Авторлық бағдарлама. Тақырыбы: Абай әндерін, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы терең меңгерту.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Авторлық бағдарлама. Тақырыбы: Абай әндерін, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы терең меңгерту.

Материал туралы қысқаша түсінік
музыка пәні мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Павлодар облысы «Дарынды балаларға арналған №3 гимназия» мектебінің музыка пәні мұғалімі



Авторлық бағдарлама.

Тақырыбы:

Абай әндерін, жаңа әдіс-тәсілдер арқылы терең меңгерту.

Музыка пәні мұғалімі: Молхина Назира Тойбеккызы















2020-2021 Оқу жылы.





Мақсаты:

Фишбоун әдісін қолдана отырып, Абай әндерінің философиялық мағынасын ашу.

Міндеті:

  • оқушылардың Абай әндеріне қызығушылығын арттыру

  • үш тілде меңгерту

Күтілетін нәтиже: Оқушылар қазақша дағдыланған әндерді тыңдай отырып,тілдік лексика, құрылым және грамматикалар арқылы Абай әндерінің иірімдері мен формасына терең үңіледі. Олар Абайдың шығармашылығын әлемдік деңгейде танытуға үлес қосады.



Мақсаты бағытталған аудитория: Жаңартылған білім беру мазмұны курсынан өткен мұғалімдер.



Тәсілдер: Оқу ,сөздікпен жұмыс, зерттеу, жұптық ,топтық жұмыстар, сұрақ –жауап, диалог, кері байланыс.

Әдістер: «Кейіпкер анкетасы», «Ойлан-жұптас, бөліс», «» «Фишбоун», «Эмоция графигы», «Микрафон», « Шеңбер бойымен әңгіме»





















Менің авторлық идеямның тақырыбы «Абай әндерін жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып терең меңгерту»

Жаңартылған білім берудің әдіс-тәсілдерін музыка сабағында әртүрлі философиялық ойлы әндерді үйрену үшін тиімді пайдалану жолдарын қарастырдым.

Жалпы білім беретін орта мектептердегі музыка оқулығындағы ақын композиторлардың әндерін үйрету барысында бір сабақта мол ақпарат алумен қатар әндерінің орындалу ерекшеліліктерін білу маңыздылығы артуда.

Осы орайда мен ұлы Абай атамыздың 175- жылдығына орай ,әндерін оқушыға қалай тез, және түсінікті үйрету тәсілдерін ортаға салғым келеді.

Бастауыш сыныптардан бастап жоғары сыныптарға дейін Абайдың әндері

сатылап үйретіледі. Сондықтан оны жаңартылған әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып терең үйрену маңыздылығы артып отыр.

1. «Кейіпкердің анкетасы» әдісі арқылы композитордың өмір баянымен танысады.

Фотосуреті көрсетіліп тұрады. Оқушылардың кейіпкермен қаншалықты таныстылығы анықталған соң, әндерімен байланыстырылады.







Жалпы Абай атмыздың сазгерлік қырына келсек, біздің заманымызға жеткен 30 дан артық әндері жарыққа шыққан. Әндерін көбінесе дәстүрлі әншілер жеткізген. Қазіргі кезде нотасымен жарыққа шыққан интернет сайттарында да әндері бар.

Абай әндерін жалпы 5 топқа жатқызуға болады. Табиғат лирикасы, Махаббат лирикасы, үлгі, өнегелік, аударма әндері және сыншыл әндер- деп.Әндерінің орындалу ерекшеліктеріне байланысты - сөзі мен ән мәтінін бөліп қарауға болмайтындығы.

2. «Ойлан, жұптас» әдісі бойынша Абай атамыздың өнер- білімге байланысты қанатты сөздерін талқылау арқылы оқушылар өнердің мәнін терең түсінуге талпынады. Мысалы «Өнер-білім бар жұрттар», «Құлақтан кіріп бойды алар

«Туғанда дүние есігін ашады өлең», « Өлең сөздің патшасы» т.б.

«Көңілді микрафон» әдісі арқылы ән әуенін қайталап көреді. Мұғалімнің орындауы міндетті түрде аспаптар арқылы тыңдалады.( баянмен немесе домбырамен) «Өзгеге көңілім тоярсың» әнінің мағынасы мен жанрына тоқталу. Әннің мәтінініне назар аудару.

3. «Фишбоуын» әдісі арқылы әннің мағынасын терең меңгеру, түсіну.

1.Өзгеге көңілім тоярсың 2.Әуелесін,қалқысын,

Өлеңді қайтіп қоярсың. От жалын боп, шалқысын

Оны айтқанда толғанып Жылай-жырлай өлгенде,

Іштегі дертті жоярсың . Арттағыға сөз қалсын!





Орындау барысы

Басы – әннің тақырыбын анықтау; «Өзгеге көңілім тоярсың»

Үстіңгі сүйектері –Өлеңге қатысты етістік сөздерді іріктеу (тоярсың,қоярсың,қалқысын,шалқысын,өлгенде т.б)

Астыңғы сүйектері – Сын есімдерді теріп жазу( Іштегі дерт, от,жалын боп т.б)

Құйрығы – әннің шарықтау шегі ,қорытынды түйіні. Әннің кодасы.



4.«Эмоция графигі» әдісі арқылы оқушы кейіпкердің ән шығару кезіндегі көніл-күйін анықтауға тырысады. «Эмоция графигі» Бұндағы қызыл түс табиғат лирикасына байланысты шығарған әндері, көк Аударма әндері.т,с,с.

Композитордың ән шығару кезіндегі көңіл –күйі туралы графикке салу,сурет бойынша әңгімелеу, әннің иірімдерін 10%-100 % арасында көру

5. «Тыңдалмалы талқы» Шеңбер бойымен әңгіме.

1- айналым;Абай атаның әндері қай бағытта жазылған?

2-айналымАбай қандай сал-серілердің әндерімен сусындап өскен?

3- айналым; Абай атаның нотаға түскен күйлері?

4 айналым; Қандай Абай әндерін орындаушы атақты әншілерді білесің?















Қорытынды.



Осы идеялардан шығатын қорытынды.

Жаңартылған білім берудің әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, басқа да ұлы сазгерлер мен тұлғалардың шығармалырын оқушыларға терең әрі тез меңгертуге болатындығын әріптестермен бөліскім келді.



































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2021
1392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі