Материалдар / «Ауа райының құбылыстары мен халықтық болжам арасындағы үндестік»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ауа райының құбылыстары мен халықтық болжам арасындағы үндестік»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жұмыста ауа райы мен халық арасындағы болжамдардың үндестігі жайында зерттелген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2023
480
5 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
«Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
Бағыты: Таза табиғи орта – Қазақстан -2050 стратегиясын іске асырудың
негіздері
Секция: Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау
Тақырыбы: «Ауа райының қҧбылыстары мен халықтық болжам
арасындағы ҥндестік»
Авторы: Егембердиева Әсем Қанатбекқызы
«Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
8 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Егембердиева Маржан Мирзахановна
«Қазығұрт» жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің
информатика пәні мұғалімі

1

Мазмұны

І. Кіріспе...............................................................................................1-3
ІІ. Негізгі бӛлім...................................................................................4
2.1. Ауа райының қҧбылыстары..........................................4-6
2.2. Ауа райының адамзатқа тигізетін әсері.......................7
2.3. Ауа райынан болатын апаттар.....................................8
2.4. Ауа райын бақылау .........................................................9-10
2.5. Табиғатты бақылаудағы ҧлттық
ерекшеліктер.....................................................................11-12
Тәжірибе.....................................................................................13
ІІІ. Қорытынды..................................................................................14
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................15

2

Аннотация
«Ауа райының құбылыстары мен халықтық болжам арасындағы үндестік»
ғылыми жобасында ауа райы және құбылыстары туралы толыққанды мағлұмат
берілген. Ауа райының адам ӛмірінде қаншалықты орын алатыны дәлелдермен
кӛрсетілген. Сол арқылы ауа райы мен халық болжамы арасындағы байланыс
анықталған. Ғылыми жоба орындау барысында баяндау, жинақтау, салыстыру
және талдау әдістері қолданылған.

Аннотация
Научный проект «Взаимосвязь погодных явлений и общественной
гипотезы» предоставляет подробную информацию о погоде и явлениях.
Свидетельство того, как погода может иметь место в жизни человека. Таким
образом, определяется связь между прогнозами погоды и гипотезой населения.
В ходе исследовательского проекта использовались методы отчетности,
обобщения, сравнения и анализа.

Annotation
The scientific project "Interrelationship between weather phenomena and
public hypothesis" provides detailed information about weather and phenomena. The
evidence of how weather can take place in human life. The relationship between
weather and population forecasts is thus defined. During the research project, the
methods of reporting, summarizing, comparing and analyzing were used.

3

Ауа райының қҧбылыстары мен халықтық болжам арасындағы ҥндестік
КІРІСПЕ
Адамзат пайда болғаннан бастап табиғатпен тікелей байланыста. Адам
табиғаттың ӛнімі. Табиғатта пайда болады, табиғатта қоректенеді, ақырында
табиғаттың бір бӛлшегіне арналады. Сондықтан адам табиғаттан тыс ӛмір сүре
алмайды. Ертедегі адамдар табиғаттың қыр – сырын түсінбегендіктен,
табиғаттың барлық құбылыстарына құдай атауын беріп, табынған.Жердегі
барлық ӛмір сүріп тұрған тірі ағзалар үшін тіршілік етудің негізгі тӛрт кӛзі бар:
ауа, су, от, жер. Бұларсыз ешқандай ағза ӛмір сүре алмайды.
Берілген жұмыста тіршілік кӛзінің ең маңыздысы ауадан туындайтын ауа
райы, оның адам ӛміріндегі маңызы туралы қарастырылады.
Ауа райы жайындағы түрлі сұрақтар әр адамның, тіпті олардың жасы мен
жынысына, кәсібі мен біліміне қарамай бәрінің кӛкейінде жүреді. Адамдар ауа
райының жағдайын кітаптардан немесе оқулықтардан оқып емес, ӛзінің жеке
тәжірибесіне, күнделікті тіршілігіне тигізетін әсеріне, табиғат құбылысын қалай
қабылдайтындарына қарап бағалайды.
Ауа райы неліктен әрқилы болады? Оны қалай болжауға болады? Климат
дегеніміз не? Оның адам ӛміріне тигізетін әсері қандай? Берілген жұмыстың
мақсаты осындай сауалдарға жауап беру.
Жұмыстың мақсаты ауа райы туралы толыққанды мағлұмат алу, ауа
райының бір аймақтағы жағдайын бақылау, халықтық болжам арасындағы
үндестік.
А) Ауа райы жӛнінде тҥсінік.
Атмосфераның нақты бір сәттегі немесе уақыт аралығындағы
метеорологиялық ӛлшемдер мен құбылыстардың жиынтығымен сипатталатын
жағдайы ауа райы деп аталады. Дәл қазіргі сәтте, не болмаса ӛткен кезеңдегі ауа
райы, бір күннің немесе маусымның ауа райы туралы сӛз қозғауға болады. Ауа
райына қарапайым, шамалау, жалпылау терминдері (бұлтты, жауын-шашынды,
жылы, суық, ыстық, жел) арқылы немесе метеорологиялық ӛлшемдер
мәндерінің тұтас жиынтығы түрінде (мысалы, тұтас бұлтты, жел солтүстіктен,
ауа температурасы т.б.) сипаттама беріледі.
Біз ауа райын жеке элементтері бойынша емес, тұтас қабылдаймыз. Мұнда
элементтердің қайсысы болсын ең маңызды болып кӛріне алады.
4

Ауа райы дегеніміз осы сәттегі немесе қысқа уақыт аралығындағы белгілі
бір жердегі атмосфераның күйі. «Тәуліктер ауа райы» ұғымы ӛте маңызды.
Ӛйткені тәуліктер дегеніміз атмосфера күйінің заңды ӛзгерістерінің ең қысқа
табиғи кезеңі. Бұл ӛзгерістерді ауа райы элементтерінің: ауаның температурасы
мен ылғалдылығының, бұлттылықтың, жауын-шашынның, атмосфера
қысымының, желдің тәуліктік барысын бақылай отырып, қадағалауға болады.
Ауа райын жүйелі түрде бақылап отыру, оны зерттеу бір тәуліктік ауа
райының комплекстік типтерін бӛлуге мүмкіндік береді. Әр тәуліктің ауа райын
қайсыбір типке жатқызуға болады. Ауа райының типтерін үш үлкен топқа:
аязды, нӛл градус арқылы ауыспалы және аязсыз ауа райларына біріктіреді.
Жердің айналуы планетамыздың ауа райына әсер етеді. Яғни Жер
айналмаса, тыныштықта тұрса, ауа райы мүлде ӛзгеше болар еді. Жермен бірге
Жердің ауа құрсауы – атмосфера да бірдей жылдамдықта бірге айналып жатады.
Бұл ауаның қозғалысында, яғни желде кӛрініс табады. Ұзақ уақыт бойына
соққан жел белглі бір ауа райын қалыптастырады.

5

ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСЫМНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Ғылыми жұмыстың мақсаты - Ауа райы туралы толыққанды мағлұмат
алу, ауа райының адам ӛміріндегі жағдайын бақылау. Мұндағы мақсаттарға
жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойдым:


Ауа райның құбылыстарын жеке-жеке талдау;



Ауа райын ӛлшейтін құралдармен танысу;



Ауа райын бақылаудағы ұлттық ерекшеліктер туралы мағлұматтар
жинақтау;

ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСЫМНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ:


Ауа райын болжайтын құрылғылармен таныстым;



Халық даналығының ауаны қалай болжағаны туралы оқып білдім

ЗЕРТТЕУ ЖҦМЫСЫМНЫҢ ӘДІСТЕРІ:



Баяндау; жинақтау, салыстыру, талдау, әңгімелеу;

6

2.1. АУА РЙЫНЫҢ ҚҦБЫЛЫСТАРЫ

ГИДРОМЕТЕОРЛАР

7

Жаңбыр – жер бетіне бұлттардан тамшы түрінде түсетін сұйық жауын.
Нӛсерлі жаңбыр – кенеттен басталып жылдам аяқталатын және қарқындылығы
күрт ӛсетін сұйық жауын.
Сіркіреуік - ӛте майда тамшы түрінде түсетін жауын. Олардың құлап келе
жатырғаны кӛзге кӛрінбейді.
Қар – жеке қар кристалдары немесе ірі болып келетін қар ұлпалары түріндегі
қатты жауын.
Бұршақ - әртүрлі пішінді мұз түйіршіктері түрінде жауатын жауын.
Мұз инелері – майда мұз кристалдары түріндегі жауын.
Шық – жер бетінде, ӛсімдіктер мен заттар бетінде пайда болатын су
тамшылары.
Қырау – негізінен түнде немесе кешке, қыс маусымында күндіз де жер бетінде
және заттар бетінде ақ түсті қоным.
Кӛктайғақ – жер бетіндегі мұз немесе мұзға айналған қар.
Тұман – ылғалды ауаның салқындауы нәтижесінде пайда болатын судың ӛте
майда тамшыларының ауада жиналуы.
Борасын – жауып тұрған және қатты ұйтқи соққан желмен жер бетінен
кӛтерілген қардың тасымалдануы.
Жалпы борасын – қар бӛлшектерінің бейберекет қозғалысы

ЛИТОМЕТЕОРЛАР

Шаң – ауада қалқып тұратын шаңды желдің немесе шаңды дауылдың
нәтижесінде жер бетінен кӛтерілген құрғақ топырақтың, құмның майда қатты
бӛлшектері.
Шаңды дауыл – күшті желмен жерге жақын ауа қабатында шаңның немесе
құмның кӛп мӛлшерлі тасымалдануы.

8

ЭЛЕКТРЛІК ҚҦБЫЛЫСТАР

Найзағай – жарықтың жарқырауымен және күрт шығатын дыбыспен қабаттаса
жүретін атмосферадағы электрлік разрядтар.
Жарқыл – жарық құбылысы. Күн күркіреуі естілмейді, тек найзағайдың
бұлттарды және кӛкжиекті жарық қылуы
кӛрінеді.
Поляр шұғыласы – жердің магниттік алқабының қарқындылығы тербелгенде
электрлі зарядталған бӛлшектердің енуі нәтижесінде атмосфераның жоғарғы
сиретілген қабаттарының жарқырауы.

ОПТИКАЛЫҚ ҚҦБЫЛЫСТАР
Сағым – ауада кӛкжиек бойында шынайы заттың бейнесі пайда болады.

ЖІКТЕЛМЕЙТІН ҚҦБЫЛЫСТАР

9

Дауыл – қысқа уақыт ішінде желдің кенеттен күшеюі.
Құйын – аз бұлтты ауа райында тӛселме беткей қатты қызғанда жер беткейінде
пайда болатын ауаның құйынды қозғалысы.
Қара құйын – жақсы дамыған будақ – жаңбыр бұлтының астында құрылатын,
ӛте үлкен қара бұлт бағаны тәрізді немесе воронка тәрізді күшті құйын.
Жел — ауаның жер бетіне қатысты кӛбінесе горизонталь бағытта қозғалуы

2.2. АУА РАЙЫНЫҢ АДАМЗАТҚА ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

Жұқпалы аурулардың желмен таралуы ӛте сирек болатын жағдай.
Аса мол жауын – шашын, жоғары температурамен және ылғал ауамен қосылып,
кейбір аурулардың таралуына себепкер болады. Безгек, тырысқақ, іш сүзегі,
оба, т.б.

10

2.3. АУА РАЙЫНАН БОЛАТЫН АПАТТАР

Құйын, су топаны, су тасқыны, Цунами толқындары, бұршақ, сел, бұрқасын,
кӛктайғақ, шаң дауылдар, құм дауылдар, дауылдар мен қатты желдер,
тропикалық циклон, т.б.
Жұмыр жердің бетіндегі ауа райы жағдайларының айырмашылығы орасан.
Планетамыздың кез – келген түпкірінде ауа райы ӛзгеріп отырады – жыл
тәулігінде де, әр айда, әр маусымда да әр қилы. Ондаған жылдар бойы белгілі
бір жерде болатын ауа райына зер салып байқаса оның сол аймаққа тән ӛзгеру
шегін аңғару қиын емес.
Ауа райы дегенде ғалымдар жер бетінде және әртүрлі биіктікте белгілі бір сәтте
немесе уақыт аралығында болатын нақты атмосфера жағдайларын айтады, ал
нақ сол аймаққа тән осындай жағдайлардың кӛп жылғы жиынтығын климат деп
біледі. Бұл ұғымдардың ӛзара байланысы да, олардың арасындағы елеулі
айырмашылық та айдан анық. Ауа райы бір тәуліктің ӛзінде талай мәрте ӛзгеруі
мүмкін, ал климат одан әлдеқайда тұрақты келеді.

11

2.4. АУА РАЙЫН БАҚЫЛАУ .
Ауа райын зерттеудің практикалық маңызы зор. Оны болжау халық
шаруашылығының барлық салаларына керек. Ауа райын болжаумен
метеорология шұғылданады.
Метеорология дегеніміз не? Метеорология ғылымы ӛз атауын гректің
«метеора» деген сӛзінен алады. Ол «аспандағы әлдене» дегенді білдіреді. Сӛзбе
сӛз айтқанда бұл метеорлар туралы ғылым. Метеорит емес. Метеорология
гидрометеорларды (жаңбыр, қар, бұршақ), ауа метеорларын (жел, шаң
дауылдар), литометеорларды (шаң, тозаң), жарық шашатын метеорларды
(кемпірқосақ, сағымдар), отты метеорлар (найзағай) және басқаларды зерттейді.

АУА РАЙЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰРАЛДАР
Термометр – ауа температурасын ӛлшейді.
Жауын – шашын ӛлшеуіш – жазда жауатын жауын – шашын мӛлшерін
есептейді.
Желбағар (флюгер) – желдің бағыты мен күшін анықтайды.
Қар ӛлшеуіш сырық – қыста қардың қардың қалыңдығын ӛлшейді.
Метеорологиялық термограф М – 16АС – ауа температурасының ӛзгерістерін
тіркеуді қамтамасыз етеді.
Метеорологиялық гигрограф М – 21АС – ауаның салыстырмалы ылғалдылығын
тіркеуді қамтамасыз етеді.
Гелиограф – Күн шұғыласының ұзақтығын анықтайды.

Ауа райын болжау. Ауа райының белгілері жайындағы кӛптеген қате
түсініктердің ішінде «қыс аязды болса жаз ыстық, жаз салқын болса қыс жұмсақ
келеді» деген пікір бар. Бұл қате пікір. Жылдың әр мезгіліндегі ауа райы
жағдайларының арасында байланыс жоқ.
Болжам жасау үшін орасан кӛлемді территория бойынша деректер жинақталуы
қажет. Ал метеорологиялық станциялар барлық жерде бірдей бар деу қиын.
Оның үстіне бір қаланың ӛзінде ауа райы әртүрлі (бір ауданда жаңбыр жауса,
бір ауданда ашық) болатынына байланысты болжау жағдайларын талдау ӛте
қиынға соғады. Тағы бір атап ӛтетін жәйт, ауа райының кӛпшілікке арналған
болжамдары математикалық есептеулердің дәлдігіне ғана емес, сонымен бірге
субъективті факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, синоптиктердің
12

тәжірибесі мен білігіне байланысты. Ал адмның ешбір қателіксіз жұмыс істеуі
мүмкін емес.
Ауа райын болжау мейілінше күрделі, ӛйткені бұлардың тұрақты дамуында
ӛзара әрекет жасайтын факторлардың бүкіл комплексін есепке алу қиынға
соғады.

13

2.5.ТАБИҒАТТЫ БАҚЫЛАУДАҒЫ ҦЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Қазақ халқы ауа райын қалай болжаған? Халқымыз табиғат тылсымын
ерте заманнан-ақ түсініп, оны ӛзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана
білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы
далалық ӛмірде тіршілік еткен халқымыз ӛздері тұрған ӛлкенің табиғи
ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап
жол тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын
күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған. Жылдың әр айы мен тоқсанында
болатын ауа райындағы және табиғат ӛзгерістері мен құбылыстарын дала халқы
әркез назарында ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған. Мұндай
жайларды үнемі қадағалап, болжап, оны күні бұрын хабарлап тұратын
жұлдызшылар да болған. Ондай адамдар қазір де бар. Солардың бірі – танымал
жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов. Жылдың он екі айындағы табиғат
құбылысына байланысты халықтық қағидаларға қалыптасқан болжамдар мен
оның атаулары мен реттері әдеттегідей наурыз айынан басталады. Ӛлара – екі
айдың арасы. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады. «Ӛларада жауыншашын болса, жаңа (келесі) ай жауынды-шашынды болады» дейді халық. Бұл
болжам әрқашан қатесіз келіп отырған. Амал. Жыл оны екі айда айналып соғып
тұратын ыстық пен суықты, қар мен жаңбырды, жел мен боранды халық бір
сӛзбен амал деп атаған. Яғни жылдың әр мезгілдеріндегі табиғат
құбылыстарының ӛткінші әрі тосын, аз уақытта болып ӛтетін ӛзгерісі мен
кӛрінісін және оның бірнеше түрлерін айтқан. Олар:
1. Қҧс қанаты
2. Аласапыран
3. Бесқонақ
4. Қызыр қамшысы.
5. Тобылғы жарған
6. Қызыл жҧмыртқа
7. Қҧралайдың салқыны
8. Ҥркердің батуы
9. Қырық кҥн шілде
10. Ҥркердің толғағы
11. Мизам шуақ
12. Сҥмбіленің тууы
13 Ӛліара
Қҧс қанаты. Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе
бастайды. Құстардың келуімен қар аралас жаңбыр, Суық жел тұрады. Мұны ел
құс қанаты деп атап, амалға жатқызған.
Аласапыран. Кӛктемде, наурыз айында, кейде сәуір айында қар күрт еріп, жер
лай болып, шаруашылыққа қиын күндер туады. Осындай жайсыз, қолайсыз
мерзімді аласапыран дейді.
14

Бесқонақ. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында,
болатын жауынды-шашынды күндер. Бұл – әр жылы соғып ӛтетін суық әрі
лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған.
Қызыр қамшысы. Сәуір айының орта кезінен аса бере алғаш найзағай
ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады, оңтүстікте жаздың жайлы күндері
басталады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық «Қызырдың қамшысы
шартылдады, қыс кетті» деп есептейді.
Тобылғы жарған. Сәуірдің соңғы күндерінде екі-үш күнге созылатын суық жел
соғады. Бұл – тобылғы бүршік жарды, яғни ӛсімдіктер тамыр жайды, алғашқы
кӛк шыға бастады деген сӛз.
Қызыл жҧмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары
балапанын шығара бастайды. Халық тілінде қызыл жұмыртқа деп аталатын, осы
кездерде 1-2 күнге созылатын суық болады.
Қҧралайдың салқыны. Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге
қарсы киік ӛз құрайлаларын (баласын) аяқтандырып, жүгіртіп, ӛргізеді. Киік
қанша кӛп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей тӛлдеп болады. Киіктің тағы
бір айта кетерлік ерекше қасиеті оның – енелігі кез келген құралайды емізіп,
бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан.
Ҥркердің батуы. Маусым айының басында үркердің мүлде кӛрінбей кетуі.
Кейде мұны үркердің жерге түсуі дейді. Осыдан кейін 40 күн шілде басталады.
«Үркер жерге түспей, жер қызбайды» дейді халық жұлдызшалары мен
есепшілері.
Қырық кҥн шілде. Маусым, шілде айында 40 күнге созылатын ыстық. Осы
аптапты күндерге орай халық арасында қырық күн шілде деп аталатын
халықтық күнтізбелік атау пайда болған.
Ҥркердің толғағы. Мал-жанға жайлы кезең, шілде айының орта кезінде
басталады. Бұл кезде үркер туалды, жер құрғап, шӛп буыны қатып, сарғая
бастайды. Таразының тууы. Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып,
қою бұлт пайда болып, алғашқы күз нышаны біліне бастайды. «Таразы туса –
таң суыр» деген мәтел осындайдан шыққан.
Мизам шуақ. Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталады,
жаңбыр жауады, түнде шӛп басына шық түседі. Осы кездерде күндіз шуақты
күндер де болады. Далада ұзыннан-ұзақ мизамдар шұбатылады. Мұндай жылы
мезгілдерді мизам шуақ деп атайды.
Сҥмбіленің тууы. «Сүмбіле туса – су суыр» дейді халық қағидасы, яғни
қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді, суықты күндер, жауын басталады.
Ӛліара. Ӛліара деп екі айдың аралығын атаған. Жаңа айдың туу, толысу, ӛліара
шағын байқап отырып ауа райын да бақылап отырған. Ай шалқалап туса «ӛзіне
жайлы, шаруаға жайсыз» деп, тік туса «шаруаға жайлы, ӛзіне жайсыз» деп
болжам жасап отырған. Ӛліара кезінде жауын – шашын болса, келесі айда
жауын – шашын кӛп болады деген.
15

Тәжірибе
Барометр құрылғысы арқылы атмосфералық ауаның қысымын
анықтадым. 15.11.2022ж.
Атмосфералық қысымды анықтау барысында, барометр құрылғысы 760,8
мм сынап бағанын кӛрсетті. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты
ӛзгеретінін байқадым.. Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм.с.б. Егер
атмосфералық қысым тӛмен болатын болса ауа райы бұлтты, жел, жауыншашынды болады, жоғары болса күн ашық болатынын білдім.

Гигрограф құрылғысмен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын ӛлшедім
07.12.2022ж.
Мұндағы құрғақ термометр ауаның температурасы 17 градусты, ал ылғал
термометр буланған сұйықтық температурасы 14 градусты кӛрсетті. Енді кесте
бойынша есептеп кӛргенімде ауа ылғалдылығы 72% тең екендігін байқадым.

Желтоқсан айы атына сай халық даналығында жел айы деп айтадыжәне
биылғы қыстың алғашқы күнінде ауа құбылысы нағыз қыс түскенін байқатты.
16

ҚОРЫТЫНДЫ
Табиғаттың ӛзі адам ағзасының айналадағы ортаға, оның құбылыстарына,
атап айтқанда мезгілдік (тәуліктік, маусымдық) және бір сәттік ӛзгерістеріне
жақсы бейімделе білуін ойластырған сияқты. Әр адамның бойында белгілі бір
дәрежеде «тӛзім қалтасы» болады. Жұтатын ауадағы газ құрамының
ӛзгерістерін тӛзімділікпен кӛтеретін қабілет болады. Алайда «тӛзім қалтасы»
барлық адамда бірдей емес. Ол оның жынысына, жасына, денсаулық
жағдайына, шыныққандығына және басқа да факторларға байланысты.
Бүлдіршіндерде, түрлі аурулармен ауыратындар және қарттарда ол аса мол
емес. Дені сау және шыныққан жандарға ешқандай әсер ете алмайтын ауа
райының күрт ӛзгеруінің ӛзі оларға едәуір әсер етеді. Ауа райының кӛп
жағдайда жекелеген адамдарға ғана емес, кӛпшіліктің кӛңіл күйінен кӛрініс
беретіні ежелден –ақ белгілі, ал дәрігерлер осыдан екі мың жыл бұрын ауа
райымен кейбір ауру түрлерінің арасындағы байланысты анықтаған. Ертедегі
ұлы дәрігер ғалым Гиппократтың мынадай сӛздері бар: «Егер кӛп адам бір
мезгілде бір аурумен ауыратын болса, оның себебін анықтау адамдарға ортақ
боларлық нәрседен және олардың нені жиі пайдаланатынан іздеу керек. Олай
болса, бұл жерде әңгіме жұтатын ауаның тӛңірегінде болмақ». Шынында да ауа
және оның түрлі жағдайлары адамдардың кӛңіл – күйіне, денсаулығына әсер
етеді. Ауаның температурасы мен ылғалдылығы адам ағзасындағы жылу
алмасудың тыныс алумен, жүрек қызметімен, қан айналысымен және тері
қабатымен астасып жататын жағдайларды айқындайды. Ауа райының адам
ағзасына ықпалы әр алуан және кӛп жағдайда олар толық мәлім емес. Оны
зерттеумен медицина ғана емес, сонымен бірге биология, метеорология да,
олармен қанаттас биометеорология да айналысуда. Биометорология - адам ӛмір
сүруінің экологиялық астарын, адам ӛміріне қоршаған ортаның әсерін зерттейді.
Климат ӛзгермей қала алмайды, ӛйткені уақыт ішінде оның қалыптасу
факторлары ӛзгереді.

17

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Астапенко П. Д.
Ауа райы туралы әңгіме. А. 1983.
2. Ауа райының құбылуы. А. 1984.
3. Бірмағамбетов Ә. , Мамырова Қ.
Географиялық сӛздік. А 1992.
4. Интернет желісі https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/35124/

18
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!