Материалдар / Ауа райы және метеорологиялық элементтер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Материал туралы қысқаша түсінік
география пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Маусым 2018
2965
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3. Физикалық география

3.2 Атмосфера

Мектеп: Қуағаш НМ

Күні: 15.10.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Янтурсин О.Ю

Сынып: 7 «а»

Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Ауа райы және метеорологиялық элементтер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.3-«ауа райы» ұғымын түсіндіреді

7.3.2.4-температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтер мен құбылыстарын сипаттап, зерттеу маңыздылығын анықтайды

7.3.2.5-температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштерін өлшеп, метеорологиялық құрал-жабдықтарды қолданумен тіркейді

7.3.2.6-жергілікті жер мүмкіндігі бойынша температура, қысым, жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

«Ауа райы» туралы анықтамалар мен терминдерді біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

Ауа райы элементтерінің ерекшеліктеріне талдау жасау арқылы сипаттама бере алады.

Кейбір оқушылар:

Климаттық факторлардың табиғатқа әсерін талдау арқылы жіктейді.

Жетістік критерийлері

Білу, түсіну: Ауа райы элементтерін анықтайды, айқындай біледі

Ауа райының элементтерінің түрлерінің қажеттілігін түсіндіреді.

Талдау:Ауыл шаруашылығына ауа-райының маңыздылығын талдайды.

Жинақтау: Ауа райы элементтерінің маңыздылығы бойынша жіктейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамытады, географиялық дереккөздерімен танысады, өз ойларын жеткізеді.

Пәнге тән лексика мен терминология: атмосфера, метеорология, гидросфера, синоптик, казгидромед.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер:

Метеорология, Казгидромет, Ауа-райы картасы. Синоптик

Құндылықтарды дарыту

Ауа райы элементтері: желдің күшін, күннің энергиясын бүгінгі таңдағы қоршаған ортаға зиянсыз энергия көздері ретінде пайдалану

Пәнаралық байланыстар

Физика-табиғаттың компоненттерінің қасиетін, ерекшеліктерін үйренгенде байланысады.

Әдебиет-ауа-райы элементтерін сипаттауда әдеби тілмен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,

Бастапқы білім

Атмосфера оның қабаттары, жердегі тіршілік үшін маңызын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың барысы



Ұйымдастыру сәті.

  • Үй тапсырмасы «Өрмекші торы» әдісі бойынша өткен тақырыптардан сұрақтар қойылады.

  • Оқушыларды сынып ішінде ауа райы белгілерін қимыл-қозғалыс пен дыбыстық белгілер бойынша көрсету жаңа тақырыпты айқындау.

  • Топқа бөлу:

1 топ-Барометр, 2 топ-Гигрометр, 3 топ-Термометр

Суреттер бойынша

Сабақтың ортасы/сабақ-тың негізгі бөлімі

Қызығушылықты ояту. «Сен білесің бе?»

Бүгінгі сабақта не талқылаймыз, не өтеміз деп ойлайсыздар? Өз ойларыңды ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «Топтас, талқыла, бөліс» әдісі /Топтық жұмыс/

Мәтінді оқып шығыңыз, ұсынылған сұрақтардың жауаптарын талқылаңыз: Әр топқа ауа райы, температура, ауа райы элементтері мен құбылыстарын саралау тапсырмасы.

  1. Ауа райы дегеніміз не?

  2. Ауа райы элементтері

  3. Ауа райының қалыптасуы неге байланысты?

  4. Синоптикалық метеорология немен шұғылданады?

  5. Мемлекеттік Казгидромет қандай орталық?

  6. Ауа райы картасы қалай жасақталады?

  7. Ауа райын бақылау не арқылы жүргізіледі?

  8. Жергілікті жердің ауа райы дегеніміз не?

Бағалау критериийі

Дескрипторлар

Келісемін/

келіспеймін

Географияның зерттеу нысандарын салаларының мәтіндерін талқылау, саралау

1

Ауа райы ұғымын анықтағаны үшін


2

Ауа райы элменттерінің түрін жіктегені үшін


3

Мемлекеттік Казгидромет орталығы, жергілікті жердің ауа райы, ауа райы картасын білгені үшін



2- тапсырма. Сәйкестендіру /Жеке жұмыс/

1.Термометр Қысымды өлшейтін құрал

2.Барометр Жауын-шашын өлшенеді

3.Гигрометр Температура өлшенеді

4.Изобара Жауын-шашын түсетін бірдей нүктелерді қосатын сызықтар

5.Изотерма Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтар

6.Изогиета Атмосфералық қысы бірдей нүктелерді қосатын сызықтар

Бағалау критериийі

Дескрипторлар

+/-

Ауа райын зерттеу, құрал-жабдықтарды қолдану

1

Метеорология станцияларында қолданатын құралдарды дұрыс табады


2

Мектеп атластарындағы климат карталарындағы изосызықтарды ажырата біледі


3-тапсырма: «Мені таны» ойыны. /Жұптық жұмыс/

Оқушылар берілген фото-суретте:

1.Не бейнеленген?

2.Бұлттардың түрлерін ажырату, олардың орналасу қашықтықтары?

3.Ұандай бұлттардан жауын-шашын түрлері жауады?


Бағалау критериийі

Дескрипторлар

Оңай/Қиын

Бұлттардың түрлерін анықтау, орналасу қабаттарын ажырату

1

Бұлттардың түрлерін дұрыс анықтағаны үшін


2

Қандай бұлттардан, жауын-шашын түрлері жауады?


3

Суреттерін дұрыс жіктегені үшін?



4-тапсырма: Әр оқушы ауа райын бақылау үшін күнделік арнау керек. Кесте арқылы тәуліктік, айлық, жылдық температураны есептеу. /Жеке жұмыс/

Сағат

1:00

7:00

13:00

19:00

Температура

200С

140С

300С

350С


200С+140С+300С+350С=990С:4=230С

Бағалау критериийі

Дескрипторлар

Оңай

/Қиын

Ауа райы температула-рын есептеу

1

Тәуліктік температураны есептегені үшін


2

Айлық температураны есептегені үшін


3

Жылдық температураны есептегені үшін



Бүгінгі өткен сабақ бойынша оқушылар ойларын жинақтап «түйінді сөзді мен айтайын» әдісі арқылы қазақ әдебиетіндегі ауа райына қатысты бір-бір мақал-мәтелдер айту.

Бағалау: Бірін-бірі фигуралар арқылы бағалайды.


Сабақтың соңы

«ҚАҚ» әдісі арқылы жаңа мәліметті игерудің белсенді тәсілі арқылы сабақты қорытындылаймын.

Оқушылар бүгінгі тақырыпты түсініп, бірін-бірі тыңдағанда жекелей мынадай кестені толтырып отыру керек:


Қосу

Азайту

Қызықты





Үй жұмысы: Өз өлкеміздің ауа райынаа сипаттама беру және кескін картаға түсіру


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ жоспарында дайындалған тапсырмалардың көпшілігі жекелеген оқушылар өз деңгейлерінде орындай алатын жеңіл тапсырмалар. Ал қабілеті жоғары оқушыларға қосымша күрделенген тапсырмалар беруге болады.

Жетістік критерийлері арқылы бағалау:

Өзін-өзі бағалау;

Өзара топтық бағалау;

Мұғалім-эксперт


Сабақ соңында оқушылар бүгінгі өтетін тақырыпты қаншалықты меңгергендігін «ҚАҚ» әдісі арқылы оқушылар өтілген тақырып бойынша түсініктерін жазады.

Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау ұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың басынан бастап әрбір тапсырмалар бойынша оқушылар үнемі бағаланып отырады. Қолыма жұлдызша, не табиғат бейнесіне байланысты стикерлерді алып, берілген тапсырмалар бойынша жылдам, әрі дұрыс жауап беріп отыратын оқушыларды мадақтап, қолпаштап отырамын.


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Үй тапсырмасы бойынша білімдерін талдау кезеңі;

2:Ауа райы және метеорологиялық элементтері;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойлыныңыз)?

1:Ойын элементтерін қосқанда жақсы болар еді;

2:Қазақтың ұлттық тілімізде ауа райының түрлері: қар, жаңбыр, бұршақ, жел, найзағай, су тасқындары, көк тайғақ, дауыл т.б. байланысты нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді сұрау арқылы оқушылардың білім-біліктерін арттыру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1:Әрбір тапсырманы жеңілден күрделіге қарай дайындап отыруды;

2:Қызқты есептеулер мен зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!