Материалдар / Авторлық бағдарлама: "Шоқантану" элективті курсы, 8, 9-сыныптар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағдарлама: "Шоқантану" элективті курсы, 8, 9-сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағдарлама: "Шоқантану" элективті курсы, 8, 9-сыныптарға арналған. Географиялық зерттеу әдістері бөлімінде қосымша материал ретінде пайдалануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2021
788
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Нұр – Сұлтан қаласы


«NURORDA» мектеп-лицейі мекемесі











Байзильдина Сауле Сушыновна

Педагог- шебер санатындағы география пәні мұғалімі

Курс атауы: «Шоқантану» элективті курсы бағдарламасы





























2020

«Шоқантану» элективті курсы

Түсінік хат


География пәні бойынша 7,8,9–сыныптардың жаңартылған бағдарламасына сүйене отырып, «Шоқантану» элективті курсының бағдарламасы, мемлекеттік нормативті ұстанымдарына негізделіп құрастырылды.

Шоқан Уәлихановтың география ғылымына қосқан үлесі зор. Шоқанның есімі география ғылымының тарихына қазақ даласын, Орта және Орталық Азияны тұңғыш зерттеушілердің бірі ретінде енді. Бұл жерде ерекше назар аударатын бір жайт – дарынды ғалымның мұраларын зерттеушілер оның отандық география ғылымына қосқан үлесін көпшілік жағдайда Ыстықкөл және Қашғар саяхаттарымен ғана шектеп жүр. Ал шын мәнісінде Ш.Уәлиханов – Ресейдің қол астына жаңа ғана қосылған, әлі де ғылымға беймәлім қазақ жерінің табиғат жағдайлары мен экономикасын нақтылы зерттеп, терең ғылыми талдаулар жасаған түңғыш географ – ғалым.

Курстың мақсаты: Ш.Уәлихановтың өмірі туралы мағлұмат алу, тырнақтап жинаған әрбір мәліметінің қаншалықты құнды екенін түсіну, Шоқан болып өткен жерлерімен жақынырақ танысу, Шоқан – қазақтың біртуар перзенті екеніне көз жеткізу.

Курстың міндеттері:

  • оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

  • оқушылардың Шоқан туралы алған білімдерін жүйелеу;

  • алғашқы ғалым – саяхатшының тырнақтап жинаған ғылыми мәліметінің құндылығын түсіндіру қажеттілігі;

  • Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектеріндегі Қазақстан топонимикасы мәселелерін қарастыру.


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Сипаттай алуы керек:

Шоқанды қазақтан шыққан тұңғыш ғалым деп, оның өмірі мен қызметіне қатысты жинақталған мол деректерге, еңбектеріне, замандастарының естеліктеріне, өзі жазған, оған жазылған хаттарға, кейіннен ашылған мұрағаттық дәйектерге зерделей қарап, сипаттай алады.

  • Атауы тиіс:

Шоқан зерттеген жерлерді, оның жазған еңбектерін, аударған шығармаларын.

  • Негіздей алуы керек:

Ш.Уәлиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келген тұлғаның орнын, табиғи дарын мен зеректік бала Шоқан бойына кімнен, қайдан және қалай дарыды екенін.

  • Түсіндіре алуы керек:

Ғалым – саяхатшының жинаған ғылыми мәліметінің құндылығын, дара дарын иесі аз ғана ғұмырында  жанқиярлықпен жанталаса қызмет етіп, өзінің ғана емес, халқының мерейін асырғанын, әлемдік ғылымда, өркениетте өзіндік із қалдырғанын.

  • Қорытынды жасай алуы керек:

Шоқан Уәлихановтың кейінгі ұрпаққа қалдырған бай ғылыми мұраларының ішінде Қазақстан географиясына байланысты енбектері елеулі орын алатынын.

  • Қолдана алуы керек:

Шоқан экспедицияларының карталарын, ғылыми еңбектерін.


