 °С, ірі тұрғын үйлер мен ғимараттар жиі орналасса 5°С-қа дейін көтеріледі, сондай-ақ желдің жылдамдығы кемиді. Кәсіпорындар мен автокөліктердің қала үстіндегі ауаны тез қыздыруынан және ластандыруынан конденсация ядросы күшейеді. Кейбір ірі қалаларда ауа ластанып тұманның әсерінен күн қызуының әсері азаяды, ауаның салыстырмалы ылғалдығы кемиді. Осылардың нәтижесінде қала атырабындағы климат өзгеріп, қалада адам өміріне қолайсыздау қала климаты пайда болады. Сонымен бірге қала климатының басты ерекшеліктері - қар тез ериді, өсімдіктің өніп-өсу кезеңі ұзақ, бұлт пен тұман жиі, жауын-шашынның жылдық мөлшері жоғары болады.

Қала мен ауыл тұрғындары санының ара салмағы елдің экономикалық жағдайына, т.б себептерге байланысты өзгеріп отырады. Мысалы., кеңестік дәуірде Қазақстан негізінен аграрлы ел болғандықтан халықтың дені ауыл-селода тұрды. 1979 жылдың қарсаңында Қазақстандағы 13 млн.9 мың адамның 6 млн. 538 мыңы қала тұрғындары болды. Мұнан кейңнгң жылдары бұл ара салмақ сандық және сапалық жағынан едәуір өзгерді. 1991 жылдың басында қазақстандықтардың саны 16,7 млн –ға жетіп, қала тұрғындары 57% болды. Қала халқының өсуіне түрлі факторлар әсер етті. Статистикалық деректет бойынша қала тұрғындарының негізгі өсімі халықтың табиғи өсуіне байланысты болды және бірқатар ауылдық елді-мекендердің қалалық мекендерге айналуы себебінен де көбейді. Қала тұрғындарының көбеюіне 90 жж нарықтық қатынастардың жедел дамуына байланысты ішкі көші-қонның үдеуі серпін берді. Қазақстанда 1999 жылы жүргізілген тұңғыш ұлттық санақтың деректері бойынша, республикадағы қала тұрғындарының саны 8 млн. 377 мыңнан астам адамға жеткен, бұл жалпы халық санының 75,7%-ы. 1999 жылдан басталған өсу қалалар мен кенттердегі экономикалық дағдарыс кезінде тоқтап қалған өндіріс ошақтарының қайта құрылуы, жаңа өнеркәсіп орындарының ашылуы қала халқының көбеюіне әсер етті. 2003 жылы 1 шілдеде еліміздегі халық саны 14900,6 мың адам, оның 8452,8 мыңы, яғни, 56,7% - қалалықтар, 6447,8 мыңы 43,3%-ы ауылдықтар болды [43; 489].

Қазақстанда 60 шағын қала санаққа алынған, сондай-ақ, 41 шағын қала аудан орталықтары болып табылады. Жалпы шағын қалалардағы тұрғындардың орташа саны 22,8 мың адам. 9 шағын қалада 5-10 мыңнан, 4 шағын қалада 5 мыңнан халық бар. 2002 жылдан бастап 1000 адамға шаққанда туған бала саны 14,8 болса, 2003 жылы 1 шілдеде бұл көрсеткіш 16,1-ге жетті. Қала социологиясы - қаланың шығу тегін, қалыптасуын, дамуы мен қоғамдық мәнін және жалпы заңдылықтарын зерттейтін социология ғылымының саласы. Қала социологиясы жүргізетін зерттеулердің негізгі бағыттары мыналар: қаланың қоғамдағы және қоныстану жүйесіндегі ролі, оның қызметі мен дамуына ықпал ететін негзгі факторлары, тұрғындарының әлеуметтік құрылымы, қалалық өмір мен қала мәдениетінің ерекшеліктері, қоршаған ортамен байланыстылығы, қалалардың дамуын жобалау, болжау және жоспарлау, оны басқару жолдары мен әдістері, халықтың көші-қонының негізгі әлеуметтік факторлары мен нәтижелері т.б. Қаланың әлеуметтік ролін зерттеуде оның қалыптасуы мен дамуына табиғи және материалдық ортаның тікелей ықпалы есепке алынады. Қала социологиясы қаланы нақтылы тарихи қоғамның құрамдас бөлігі ретінде қарастырады. Өйткені қала осы қоғамға ортақ құндылықтарды бойына сіңіретін, сол қоғамға тән әлеуметтік құрылымның, қарым-қатынастардың шағын үлгісі болып табылады [33; 156]. Социология ғылымында қала тарихына, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси роліне ғылыми талдау жүргізген көрнекті ойшылдар қатарында неміс социологы М.Вебер болды. Ол «Қала» атты еңбегінде жеке адамның тұлғалық ерекшеліктерінің дамуына қаланың тигізетін зор әсерін, оның тарихи өзгерістерге әкелетінің айтты. Белгілі неміс социологы Г.Зиммель қала өмірінің әлеуметтік-психологиялық жақтарын зерттеп, қалалықтардың өзара байланыстары қызметінің сипаттамасын жасады. Қала социологиясында «Адам экологиясы» мектебінің негізін қалаушы Р.Парк, Э.Берджесс, Д.Вирт секілді социологтр жүргізген қала көлемі мен архитектурасының қылмысқа әсері жөніндегі зерттеулерінің орны ерекше. Қаланың әлеуметтік дамуын жоспарлау ғылыми мектебінің негізін слаушы қазақстандық ғалым Н.Аитов қоныстану қатынастары, әлеуметтік жоспарлау жөнінде құнды зерттеулер жүргізді.

Қала агломерациясы - өндірістік, еңбек, мәдени-тұрмыстық, т.б байланыстармен күрделі де серпінді жүйеге біріккен іргелес мекендердің кеңістікте қалыптасқан тобы. Біртұтас аумақтық әлеуметік-экономикалық құрылым ретінде қала агломерациясы өзіне ұйтқы болған бір немесе бірнеше ірі қаланың дамуы негізінде пайда болады. Бір ұйытқы қаланың төңіергіне ұйысқан жалғыз орталқы қаладан құралатын бір орталықты қала агломерациясы өзінің маңындағы аймақта орналасқан мекендердің бәрін – қала маңындағы мекендерді, серіктес қалаларды, т.б өзінің ықпалына бағындырады және өзінің көлемі мен экономикалық әлеуеті жағынан олардан әлдеқайда асып түседі. Көп орталықты қала агломерациясы өзара байланысқан бңрнеше орталық қалалардан құралады. Қала агломерациясына аумақта өндіргіш күштердің, ең алдымен инфрақұрылымдық нысандардың, ғылым мен білім беру мекемелерінің жоғары деңгейде шоғырлануы, халықтың жоғары деңгейде тығыз қоныстануы тән, ол айналадағы аумақтың көркеюәне күшті ықпал етеді. Оның экономикалық құрылымы мен халық тұрмысының әлеуметтік қырларын өзгертуге септігін тигізеді, мұнда шаруашылық кешенді түрде дамытылады, халық қоныстанған мекендер өзара байланыста болады. Өндірістің орналасуы мен халықтың қоныстануының осы нысанынан тән кейбір артықшылықтар қала агломерациясының біршама тез дамуының экономикалық алғышарты болып табылады. Қала агломерациясының бей-берекет дамуы жайсыз зардаптарға: қоршаған ортаның ластануына, көлік қатынасына салмақтың көп түсуіне, су қорларының тапшылығына, т.б апарып соғады. Дамыған елдерде кейбір қала агломерациясының жоспарсыз дамуы қала агломерациясының өсуін басқаруды, олардағы экономикалық әлеуеттің толық пайдаланылуын қиындатты. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде көптеген ірі қала агломерациясы қала маңындағы аймақтардың қлғаюы есебінен өсті; кейбір аудандарда көршілес қала агломерациясының бір-біріне ұласып тұтасуы мегаполистердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанда Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларының маңайында қала агломерациясы қалыптасқан. Қалған облыс орталықтарында енді-енді қалыптасып келеді [43; 491-492].

Қала құрылысы- қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы, қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми-тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік құрылысына, өндіргіш күштерінің өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайларына және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамын да ескереді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешеді, ол: ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қалалар салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы тұрмысын, қалыпты қала тіршілігін қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлы аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, сан-техникалық талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесінмәдени-тұрмыстық, медициналық т.б мекемелердің қолайлы орналасуын ескере отырып жасалады. Бай архитектуралық мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа құрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетикалық талғамға сай өзара келісті архитектуралық ансамбльдер құрып, жергілікті табиғи-климаттық ортаның ерекшеліктерін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық келбетін түзеді.

Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық-көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады. Өндіріс, энергетика жүйесі, көлік, ғылымның дамуы қала түзілудің басты аса маңызды факторлары болып табылады. Сондықтан, қала құрылысының көп ғасырлық тарихы бар. Қазақстандағы қалалардың құрылымы мен дамуы Орта Азия қалаларына тән сұлбалық типтен өзгеше болды. Орта Азия қалалары аумақтық жағынан нақты шектелген цитадельден, жеке адамдарға тән шахристаннан, қала маңы - рабаттар мен зираттардан тұрса, Қазақстан қалаларында бұл үйлесімдік сақталмаған. Кейбір қалаларда Чигу, Суябта цитадель болмаған, ал Отырар, Сығанақ, Құмкент, талғар, Қойлық қалаларында шахристан онша анық байқалмайды да, рабат басым болып келеді. Мұның өзі бұл қалалардағы халықтың жартылай көшпелі өмір сүргенін көрсетеді. Қазақстанда Х ғасырда елді мекендердің мынандай негізгі түрлері қалыптасқан: қағандардың қалалық мекендері – ордалары Чигу, Ордакент, Суяб, Қойлық, Баласағұн; керуен жолындағы қалалық мекендер Испиджаб, Тараз, Отырар; сауда-қолөнерлік қалалар Сығанақ, Құмкент, Созақ феодал ақсүйектердің жекелеген қамал-қорғандары мен жекелеген мекендерді өзара байланыстыратын орындар ретіндегі керуен-сарайлар Ақыртас, Баба ата, Ақ Сүйек т.б және ауыл шаруашылығы қоныстары. Бұл кезеңде қала құрылысы 4 аймақта – Сырдария алқабында, Шу мен Талас аңғарларында, солтүстік-шығыс Жетісу өлкесінде және Орталық Қазақстан өңірінде дамыған. ХІІІ ғасырда Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуының салдарынан оңтүстік өлкедегі барлық қалалар талқандалды. Оның үстіне таулы аймақтардағы дүркін-дүркін жер сілкінуі мен сел жүріп-тұруы - ғасырлар бойы қалыптасқан қала құрылысы мәдениетін бірте-бірте күйретті. ХҮІІ-ХІХ ғасырларда Гурьев (Атырау, 1640), Өскемен (1720), Петропавл (Қызылжар 1752), Семей (Доржынкит, 1756), Орал (1813), Қызылорда (Ақмешіт, 1863), т.б жаңа елді мекендер, әскери бекіністер пайда болды. Бұл қалалар тар көшелерден тұрды. Жоспарлы-сұлбалық құрылымы жағынан 3 бөліктен тұрады: орталық аудандарға ақсүйектердің тас үйі, орталыққа тақау орналасқан әскер басылары, сарай әкмдері, саудагерлер мен өнеркәсіпшілердің тұрақ-жайлары, үшінші бөлікке қала шетіндегі кедейлердің лашықтары кірді. ХІХ ғасырдан бастап отырықшылану күшейе түсті. Қарағанды, Риддер, Зырянов секілді өндірісті қалалар пайда болды. Ақтөбе, Көкшетау, Ақмола, Қостанай, Талдақорған, Тараз, Түркістан тәрізді әскери бекіністер қалаға айналды [34;258].

Қазақстанда 1925 жылдан бастап қала салу ісі бір орталыққа негізделген жоспарлы салаға айналды. 1930 жылы Қазақ мемлекеттік жоспарлау мекемесі құрылды. Халық аз орналасқан аймақ – Орталық Қазақстандағы өндіргіш күштерді дамыту – Қарағанды, Балқаш қалаларын салудан басталды. Түрксіб – Мойынты – Шу темір жол желілерін тарту Оңтүстік Қазақстан қалаларын Орталық Қазақстанмен және Батыс Сібірмен байланыстыруға мүмкіндік берді және аймақтық табиғи байлықтарды игеруді тездетті. ІІ дүние жүзілік соғыс жылдары жаңа өнеркәсіп орындары бой көтерді, аз қабатты үй құрылысы басым болды. Қала құрылысының дамуы баяулады. Республикадағы қалалардың бірыңғай топтық жүйесін: шахтерлер: Қарағанды, Екібастұз, Абай, Шахты, Саран; металлургтер: Өскемен, Балқаш, Жезқазған, Риддер, Теміртау; химиктер: Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қаратау; кеншілер: Рудный, Лисаковск, Қаражал; энергетиктер: Ақсу, Серебрянск; қалалары құрайды. Соғыстан кейінгі жылдары Ақтау, Жаңатас, Жаңаөзен т.б жаңа қалалар бой көтерді. 1985 жылы республикада қала саны 85-ке, қала типтес кенттер 197-ге, аудан орталығымен қосып есептегенде кеңшар кенттері 7000-ға жетті. Халықтың 60%-ы қалаларда тұрды. Қазақстанның тәуелсіздік алған 10 жылы кезеңінде 25,2 млн.м кв тұрғынжай салынды. Отандық бизнес пен шетелдік компаниялар көбірек шоғырланған аймақтарда тұрғын үйлер айтарлықтай көптеп салына бастады. Ел орталығының Алматыдан Астана қаласына көшірілуі де қала құрылысының өсуіне зор ықпал етті. 2000 жылдардағы тұрғын жай құрылысының негізгі бөлігі Астана, Алматы қалаларында, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында жүзеге асырылды. Олардағы құрылыс үлесі жалпы республикалық көлемнің жартысынан көбін құрайды.

Астана қаласындағы тұрғын үй құрылыстарының қарқындап өсуін мына көрсеткіштер айқын көрсетеді. 1999 жылы 122,2 мың м кв тұрғын жай, 1,1 мың пәтер салынды. 2000 жылы бұл көрсеткіш 139,2 мың м кв және 1,3 мың пәтерді құрады. 2001 жылы қаңтар-шілде айларында 104,6 мың м кв. 727 пәтер пайдалануға берілді. 2000 ж Республикада 14%-ға көп. Қала құрылысындағы басты жетістік жаңа тұрғын үйлердің талапқа сай салынуы. Жаңа пәтерлер мен үйлер қолайлы жобамен, қазіргі заманғы дизайн талаптарына сай болуымен және жоғары сапасымен ерекшелінеді.




























