Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Авторлық бағдарлама "Тіл мәдениеті" үйірмесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
« Тіл мәдениеті » үйірмесінің
бағдарламасы
Үйірме жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.М.Абдыкадырова
Түсінік хат
Егеменді ел азаматын тәрбиелеудегі тіл мамандарының бірден бір алдына қойған міндеті – оқушыны тіл мәдениетіне байланысты теориялық білім бере отырып, оны өмірде орынды қолдана білуге баулу болып табылады.Тіл мәдениетін қалыптастырудың жолы – тілдің халықтық қасиетін ауыз әдебиеті үлгілері, көркем әдебиеті арқылы бала бойына сіңіру. Оқыған шығармасы бойынша ойын көркем етіп жеткізе білу де-тіл мәдениетін меңгерудің бірден бір шарты. Әрбір оқушы өз халқының,ана тілінің мұрагері болуға тиісті. Тіл тазалығына, сөйлеу шеберлігіне қазақ халқы ерекше мән берген.
Қазақ зиялылары ұлттық тілдің , ой мен сөздің құдіретін , мүмкіндігін терең танып, оған үлкен мән бергені белгілі.Абай «Тіл өнері – дертпен тең » немесе «Өнер алды – қызыл тіл » деп әрі қысқа , әрі нұсқа үлгіде білдірген.Мәшһүр Жүсіп: «Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Сол ата-бабаның тілі болған қазақ тілін осы күнгі қазақтың жалғызы білмейді. Егер қазақ тілін білсе , дін де осында , ғылым, білім де осында » деген екен.
Сондықтан 6,8- сыныптар үшін қазақ тілін тереңдете оқытуды дұрыс деп танып, осы бағдарламаны ұсынып отырмын.Бұл бағдарлама ең алдымен көлемі жағынан шағын, теориялық мәліметтері нақтылы тіл білімінің соңғы жаңалықтарымен қамтылған.Оқу сауаттылығын дамыту мақсатында мәтінмен жұмыс түрлері қамтылған. Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясын қолдана отырып қазақ тілінің грамматикасын тереңінен меңгерту көзделеді. Елбасымыздың жолдауын жүзеге асыру мақсатында Латын әліпбиіне көшу қажеттіліктері және Елбасы ұсынған латын әліпбиінің соңғы нұсқасымен оқушыларды таныстыру мақсатында тақырыптар берілген. Бағдарлама аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа құрылған.
Мұндай үйірмелердің ерекшелігі , оқушының өзіне деген сенімділігі артады, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылардың сөз байлығы, сөз тапқырлығы мен ой дәлдігі, шешендік өнер және сөз мәдениетін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептің қазақ сыныптарына арналған.
«Тіл мәдениеті» үйірме жұмысының мақсаты:
Сөйлеу, тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген оқушыны тәрбиелеу және қазақ тілі сабақтарында ақпараттық,тілдік қарым – қатынасты дамытып, өзінің ана тілі-қазақ тілін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыру.
Міндеті:
Сөз адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, байыптылығын, ақыл-парасатын көрсететінін ұғындыру;
Сөйлеу мәдениетіне қай уақытта болса да ерекше мән бергенін, қай халық болса да жоғары бағалағанын түсіндіру;
Сөйлеу мәдениеті сөйлеуші адамның ішкі жан дүниесінің тазалығына да, сөз өнеріне де қатыстылығын ескере білу;
Сөзге шешен адам мәдениетті әрі шебер сөйлей білу керек екеніне түсінік беру; Мәдениетті, ой-өрісі жоғары, өмірге сенімді, адал адамдардың сөйлеу тілі де жоғары болуға тиістілігін аңғарту;
Тіл - адамның ішкі жан дүниесінің айнасы екенін ұғындыру.
Күтілетін нәтиже:
Тіл білімі салалары, қазақ тілінің грамматикасы бойынша білімдері, оқу сауаттылығы артады.
Тіл мәдениетін меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған оқушы қалыптасады.
Ұлттық мәдениетті құрметтей білетін, рухани адамгершілігі мол, отансүйгіш азамат болып қалыптасуына ықпал жасалады.