Курстың мазмұны:

Биыл Шоқанның туғанына 185 жыл толады. Туған айы қараша деп жазылғанымен, нақты  туған күні көрсетілмей келеді. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, тым келте ғұмыр кешсе де, өшпестей із қалдырған ерекше тұлға жөнінде мектеп оқушылар толық мағлұмат алу керек. Бұдан жүз жылдан астам уақыт бұрын Қазақстан географиясына қатысты ғылыми еңбектерді былай қойғанда оның территориясының орографиясы мен гидрографиясын дұрыс көрсететін географиялық картасы да болмағандығын еске алсақ, алғашқы ғалым – саяхатшылардың тырнақтап жинаған әрбір жаңа ғылыми мәліметінің қаншалықты құндылығын болжау қиын емес. Ал мұндай мәліметтер Шоқанның жол жазбаларында да, географиялық қорытынды еңбектерінде де жиі кездеседі.

Ш.Уәлиханов тікелей қазақ аймағының жеке аудандарына ұйымдастырған арнаулы саяхаттарымен ғана шектеліп қоймай, сонымен бірге Ыстықкөлге және Қашғарияға сапар шеккен кезінде де жол – жөнекей туған өлкенің жер бедері, өзен-көлдері, топырақ-өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесіне үнемі зер салып, зерттеп отырған. Ғалымның күнделік жазбалары және замандастарының естелктері оқан болып өткен жерлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.

Болашақ ғалымның дарабоздығы, талантының жан-жақтылығы неден бастау алды екен деген сауал төңірегінде, сондай-ақ оның өміршең өнегесінің кейбір қырлары жөнінде оқушылар осы курстан мағлұмат алады. Шоқанның зеректігін, қабілеті мен қарымының мол екенін оны жақын білетіндер бірден байқап, жоғары бағалаған.

Шоқан талантының төркіні – тектілікте. Текті әулетте  дүние есігін ашқан Шоқанның шоқтығы ес білгеннен еңселі болды. Шоқанға қатысты жарияланымдарда оның алғыр, зейінді, зерделі  болғаны алдымен ауызға ілігеді. «Ұшқыннан жалын лаулайды» демекші, Шоқан бойындағы тектіліктің ұшқыны алаулап, оның жарқырай көрінуіне даңғыл жол ашты. Дара дарын иесі аз ғана ғұмырында  жанқиярлықпен жанталаса қызмет етіп, өзінің ғана емес, халқының мерейін асырды, әлемдік ғылымда, өркениетте өзіндік із қалдырды. Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым, географ, тарихшы, фольклортанушы, ағартушы, этнограф, суретші. Ұлы тұлғаның әр қыры- өзінше бір-бір әлем.



«Шоқантану» элективті курсы бойынша күнтізбелік - тақырыптық жоспар

7-9 – сыныптар (34 сағ, аптасына 1 сағ)

Тақырыбы

Сабақ түрі

Сағат

саны

Мерзімі

І бөлім. Кіріспе (1сағ.)

1

"Сүйер ұлың болса, сен де сүй.
Сүйінерге жарар ол" (Абай)

Таныстырылым

1


ІІ бөлім. Шоқанның балалық шағы (2 сағ.)

2

Шоқан әулеті

Дәріс - сабақ

1


3

Есті тентек зерек бала - Шоқан

Әңгіме

1


ІІІ бөлім.Ұшқыннан жалын лаулайды (2 сағ.)

4

Шоқан білім алған орда

Таныстырылым

1


5

Шоқан кадет корпусында

Семинар

1


IV бөлім. Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуы (4 сағ.)

6,7

Таулардан биік, теңіздерден терең тұлға

Конференция


2


8,9

Даланың ұлы дарыны

Дәріс

Викторина

2


V бөлім. Шоқанның өмірі мен қызметі (16 сағ.)

10

Шоқан зерттеуші, сұңғыма саяхатшы

Оқушылардың баяндамасы

1


11

Қазақстандық саяхат (1855 ж)

Интеллект - карта

1


12

Ыстықкөл саяхаты (1856 ж)

Интеллект - карта

1


13

Қырғыз саяхаты (1857 ж)

Интеллект - карта

1


14,15

Қашғар саяхаты

Мұғалім баяндамасы,

кескін картамен жұмыс

2


16

Оңтүстік Қазақстан саяхаты

Дәріс

1


17,18

Шоқанның орыс достары, олардың Шоқан дүниетанымына ықпалы

Буклет дайындау

2


19

Шоқан – географ, этнограф, фольклортанушы

Инфографика жасау

1


20

Шоқан – тарихшы, археолог

Тарих пәнімен бірге интеграциялық сабақ

1


21

Шоқан – шығыстанушы

Дәріс

1


22

Шоқан және түркі әлемі

Таныстырылым

1


23

Шоқан – ойшыл, демократ

Дәріс

1


24

Шоқан – суретші, әдебиетші

Көрме ұйымдастыру Шығармаларымен танысу

1


25

Бөлім бойынша қорытынды сабақ

PBL жұмысын қорғау

1


VI бөлім. Шоқан - кешегінің ұраны, бүгіннің арманы, келешектің еншісі

(8 сағ.)

26

Шоқан бейнесі кино өнерінде

Бейнефильмдер көру

1


27

Шоқан бейнесі мүсін өнерінде

Таныстырылым

1


28,29

Шығыстың мәңгі өшпес жарық жұлдызы

Эссе жазу

2


30

Шоқан Уәлиханов ізімен

Постер жасау

1


31

Шоқантанушылар. Шоқан туралы афоризмдер

Сайыс

1


32

Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел

Мектепішілік кеш

1


33

Ш.Уәлихановтың Алтынемел мемлекеттік мемориалды музейі

Виртуалды танымжорық

1


VII бөлім. Қорытынды (1 сағ.)

34

Курстың қорытынды сабағы

тест

1




Пайдаланатын әдебиет:

1.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

2.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 

3.Жетісу энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл

4.Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”

5.С.Мұқанов. «Жарқын жұлдыздар»

6.Ә.Марғұлан. «Шоқанның өмірі мен қызметі»

7.И.Стрелкова. «Шоқан Уәлиханов»

8.Ж.Бейсенбаев. «Жасын тағдыр жарқылы»

9.Н.В.Веселовский.Аққан жұлдыз

10.А.Н.Пыпин. Ш.Уәлиханов туралы

11.И.В.Мушкетов.Ш.Уәлиханов және оның геологиялық коллекциясы

12.П.П.Семенов- Тянь-Шанский, А.А.Достоевский. Ш.Уәлихановтың Қашғарға жасаған саяхатының маңызы жайлы




Нұр-Сұлтан қаласы

«NURORDA» мектеп – лицейі мекемесінің география пәні мұғалімі Байзильдина Сауле Сушыновнаның

«Шоқантану» элективті курсы бойынша бағдарламасына


Рецензия

Байзильдина Сауле Сушыновнаның «Шоқантану» элективті курсы бойынша бағдарламасы білім беру шартында оқушының өз бетінше білім алудағы, практикалық іс – әрекеттерде білімін жетілдірудегі белсенділігін арттыруға бағытталған. Бағдарламада оқыту барысында оқушылардың жобалау-зерттеу құзіреттілігін дамыту мәселелері қамтылған.

Осы курсты оқу барысында оқушылар географиядан және тарихтан алған білімдерін тереңдетіп негіздейді, сонымен қатар осы пәндерге деген қызығушылығы мол оқушыларға арналған курс болып саналады. Курс географиядан және тарихтан алынған білімдер мен іскерлікке сүйеніп құрастырылған. Оқу барысында оқушыларға ізденіс жұмыстары ұсынылып отырылады. Оқ

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!