2. ҚАЛА ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ


2.1. Қала халқының демографиялық ахуалының артуы


Қазақ халқының дүние жүзі бойынша урбанизациялық дамудың алдыңғы қатарына әлі де болса шыға алмай жатқаны анық. Алайда бүкіл жер шарын түгел қамтып жатқан осы ауқымды құбылыстың белді ортасына өлшем тұрғысынан келсек, күні кеше көшпелі өмір кешкен халықтың әлі де болса селолық өмір салтымен жан-жақты дами түскені қажет дер едім. Содан кейін барып дамыған ауыл шаруашылығымызбен қалалық өмірді асықпай, салиқалы түрде меңгерсек, тиімді болар еді [42; 102-103]!

Енді өзіміздің қалаға шоғырлану көрсеткішімізге назар аударарлық. Осы тұрғыдан қарастырғанымызда қала тұрғындарының үлес салмағы бүкіл қазақ халқы санында соңғы 92 жылда мына төмендегідей жедел қарқынмен артқан көрінеді: 1897 жылы -1%, 1926 жылы - 2%, 1939 жылы - 16%, 1959 жылы 24%, 1970 жылы - 27%, 1979 жылы - 31%, ал 1989 жылы - 40%. Қаладағы қазақтардың саны 1897 жылы- 1989жж аралығында 40 мыңнан – 3 млн. 280 мыңға дейін, яғни 82 есе көбейген. Ол, әсіресе, дәстүрлі қазақ ауылын ұйымдастыру үшін әдейі тіркіленіп, қиратылған ұжымдастыру мен ұлттық жұмысшы табын жасанды түрде құрмақшы болған индустриализация кезеңінде (1930-35жж) «Аш ауылдан - тоқ қалаға» қара табан босқыншылық нәтижесінде яғни, «Қияметті қызыл қырғынның қолымен» қалаға қуып тығудың осы аз жылы ішінде ғана 6 есе өскен. «Қалалықтарымыз» осылай ерен өскенде, «далалықтарымыз» керісінше осы жылдары 2,5 есе күрт кемігені де ақиқат. Бұл Голощекиндік геноцид салдарынан демографиялық дамуымыздың зардапты деформацияға ұшырағанын білдіреді. Қаласымақтардың көбейіп кетуінің де себебі осы кез. Сол жылдары жүзге жуық осындай жасанды қалашықтар пайда болып, олар нағыз өлім мен қырғын ордасына айналды. Бұл құбылыс енді әкімшілік-әміршілік науқан қызуы кезеңіндегідей жасанды түрде болмаса да, соңғы ауыл шаруашылығының тоқырау кезеңінде біршама үдей түскені байқалады. Мәселен, 1979-1989 жылдары республика бойынша қаладағы қазақ тұрғындарының саны 53,3 пайызға өссе, ауылдағы тек 10,2 пайызға ғана көбейген. Жалпы алғанда соңғы 30 жылдың ішінде (1959-1989) қаладағы қазақтар саны 4 есеге жуық, ауылдағы қазақтар саны 2 есеге жуық қана өскен. Бұл қарқын енді бәсеңдей қойамс деген болжамдаймыз. Бұған бір жағынан қуанамыз, екінші жағынан қатты алаңдаймыз. Өйткені миграция тек бір жақты ғана жүріп жатыр. Ауылдағы тұрмы дәрежесінің төмендігінен жастар арасында қалаға кеутушілік көбейген. Олар қалаға да тиянақты орналаса алмай, әлеуметтік-экономикалық тығырықтарға жолығып, демографиялық мінез-құлықтарымызбен бірге өсіп-өнуімізге де кері әсерін тигізуде. Жастарымыздың ертерек отбасы болып, бала тәрбиелеуі барған сайын қиындап барады. Ол бір жағынан ауылды миграциялық эрозияға ұшыратса, екінші жағынан урбанизациялық үрдісімізді біршама қиындата түсуде [42; 102].

Қазіргі демографиялық даму сатымыз, халқымыздың жас құрылымы әлі балаң болғандықтан, қалаларға шоғырлануымыздың күңгірт көріністері болғанымен оның тиәмдә әсері де жоқ емес. Қазақ халқының орташа арифметикалық жасы небәрі 23-24-те, яғни миграциялық жылжуға деген бейім кезінде тұр.

Соңғы кзеде Қазақстан Жоғары Кеңесі ауылды мекендерге қолайлы жағдай жасауды көздеп, оларға жер, мал бөліп беру, әлеуметтік-мәдени көмек жасау үшін игілікті заңдар қабылдады. Бұл – қазақ халқын ауылда тұрақтандыру, оның дәулетін арттыру жолындағы сенімді қадам. Ауыл шаруашылығы өз мәнінде дамыған кезде ғана қала да, дала да жақсы өмір сүрмек. Дала көркеймей, қала көркейметінін қазіргі өмірдің ащы тәжірибесі дәлелдеп берген жоқ па?!

Соңғы жылдары халқымызға тән демографиялық дүмпу бәсеңдеп, саябырлағаны анық. Демографиялық дүмпу шарықтап тұрған кезеңде, яғни оның шыңындағы 1950-65 жылдары орташа жылдық өсім 4 пайызға жақындаған. Ал енді қазір оның орнына урбанизациялық үрдістің басталғанын байқауымызға болады. Оның қарқыны 1960 жж үдей түсті. Соның нәтижесінде урбанизациялық үрдістің жылдық жылдамдығы 6 пайыздан артқан. Әрине ол миграция есебінен болып отырғаны сөзсіз. Миграциялық ағымдар жылдам жүріп жатқан кезде халықтар арасында өзара тайтаталас тумас үшін, көшіп келуді реттейтін заң арқылы (Қазақстан қалаларына шеттен келімсектердің келуін жылына 20-25 мың адам келуде) тез арада тоқтатпасқа болмайды. Оны реттемеген жағдайда әр ұлтты миграциялық ағымдар өзара соқтығысып қалуы мүмкін. Дәл осындай жағдай Жаңаөзенде болған. Онда Түрікменстан мен Қарақалпақстаннан келген репатрианттар Дағыстандық мигранттармен қақтығысқа ұшыраған.

Қазақтар алдыңғы ғасырда қалай өмір сүүреді? 2000 жылдардың басында еліміз бойынша қазақтардың шамамен 45-47 проценті қалаларда тұрды. Осы кезеңде қазақтың қала жұрты 4,5-5,0 млн-ға жетті. Бұл тек миграция нәтижесінде ғана емес, қаладағы табиғи өсім мен кейбір ауылдық мекендердің қалаға айналуына да байланысты болып отыр. 2005-2008 жж қазақ халқының тең жартысы қалада шоғырланды. Осы қарқындағы демографиялық дамуымызда ұлттық урбанизация негізгі құбылысқа айналып отыр [49; 67].

1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағының алғашқы қорытындысы бойынша Қазақстан қалалары тұрғындарының саны мен ұлттық құрамы мен өсу қарқыны [42; 105-106]


Қалалар

Аталған қалалардағы қазақ тұрғындарының саны

Барлық қала тұрғындарының арасында пайыз бойынша

1979-88 жж барлық қала тұрғындарының саны, пайызбен

өскені, кемігені

Қазақтар

орыстар

басқа ұлттар

1

2

3

4

5

6

1. Алматы

252,1

22,5

59,1

18,4

+14

2. Атырау

107,3

62,3

28,4

8,9

+23

3. Қызылорда

104,5

71,2

16,2

12,6

+25

4. Шымкент

101,4

29,2

39,3

31,6

+22

5. Семей

86,4

27,4

59,5

13,1

+18

6. Жамбыл

76,2

28,3

43,2

28,5

+16

7. Ақтөбе

75,7

30,6

41,4

27,0

+26

8. Қарағанды

69,9

12,6

55,6

31,8

+7

9. Орал

49,8

23,3

65,2

11,5

+20

10. Павлодар

49,1

14,7

60,5

28,2

+21

11. Ақмола

47,7

17,5

54,3

28,8

+18

12.Кентау

44,7

49,7

17,8

32,5

+2

13. Түркістан

41,8

54,5

5,9

39,6

+27

14. Ақтау

40,9

26,0

54,0

20,0

+43

15. Жезқазған

40,7

32,6

46,6

20,8

+23

16. Жаңаөзен

31,9

56,9

17,7

25,4

+32

17.Талдықорған

31,6

24,6

56,8

9,6

+35

18. Өскемен

30,9

10,6

81,5

7,9

+18

19. Екібастұз

27,9

20,0

55,4

24,6

+105

20. Көкшетау

24,8

18,9

50,2

30,9

+33

21. Жаңатас

24,7

48,5

37,8

28,7

+90

22. Арқалық

24,6

38,0

36,4

24,6

+52

23. Балқаш

24,4

32,6

46,6

20,7

+12

24. Сәтпаев

22,2

31,7

39,7

24,6

+39

25. Арыс

22,0

68,2

21,3

10,5

+17

26. Петропавл

18,5

8,6

77,4

14,0

+26

27. Қостанай

17,0

7,6

60,0

32,4

+36

28. Қаратау

16,5

39,7

31,7

28,6

+34

29.Форт Шевченко

14,1

92,7

4,6

2,7

+35

30. Ленинск

13,5

18,6

62,3

19,1

+35

31. Теміртау

12,8

6,2

66,5

27,3

-1

32. Шу

11,0

33,7

40,3

26,0

+11

33. Талғар

8,8

21,1

58,4

20,5

+18

34. Ермак

7,9

15,1

55,4

24,5

+26

35. Зырянов

7,7

9,5

86,8

5,7

+10

36. Ленгір

7,4

33,9

43,6

23,5

+3

37. Щучье

6,7

12,0

64,3

23,7

+15

38. Шахты

6,6

7,4

59,7

32,9

+26

39. Қапшағай

6,2

18,3

66,6

15,1

+50

40. Қаражал

5,7

29,1

46,7

23,2

+2

41. Абай

5,6

11,9

55,8

32,3

-5

42. Жітіқара

5,4

12,0

54,5

33,5

+17

43.Степногорск

5,3

6,0

54,0

39,0

+30

44. Атбасар

5,2

14,0

50,0

36,0

+9

45. Соран

5,2

7,3

58,0

34,7

+18

46. Рудный

4,8

4,4

68,5

27,1

+13

47.Лениногорск

3,7

5,2

88,3

6,5

+3

48. Серебрянск

3,2

10,5

84,3

5,2

+4

49. Текелі

2,6

8,7

68,9

22,4

+11

50. Лисаков

1,9

13,0

55,0

32,0

+33

Барлық қалалар мен қала типтес поселкелерде

2506,3

26,7

51,8

22,0

+20


ХХ ғасырдың 90 жж Қазақстанда оның байырғы халқы ауыл тұрғындарының 60% -ын құраса, ал қалаларда барлық жұртшылықтың тек 30%-ін ғана құрайды. Қалалардағы тілдік ортаның екі есе селдір болуынан ондағы өсіп келе жатқан ұрпақтарымыздың өзінің ана тілін жетік меңгермеуі халықты қатты алаңдатады. Қаладағы қазақ халқының үлес салмағы оның тұрғындарының 50%-не демографиялық болжам бойынша тек 2025 жылдары ғана жетпек. Осының өзіне-ақ Қазақстанның қалаларында қазақ тілінің нағыз шынай мемлекеттік мәртебеге көтерілу ұзаққа созылған қатал сын тосып тұр деп ашық айтуға болады.

Болжам бойынша қаладағы қазақ халқының проценттік үлес салмағының жоғарылауы өткендегі кезеңмен салыстырғанда болашақта жедел қарқынмен көтерілмекші. Қалалардағы қазақ тұрғындарының үлесі 30%-дан 40%-ға дейін көтерілуге бақандай 30 жыл керек болса (1959-89жж), ал 1995-2009 жж бұл деңгейді 15 жыл ішінде жүріп өтілді [42;107].

Жоғарғы кестеде келтірілген тізімге зерделеп талдау жасасақ, елу қаланың тек онында ғана қазақтар саны жағынан ғана орыстардан басым екенін байқаймыз. Сол сияқты Қазақстанның аталған 50 қалаларының 27-нде яғни, жартысынан артығында қазақ тұрғындары орыс емес басқа ұлт тұрғындарының барлық жиынтық санынан асып отыр. Солай болғанның өзінде де урбанизациялық үрдістер жаңа басталғандықтан, қазақтардың сан жағынан басым болып, «бұл нағыз қазақтың қаласы» - дегізгенге дейін қилы кезеңдер жатыр. Дегенмен де түбінде ондай жағдайдың орнығары сөзсіз.

Енді ұлттық шоғырлануымыздың бүгінгі жағдайына қайта оралайық. Республикамыздың басты он ұлтының қала тұрғындары үлесі 1989 жылы төмендегідей болып сараланады: кәрістер: 87%, орыстар - 78%, татарлар - 77%, украиндар - 65%, белорустер - 61%, немістер - 49%, әзірбайжандар - 44%, қазақтар - 40%, өзбектер - 37%, ұйғырлар - 35%, кейбір ұлттар қалаларға тым көп шоғырланып үлгерсе, ал бір қатары ауылдан шыға алмай жатыр. Айталық, әзірбайжан, қазақ, өзбек, ұйғырларға қарағанда кәріс, орыс, татар, украин өкілдері қалаға екі есе көп топтасып үлгерген (пайызбен есептегенде):

1989 жылғы санақта көрсетілген Қазақстанның қала тұрғындарын ұлт жағынан пайызға шаққанда мынандай құрамда болды: орыстар – 51,3%, қазақтар -26,7%, украйндар -6,2%, немістер – 5,0%, татарлар – 2,7%, өзбектер – 1,3%, белорустар -1,2%, кәрістер -0,9%, ұйғырлар – 0,7%, әзірбайжан – 0,4%. Қазақтар қалада орыстардан екі есе аз, оның есесіне ауылдық жерлерде үш есе қоныстанған. Демек, демографиялық өсуіміздің кәусар көзі ауылда. Сондықтан шыққан ауылымызды да ұмытпалы. Бүкіл республика көлемінде қазақтар сн жағынан табиғи өсім мен миграциялық ағым нәтижесінде орыстардан жыл сайын соңғы кезеңдерде 140150 мың адамға біртіндеп артып келе жатыр. Бұл өзгеріс дами келіп Қазақстанның қазіргі этнодемографиялық жағдайын болашақта қазақтардың мүддесіне қарай түбірлі өзгерте алады. Аталған 50 қаланың 26-да бұл үрдістің біртіндеп белең алғаны да байқалады. Ондай қалалардың қатары жуық арада өсе түспек және бұл дәл бүгінгі таңда ол қалалардың саны 30-дан асып отыр.

Бұлай деп батыл тұжырым жасауымыз республикамыздағы терең демографиялық құбылыстарға негізделіп отырғаны анық. Қалада тұратын жастардың 60%-ын қазақ жастары құраса, қаладағы дүниеге келетін сәбилердің 45%-ы қазақ бүлдіршіндері. Жас ұрпақтың өсуі арқылы қаладағы қазақ тұрғындарының саны да арта түседі. Осы тұрғыда шағын сандық деректен келтіре кетелік. Алматы қаласының Алатау ауданында тұратын қазақтардың үлесі 30%, оның 50%-ын балалар, 40%-ын жастар, 10%-ын егде адамдар құрайды [44; 78].

Республиканың ең ірі деген 50 қалалары бойынша жоғарыда келтірілген кесте ондағы қазақ тұрғындарының жалпы саны бойынша жасалды. Кестеден қазағы ең көп Алматы екені, ал ең аз өндірісті қала Лисаковск екенін аңғару қиын емес. Қазақтардың саны 100 мыңнан асқан үш қала бар. Дәл бүгінгі таңда байырғы тұрғындары 50 мыңнан асқан 7 облыс орталықтары да бқлардың қатарына қосылады. Осылайша қазағы айтарайтарлықтай баршылық ірі қала щоғырларының қатары жыл сайын көбейе түседі. Дегенмен де ХХ ғасырдың 90 жж-да тұрғындарының саны жарты миллионнан асқан бірде –бір қазақтың қаласы жоқ. 1989 жылғы санаққа қарағанда 1992 жылдың ортасында 19-20%-ға басым болып шығады.

Анығын айтқанда, қалай болғанда да қазір қазақтардың қалаға шоғырлануы елеулі қарқынмен алға басуда. Тіптен, ол тым жеделдеп бара жатыр деуге болады. Бір жағынан бұл үрдіс стихиялы түрде жалғасуда. Қалай болғанда да, урбанизация үрдісі ұлттық мүддемізге сай болып шығып, ол халқымыздың әрі қарай сан жағынан өсіп-өніп, сапа жағынан жан-жақты дамуын қамтамасыз етіп отырса ғана үлкен үміт артуға болады. Ал урбанизация әрі қарай орыстанудың жолы болып шықса, онда қазақ халқы үшін ешқандай да пайда болмайды.

Қазақстан әлем бойынша халық аз қоныстанған аймақ болып қала берді. 2009 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша республиканың 1 шаршы метрге 5,6 адамнан келді. Табиғи туу коэффициенті 1999 -2008 жылдар аралығында шамамен 1,5-1,8 пайызды құрады. Қазір 2009 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша 15778,2 мың адамға жеттік. Ал 1991 жылы 16 358,2 мың адам болатын. Демек, тәуелсіздік алғандағы көрсеткішке қол жеткізе алмадық. Елдегі өзекті болып отырған ұлт, тіл, діл, дін мәселесінің түйінін эволюциялық жолмен, яғни демографиялық басымдықпен шешуге болады. Қазақ ұлтының алдағы 5-10 жылдың ішінде демографиялық басымдығы жағдайын­да «көпұлтты» деген терминнің мәні жоғалып, өзінен-өзі тілдік қорымыздан түсіп қалуы мүмкін. 2005 жылы 8 миллион 720 мың болсақ, демограф Мақаш Тәтімовтің болжамы бойынша, 2010 жылы 9 миллион 900 мың адамға жетіп, яғни 62 пайызға иек артып қалуымыз мүмкін. Алайда, 62 пайыз бетбұрысты басымдықты білдірмейді. 70-75 пайызға жетсек, осындай көптікпен көкейтесті мәселелердің түйінін шешу қиынға соқпайды. Осындай көптікпен көпұлттылықтан да құтыламыз. Тек қазақтың көптігіне маргиналдану үрдісі кесірін тигізбесін деңіз. Қазақ демографиялық жағынан жас халық. Жастық ерекшелігі бойынша 15 жасқа дейінгі жастар халықтың 24 пайызын, ал 15-тен 64 жасқа дейінгі азаматтар үлесі – 68,2 пайызды құрайды. Ал 65 жастан ары қарайғы егде азаматтардың үлесі 7,8 пайыз. Халықтың 1000 адамға шаққанда табиғи өсімі 22,9 адам болғанмен, өкінішке қарай, ел арасында өлім-жітім көрсеткіші әр мың адамға шаққанда 9,9 адамнан келіп отыр. Ел халқының өлім-жітім қан-айналым жүйесінің бұзылуы, онкологиялық аурулар, әртүрлі жағдайларда дене жарақаттарының салдарынан орын алып отыр. Батыстан жеткен рухани кеселдің салдарынан әке-шеше мейіріне қанбаған буын өсіп барады. 1999 жылғы санақ бойынша 30-34 жастағы халықтың 14,1 пайызы ешқандай некеге тұрмаған. Ал 2008 жылы 135 280 неке тіркелсе, сол жылы 35 852 ажырасу фактілері тіркелді. Демографиядағы осы тектес ала-құлалық ұлттық-рухани тәрбиемен шешілетінін ескерген жөн. 1991-2008 жылдары халықаралық миграциялық ағынмен Қазақстанға 1294,5мың иммигрант келсе, 3331,1 мың эмигрант кеткен. Демек, бұл уақытта кері сальдо 2036,6 мың адамды құраған. Біздіңше, демографтар айтатын бұл кері сальдо қазақ үшін кері сальдо емес. Өзге ұлттардың тарихи отанына кетуін заңдылығын «артық салмақ тастау» деп түсінген жөн сияқты. Солай десек те, орысты Ресейге ауа көшіп жатыр деуге еш қисын жоқ. Бір қызығы, Қазақстандағы басқа ұлттардың тари­хи отанына деген аңсары жоқтың қасы, керісінше, болашағын кіндік қаны там­ған қазақ топырағымен байланыстыра­тын сияқты. Мысалы, Ресей басшылары Медведев пен Путин отандастарын елге шақырғанымен, өткен жылдары Ресейге небәрі 400-ден аса орыс қоныс аударған. Олай болса, өз ішіміздегі орыс ағайын­ның қазақпен тағдыры ортақ, тіпті эво­люциялық жолмен іске асатын қазақ­тануға қарсы емес деген сөз [42; 110-111].

Айта кету керек, 2007-2024 жылға дейінгі орнықты даму тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан халқын 18,18 миллион адамға дейін жеткізу көзделген. Мамандардың есептеуінше, 2005 жылғы деңгейді сақтап тұра алсақ, 2030 жылы 5 миллион адамға ұлғайып, 20,2 миллион адамға жетеміз деген мақсат қойылып отыр. Алай бұл арада демографиялық өсімнің оптимистік және пессимистік болжамы көлденеңдейді. Сонымен, кереғар екі болжам бойынша демографиялық көрсеткіш қалай болмақ? Оптимистік болжам негізінде Қазақстан бірқалыпты демографиялық өсімге қол жеткіземіз. Мәселен, 2010 жылы 16,6 миллионға, 2015 жылы 17,21 миллион адамға, 2020 жылы 18,33 миллон адамға жетеміз. Осы қарқыннан жаңылмасақ 2030 жылы 20,23 миллионға жетпекпіз. Дегенмен, осындай оптимистік болжамды малданып отырмай, іске аспай отырған демографиялық резервті пайдалана білсек, одан зор көрсеткіштерге жетеміз.

БҰҰ және Бүкілдүниежүзілік банк мамандарының 2007 жылы ұсынған пессимистік болжамы бойынша 2030 жылы Қазақстанның халқы 14,5 миллионға, ал 2050 жылы 12,6 миллион адамға азаяды. БҰҰ-ның сарапшылары Қазақстан халқын табиғи өсімі жоқ 51 мемлекеттің қатарына қосып жіберген сияқты. Жалпы мұндай пессимистік болжаммен 2015 жылы 20 миллионға иек артамыз деп айту қиын. Өйткені 20 миллионға жету үшін жыл сайын 670 мың сәби дүниеге келуі тиіс.

Демографиялық резервті пайдаға асырсақ қазақтың демографиялық резервінің, яғни бұлағының екі көзі ашылмай тұр. Біріншісі, әлеуметтік себептерге байланысты отбасын құра алмаған ұл-қыздарымыздың демографиялық потенциялын іске қосу тетігі. Белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің айтуынша, Қазақстанда тұрмыс құрмаған қыздарымыздың саны 350 мыңға жеткен. Егер оң жақта отырып қалған қыздарымыздың бағы ашылып, тұрмыс құратын болса, 350 мың сәби дүниеге келіп, қазақтың саны көбейер еді. Егер тіпті, екі баладан дүниеге әкелсе, 700 мың қарадомалақ болар еді. Өкінішке қарай, 350 мың қарагөз қарындасымыз жағылмаған от, ашылмаған бақ, көптен күткен үміт күйінде қалып отыр. Осындайда әр қазақ қызының бағын ашу қазақ жігіттеріне сын.

Қазақтың демографиялық бұлағының келесі көзі – шет жұртта қалған 5 миллионнан астам қандастарымызды елге әкелу болмақ. Қаймана қазақ баласын басқа тартса, аяққа жетпейтін 15 мың квотаға байламау керек. Алдағы 5 жылдың ішінде шұғыл стратегия бойынша Қытай, Өзбекстан, Ресейдегі ассимиляцияға түсіп бара жатқан қандастарымызды тез арада елге қайтармасақ, кеш қаламыз. «Нұрлы көш» десек те, қазақтың соңғы көш екенін естен шығармаған жөн[46; 11]

Санақта қазақтың саяси салмағы сараланатыны анық. Біздіңше, таяу жылдарда ұлттық және рухани-мәдени саладағы оңды өзгерістер пас­сио­нарлық сілкініс пен демография­лық дүмпудің сәтімен орайласып кетуімен іске асатын сияқты. Демографиялық дүмпу пассионарлық сілкініс тудырады. Ал пассионарлық сілкініс туса, қазақтың көкейкесті ұлттық-саяси мәселелері шешіледі.

2009 жылғы халықтың ұлттық халық санағын Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында жүргізді. Халық санағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы «2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы туралы» №1138 қаулысына сәйкес жүргізілді. Халық санағының қорытындысы бойынша еліміздің ең басты игілігі – халықтың әлеуметтік – демографиялық және экономикалық жағдайы туралы толық көрінсі алынатын болды. Еліміздің халқы туралы деректер халықтың саны, жынысы, жасы, ұлты және т.б. бойынша өңірлік бөліністе алынатын болды. Көптеген қоса орындаушылардың белсенді қатысуымен халық санағының әдіснамасы әзірленді және Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде тәжірибелік санақ іс-шаралары жүзеге асырылды. Олардың қатарында әртүрлі министрліктер мен ведомстволар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар және басқалары бар. 2007-2008 жылдар аралығында санаққа бірінші кезектегі дайындық іс-шараларының барлық кешенін орындау жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі барлық алдыңғы өткен санақтардың ақпараттарын жинады және зерттеді, демографтардың және басқа да мамандардың ескертулері мен ұсыныстарын, санақты өткізудің халықаралық тәжірибесін ескерді. Санаққа дайындық жұмыстарының ең маңызды кезеңдерінің бірі 2007 жылғы ақпанда Оңтүстік – Қазақстан облысының Түркістан қалалық әкімшілігі аумағында статистика органдары ұйымдастырған, пилоттық санақты өткізу болып табылады, онда халық санағының бағдарламасы сынақтан өткізілді.

2009 жылғы 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанның барлық аумағында жалпыға бірдей халық санағы өткізілді. 25 ақпан күні таңертеңгі сағат 8.00-де республика бойынша бір уақытта 50 мыңға жуық есепшілер шықты. Туындаған мәселелерді шұғыл шешу және оның өткізілу барысын бақылау мақсатында Республикалық штаб құрылды, ал облыстар мен Астана және Алматы қалаларында халық санағы бойынша штабтар құрылды, оған нақты іс-шаралардың орындалуына жауап беретін, халық санағына жәрдемдесу жөніндегі облыстық (қалалық) комиссияның мүшелері кірді. Санақ кезінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде тегін байланыс желісі жұмыс істеді. Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе отырып, санақ алды кезеңінде және халық санағы кезінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі және оның аумақтық органдары өткізген белсенді жаппай – түсіндіру жұмыстарының арқасында санақты ұйымдасқан түрде өткізу мүмкін болды. Алматы және Астана қалаларында, барлық облыстық және аудан орталықтарында көшелер арқылы тартылған стенділер орнатылды.

Халықтың белсенділігіне оң ықпалын тигізген Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың санақты өткізу қарсаңындағы үндеуі болды. 2009 жылғы сәуірдің басында барлық облыстық (Астана және Алматы ққ.) Статистика департаменттері қалалық және аудандық статистика бөлімдерінен санақ мәліметтерін қабылдауды аяқтады. Санақ мәліметтерін қабылдау процесінде толтыру сапасы бойынша және халық санағы мәліметтерінің электрондық өңделуіне бақылау жүргізілді. Халық санағы мәліметтерін өңдеу облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналастырылғын орталықтарда өткізілді.

2009 жылғы 1 сәуірден бастап барлық облыстық, Астана және Алматы қалаларының Статистика департаменттерінде санақ мәліметтерін өңдеу үшін орнатылған сканерлерге қызмет көрсеткен түзетушілер қабылданды. Сканерден өткізілген және верификация мен түзетуден өткен санақ бланкілерінің бейнесі электронды түрде облыстық (Астана және Алматы ққ.) Статистика департаменттерінен байланыс желісі бойынша ҚР Статистика агенттігінің «АЕО» РМК –ға санақ деректерінің қалыптандырылған қорын құру үшін жолданды. Қазіргі уақытта 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқы санағының қорытындыларын дайындау іс-шараларының жоспарына сәйкес санақтың алдын – ала нәтижелерін еліміздің Президенті 2009 жылғы 1 қыркүйекте өткізілген демалыстан кейінгі депутаттық корпустың бірінші бірлескен отырысында атап өтті.

2009 жылғы Ұлттық Халық санағының нәтижесінде ҚР халқының саны — 16 009 600 (он алты миллион тоғыз мың алты жүз) адам. 2009 жылғы санақтың қортындысы бойынша елде қазақ ұлтының өкілдері, яғни, қазақтардың саны 1999 жылғы санақ қортындысы көрсеткен саннан 26,0%-ға артып отыр. Қазір Қазақстанда 10 096 800 қазақ бар. Өзбек ағайындардың саны 23,3%-ға өсіп, 457 000 адамды, ұйғырлар – 6,8%-ға өсіп, 224 700 адамды құрады. Орыстардың саны 15,3%-ға азайып кетіп, 3 793 800 адамды құрады, немістер – 49,5%-ға азайып, 178 400 адамды, украиндар – 39,1%-ға азайып, 333 000 адамды, татарлар – 18,0%-ға азайып, 204 200 адамды, басқа этностар – 4,8%-ға азайып, 721 700 адамды құрады [54; 18].

Ел халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-ды, өзбектер – 2,9%-ды, украиндар – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды, татарлар – 1,3%-ды, немістер – 1,1%-ды және басқа этностар – 4,5%-ды құрады. 57 300 адамның азаматтығы жоқ. Олардың қаншамасы шетелдерден “Қазақстан — Отаным, елім-жерім”– деп келген қандас бауырлар екенін айтпаса да білесіздер. Азаматтығы жоқ адамдар Республика халқының 0,4 пайызын құрайды. Қазақстанда тұрып жатқан 101 600 адам ҚР азаматы емес, шетелдік азаматтар екен. Елдегі халықтың қымқуыт тіршілігіне қарап айтса нану қиын, бірақ елдегі халықтың 70,2%-ы мұсылмандар екен. Бұл дегеніміз 11 237 900 адам діни сенімі бойынша өздерін Ислам дінінің өкілдеріне жатқызатындығын білдіреді. Мұсылмандардан кейін христиандар – 4 190 100 (26,2%), иудаизм – 5 300 (0,0%), буддизм – 14 600 (0,1%) және басқа дін мен сенімдегілер – 30 100 адамды (0,2%) құрады. Ешқандай дінге сенбейтіндердің саны 450 500 (2,8%) [54; 21-22].

Статистика агенттігінің жылдам деректері бойынша 2010 жылдың 1-қазанына дейінгі Республика халқының саны 16 372 000 адамды құраған. Қазақтардың саны 10 458 000 адамды құрап, елдегі халық санының 63,9 пайызына жеткен. Ұлттық Халық санағының нәтижесі қалалықтардың саны басым.

Ауыл және ауылдық жерлердегі халықтың саны — 7 347 200 адам, қала мен қалалық жерлердегі халықтың саны — 8 662 400 адам. Алдыңғы санақпен салыстырғанда қала халқының саны 206 600 мың адамға, яғни,2,4%-ға, ал ауыл халқының саны 821 700 мың адамға, яғни, 12,6%-ға артқан. Санақ қортындысы қала халқы 54,1%, ал ауыл халқы – 45,9% көрсеткішті көрсетті. 1999 жылғы санақ қортындысы бойынша 56,4% да 43,6% болды. Өте жоғары деңгейде урбандалған аймақ — Қарағанды. Қарағандыда халықтың 77,5 пайызы қалада тұрады. Бұл көрсеткіш Қарағандыны ең жоғары шаһарланған (урбандалған) аймақ қылды. Одан кейінгі орындарда Павлодар мен Актөбе аймақтары тұр. Павлодардағы халықтың 68 пайызы қалада тұрса, Ақтөбеде халықтың 61 пайызы қалалықтар екен.

Ауылдықтар қайда тұрады? Санақтың қортындысы ауылдық халықтың қай облыстарда көп тұратындығын анйықтап берді. Сонымен, ауылдықтар, негізінен, Алматы облысында көп екен. Облыс халқының 76,9 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Одан кейінгі орындарда СҚО (60,2%), Қызылорда (58,1%) және Жамбыл (60,4%) облыстары бар.

Еліміздегі ерлердің саны 7 712 200 адамды, ал әйелдердің саны 8297 400 адамды құрап отыр. Пайыздық көрсеткішпен айтсақ, ерлер мен әйелдер санының арақатынасы 48,2%-да 51,8%. Санақ деректері бюджетті, еңбек рыногы мен тұрғын-жайды жоспарлауда, көліктік саясатта, электр энергетикасында, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, тілдер мен діни саясат салаларында аса зор қажеттілікке ие. Бір сөзбен айтқанда, болашақты болжауда, жоспарлауды қажет ететін саланың бәріне қажет. Санақ деректері экономикалық тұрғыдан белсенді халық санын, салықтық түсімдерге немесе салықтық емес табыстарға қатысты бюджет баптарын есептеуде, тұтыну қоржынының мөлшерін, ең төменгі жалақыны және т.б. нақтылауға мүмкіндік береді.

Өңірдегі халықтың жұмыспен қамтылуын кәсіпорындардың статистикалық есептерінің немесе жұмыссыздардың ведомстволық есебінің негізінде нақты да дұрыс көре алмаймыз. Санақ халықтың қандай бөлігі өз бетімен жұмыспен қамтылғанын, қаншасының екінші жұмыс орны бойынша қосымша табысы бар екендігі туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Қанша тұрғынның ресми жұмыссыз ретінде тіркелмегенімен, сол санатқа жататыны жайында мәлімет алудың да маңызы зор. Ақпараттың осындай түрі жергілікті жұмыспен қамту қызметтерінің жұмысын қалыптастыруға, оны анағұрлым тиімді етуге, сондай-ақ әрбір нақты ауданның халқын жұмысқа орналастыру кезінде алдағы мүмкіндікті болжауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні кәсіптік училищелер, колледждер мен ЖОО кадрларға деген сұранысты айқын болжауға өте мұқтаж. Жоғары немесе орта білім мекемелерін бітірушілердің одан әрі жұмысқа орналасу болашағы, сол себепті ондағы оқу беделінің артуы осы мекемелердің мамандықтар тобын дұрыс таңдауына байланысты. Халық санағы халықтың кәсіптік құрылымы туралы да мағлұмат береді, бұл бұдан әрі өңірлердегі кадрларды даярлау мен қайта даярлау үрдісін болжауға және реттеуге жол ашады.

Сондай-ақ санақ қорытындысы жалпы білім беру жүйесінің дамуын жоспаралау үшін мықты негіз болады. Қандай-да бір өңірдің ұстаздарға, оқу ғимараттарына, балабақшаға деген мұқтаждығы, сондай-ақ біздің ұрпақтарымыздың жақсы білім алуы мен болашаққа сеніммен қарауына қажетті өзге де төлсипаттар солардың негізінде анықталады. Бүгінгі күні адамның алған сапалы білімі - мемлекеттің ертеңгі күнгі ойдағыдай даму кепілі болып табылатыны белгілі. Әрбір елді мекендегі әрбір жас шамасындағы балалар санын дәл болжамайынша жақсы білім алуға қажетті техникалық база жеткілікті болмайды. Сонымен қатар санақ балалардың қандай бөлігі мектепке дейінгі мекемелерге баратынын, қаншасы бармайтынын анықтауға мүмкіндік береді.

Көптеген өңірлердің басшылары жастар саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруды өз жұмыстарының басты бағыттарының бірі ретінде санауы өте дұрыс. Санақ осы үшін де қажетті негіз құрады. Оның деректері жастардың кім екендігін, қайда оқитынын немесе жұмыс істейтінін, олардың отбасы жағдайы жайында толығырақ білуге мүмкіндік береді.

Тұрғын үй мәселесі азаматтарды қатты толғандыратын басты мәселелердің бірі. Халықтың тұрғын үй жағдайының жайын: тұрғын-жайдың түрі, үйлер мен пәтерлер ауданының мөлшері, олардағы тұрғын бөлмелер саны, абаттандырылуы жайлы шынайы жағдайды көрсетеді. Сондықтан да пәтерлерге деген сұраныс құрылымын анықтаған кезде де халықты отбасыларының мөлшері мен құрамы бойынша тарату туралы санақ деректерінің пайдасы зор.

Соңғы онжылдықта еуропа елдеріндегідей Қазақстанда да отбасы институты жылдам өзгеруде. Көптеген некелесулер мен ажырасулар тіркелмей де қалады. Санақты өткізу кезінде азаматтардың неке жағдайы құжат арқылы емес, сұрау салынғандардың сөзінен алынады. Отбасы саясатын талдаған кезде бұл қазіргі заманғы отбасы жайында нақты білуге мүмкіндік береді және анағұрлым дұрыс тәсіл болып табылады. Санақ отбасылар мөлшері мен құрамы бойынша қалай бөлінетінін, отбасылардың қандай бөлігінде жұмыспен қамтылу, тұрғын-жай мәселері бар екендігін анықтайды. Халықтың айтарлықтай бөлігін зейнеткерлік жастағы адамдар құрайды. Санақ - осы жас тобындағы адамдар туралы кешенді сипаттаманы беретін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Санақ деректері арқылы зейнеткерлік жастағы адамдардың қаншасы отбасыларда тұратынын, қаншасының жалғызбасты екендігін, ал зейнеткерлікке шыққан соң да жұмыс істеуді жалғастырушылардың экономиканың қай саласында жұмыспен қамтылғанын анықтайды. Осы деректердің көмегімен әлеуметтік қорғауды айрықша қажет ететін отбасылар санына талдау жасауға болады. Бұл аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік қолдау жасау шараларын іс жүзіне асыруға қажетті қаражат көлемін есептеуге, оларды атаулы көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Санақ нәтижелері бойынша тұрғындардың өңір аумағында қалай орналасқанын, олардың қайдан келгенін, қайда кететінін, бір елді мекеннің аумағында қанша адам тұратынын, енді бірінде қанша адамның жұмыс істейтінін болжауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер көші-қон мен көшіп-қонушылардың мәселелерін шешуге ақпараттық қолдау көрсетуде маңызды элемент болып табылады [54; 23-24].

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, әлеуметтік-экономикалық даму мен халықтың саны, құрамы, сипаты арасындағы тікелей байланыстың болмауына қарамастан, саяси және әлеуметтік-экономикалық дұрыс саясат осы байланыстардың өзара нығаюына әсер етеді, ал адам әлеуетін тиімді пайдалана отырып еліміздің тұтастай алғандағы экономикалық өсімін қамтамасыз етуге толық негіз бар деп сеніммен айтуға болады.


2.2. Халықтың тұрғын үй, зейнетақы, жалақымен қамтамасыз етілуі

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясат негіздерінің бірі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың тұрып жатқан үй жайларында қауіпсіз және сапалы тұрулары үшін жағдай жасау болып табылады. Қазақстан Республикасының қазіргі және ұзақ мерзімді болашақ дамуының негізгі бағыты бұл қазіргі заманғы индустрия негізінде ғылыми техникалық революция болып табылады, бұл өз кезегінде қоғамдық өндірістің жоғарғы деңгейлі индустриялық жүйенің өндірістік күштерін қалыптастыратын жүйеге көшуін қамтамасыз ету керек. Бұл қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін жоғарлату негізінде ғана жүзеге асырылады. Әлемдік ғаламдану жағдайында елге жоғарғы бәсекелесті жекелеген фирмалар емес, ал өзінің арасында экономикалық қатынастардың терең байланыстырылған шаруашылық субъектілердің кластерлері қамтамасыз етеді.

Қазақстанның экономикасының көтерілуі және халықтың басым бөлігінің тұрмыстық жағдайларын жақсартуға республикада тұрғын үй құрылысының қалыптасуымен анықталады. Жалпы, 2030 жылға дейін Қазақстан стратегиясының басымдылық бағытының бірі бұл – тұрғын үй құрылысы және жалпы ұлттық мінездеменің негізгі талабы болып табылады.

Соңғы жылдары тұрғын үйлерді салғызу құрылысшылар құрылымы түрлеріне байланысты өзгерістерге ұшырады. Егер 1991 жылы тұрғын үйлер негізінен мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдармен салынса, соңғы жылдары тұрғын үйлерді салғызудың негізгі бөлігі жекелеген құрылыс фирмалары жүзеге асырады. Облыстағы қиын экономикалық жағдайы қалыптасқан 1991 және 1996 жылдары аралығында құрылысшылардың инвестииялық белсенділігінің деңгейінің төмендеуі, бұл тұрғын үй құрылысына да өз әсерін тигізді. 1991 жылмен салыстырғанда тұрғын үйді енгізу он үш есеге қысқартылды.

Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің екі жағдайды құру талаптары анықталады. Қазіргі жағдайда әлеуметтік проблемалардың ең бастысы тұрғын үй проблемасы болып табылады.

Тұрғын үйдің және коммуналдық қызметтері үшін төлемдердің нормативтік ставкалары анықталды: инфляция деңгейініің өсуімен байланысты, тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың негігі қорлардың ақысы көтерілуі және тұрғын үй сапасының жақсаруы, канализация жүйесінің ұзақ мерзімді жүйелерін орнату, су мен энергия қуатын, шығындар дефициті, тұрғын үйді ұстауды негізінен бюджеттік қаражат есебінен алынды.

50-жылдардың аяғында тұрғын үй мәселесін шешуде азаматтардың өздерін құрылысқа тартты. Бұл кезде тұрғын үй құрылысы кооперациясы дами бастады. Тұрғын үй құрылысының кооперативтерінің саны көбейіп, олар Қазақ КСР-нің Кеңес Министрлерімен 1965 жылы 19 сәуірінің №295 «Тұрғын үй құрылысы кооперативтерінің тәртіптік жарғысы» қабылданды [55;48] .

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры өзіне қосады:

  1. Жеке тұрғын үй қоры – бұл азаматтарға және жеке тұлғаларға жекешелендіру құқығы бойынша жатқызылатын мемлекеттік емес жекешелендіру формасы шегіндегі тұрғын үйлер.

  2. Мемлекеттік тұрғын үй қоры – бұл жергілікті атқарушы органдар шегіндегі мемлекеттік тұрғын үйлер (мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қоры) немесе мемлекеттік кәсіпорын иелігінде (мемлекеттік тұрғын үй қорының кәсіпорыны).

Қазіргі жағдайда билік органдарының ең басты мақсаты болып бұл азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады және мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін қалпына келтіру, тұрғындарды сумен, энерго ресурстармен, санитарлық эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай, жағдайларды қамтамасыз ететін жүйелерді одан әрі дамыту.

Қазіргі кездегі тұрмыстық заңдардың негізгі заңнамалық актілері болып 1995 жылы 30 тамызында қабылданған (25,26 бап) Қазақстан Республикасының Конституциясы және 1997 жылы 16 сәуірде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, сонымен қатар 1994 жылы 27 желтоқсанында қабылданған Азаматтық кодексі және басқа да заңдар табылады.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдылығы азаматтар, заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы қатынастарды реттейді, олар мыналармен байланысты болады:

  1. тұрғын үйге меншік құқығының тоқтатылуы немесе қолдану құқығына байланысты;

  2. тұрғын үйлерді қолдану құқығын жүзеге асыруға;

  3. тұрғын үйдің талаптарына байланысты;

  4. тұрғын үй қорын азаматтардың қолдануында құқықтардың сақталуын мемлекеттік органдармен реттелуі;

  5. тұрғын үй қорын жөндеу мен сақталуын қамтамасыз ету.

Жалпы, тұрғын үй заңдары құқықтық кешенді білімдерге жатқызылады, олар өздерінің құрамына әртүрлі салалардың нормаларын қосады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарында қаралып жүзеге асырылады [55;17].

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсанындағы №1313 қаулысымен бекітілген Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесінің 32-тармағына сәйкес тұрғын үй ғимараттарын, сондай-ақ тұрғын үй ғимараттарының өзге де бөліктерін өзгерткісі келетін адам өтінішке өзгерілетін үй-жайға өтініш берушінің құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не үй-жайлардың немесе ғимараттық өзге де бөліктерін өзгертуге меншік иесінің (меншік иелерінің) жазбаша келісімі қоса беріледі. Баяндалғандар заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің ортақ мүлкіні меншік иесі болып табылатын барлық адамдармен аталған мәселелерді келісу қажет екендігін көрсетеді.

Тұрғын үй құрылысы жалпы ұлттық сипаттағы барынша маңызды міндетердің бірі болып табылатын Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі.

Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазастан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуіріндегі № 319 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынға жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпы ұлттық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жалдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс шаралар жоспары.

Бағдарламаның негізгі мақсаты- халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үйдің дамыту проблемаларын кешенді түрде шешу. Негізгі міндеті – ұсыныс тарапынан да, сұраныс тарапынан да толыққанды теңгерімді тұрғын үй құрылысы нарығын жасау; тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту және мемлекеттік жеке меншік серіктестікті ынталандыру; жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру; тұрғын үй құрылысы салынатын аудандардың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту; тұрғын үйді сатып салу үшін халыққа несие беру жүйелерін дамыту; елді мекендердің бас жоспарын әзірлеу және түзету; тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау жүйесін жетілдіру; отандық құрылыс материалдарының өндірісін арттыру және жеке тұрғын үй құрылысының индустриялық, қымбат емес және экологиялық технологияларды игеру [55; 26].

Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері. Бюджеттен шығын қажеттілігі мынаны құрайды: 300,8 млрд. теңге, оның ішінде 2008 жылы – 108 млрд, теңге, 2009 жылы – 100,1 млрд.теңге, 2010 жылы – 92,6 млрд. Оның 106,8 млрд. Теңгесі бюджеттік несие беру, оның ішінде: Астана қаласының жергілікті атқарушы жобалауға және салуға 2008-2010 жылдары – 25 млрд.теңге, оның ішінде – 2008 жылы – 7,9 млрд теңге, 2009 жылы – 7,8 млрд.теңге, 2010 жылы – 9,3 млрд.теңге.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы жылдық 1 % ставка бойынша – 57 млрд.теңге бюджеттік несие беру; Астана және Алматы қалалары, оболыстар, жергілікті атқарушы органдарының 2006-2007 жылдары бөлінген 45,8 млрд. Теңге, оның ішінде 2008 жылы – 23,8 млрд.теңге; 2009 жылы – 22 млрд.теңге бюджеттік кредиттерді 2008-2009 жылдары қайта пайдалануы.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде: тұрғын үйлерді пайдалануға беру қарқынын жыл сайын өсіру кезінде үш жыл ішінде жалпы алаңы 28 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынатын болады; облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына қайтарымды негізде Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен салынған 1,5 млн. шаршы метр, оның ішінде 2008 жылы – 0,6 млн. шаршы метр, 2010 жылы - 0,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев алдағы уақытта ипотекалық несиелеу жүйесі бойынша тұрғын үй жағдайын шешу үшін алғашқы жарнаның мөлшерін 50 пайыздан 25 пайызға дейін азайту және жылдық пайыздық төлемді де 9-10 пайызға дейін төмендету туралы атап өтті. Енді жекелеген адамдардың бөлігіне ғана болмаса бұрынғыдай тегін тұрғын үй берілмейтінін нақтылаған Елбасы тұрғын үй қатынастары жөніндегі жаңа саясат осы саланы дамытып қана қоймай, оның артынан басқа салалардың да өркендететінін айтты.

Осыны негізге ала отырып, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктерін ескеретін және әлеуметтік бағыттағы, бірінші кезекте, табыс деңгейі әртүрлі азаматтар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыруға бағытталған шараларды қолдану керек.

Тұрғын үй - әлеуметтік инфрақұрылымның аса маңызды бөлігі болып табылады, яғни бұл қызмет көрсетулердің салалық құрылымның кешені, халықтың әлеуметтік тұрмыстық қанағаттандырушылығын қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй секторы нарықтық қатынастарға көшумен байланысты және тұрғын үй саясатының негізгі мақсаты болып несиелендірудің дамыған формалары арқылы тұрғын үйді сатып алуға және құрылысына байланысты оңтайлы жағдайларды қалыптастыру. Тұрғын үйлерді эксплуатацияға енгізу, жекешелендіру формасына және қаржыландыру көздеріне байланысты құрылымы өзгереді [55; 22].


Қазақстан Республикасының 2006-2009 жылдар аралығында тұрғын үй қорының негізгі көрсеткіштері


2006

2007

2008

2009

Барлық тұрғын үй қоры (тұрғын үйдің ортақ алаңы; жылдың соңына млн.шаршы метр)

241,0

238,3

243,0

252,7

Соның ішінде:





Мемлекеттік

10,0

8,1

7,7

7,8

Жеке

231,0

230,2

235,3

244,9

Қалалық тұрғын үй қоры (тұрғын үйдің ортақ алаңы: жылдың соңына млн.шаршы метр)

140282

140913

144813

153011

Соның ішінде:





Мемлекеттік

8033

7014

6656

6735

Жеке

132249

133899

138157

146276

Ауылдық тұрғын үй қоры (тұрғын үйдің ортақ алаңы: жылдың соңына млн.шаршы метр)

100734

97393

98172

99683

Соның ішінде:





Мемлекеттік

1915

1106

1079

1090

Жеке

98819

96287

97093

98593

Тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі орташа көрсеткіші (бір адамға ортақ алаңның шаршы метрі; жыл соңына)

16,3

16,6

17,0

17,3

Қалалық мекендерде

17,2

17,3

18,0

18,4

Ауылдық мекендерде

15,3

15,6

15,8

15,9


Урбанизация нәтижесінде қалалық елді мекендердің тұрғын үй қорларының меншік салмағы өсті. 2008 жылы оның үлесі 60,5 % дейін жетті, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қоры – 4,4 %, және жеке – 95,6% құрады. Ауылдық мекендерде тұрғын үй қорының меншікті слмағы 39,5 % тең, оның ішінде мемлекеттік тұрғын үй қоры - 1%, және жеке тұрғын үй қоры - 99% құрайды .

2005-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры 11,7 млн.шаршы м. өсті, өсу деңгейі 4,8% құрайды. Үй салудың негізгі қатысушысы мемлекет емес. Мемлекеттің үй құрылысына қатысу үлесі талданған уақытқа 2,2 млн.шаршы м. төмендеді, өсу деңгейі 22 пайызға төмендеді.

Халықтың қалалық және аулдық жерлерде тұрғын үймен қамтылуының орташа көрсеткіші 2005-2008 жылдарда 6,1% өсті, қалалық жерлерде 6,9%, ауылдық - 3,9%.


Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй құрылысына инвестициялық салымдар


2008

2009

барлығы

Соның ішінде

барлығы

Соның ішінде

Мемлекеттік кәсіпорындар

халық

Мемлекеттік кәсіпорындар

халық

Қазақстан Республикасы (млн. теңге)

12404

4387

8017

16003

6862

9141

Кестеде көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй құрылысына инвестициялық салымдары күрт өскенін байқаймыз. Өсу қарқыны 37,8 %, 2008 жылы қазақстан Республикасы бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың инвестициялық салымдары 4387 млн.теңгені құрады, ал халықтың инвестициялық салымдары 8017 млн.теңгені құрады. 2009 жылы шығыс қазақстан облысы бойынша тұрғын үй құрылысына инвестициялық салымдар 475 млн.теңгені құрады, барлығы 2008-2009 жылдар бойынша инвестициялық салымдары 29130 млн.теңгені құрады.

Тұрғын үй қорын ұстау мен коммуналдық шарушалықтың мәселелерін мемлекет тарапынан шешу жолдарына келсек, қазіргі уақытта барлық тұрғын үй қорын 3244 пәтер иелерінің кооперативтері, 3944 жеке басқарушылар және 522 басқарудың басқа да нысандары (ынтымақты, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер) басқарады [47;66].

Қазіргі кезге дейін коммуналдық қызметтерді көрсетушілер үшін де, оларды тұтынушылар үшін де ресурстар үнемдеуді ынталандырудың нақты тетігі жасалған жоқ. Көпшілік жағдайда тұрғын үй қорын пайдалану мен ұстау жөніндегі коммуналдық қызметтерді жеткізу, инженерлік қамтамасыз ету конкурстық негізде жүзеге асырылмайды, ал коммуналдық қызмет көрсетуге арналған шарттар формальды жасалады және көрсетілетін қызметтер сапасының ең аз стандарттарын қамтамасыз етпейді. Монополист тұтынушымен тікелей қызметтерді жеткізуге шарт жасасады. Сонымен қатар, нақты тұтынушыға қызметтерді жеткізу пәтер иелерінің жалпы мүлкі болып табылатын жалпы үй желілері бойынша жүргізіледі. Кондоминимум объектісін басқару органы мен монополист арасындағы шарттық қатынастардың жоқтығы жалпы үй желісінің жөнделмеуіне және тиісінше жай-күйінде болмауына алып келеді. Көпшілік жағдайда тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсетудегі іркілістер нақ осы себеп бойынша болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсанындағы №1822 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелеріне сәйкес есептеу приборларын энергия беруші ұйым сатып алады және орнатады. Есептеу приборларын орнатуды қаржыландыру энергия беруші ұйымның жеке немесе қарызға алған қаражаты есебінен жүргізіледі.

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттігiн арттыру орта мерзiмдi перспективада тұрғын үй құрылысында жаңа саясатты талап етедi.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшін қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге кредит беру мерзiмдерiн ұзарту, кредит берудiң бастапқы жарнасы мен ставкаларын азайту болып табылады [49;8].
      Республикада жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бiр қалыпты емес. Егер 2003 жылы тұрғындар салған тұрғын үйдiң 1431,2 мың шаршы метр жалпы алаңының ең көп үлесiне Оңтүстік Қазақстан (309,5 мың шаршы метр), Атырау (158,2), Алматы (130,2) облыстары және Алматы қаласы (132,3 мың шаршы метр) ие болса, ал басқа облыстарда бұл көрсеткiш төмен: Қарағанды (29,2), Қостанай (33,7), Солтүстiк Қазақстан (35), Ақмола (36,4 мың шаршы метр).

Мемлекет олардың алдында белгілi бiр мiндеттемелер алған азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй проблемасын шешу жергілiкті атқарушы органдардың айрықша құзыретi болып табылады. Осының негізiнде әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жекешелендiру құқығынсыз мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй беру жүзеге асырылады. Бағдарлама шеңберiнде жыл сайын әр облыста, Астана және Алматы қалаларында кейiннен әлеуметтік қорғалатын азаматтарға жекешелендiру құқығынсыз беру үшін 100 пәтерлiк тұрғын үй салу болжанады.

      Қолжетiмдi тұрғын үй Индустрия және сауда министрлiгiмен келiсiлген жобалар бойынша салынады және белгілi бiр техникалық және бағалық параметрлерi болады, соның ішінде: 3 бөлмелi пәтердiң орташа алаңы - 80 шаршы метр; бiр шаршы метрдiң құны - республика бойынша орта есеппен 350 АҚШ долларынан аспайды.

       Тұрғын үй құрылысы процесiнде қамтамасыз ететiн iс-шаралардың белгілi бір кешенін жүргізу қажет.

      Бұл үшін жергілiкті атқарушы органдар (бұдан әрi - ЖАО):
      - жоспарланатын тұрғын үй құрылысын ескере отырып, облыс орталықтары құрылысының бас жоспарларын әзiрлейтiн болады;
      - жоспарланатын болашақ құрылысқа әзiрленiп жатқан бас жоспарлар шеңберiнде инженерлiк коммуникациялар желілерiне қосуды ескере отырып, жер учаскелерiн бөледi. Бұл ретте таңдау өлшемдерi мыналардың бар-жоғы болып табылады: желiлер мен инженерлiк және қалаiшiлiк көлiктiк қамтамасыз ету коммуникациялары (орталық жылу беру, су құбыры мен кәрiз, телефондандыру, электрлендiру, газбен қамтамасыз ету, көше-жол желiлерi), мектептер, бала бақшалар, дүкендер, дәрiханалар мен басқа да инфрақұрылым объектiлерi;
      - сәулет-жоспарлау мiндеттерiнiң параметрлерiн, өңiрлiк ерекшелiктердi, үдемелi (мейлiнше арзан) материалдарды өңiрлiк құрылыс индустриясының мүмкiндiктерiмен және перспективаларымен тығыз байланысты пайдалануды ескере отырып, таңдауды жүзеге асыратын болады.

      - 2010-2012 жылдардағы тұрғын үй құрылысы жөнiндегi жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша конкурстық рәсiмдер өткiзетiн болады;
      - "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекiтілген жоба бойынша тұрғын үйдiң құрылысын тiкелей жүзеге асыратын мердiгер ұйымды таңдауды жүзеге асырады. Бұл ретте жергілiктi шикiзат ресурстары мен құрылыс индустриясының дамыған базасы жоқ өңiрлерде конкурстарға қатысу үшін шетелдiк құрылыс компаниялары белсендi түрде таратылатын болады.

       Халыққа қолжетімді тұрғын үйлерді сату. Қаржы министрлiгi мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп, жергілiктi атқарушы органдарға тұрғын үй құрылысы үшін кредит беру ережесi мен тұрғын үйді халыққа сату ережесін әзірлейтін болады.

      Халықтың қолжетiмдi тұрғын үйлердi сатып алуы басым түрде ипотекалық кредит беру арқылы немесе Қазақстан Республикасының Yкіметi айқындаған тәртiппен тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнiң кредиттерi есебiнен жүзеге асырылатын болады.

Қолжетiмдi тұрғын үйдi халыққа сату кезiнде оны сатып алуға мыналарға:
      1) балалары бар жас отбасыларына;

      2) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметкерлеріне;

      3) әлеуметтiк саланың мемлекеттiк кәсiпорындары қызметкерлерiне басым құқық берілетін болады.

   Ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту 2 кезеңде жүзеге асырылады және төлемге қабілетті сұраныстың уақытынан бұрын жоғарылауын, сондай-ақ тұрғын үй рыногындағы баға мен уақыт арасындағы ауытқушылықтарды болдырмау мақсатында тұрғын үй құнын төмендетуге бағытталып қолданылған шаралармен қатар жүруге тиіс.