Үйірме жұмысының базалық білім мазмұны төмендегідей тақырыптарды қамтиды:
Ана тілінің қызметі.(1сағат) Тілдік қарым-қатынас,ұлттық мәдени ұлағат.Тіл мәдениеті,сөз зергері болу мүмкіндіктері туралы ақпараттар,қазақ тілінің басқа тілден айырмашылығы. Тілші ғалымдардың тіл туралы пікірлері
Әдеби тілдің нормалары. (1сағат) Тілдік нормалар мен стильдік жүйелер, орфографиялық және орфоэпиялық нормалар туралы түсінік. Әдеби тілдің сөйлеу тілінен жоғары тұрған көркем тіл екендігі, халықтың бәріне бірдей ортақ әрібәріне бірдей түсінікті болып келетіндігі. Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді, олар: ауызшажәне жазбаша тіл.
Мәтін және сөз мағынасын білу мәні. Мәтіннің құрылысы. Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі. (4 сағат). Мәтін мазмұнына сәйкес ат қою, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, көлемді мәтінді ықшамдау. Мәтіндер бойынша жазба. Мәтіннің түрлері. Ауызекі сөйлеугеқатысты мәтіндер, ондағы тақырыптық ерекшеліктер. Оның берілу формалары, сөйлем құрау жүйесі. Жазбаша мәтіндер. Тақырыбы, негізгі идеясы. Ойдың берілу тәсілдері: әңгімелеу,баяндау, сипаттау, талқылау, мінездеу және т.б. Мәтіннің құрылысы. Абзац. Сөйлем. Сөйлемдердіңбайланысы. Әр абзацтағы, әр сөйлемдегі тірек сөздер.
Қазақ әліпбиінің тарихы.Латын әліпбиіне көшу-заман талабы. Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы.(3 сағат) Қазақ әліпбиінің тарихы, латын әліпбиіне көшу- өркениет жолы, заман талабы. Елбасының жолдауы «Болашаұұа бағдар:рухани жаңғыру», қоғамдық пікір, латын әліпбиіне көшу кезеңдері.Елбасының 2018 жылдың ақпанында ұсынған соңғы нұсқасымен таныстыру, латын әліпбиінің емлесі, ерекшеліктері мен басымдықтары.
Тіл білімінің салалары туралы түсінік. (1 сағат) Тіл білімі ғылымының салалары:фонетика,лексика, морфология,синтаксис.Зерттеу нысандары. Қазақ тіл білімін зерттеген лингвист ғалымдар.
Фонетика. Тілдің дыбыстық жүйесі. (3 сағат) Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау. Фонетикалық талдаудың түрлері. Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру.Сатылай кешенді талдаудың математикалық тәсілі. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың жіктелуі.Сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасау.Сөздерге сөзсазындық талдау жасау сатылары, сөздердің айтылу ,жасалу, жазылу жолдары, буын түрлері, тасымал, үндестік заңы.
Лексика-тіл білімінің саласы (6 сағат) Сөз мағынасы. Тура және ауыспалы мағына, синоним,омоним,антоним сөздер.Табу, эвфемизм,дисфемизм.Жаңа сөздер мен көнерген сөздер.Диалект сөздер, кәсіби сөздер, терминдер.Фразеологизмдер.Лексикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау үлгісі.
Морфология.Сөзжасам.(5сағат) Морфема,грамматикалық тұлғалар. Сөз таптары, сөз құрамы,түбір мен қосымша, қосымшаның түрлері,жалғаулар. Сөз таптарының түрленуі. Морфологиялық бірліктерді, сөз таптарын сатылай кешенді талдау үлгісі .
Синтаксис.Сөйлем мен сөз тіркесі. Сөйлем мүшелері. (5 сағат) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.Сөз тіркесінің түрлері мен байланысу тәсілдері.Синтаксистік қатынас.Сөйлем мүшелерінің қызметі. Синтаксистік бірліктерді сатылай кешенді талдау үлгісі.
