Материалдар / Авторлық бағлардама вариативті курс үлгісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Авторлық бағлардама вариативті курс үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Авторлық бағлардама вариативті курс үлгісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Шілде 2024
249
3 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БАҒДАРЛАМА

вариативті курс


Қазақстандағы темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер

5-сынып оқушыларына арналған

аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат


Г.Т.Ахметова

345 мектеп гимназияның тарих мұғалімі


Пікір жазғанда:

О.Д. Махатова әл- Фараби атындағы ҚазҰУ ның Қазақстан тарихы Кафедра меңгерушісінің халықаралық байланыс және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша орынбасары, PhD, аға оқытушы

М.Р. Даеомова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ның доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, Халықарарлық «геоархеология» ғылыми зерттеу зертханасының директоры


Түсініктеме хат

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы ата-бабаларымыздың сан мыңдаған жылдар бергі асыл арманы» деп айтқаны баршаға мәлім. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өткен тарихымызды саралап, сананы жаңғырту арқылы жастардың бойынша патриоттық сезімді ояту, оны дамыту. Ол үшін оқушыларға ұлттық тарихи мәдени құндылықтарымызды үйлестыре олтырып, тереңдетіп оқыту. «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласы біздің тарихи санамызға серпін берді. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешу мүмкіндігі туды. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді дамытып, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарау мақсатында Ұлы даланың жеті қыры: 1. Атқа міну мәдениеті 2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия. 3.Аң стилі 4.Алтын адам. 5.Түркі әлемінің бесігі. 6.Ұлы Жібек жолы 7.Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны деп көрсеткеніндей ұсынып отырған бұл бағдарламада «Ұлы Даланың жеті қыры» түгел қамтылған. Ал аң стилі және Алтын адам еліміздің тарихында ерекше орын алады. Олар темір дәуірінің археологиялық ескерткіштеріне жатады. Бағдарламада темір дәуіріндегі археологиялық ескертер еліміздің тарихында ерекше орын алатындығы және зерттелуі туралы оқушылар танысады. Сабақ барысында оқушыларға тарихи деректерді оқыту мен зерттеу арқылы еліміздің тарихын жете түсінуге, өзіндік баға беруге үйрету көзделеді. Осы бағдарлама арқылы тарихи дерекпен жұмыс барысында әрбір оқушы жобалау, зерделеу, зерттеу, шығармашылық дағдыларын қалыптастырады.Бұл бағдарлама мемлекеттік білім стандартына негізделіп Қазақстандағы тарихи пәнінің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жазылды.

Бағдарламаның мақсаты:

Тарихи құбылыстармен оқиғаларды өзіндік бағалауға, тарихи деректер арқылы дәлелдеуге және зерттеуге үйрету.

Қазақстандағы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері мен олардың ерекшеліктері және археологиялық ескерткіштерді зерттеген ғалымдармен таныстыру;

Темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін танып-игерту арқылы оқушылардың туған өлкенің тарихы мен сырын білуге деген құштарлығын ояту және отансүйгіштік қасиетке тәрбиелеу;

Темір дәуірінің археологиялық ескерткіштер факультативлық курстың негізгі міндеттері мен әрбір тақырыбын интерактивті жаңа ақпараттық технологиялар көмегімен өткізу, темір дәуірі археологиялық ескертіштерінің электронды қаталогын жасау, сақтардың археологиялық ескерткіштеріне саяхаттар ұйымдастыру;

Темір дәуірі археологиялық ескерткіштерді зерттеп жүрген ғалымдардың қатысуымен ашық сабақтар, біріккен семинарлар өткізу.

Бағдарламаның міндеттері:

Оқушылар бойына патриоттық-азаматтық құндылықтарды дарыту.Туған жерге, тарихына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.Рухани сананың жаңаруына ықпал жасау.Алған білімдерін болашақта ел қажеттілігіне жұмсауға, тарихи ескерткіштерді қорғауға тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларға тарихи деректерді оқыту мен зерттеу арқылы еліміздің тарихын жете түсінуге, өзіндік баға беруге үйрету көзделеді. Осы бағдарлама арқылы тарихи дерекпен жұмыс барысында әрбір оқушы жобалау, зерделеу, зерттеу, шығармашылық дағдыларын қалыптастырады. Ұсынылып отырған «Қазақстандағы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері» атты бағдарлама жаңартылған білім мазмұны негізінде жасалып, оқушыларға білім мазмұнын тереңдетуге, білімді игеру барысындағы іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыруға үлесін тигізеді. Бағдарлама білім стандартын басшылыққа ала отырып, темір дәуіріндегі Есік обасы. «Алтын адам», Шілікті және Бесшатыр патша қорғандары, Берел – «Мәңгілік мұздықта» сақталған жәдігерлер, «Аң стилі», «Тасмола мәдениетті», Шығу қаласы, Отырар-Қаратау мәдениетердің әлемдік өркениеттегі алатын орнын тереңірек меңгеруге ықпал етеді. Бағдарлама 5-сыныпқа 34 сағатқа күнтүзбелік бағдарлама ретінде аптасына 1 сағатқа қамтылған, бағдарламада сағат саны талапқа сай бөлінген, бөлінген уақыт мөлшеріне сәйкес нақты белгілеу оқытушының өз қалауына қалдырылған. Сонымен қатар бағдарлама бойынша алынған материалдар мен тәсілдер 5 сынып оқу стандартына сай, ұқсас мәтіндермен қамтылған.

Темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін тарихи ескерткіштер мәртебесімен, туристік нысандармен, орналасу және жасалу ерекшелігімен таныстыру;

Темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері арқылы ежелгі тайпалардың тұрмысын, дүниетанымын сараптау;

Темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихымен таныстыру;

Ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тақырыптарға қорытынды жасауына, салыстыруына, жинақтауына ықпал ету

Оқушыларды тарихи деректермен жұмыс істеуге дағдыландыру



Тұрақтылау (мазмұндық) бөлім

5-сынып (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

1, 2тақырып. Қазақстандағы темір дәуіріндегі ескерткіштері.

Темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштеріне маршруттық экскурсия.

3,4тақырып. Обалар.

Оба туралы түсінік. Қорым. Патша қорғандары.

5,6 тақырып

Қазақстандағы темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеген ғалымдар.

Ә.Марғұлан, М. Қадырбаев, С.Черников, К. Ақышев, З.Самашев, Ә.Төлеубаевтардың зерттеулерімен танысу.

7,8,9 тақырап.

Жетісу жеріндегі археологиялық ескерткіш Есік қорымы.

Есік обалары. «Алтын киімді адам».

10, 11тақырып.

Шығыс Қазақстандағы Шілікті патша қорғандары.

Шілікті қорымы. «Патша обалары». Бәйгетөбе обалары.

12,13 тақырып.

Жетісу жерінен табылған Бесшатыр патша қорғандары.

Бесшатыр қорымы. «Сақ пирамидалары»

14,15 тақырып

Берел қорғандары.

Берел қорымы және оның ерекшеліктері. «Мәңгілік мұздықпен» танысу.

16,17 тақырып

Аң стилі.

Бейнелеу өнері. Аң стилі. Зергерлік. Полихромды стиль. Петроглифтер.

18,19 тақырып

Орталық Қазақстаннан табылған Тасмола мәдениеті.

Тасмола мәдениеті. «Мұртты обалар». «Мұртты обалардың» түрлері.

20,21 тақырып

Ежелгі үйсін тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

Чигучен (Шығу) қаласы.

22,23 тақырып

Қаңлылардың археолгиялық ескерткіштері.

Қауыншы мәдениеті, Жетіасар мәдениеті, Отырар-Қаратау мәдениеті.


24,25 тақырып

Аралтөбе қорымы.

Аралтөбеден табылған батырдың зиратты.

26,27 тақырып

Тасқай кешені.

«Алтын ханшайым».

28,29,30 тақырып

Қазіргі кезеңде темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінді зерттелеу дәрежесі.

Бүгінгі күндегі темір дәуірі археолгиялық ескерткіштері туралы жасалған зерттеу жұмыстарымен танысу.

31,32 тақырып

Қазақстандағы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін: қорғау және сақтау мәселелері

Қазақстандағы темір дәуірінің ескерткіштерінң сақталу және қорғалу мәселелерімен танысу.

2 сағат жиынтық бағалау (ЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауға (ЖБ) беріледі.


Нормативті бөлім.

Тақырыптық жоспар

34 сағат

п/п



Тақырыптың аты



Оқу мақсаты


Сағат саны



Өткізілу түрі



Білім өнімі

Барлығы

Лекция/

Теория



Практика/


1.

Кіріспе:

Темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштеріне маршруттық экскурсия.

Темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін анықтау.

2

1

1

Маршруттық экскурция



Маршруттық экскурциялардың

жоспарын жасау.

2.

Оба туралы түсінік. Қорым. Патша қорғандары.


Оба, қорым, патша қорғандарының ерекшеліктерін анықтау.

2

1

1

Қазақстанның археологиялық картасымен жұмыс

Картамен жұмыс жасау

Оқушы рубрикасы

3.

Қазақстандағы темір дәуіріндегі археологиялық ескерткіштерді зерттеген ғалымдар.

Ә.Марғұлан,

М. Қадырбаев, С.Черников,

К.Ақышев, З.Самашев, Ә.Төлеубаевтардың зерттеулерімен танысу.

Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;


2

1

1

Ғалымдардың темір дәуірінің археологиялық зерттеулері туралы жұмыстарымен танысу

Деректермен жұмыс жасау

Оқушы рубрикасы

4.

Жетісу жеріндегі археологиялық ескерткіш Есік қорымы.

Есік обалары. «Алтын киімді адам».


Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау;


3

1

2

Есік мұражайына экскурция

Экскурция

бойынша

оқушы рубрикасы

5.

Шығыс Қазақстандағы Шілікті патша қорғандары.

Шілікті қорымы. «Патша обалары». Бәйгетөбе обалары.


Шілікті қорымы археологиялық ескерткіштерді сипаттау; әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;

2

1

1

Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтына экскурция

Экскурция

бойынша

оқушы рубрикасы

6.

Жетісу жерінен табылған Бесшатыр патша қорғандары.

Бесшатыр қорымы. «Сақ пирамидалары»

Бесшатыр қорымы «Сақ пирамидалары» ның ерекшеліктерін анықтау.

2

1

1

Орталық

Мұражайға экскурция


Экскурция

Оқушы рубрикасы

7.

Берел қорғандары.

Берел қорымы және оның ерекшеліктері. «Мәңгілік мұздықпен» танысу.

Берел қорғандары ескерткіштерінң ерекшеліктерін анықтау.

2

1

1

әл-Фараби атындағы ҚазҰУның археология мұражайына экскурция

Экскурция

Ғылыми зерттеу жұмысы

8.

Аң стилі.

Бейнелеу өнері. Аң стилі. Зергерлік. Полихромды стиль. Петроглифтер.

Ежелгі тайпалардың дүниетанымын анықтау

2

1

1

Боралдай сақ қорғандарына экскурсия

Тарихи талдау жасау

9.

Орталық Қазақстаннан табылған Тасмола мәдениеті.

Тасмола мәдениеті. «Мұртты обалар». «Мұртты обалардың» түрлері.

Археологиялық ескерткіштердің ерекшеліктерін анықтау;


2

1

1

Шығармашылық сабақ

Тасмола мәдениетінң компютерде сұлбасын жасау

10.

Ежелгі үйсін тайпаларының археологиялық ескерткіштері.

Чигучен (Шығу) қаласы.

Әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;


2

1

1

Орталық кітапхана

Зерттеу бағытындағы маршрут.

Оқушы рубрикасы

11.

Қаңлылардың археолгиялық ескерткіштері.

Қауыншы мәдениеті, Жетіасар мәдениеті, Отырар-Қаратау мәдениеті.

Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

2

1

1

Шығармашалақ тапсырмалар

Тезистер даярлау.

12.

Аралтөбе қорымы.

Аралтөбеден табылған батырдың зиратты.

Аралтөбе қорымының ерекшеліктерін анықтау


2

1

1

Шығармашылық тапсырмалар

Баяндама,

Оқушы рубрикасы

13.

Тасқай кешені.

«Алтын ханшайым».

Тасқан кешенінің ерекшеліктерін анықтау.


2

1

1

Шығармашылық тапсырмалар

Баяндама,

Оқушы рубрикасы

14.

Қазіргі кезеңде темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінді зерттелеу дәрежесі.

Бүгінгі күндегі темір дәуірі археолгиялық ескерткіштері туралы жасалған зерттеу жұмыстарымен танысу.

Темір дәуірінң археологиялық ескерткіштердің зерттелуі дәрежесін анықтау;

3

1

2

әл-Фараби атындағы ҚазҰУның археология және этнология кафедрасының оқытушыларымен кездесу. конференция

Баяндама,

Оқушы рубрикасы

15.

Қазақстандағы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерін: қорғау және сақтау мәселелері

Қазақстандағы темір дәуірінің ескерткіштерінң сақталу және қорғалу мәселелерімен танысу.

Археологиялық ескерткіштердің сақталу және қорғалу дәрежесін анықтау.

2

1

1

Шығармашылық тапсырмалар

Баяндама,

Оқушы рубрикасы

16

Қорытынды


2


2

Жинақтау

Жиынтық бағалау

17

Барлығы

34

15

19




Ақпараттық-әдістемелік бөлім

Оқушыларды курс бойынша бағалау:

Оқушылардың білімін бағалауда тапсырманың дұрыс орындалуына мүмкіндік беру үшін әр сабақ тапсырмаларына бағытталған бағалау критерийлер арқылы оқушы білімін өзін-өзі бағалау,жұптық бағалау, топты бағалау,критериалды бағалау және формативті бағалау түрлерін жүзеге асыра алады.Оқушылар білімі мен бағаларын жоғарылату мақсатында мұғалімге сұраныс жасай алады.

Оқушының жұмысына кеңейтілген түсініктемені төмендегідей жүргізе аламыз:.

- Жауаптың дұрыс және нақты болуы;

- оқушының тарихи деректі дұрыс талдай алуы;

- Оқушының тақырыптан нақты ойды ерекшелеп жеткізе білуі;

- Ойын сыни тұрғыдан жеткізуге назар аудару;

- Өтілген материалды толық меңгеріп, тарихи деректі талдай алса, зерттеу жұмыстары тарихи фактілерге негізделсе, өзінің сыни пікірін ашық айта алса «керемет».

- Өтілген материалды толық түсініп, тарихи хронологиядан қателіктер жіберіп,сұрақ –жауап арқылы қатесін түзеткен жағдайда, «жақсы» деген баға қойылады.

- Өтілген тақырыптың мазмұнын түсініп ойын жеткілікті деңгейде жеткізе алмаған жағдайда, түзетулер жиі болған кезде, тарихи терминдерге дұрыс түсініктеме бере алмаған жағдайда «орташа» деген баға қойылады.

Курстан күтілетін нәтижелер: Қазақстандағы темір дәуірінің археологиялық ескерткіштерінің тарихын игереді; тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихи маңызын ғылыми-танымдық және практикалық тұрғыда игереді; археологиялық нысандарының әлемдік туристік ортада алатын орнын айғақтап, ғылыми, көпшілік ортада насихаттай алады; тарихшы, археолог, этнолог, музейтанушы, ескерткіштанушы мамандықтарының сырын түсінеді. Практикалық тұрғыда археологиялық орындарға экскурсия, ғылыми орындарға экскурсия бойынша маршруттық-гидтік, лекторлық саяхат, экскурстар жүргізудің маңызын түсінеді. (практикалық сабақтарда )


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. – Алматы, 2003.

2. Алматы тарихы. Ежелгі заманнан қазіргі заманға дейін. Екі томдық. – Алматы: «Gredos», 2009.

3. . Археология Семиречья. 1857-1912 г.: Сборник документов и материалов /Ссост: И.М. Самигулин. – Алматы: Издательство LEM, 2001. 664 с. + 28 с. вкл.

4.Толығырақ: https://egemen.kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-uly-dalanynh-zheti-qyry

5.Қазақстан тарихы Б.Е.Көмеков, Атамұра 2017ж

6. Ежелгі Қазақстан Ә.Төлеубаев Атамұра 2015 ж

7.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) 1 том.Алматы 1996ж

8.Ұлы дала мемлекеттер Алматы 2006ж

9.Сақтар. тарихи роман-диалог, Алматы 1991ж

10.К.А.Ақышев Есік қорғаны,1978ж

11.Сейдімбеков А Қазақ әлемі.Этномәдени пайымдау.Алматы 1997ж

12.К.А.Ақышев Есік қорғаны. Мәскеу. 1978ж (орыс тілінде)

13.Б Жандарбеков Сақтар. Тарихи роман-диалог, Алматы 1991ж


Қосымша.

1.Есік қорғаны «Атын адам»- Есік қаласына тарихи мұражайға саяхат

2. Боралдай сақ қорғандарына саяхат

3. Ә.Марғұлан атындағы археологиялық институтына экскурция

4. әл-Фараби атындағы ҚазҰУның археология мұражайына экскурция

5. Ғылыми практикалық конференция «Қазіргі кезеңде темір дәуірі археологиялық ескерткіштерінді зерттелеу дәрежесі.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!