      Ипотекалық кредит беру жүйесiн дамытудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:

      - ипотекалық кредиттер бойынша ставкаларды төмендетуге мүмкiндiк беретін инфляция деңгейiн төмендету жөнiнде шаралар қолдану;
      - "бенч-марканы" ұстап тұру үшін ұзақ мерзiмдi мемлекеттік құнды қағаздар шығару;

      - ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру жүйесiн дамыту. Бұл мақсатта ИККәә-ны одан әрі қорландыру жүруі мүмкін;

      - Ипотекалық кредиттердiң қолжетімділігін ұлғайту мақсатында мемлекет ипотекалық кредит беру параметрлерiн өзгерту жөнiнде шаралар қолданады.

Қазiргi кезде кейбiр банктер ипотекалық кредиттер рыногында көрсетiлген мақсатты көрсеткiштердiң бiреуiн ғана ұсынады. Кешендi түрде үш көрсеткiшi бар кредиттi әзiрге ешкiм ұсынған жоқ. Мемлекеттiң мiндетi рынокты көрсетілген көрсеткiштерге бағыттау болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясындағы жалпы ұлттық сипаттағы маңызды міндеттердің бірі болып табылатын мемлекеттік саясатының басымды бағыттарының бірі. Тұрғын үй құрылысына тапсырыстың ұлғаюы экономиканың дағдарыстан шыққанын, ал сұраныстың азаюы экономикалық тоқыраудың басталғанын бейнелейтін индикатор. Тұрғын үй құрылысын дамытудың басты жолы – аталған саланы қаржыландырудың қолайлы тетіктерін анықтау.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесімен ұзақ мерзіді тұрғын үй займдарын беретін еліміздегі негізгі оператор. Соған орай, тұрғын үй құрылыс ақша жүйесінің өзіндік ерекшеліктері мен артықшылықтары да жан-жақты қарастырылғандығын атап айту қажет. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз клиенттеріне тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін ең төмен пайыздық мөлшерлемемен ұзақ мерзімді несие береді. Бұл жүйе,ең алдымен, жоғары болмаса да, тұрақты табысы бар тұрғындарға арналған.

Ең маңызды мәселелердің бірі – қазақстандықтардың тұрғын үй мәселесі. Қаржы әлеміндегі дағдайрыс ең алдымен тұрғын үй нарығна әсер етті. Өткен жылы ипотекалық несиелеу жүйесі тоқырап, үлескерлер дауы ұшыға бастағанда, Үкімет жедел қол ұшын созды. Дағдарыстың алдын алуға бөлінген 4 млрд АҚШ долларының 17 млрд. теңгесі құрылыс саласына жұмсалды.

Үкімет 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жеңілдетуге кірісті. Ондағы мақсат – көп жылдар бойы үй алуға кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету. Үкіметтіңжоспары бойынша соңғы үш жылдың ішінде салынып бітіп, өз қожайындарына берілмеген және салынып бітпеген үйлер 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде тлығымен тартылады. Яғни, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрған мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, жас отбасылар «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен (4 пайыздық) баспаналы болуға мүмкіндік алады. Мұнымен қоса тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныңесебінен әкімдіктерге нарықтағы дайцын үйлерді арзан бағаға сатып алуға рұқсат беріледі. Әкімдіктер жеке меншік құрылыс компаниялары ста алмай отырған үйлерді арзанға алып, оларды баспанаға мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына бере алады.

Қазақстанның әлеуметтік саласындағы басты мәселелердің бірі – зейнетақымен қамтамасыз ету. Соңғы кезде елімізде зейнеткерлердің қатары едәуір өсіп, олардың саны 2002 жылы 3 млн. адамға жетті. Үкімет зейнетақы мәселесі шешу үшін үш бағытта бірқатар жұмыс жүргізді. Бірінші – зейнетақының бұрынғы қарыздарын жабу, екінші – зейнетақыны уақытында төлеу, үшінші – зейнетақы жүйесін реформалау. Бұл үш бағытта жүргізілген іс-шаралар бірсыпыра қайтарымын беріп, 1999 жылдың зейнетақы қарызын төлеуде бірқатар шаралар іске асырылды. Әсіресе, 7-8 ай бойы зейнетақыларын ала-алмай келген ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінді. Зейнетақыны одан әрі арттыру бағытында шаралар жүргізілді. Атап айтқанда, зейнетақының ең төменгі мөлшері 1998 жылы 3 мың теңге болса, 2000-жылы 4 мың теңгеге жетті. 2000-2002 жылдары зейнетақы төлемдерінің ең аз мөлшері үш мәрте артып, 23 пайызға өсті. 2003 жылдың басында Президенттің жарлығымен ең төменгі зейнетақы көлемі 5 мың теңгеге жетті. 2004 жылдың қаңтарынан төменгі зейнетақы мөлшері 5800 теңгені, ал орташа зейнетақы мөлшері – 8335 теңгені құрады [47; 10].

Елімізде реформалау нәтижесінде аралас әрі ерікті жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, ол өзінің тиімділігін көрсетті. 1,5 миллионнан астам зейнеткер ынтымақты негізде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етілді. Зейнетақы индексациялаумен бірге 2003 жылы оны саралап өсіру жүзеге асырылды. Жеке жинақ принциптеріне негізделген қамтамасыз етудің бір ғана түрі – жинақтаушы зейнетақы жүйесі ойдағыдай дамытылуда. 2004 ж. бір мемлекеттік және 15 жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларындағы 6,5 млн. азаматтың жеке есепшоттарында 415,2 млрд. теңге зейнетақы жинақталды. Оның ішінде 115,7 млрд. теңгесі инвестициялық кірістен түскен. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 2008 жылдың басында 1,1 триллион теңгеден асып түсті.

Сөйтіп, біз зейнетақы жүйесін реформалауды табысты жүргіздік. Базалық зейнетақы төлемдерін есепке алғанда, ең төменгі зейнетақы көлемі 1998 жылдан бері 4,3 есе, ал зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі 3,3 есе көбейді. 1,6 миллионнан астам адам мемлекеттік зейнетақыны республикалық бюджеттен алады (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).

Қазақстан үкіметі кейінгі жылдары халықтың әл-ауқатын жақсарту, соның ішінде еңбекшілер мен қызметкерлердің жалақысын арттыруға назар аударуда. Экономиканың көтерілуі әлеуметтік міндеттердің үлкен кешенін шешуге мүмкіндік берді. Тек 2002 жылы орташа айлық 54%-ке, немесе 1999 жылғы 9400 тенгеден 18 мың 500 тенгеге дейін көбейді, ең төменгі жалақы көлемі 5 мың тенгені құрады. Бұл жылдары үкімет, әсіресе, бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын көтеруге көңіл бөлді. 2002 жылы тек мұғалімдердің жалақысы 35%-тен астам көбейтілді. Бұл мұғалімдердің орташа айлық жалақысының мөлшерін 2000 жылғы 7 мың тенгеден 9300 теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Мемлекет халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін орындап келеді. Мемлекеттік бюджет есебінен зейнеткерлерді, мүгедектерді, асыраушыларынан айырылған және басқа да санаттағы тұрғындарды әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жүзеге асырылуда. Олардың барлығы 3,5 миллион (немесе барлық тұрғындардың 23,6%) адамнан асады. 2004 жылы 1999 жылмен салыстырғанда әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 1,5 есе көбейді. Бұл қазақстандықтардың кірісін айтарлықтай арттырды, оған мынадай өсім индикаторлары дәлел болады. 1999-2004 жылдары ең төменгі жалақы көлемі 2,5 есе (2605 теңгеден 6600 теңгеге дейін); төменгі зейнетақы көлемі – 1,9 есе (3000-нан 5800 теңгеге дейін); орташа жалақы – 2 есе (11864-тен 26048 теңгеге дейін); орташа зейнетақы көлемі – 2 есе (4104-тен 8529 теңгеге дейін); күнкөріс шегі – 1,5 есе (3394-тен 5394 теңгеге дейін); орташа мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы көлемі – 1,3 есе (3441-ден 4670 теңгеге дейін) өсті. Тұтастай алғанда, 90-шы жылдардың аяғымен салыстырғанда 2007 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға шығындар 3 еседен астамға өсті.

Халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен 2002 жыл – Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер жөндеуден өтті. Денсаулық сақтау саласының 88 нысаны жаңадан салынды. 2002 жылдың тағы бір ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Фармация комитеті құрылды. Жалпы, 2000-2002 жылдары денсаулық сақтау саласын республикалық бюджеттен қаржыландыру екі еседен астамға, жергілікті бюджеттен – 50%-ке дерлік ұлғайды. Ал 2007 жылы ғана республика бойынша 23 денсаулық сақтау нысаны салынды.

Соңғы он жылда (1997-2007) мемлекеттің денсаулық сақтау саласына шығыны 13 есе өсіп, 2007 жылы 338,5 миллиард теңгені құрады. 1991 жылдан бері денсаулық сақтаудың 290 нысаны салынып немесе қайта жөнделіп, оларға 100 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соңғы бес жылда алғашқы көмек көрсету буынын құрал-жабдықтармен және медициналық техникамен жарақтандыру 3 есеге жуық өсті. Егер осыдан 10 жыл бұрын 1200-ге жуық ауылдық елді мекен медициналық қамтамасыз етусіз қалса, қазіргі уақытта ауылдықтар жер-жерде медициналық көмекпен қамтылып отыр. Тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетуді қаржымен қамтамасыз ету көлемі кепілдендірілді және 2003 жылдан бастап өткен кезең ішінде мемлекеттің осыған бағыттаған шығыны 3 есеге артты (Егемен Қазақстан. 15.12. 2007). Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2010 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы табысты жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында (Егемен Қазақстан, 2005 ж. 19 ақпан) атап көрсеткеніндей: Бүкіл дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 және 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.

Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі өлшемі 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін – 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.

Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауынан. – Егемен Қазақстан, 7.02.2008).

Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, 2008 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық.

Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда.

Сөйтіп, қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдары Қазақстанда алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, әлеуметтік мәселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды және елеулі табыстарға қол жетті. Соның нәтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін әлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тәуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, әлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері ішінде көшбасшы атанды.

2010 жылыаймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу iсiн және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi органдарына 434,3  мың азаматтар өтініш жасаған, бөлімшелеріне хабарласқандардың ішінде 42,3 пайызы ауыл тұрғындары, яғни 183,9 мың адамды құрайды.

2011 жылдың қаңтар айының 1-ші күніне жергілікті жұмыспен қамту бөлімшелері есебінде 35,4 мың жұмыссыз  тіркелген, оның ішінде 46,9 пайызы немесе 16,6 мың адам ауыл тұрғындары.Есептегі жұмыссыз әйелдер саны 23,5 мың адам, яғни 66,4 пайыз, 14-29 жас арасындағы жастар саны 8,1 мың адам, яғни 22,9 пайыз болды. Жұмыспен қамту бөлімшелерінің еңбек делдалдығымен 381,7 мың адам жұмыспен қамтылды немесе оның үлесі барлық хабарласқан азаматтардың санының 87,9 пайызын кұрайды. Жол картасы бойынша 165,5 мың азамат қызметке жіберілген, яғни жұмысқа орналасқандардың 43,4 пайызы. Жұмыспен қамтылғандардың 43,6пайызы немесе 166,4мың адамы ауыл тұрғындары.

2010 жылы  әлеуметтік жұмыс орындарына 46,6 мың адам немесе жалпы жұмысқа орналастырылғандардың 12,2 пайызы орналастырылды. 36 мың адам немесе 77,4 пайызы Жол картасы арқылы жұмысқа орналастырылды.Есепті жылда өтініш берген адамдардың қатарынан 100,3 мың адам немесе 23,1 пайызы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Олардың ішінен 58,7 мың адам, яғни 58,5 пайызы ауыл тұрғындары.

2010 жылы өтініш берген адамдардың қатарынан 58,1 мың адам, яғни 13,4 пайызы, кәсіби даярлауға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді.56,3 мың адам, яғни қайта даярлауға жіберілгендердің қатарынан 96,9 пайызы оқуды бітірген. Кәсіби оқуды және қайта даярлауды өткен жұмыссыздардың санынан 41,4 мың адам, яғни 73,5 пайызы, жұмыспен қамту органдарының жәрдемімен жұмысқа орналастырылды.             

         Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында Халықты жұмыспен қамтудың түбегейлі жаңа стратегиясын әзірлеу міндетін жүктеді. Ағымдағы жылғы 15 ақпанда өткен Үкімет отырысында Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының жобасы мақұлданды. Бағдарламаны және бағдарлама міндеттерінен туындайтын барлық қажетті нормативтік құқықтық актілерді 2011 жылғы 1 мамырға дейін қабылдау жоспарланған. Бағдарлама 2011 жылғы 1 шілдеден бастап іске асырылады.  

Бағдарламаның мақсаты-  жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру.

Бағдарламаның міндеттері: өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына тарту; Индустриализациялау бағдарламасын іске асыру үшін кадр әлеуетін дамыту; Атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіру болып табылады. Бағдарламаны іске асыру бірінші кезекте оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұрғылықты жері бойынша  өзінің жеке ісін ашуды ұйымдастыруға жәрдемдесуге, ал мұндай мүмкіндіктер болмаған жағдайда, экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесуге бағытталған. 

Бағдарламаны іске асыру мынадай үш бағытта жүзеге асырылатын болады: 

1. Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және еңбек нарығында олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу. 

2.Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу. 

3.Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. Бағдарламаны үш кезеңде   іске асыру ұсынылады:

2011 жыл пилоттық жыл болады, бұл Бағдарламаны  іске асыру механизмдері мен оны құқықтық қамтамасыз етуді пысықтауға мүмкіндік туғызады.

          Екінші кезең: 2012-2015 жылдар және үшінші кезең 2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша жұмыс жүргізуде.

          Бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері әлеуметтік келісімшарттармен бекітіледі.

          Индустрияландыру картасы жобалары мен Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасында бар және құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істейді.

         Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді және өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.

         Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.

Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:

- тегін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына жолдау;

- оқу және тұру орнына дейін жолақысын төлеуге субсидия беру;                         

- лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға жәрдемдесу;

- психологиялық бейімдеу. 

Іске асыру механизмі:

Бағдарламаның әлеуетті қатысушылары құжаттардың қажетті тізбесін ұсына отырып, Бағдарламаға қатысу туралы өтінішпен жергілікті жұмыспен қамту органдарына өтініш білдіреді.

 Жергілікті жұмыспен қамту органдары берілген өтініштердің негізінде әлеуетті қатысушылардың тізімін қалыптастырады.

Қалыптастырылған тізімдер мен әлеуетті қатысушылар туралы мәліметтер аудандық (қалалық) комиссияның қарауына жіберіледі. 

 Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесі бойынша Комиссия мүшелеріөтініш берушілерді Бағдарламаға қатысушылар қатарына қосу не өтініш беруші Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, одан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Аудандық комиссия отырыстары хаттамаларының көшірмелері жергілікті жұмыспен қамту органдарына жіберіледі.

Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын анықтау мен өтініш иесін   Бағдарламаға қосу жөнінде шешім аудандық (қалалық) деңгейде қабылданатын болады.

Бағдарламаның әрбір қатысушысымен жұмысқа орналасуды қоса алғанда, өзара міндеттемелер туралы шарт болып табылатын әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Егер Бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған Бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.

 Екінші бағыттың мақсаты жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.

 Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар Бағдарламаның қатысушылары бола алады. Жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындарға басымдық беріледі. 

Осы бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады: 

- консультациялық қызмет көрсету;

- кәсіпкерлік негіздерін оқыту;

- Шағын несие беру; 

- жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру.

Шағын несие беру– ауылда кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі механизмі болады.

Шағын несие қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңге сомасында 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Шағын несие жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі, бұл ретте, ол тұтынушылық мақсаттарға, басқа кредиттерді өтеуге және  жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді.

Соңғы қарыз алушыға кредит бойынша пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

Микроқаржы ұйымдарын  іріктеуді конкурстық негізде нақты жергілікті атқарушы органдар арқылы уәкілетті орган жүргізеді.

Соңғы қарыз алушы үшін Шағын несие бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым  белгілейді.

Шағын несие беру механизмі:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жергілікті атқарушы органға бюджеттік кредит береді.    

2) Жергілікті атқарушы орган Шағын несие беруді ұйымдастыру жөніндегі уәкілетті өңірлік ұйымды өзі айқындайды.

3) Уәкілетті өңірлік ұйым микроқаржы ұйымдарына кредит берудің белгіленген ережесіне сәйкес Бағдарламаға қатысу үшін микроқаржы ұйымдарын   іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді.

4) Уәкілетті өңірлік ұйым мен микроқаржы ұйымдары  арасында кредит беру туралы шарт жасалады.  

5) Бағдарламаның әлеуетті қатысушысы жергілікті жұмыспен қамту органының жолдауы бойынша Шағын несие беру туралы өтініммен   Бағдарламаға қатысушы микроқаржы ұйымына өтініш білдіреді. 

6) Микроқаржы ұйымы жобаға бағалау жүргізеді және қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды.   

7) Оң баға алған жобалар бойынша қаржыландыру осы Бағдарламада көзделген   шарттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен микроқаржы ұйымдарына кредит беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Ауылдағы кәсіпкерлік объектілеріне қолданылып жүрген инфрақұрылымдарына (яғни, телефон және электр жүйелерінің құбырлары, жылу және сумен жабдықтау) қосымша инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу қажет болған жағдайда, бұл шығыстарды егер ол елді мекенді салу жоспарына сәйкес болса, мемлекет өзіне ала алады.

 Оның құны бизнес жобаның құнынан аспауы керек.

  Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамытылуын қамтамасыз ету механизмі:

         1) Жергілікті атқарушы орган  инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органды өзі айқындайды. 

2) Бағдарламаға қатысушылар жергілікті жұмыспен қамту органына  қажеттілігі негіздемесімен қоса, жобаны инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы өтініммен өтініш береді.    

3) Жергілікті жұмыспен қамту органы қалыптастырған өтінімдердің тізімін аудандық (қалалық) комиссиялардың қарауына енгізеді (болған жағдайда).  

4) Аудандық (қалалық) комиссия (немесе инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті орган) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуды немесе реконструкциялауды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін емес екені) туралы шешім қабылдайды және оны жергілікті жұмыспен қамту органдарына және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жібереді. 

5) Оң қорытынды алған жобалар бойынша өтініш беруші мен инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органның арасында тиісті шарт жасалады.  

6) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу немесе реконструкциялау қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

7) Шартта көзделген инфрақұрылымдық жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізу инфрақұрылымды дамыту жөніндегі уәкілетті органға жүктеледі. 

 Үшінші бағыт  Бағдарламағақатысушылардың жоғарыда айтылған екі бағыттан өткен соң жалдамалы еңбекпен немесе жеке іспен айналысуға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайға арналған.

Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге жәрдемдесу: 

бір ауданның ішінде; 

бір облыс шегіндегі бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылуы мүмкін.

Басым құқықты ауыл жастары иеленетін болады.

Қоныс аударуға қатысуға мынадай критерийлер белгіленеді: 

- қатысушы өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар не еңбекке жарамды  табысы аз адамдар қатарынан болуы тиіс;  

экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерде тұруға тиіс;

айлық жиынтық табысы  бірге тұратын отбасы мүшелерінің әрқайсысына шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.

Еңбек нарығындағы нақты жағдайларды ескере отырып, жұмыстар вахталық әдіспен ұйымдастырылуы мүмкін. 

Мұндай жағдайда мынадай  қолдау түрлері ұсынылады:

қоныс аударуға субсидия беру; 

сатып алу мүмкіндігімен, үлгілік жалға берілетін тұрғын үй беру;

осы бағдарлама шеңберінде жаңа тұрғылықты жерінде қайта даярлау курстарынан өту;

психологиялық бейімдеу.

Барлық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау түрлерін ұсыну тәртібі қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатқан Ережеде толық бейнеленетін болады.

Жалға берілетін үлгілік тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысымен тікелей жергілікті атқарушы органдар айналысатын болады.

Өңірлер әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып, ертеректе басталған немесе бос тұрған нысандардарды жөндеуді аяқтау мүмкіндігі қарастырылды.

Нақты көшкеннен кейін аталған бағыттың қатысушысы Бағдарламаның бірінші немесе екінші бағыттарына қатыса алады.

Іске асыру механизмі:

1. Егер адамдар экономикалық әлеуеті төмен елді мекенде тұратын болса немесе  Бағдарламаға қатысушыны Бағдарламаның бірінші және екінші бағыттары шеңберінде жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаса, ол жергілікті жұмыспен қамту органына Ережеде белгіленген құжаттар тізбесін қоса  отырып,  қоныс аударуға өтініш бере алады. 

2. Жергілікті жұмыспен қамту органы Бағдарламаның үшінші бағытына қатысуға берілген құжаттарды іріктеу өлшеміне сәйкес қарайды, қоныс аударудың ықтимал жолдарын өтініш берушімен келіседі және көшетін жеріне байланысты құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды. 

3. Өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссия өтініш білдірушілерді Бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды не  енгізуден бас тартады және шешімді жергілікті жұмыспен қамту органына  жібереді.

4. Қоныс аудару бір облыс шегінде бір ауданнан басқа ауданға жүзеге асырылатын жағдайда, аудандық комиссия әлеуетті қатысушылардың тізімін Бағдарламаға қатысушылардың жалпы тізімін келісу және қалыптастыру үшін өңірлік комиссияға жолдайды.

Өңірлік комиссия азаматтар мен оралмандарды бағдарламаның аталған бағыттарына қатысушылар қатарына қосу жөнінде түпкілікті шешім шығарады және тиісті ақпаратты аудандық комиссиялары мен жергілікті жұмыспен қамту органдарына жібереді.

Бағдарламаны іске асыруды басқару жоғарыдан төмен басқару құрылымына ие болады, оның құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы  ведомствоаралық комиссия мен облыстық және аудандық деңгейдегі комиссиялар кіреді.

Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін аудандық қалалық деңгейде Халықты жұмыспен қамту орталықтарын құру жоспарлануда.







































ҚОРЫТЫНДЫ


Дүниежүзі елдерінің соңғы ғасырлардағы дамуына ой жүгіртсек, өндірісі дамып, экономикасы жетілген сайын урбанизация үрдісі де күшейе түсетінін ұғынуға болады. Басқаша айтқанда, феодалдық кезеңнен капиталистік формацияға ауысқанда өнеркәсіптің өркендеуіне орай елдердің қай-қайсысында болсын урбанизация қарқын алады. Соған орай қала халқы күрт өсіп, олардың тірлігіне қолайлы жағдай туғызу, инфрақұрылымдар жасау қажетке айналады. Ал Қазақстан жағдайына үңілсек, Кеңес заманында қалалар өскенімен кәсіпорындарға қажет жұмыс қолы Қазақстаннан тыс жерлерден әкелініп, республика халқы негізінен ауылдық жерлерде қалып келді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін қалалардағы өзге ұлт адамдарының тарихи Отанына қайтуы кенет күшеюмен және кәсіпорындардың жаппай тоқтап қалуымен байланысты 1991-1994 жылдары қала халқы күрт кеміді. Алайда 1995 жылдан бастап ауылдардан қалаға ағылған адамдардың есебінен, әсіресе, ірі қалалар тұрғындарының саны қайта арта бастады. Өкінішке қарай, бұл үрдіске әлі күнге дейін қарсы шығушылар бар. Шын мәнінде, бұл қазақ халқының өсіп-өркендеуіне аса қуатты серпін әкелетінін болжау қиын емес. Қазақтардың қалалы жерлерде де басым болуы елге толық иелік етуге жол ашатыны анық. Өркениеттің дамуына, экономика мен ғылым-білімнің, мәдениеттің өркендеуіне қала өмірі қолайлы екені жөнінде айтпасақ та түсінікті. Сондықтан да өркениет дамыған ХХ ғасырда әлемде қала халқының саны күрт артты. Егер өткен ғасырдың басында бүкіл әлемде қала халқының үлес саны – 10 пайыз, 1940 жылы – 25, 1950 жылы – 29, 1983 жылы 40 пайыз болса, ал ғасырдың соңында 50 пайыздан асты. Бұл кезеңде тек Еуропада ғана емес, Азия, Африка елдерінде де экономикасы дамуымен қатар урбанизация күшті қарқын алды. Сөйтіп, Еуропа елдері секілді ауыл халқының саны күрт азайып, қалалардың өсуі күшейді. Демек, елдің дамуы үшін халықтың басым бөлігі қалаға шоғырлануы заңдылық. Мұны кез келген дамыған елдердің өмірінен аңғаруға болады. Мәселен, қазіргі таңда Жапонияда қала халқының үлес саны – 79 пайыз, Ливанда – 78, Сауд Арабиясында 70 пайыз болса, Латын Америкасында 75 пайыздан асып барады. Сондай-ақ әлемде ең ірі қалалар саны арта түсуде. 1900 жылы халқы 1 млн.-нан астам қалалар саны 10 болса, 1980 жылдары 209, қазір 300-ден асты. Ал экономика мен өркениеттің дамуы бірқалыпты ырғаққа түскен кезеңде урбанизация үрдісі тоқтап, халықтың көші-қоны тыйылады десе де болады. Мәселен, Еуропа елдерінде урбанизация үрдісі ХХ ғасырдың соңында мүлде бәсеңдеп, болмашы сипат алды. Ал АҚШ-та өткен ғасырдың 30-шы жылдары-ақ өндірісі қалыптасып, ауылшаруашылығы ырғақты тірлікке түсіп, урбанизация үрдісі де аяқталған. Мұндай мысалдардың өзі елдің даму жоспарын бағамдағанда урбанизацияны мықтап ескеру қажеттігін көрсетеді.

Ал Қазақстанға келсек, урбанизация үрдісі шеттен жұмыс қолын қанша үгіп-төккенімен, әсіресе, Кеңес Одағы тұсында-ақ өткен ғасырдың 70-жылдары бедерінде айтарлықтай сипат ала бастады. Тың көтеру кезінде ауылшаруашылығы барынша дамығанымен, 70-жылдары ауылдық жерлерде халық саны күрт өсіп, жұмыссыздық бел алғанда жастардың қалаға ағылуы байқалды. Ал қала өнеркәсібі айтарлықтай дамығанымен, жұмыс қолын негізінен ауыл халқынан тартуға империялық билік жол бермей, жұмысшылар мен мамандарды Қазақстаннан тыс жерлерден шақыру үрдісі жалғаса берді. Ауылдан келген қазақ жастарын кәсіпорындарға жұмысқа алған күнде оларға әрі кеткенде жатақхана ғана беріп, бірер жылдан кейін ауылға қайтуға мәжбүр етушілік саясаты жүргізілді. Сөйтіп, қалалар қазақтар мүлде сирек ұшырасатындай болып дамыды. 1986 жылы әйгілі Желтоқсан оқиғасы талаптарының бірі қазақ жастарын жұмысқа алу, тұрғын үймен қамтамасыз ету болғаны белгілі. Сөйтіп, сол жылдары «Тұрғын үй-91» бағдарламасы жасалып, жаппай үй салу қолға алына бастаған еді. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа жағдайға бейімделуге байланысты бұл бағдарлама ұмыт болды. Әрине, бұл кезеңде қалалы жерлерде тұрғын үй салуды өрістетуге елдің мұршасы болмады. Ауылшаруашылығы жаппай қиратылып, тоңалып, ауыл адамдарының тұрмысы қиындаған соң олардың қалаға ағылуы қанша күшейгенімен урбанизация үрдісін реттеу бағытқа алынбады. Тіпті урбанизацияға қарсы шығу белең алып, ауыл адамдарын қалаға кіргізбеу жөнінде әрекеттер жасала бастады. Мәселен, 1995 жылдары ауыл адамдарының қалалы жерлерде кәсіпкерлікпен шұғылдануға, нақтырақ айтқанда, ауыл өнімдерін саудалап, асханалар, дүкендер ашуға тыйым салынған жайттар да болды. Міне, осындай қитұрқылық күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқаны аңғарылады. Әсіресе, ірі қалаларда тұрғын үй бағаларының қолдан әдейілеп еселеп қымбаттатылуы, үй-жай салуға жер берілмеуі, қалаға келгендерді үй көлеміне қарамай тоқтаусыз тіркеуге алуға қарсы қаулылар шығару, нұсқаулар берілу осының бір мысалы деуге болады.

Сонымен қатар ауыл адамдары күнкөріс үшін жаппай ағылып келіп жатқан ірі қалалардың аумағын кеңейтпей, құрылыс өндірісі толық қиратылып, жойылып, кірпіш пен құмға дейін шетелдерден тасу кең етек жайды. Осылай қарапайым халықтың үй-жай салып алу мүмкіндігін шектеу урбанизация үрдісін түсінбеушіліктің көрінісі болса керек. Мұны қалалық жерлерге ағылып келген адамдардың күнкөріс жасауына, тірлік етуіне жағдай жасалмауынан ұғынуға болады. Астана Ақмолаға көшкен кезеңде Алматы мен Астана қаласының жоба-жоспарын жасаушылар Алматы халқының санын 1 миллионнан, ал Астана халқының санын 500 мыңнан асырмау жөнінде талап қойды. Бұл кезеңде Алматы тұрғындарының саны 1 миллионнан асса, Астана тұрғындары 280 мыңдай еді. Ал елдегі урбанизация үрдісінің аса зор қарқын алып ауыл адамдары жаппай облыс орталықтарына, яғни ірі қалалардың, Астана мен Алматының маңына шоғырланатынын олар шынымен-ақ болжай алмағаны ма?! Сонда Алматы халқының санын кемітіп, байырғы Ақмола қаласы елдің жаңа Астанасы болған соң көп жылдар бойы небәрі 220 мың адам қосылады дегендей талап урбанизацияға қарсылықтың бір дәлелі деуге болады. Осы талаппен жасалған жоба-жоспарларды көп ұзамай-ақ урбанизация ағыны бұзып өтіп, аз уақытта Астана халқының саны 500 мыңнан асса, Алматы халқының саны 1,5 миллионға тақады емес пе? Сонда жобалаушылар мен мамандар айналасы бірнеше жылда-ақ елдің ең басты екі қаласының өсуін болжай алмағаны ма? Мұндай жайт облыс орталықтарынан да байқалды. Алматы секілді Өскемен, Қостанай, Шымкент, Павлодар және т.б. қалалардың аумағын кеңейтіп жоба-жоспарлар жасау, тұрғын үй құрылысын өрістетуге мүмкіндік болмай, қалалар шекарасы кеңейтілмей, тек тұрғын үйлер ғана емес, жалпы құрылыс салуға барған сайын жер тапшылығы асқына түсті емес пе? Қалаларда жердің, тұрғын үй мен ғимараттар бағасы қол жетпестей шарықтаудың басты себебі осыдан туындағаны анық. Соның салдарынан «ескіріп кеткен, қала сәніне сай емес, зілзалаға шыдас бермейді» дегендей сылтаулармен әлі де 100 жылдай, тіпті одан да көп уақыт мызғымайтындай тұрғын үйлер мен ғимараттар қиратылып, құрылыс салу басталды. Мұның өзі халықты баспанамен қамтамасыз етуге қандай зор кедергі болғанын бағамдау қиын болмас. Сонымен қатар тіпті кейбір қалаларда зираттарды бұзып, құрылыс салудан да қымсынбайтын оқиғалар ұшыраса бастады. Мәселен, Алматы, Қостанай мен Шымкент қалаларында ескі зираттарды бұзып, базарлар мен ғимараттар салуына байланысты тұрғындардың қынжылысы аз естілген жоқ. Өкінішке орай, мұндай үрдіс әлі жалғасуда. Ал қала басшылығы болса құрылысқа жер жоқтығын сылтау етеді. Қазақтың шексіз кең даласы төсінде қала шекарасын кеңейтуге жер жоқ деп, оның әр шаршы метрін доллармен бағалап сату деген дарияда су тапшы деп, оның суын жағалауында тостағандап сатып тұрғандай оралымсыз әрекет қой. Әсіресе, Алматының халқы таяу жылдарда-ақ 2 млн.-нан асатынын, тіпті ондаған жылдардан кейін 4-5 млн.-ға жететінін болжау да қиын емес еді. Мұнда ауылдан ағылып келген жұрт ілдалданып жаппай қала сыртынан баспана салып алуға мәжбүр болды. Олар не қаланың, не облыстың тұғындары болып саналмайды. Тіркеуде болмаған соң емделу, балаларын оқыту, сайлауларда дауыс беру құқынан да айырылды. Сөйтіп, урбанизация үрдісі ескерілмегендігінен Қазақстан қалаларының айналасына келіп мекен тепкен миллиондаған адамдар санда да, санатта да жоқ болуы үрдіске айналды. Соңғы жылдары ауылдарға қамқорлық жасау, қаржы бөлу шараларына баса мән беріле бастады. Ал қалалы жерлерге көшіп келген миллиондаған адамдарға қамқорлық жасау мәселесі ойластырылған емес. Қамқорлық жасау былай тұрсын, азаматтық құқын аяққа басып, тіркеуге алмай, ауылға қайтсын деп қысым көрсету әрекеттері жасалуда. Мәселен, бұрын Алматы қаласында азаматтарды тұрғын үй көлемін есептемей тіркеуге алса, биыл мұндайға тыйым салынып, миллиондаған қазақты санда да, санатта да жоқ ету шарасы жүзеге аса бастады.

Ендігі бір өзекті міндет – тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп бала өсіру қиын. Үкімет және барлық деңгейдегі әкімдер жауапкершілікті өздеріне алып, қолдаырнан не келетінін қазақстандықтарға көрсетсін. Тұрғын үй құрылысы – біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш [45; 117].

Тұрғын үйдің негізгі сапалы көрсеткіші болып – тұтынушылардың қазіргі заманғы талабына сай оның көркейту деңгейі болып табылады. Қазіргі кездегі су өткізу, канализация, жылу өткізу жүйесі мен ыстық су жүйелері орнатылған жаңа үйлер салынады. Соңғы екі жыл бойынша пайдалануға берілген 7,6 пайыз тұрғын үйлер көркейтудің қазіргі заманға сай, жылумен қамтамасыз етудің жекелей жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Ауылдық тұрғындардың тұрмыстық жағдайлары дақсартуда, пәтердің орташа мөлшері көбеюде.

2007-2009 жылдары аралығыда Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры 11,7 млн.шаршы метрге дейін көбейді, өсу қарқыны 4,8 пайызды құрайды. Мемлекет тұрғын үй құрылысында негізгі қатысушы ретіде болуын тоқтатты, тұрғын үй құрылыс көлемінің ортақ үлесі тадданған уақыт аралығында 2,2 млн шаршы метрге қысқартылды, өсу қарқыны 22 пайызға төмендеді [56;5-6].

Халық тұрғын үй проблемаларын шешуде белсенді түрде араласа бастады. 2009 жылы тұрғын қоры 13,9 млн.шаршы метрге дейін көбейлді, өсу қарқыны 6 пайызға жоғарылады. Осы жағдай, азаматтардың тұрғын үй құрылысына табыстарының бар болуын дәлелдеді, яғни мемлекеттің экономикасы дамып отырғандығын көрсетеді. Ал, қалалық тұрғын үй қорында келетін болсақ, ол 12792 мың шаршы метрге өсті, өсу қарқыны 9 пайызға жоғарылады, бірақ осыған байланысты мемлекеттік тұрғын үй қоры 1298 мың шаршы метрге қысқартылды, өсу қарқыны 16,2 % төмендеді, ал жеке тұрғын үй қоры 14027 мың шаршы метрге көбейіп, өсу қарқыны 10,6% өсті.

Қорытындыға келе, 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып – азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың тұрып жатқан үй жайларын қауіпсіз және сапалы тұрулары үшін жағдай жасау, тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады.




















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Послание Президента РК Н.А. Назарбаева. Новое десятилетие – новый экономический рост – новые возможности Казахстана // www.akorda.kz

2. Проблемы политической и социально-экономической истории Казахстана XVIII - XIX веков» //Вопросы историо­графии и источниковедения Казахстана. Алма-Ата, 1988, С. 43.

3. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма. М., 1986.

4. Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана (чис­ленность, размещение, состав. 1870 - 1914г.г.).- Алма-Ата, Наука, 1981.

5. Сдыков М.Н. Изменения национального и социального состава населения Западного Казахстана (конец XIX -1989 год: Автореф. д.и.н., Алматы, 1996.

6. Касымбаев Ж.К. О некоторых вопросах изучения истории городов Казахстана дорево­люционного периода. //Основные направления научных исследований, Алма-Ата, 1978

7. Коновалов И.А. Состав населения городов Северного Казахстана в 40-х годах XIX века //Степной край: зона взаимодействия русского и казахско­го народов (XVII - XX века). Омск, 1998.

8. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980).

9. Базанова Ф.Н. Формирование этнического состава населения дореволюцион­ного Казахстана// Вестник АН КазССР. 1977. № 7. С. 58-66.

10. Базанова Ф.Н. Формирование и развитие структуры населения Казахской ССР: (Национальный аспект). Алма-Ата: Казахстан, 1987

11. Кушпаева А.Б. Развитие города Оренбурга как центра казахско-русских
торговых взаимосвязей (последняя четверть XVIII - 60-е годы XIX в.): Ав­тореферат кандидатской диссертации. - Алма-Ата, 1994.

12. Алпысбаева Г. Проблемы социально-экономического развития г.Акмолы (1832-1917 гг.). Автореферат канд.диссертации. - Алматы, 1997.

13. Медетов Б. Социально-экономическое и культурное развитие г.Кокчетава и его уезда (20-е гг. Х1Х-начало XX в.). Автореферат канд.дис. - Алма-Ата, 1992.

14. Таскужина А.Б. Развитие г. Омска как центра политических и культурных отноше­ний в Степном крае. 1882-1914 гг. Автореф. канд.дис. - Алматы, 1997.

15. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казвхстана к России. -М., 1957. -С. 214-215.

16.Аполлова Н.Г. Экономические и политические связи Казахстана с
Россией в XVIII-начале XIX вв. -М., I960. -С. 90-92.

17. Аполлова Н.Г. Присоедине­ние Казахстана к России 30-40-х гг. XVIII века. -Алма-Ата, 1948. -С. 170.

18. Златкин И.Я. История Джунгарского царства. -М., 1964. -С. 342-346.

19. Касымбаев Ж.К. Из истории развития городской промышленности Восточного Казахстана в начале ХХ в. //Социально-экономические и исторические предпосылки и прогрессивное значение присоединения Казахстана к России. – Алма-Ата, 1981. –С. 7.

20. Сундетов С.А. Торговля в Казахстане в начале ХХ века //Казахстан в канун Октября. – Алма-Ата, 1969. –С. 25.

21.Чуланов Г. Промышленность дореволюционного Казахстана //(Историко-экономический очерк). – Алма-Ата, 1960. –С. 11.

22. Асылбеков М.Х. Развитие сети железных дорог Казахстана в конце XIX – начале ХХ века //Казахстан в канун Октября. –Алма-Ата, 1969. –С. 35.

23. Айымбетов С. 1926-1939 жылдар аралығындагы Казақстан халқының этнодемографиялық жене әлеуметтік құрылымындағы өзгерiстер// Автореф. дис. ... канд. ист. наук. Алматы, 1998.

24.Алексеенко Н.В. Размещение казахского населения Российской империи// Исторические науки. Алма-Ата, 1975. Вып. 2. С. 30-36.

25. Асылбеков М.Х. О социальной, политической и этнической структуре Казах­стана// Известия АН КазССР. Серия обществ, наук. 1991. № 3. С. 43-47.

26. Галиев А.Б. К этнодемографической характеристике Казахской ССР: (по материалам переписи 1926 г.)// Известия АН КазССР. Серия обществ, наук.

1978. №4. С. 42-48.

27. Галиев А.Б. Население Казахстана в конце восстановительного периода: Численность, национальный и социально-профессиональный состав// Автореф. дис. ... канд. ист. наук. Алма-Ата, 1979.

28. Галиев А.Б. Ақ бесік алтын босаға. Алматы: Казахстан, 1990.

29. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане (1917-1991 гг.)// Автореф. дис. ... докт. ист. наук. Алматы, 1994.

30. Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи (демографические тенденции 8090–х годов). Алматы: Өркениет, 2000. 102 с.

31. Мамырханова А. М. Казахское население между переписями 1897 и 1926 гг. Дис... к.и.н., Усть-Каменогорск, 1996. - 163 с.

32.Мынтаева Г. Социально-демографическое развитие городского населения Казахстана (1970-1989г. г): дис. ... канд. ист. наук. Алматы, 2002. – 135 с.

33. Такуова Г.Г. Городское население Казахстана в послевоенный период (1946-1959 гг.) Социально-демографический аспект: дис. ... канд. ист. наук. Алматы, 2002. –130 с.

34. Байсалбаева Т.М. Социально-экономическое развитие малых городов Казахстана (1959-2000 гг.): дис. ... канд. ист. наук. – Алматы, 2003. –131 с.

35.Сарсембаева Г.А. Изменения в этнической и социальной структуре населения Казахстана в условиях суверенитета (1991–2009 гг.). Автореф. дисс. к.и.н., Алматы, 2010, 26 с.

36.Табылдиев Х.Б. История социалистического Гурьева (1917-1937 гг.): автореф. ... канд. ист. наук. Алма-Ата, 1973. –24 с.

37. Иваненко А.К. История формирования населения г. Караганды в период создания третьей угольной базы СССР: автореф. ... канд. ист. наук. Алма-Ата, 1973. –27 с.

38.Абдрасимов А. История г. Джамбула (Аулие-Ата) в 1917-1940 гг.: автореф. ... канд. ист. наук. Алма-Ата, 1981. –26 с.

39.Искаков У.М. Города Казахстана //Проблемы социально-экономического развития. – Алма-Ата: Наука, 1985. –168 с.

40. Искаков У.М. Города в системе расселения Казахстана: (экономико-демографический аспект). – Алма-Ата: Гылым, 1992. –216 с.

41.Кошанов А.К, Айдарханов М.Х. Малые города при переходе к рынку (проблемы и приоритеты).– Алматы, 1992. –115 с.

42.Тәтімов М. Қазақ әлемі (Қазақтың саны қанша? Қазақ қашан, қайдан қуылған, қырылған және атылған?) А.,1993. – 160 б

43.Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы 8- том, А.,2002

44. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстандырылды? А.,2001

45. Қазақстан өңірлері бойынша халықтың экономикалық белсенділігі. 1995-2004. Алматы. 2005

46. 2009-2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 2 желтоқсандағы N 1126 Қаулысы// Егемен Қазақстан 2008 жыл, 6 желтоқсан, № 375-379 (25348)

47.«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жетілдірудің жеделдетілген жолында»// Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Астана, 2005 жыл ақпан. 48.Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясы– Астана, 2003.

49. Татимов М.Б. Социальная обусловленность демографических процессов. Алма- Ата, 1989

50.Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруі стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы, 1 наурыз, 2006 жыл.

51.Конституция Республики Казахстан, принятая 30 августа 1995 года г.Алматы, 1995.

52.Гражданский Кодекс Республики Казахстан Общая часть 27.12.1994.

53.2008-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың бағдарламасы

54.Демографический ежегодник Казахстана 2007. – Астана, Статистическое агенство РК, 2008

55.2008-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамытудың бағдарламасы

56.Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең - жаңа экономика// Егемен Қазақстан, 16.12.2004











63



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!