Тіл мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті.(5 сағат) Сөз саптау мен сөз сапасы, сөз әдебі мен сөйлеу мәдениеті, сөз тапқырлығы мен ой дәлдігі. Стиль нақыштары, ресми-іскерлік қатынас, тұлға сөзі мен азаматтық пікір, сөз байлығы мен шешендік өнер, тіл көрнектілігі мен сөз құрылымы. Әдеби шығармаларды (поэзялық және прозалық) сатылай кешенді талдау.Шығармашылық жұмыстар: эссе, баяндама, пікірталас, тест.
6-сынып
Аптасына 1 сағат, жылына 34-сағат
№ |
Тақырып |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Ана тілінің қызметі. |
1 |
4.09 |
2 |
Әдеби тіл және оның нормалары |
1 |
11.09 |
3 |
Мәтін және сөз мағынасын білу мәні |
1 |
18.09 |
4 |
Мәтіннің құрылысы |
1 |
25.09 |
5 |
Көркем мәтінді ықшамдау |
1 |
2.10 |
6 |
Ауызша және жазбаша сөйлеу тілі |
1 |
9.10 |
7 |
Қазақ әліпбиінің тарихы |
1 |
16.10 |
8 |
Латын әліпбиіне көшу-заман талабы |
1 |
23.10 |
9 |
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы |
1 |
6.11 |
10 |
Тіл білімінің салалары туралы түсінік |
1 |
13.11 |
11 |
Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау |
1 |
20.11 |
12 |
Дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру |
1 |
27.11 |
13 |
Сөзсазындық (фонологиялық) талдау жасау |
1 |
4.12 |
14 |
Лексика-тіл білімінің саласы |
1 |
11.12 |
15 |
Сөз мағынасы. Көп мағыналы сөздер. |
1 |
18.12 |
16 |
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы |
1 |
25.12 |
17 |
Лексиканың қолданылу аясы |
1 |
15.01 |
18 |
Фразеологизмдердің қолданылуы |
1 |
22.01 |
19 |
Лексикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау |
1 |
29.01 |
20 |
Морфология. Сөз таптары |
1 |
5.02 |
21 |
Сөзжасам. Сөз таптарының жасалуы |
1 |
12.02 |
22 |
Морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау |
1 |
19.02 |
23 |
Синтаксис-тіл білімінің саласы |
1 |
26.02 |
24 |
Сөйлем және сөз тіркесі |
1 |
4.03 |
25 |
Сөйлем мүшелері туралы түсінік |
1 |
11.03 |
26 |
Сөздердің байланысу тәсілдері |
1 |
18.03 |
27 |
Синтаксистік бірліктерді сатылай кешенді талдау |
1 |
7.04 |
28 |
А.Құнанбаев «Қыс» , «Сегіз аяқ» өлеңдерін талдау |
1 |
8.04 |
29 |
«Аяз би» ертегісін сатылай кешенді талдау |
1 |
15.04 |
30 |
Сөз саптау мен сөз сапасы. Поэзиялық шығармаларды сатылай кешенді талдау |
1 |
22.04 |
31 |
Стиль нақыштары. Прозалық шығармаларды сатылай кешенді талдау |
1 |
29.04 |
32 |
Сөз әдебі мен сөйлеу мәдениеті. Баяндама |
1 |
6.05 |
33 |
Сөз байлығы мен шешендік өнер. Эссе |
1 |
13.05 |
34 |
Тіл мәдениеті жайлы түйін сөз. Эссе |
1 |
20.05 |
8 –сынып
Аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
№ |
Тақырып |
Сағат саны |
Мерзімі |
1 |
Ана тілінің қызметі |
1 |
|
2 |
Тілдік қарым-қатынас |
1 |
|
3 |
Ұлттық мәдениет ұлағаты |
1 |
|
4 |
Қазақ әліпбиінің тарихы |
1 |
|
5 |
Латын әліпбиіне көшу-заман талабы |
1 |
|
6 |
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы |
1 |
|
7 |
Тіл білімінің салалары туралы түсінік |
1 |
|
8 |
770 ₸ - Сатып алу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз |