Материалдар / Ауаның ылғалдылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауаның ылғалдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
878
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Семей қаласы

38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі

Мусина Б.С. физика пәні мұғалімі

Панорамалық сабақ

Сабақтың тақырыбы

Ауаның ылғалдылығы. Атмосфералық ауа-газдар қоспасы.

Сабақтың мақсаты

Атмосфералық ауаның ерекшеліктерімен танысу

Оқу міндеті

1. Ауаның ылғалдылығының маңызын үйрену

2. Салыстырмалы ылғалдылықты есептеп үйрену. 3.Атмосфералық ауаның құрамымен танысу. 4.Атмосфералық ауаны қорғау заңдарымен танысу. Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту.

Топта жұмыс істеуде коммуникативті дағдыларды қалыптастыру

Күтілетін нәтиже

1. Ауаның ылғалдылығының маңызын түсіне алады.Атмосфералық ауаның құрамыменжәне оны қорғау заңдарымен танысады.

2.Салыстырмалы ылғалдылықты есептей алады. Жасаған тұжырымды дәлелдей алады

Сабақтың түрі

Панорамалық сабақ. СТО, АКТ

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Топтық жұмыс,СТО, дарынды оқушылармен жұмыс, өзін-өзі бағалау,топты бағалау.

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау



ІІ кезең



Ұйымдастыру кезеңі

3 мин.

a) – Good morning boys & girls!

-How are you today?

- Sit down please!

b) – Who is on duty today? Оқушыларды аспаптардың суреттері бойынша төрт топқа 6-7 оқушыдан бөлу

Good morning teacher!

We are fine, thank you!


Оқушылар суреттербойынша төрт топқа 6-7 оқушыдан бөлінеді.


1-тапсырма

«Білу» теориясы

2мин

5 мин

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

«Миға шабуыл»

1. Құралдар және видеофильм көру арқылы тақырыпты ашу.

Алдарыңдағы құралдар туралы не білесіңдер?Олар қайда қолданылады?

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.

-Осы сабақтан нені білгілеріңіз, не үйренгілеріңіз келеді?

- Қандай мақсат қояр едіңдер?

- Осы мақсаттарға жету үшін тапсырмаларды орындайық.

Оқушылар бүгінгі күнді және жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазып қояды. 1.Ауа қандай мағынаны береді. 2.Ауа жөнінде не білетінін дәптерге жазады.

Алдымен жұпта,сосын топта талқылап,әр топтан бір оқушы жазғандарын оқиды.

Топ өзін-өзі бақылау парағы бойынша бағалайды

2-тапсырма

«ТҮСІНУ»

(5 мин)

3 мин.

«Мағынаны тану»

1. Джигсо әдісі бойынша оқушыларға мәтінді оқу беріледі.

2. Топқа түсінгендерін айтып, талқылау.

А) Атмосфералық ауаның құрамы.

В) Ауа мұхиты Жерде тіршілік ететіндер мекені болғандықтан ,оны қорғау мәселелері.Қазақстан Республикасындағы атмосфераны қорғау заңдары.

Сергіту сәтін өткізу (жаттығу жасату 2 мин)

3. Әр топқа берілген тапсырмалар бойынша таныстырылым жасайды.

4. Мәтіннен ауа ылғалдылығы ,құрамы ,ауаны қорғау туралы мәліметтерді дәптерлеріне жазады.

«Қызығушылықты ояту»

Алты қалпақ әдісі бойынша оқушылар өз ойларын айтады.

Ақ қалпақ-Сіз ауа туралы қандай мәлімет алдыңыз-фактілер, цифрлар?

Қара қалпақ-Ауаның туралы

Сары қалпақ- Ауаның маңызын , ұсыныстар айтыңыз.

Жасыл қалпақ-Ауа және оны қорғау туралы өз идеяңызды айтыңыз.

Қызыл қалпақ – ауаны ластамау туралы және оның адамзат үшін ең маңызды екенін айту.

Көк қалпақ- атмосфералық ауа туралы қорытынды жасау.











Дәптерлеріне кестені толтырады. Сосын топта талқылап,топтан бір оқушы ойын айтады.

- Ауа ылғалдылығы туралы не білгілері келетіндігін айтады.

- Ауа ылғалдылығы ерекшелігін  түсіну.

-  Ауа ылғалдылығы құрылысын жазу.

-Ауа құрамын түсіну.

.


Оқушылар өздеріне тиесілі қалпақ рөлі \

негізінде ойларын қорытындылай

отырып сөйлейді. Ұсыныс, тілектерін айтады.


Топ өзін-өзі бақылау парағы бойынша бағалайды.

3-тапсырма

«ҚОЛДАНУ»

(22 мин)


10 мин.

Әр топ өздеріне берілген құрал түрлерімен тәжірибе жасап, --

-күкірттің ауада жануына тәжірибе орындап,қорғайды.

- ағаштың ауада жануына тәжірибе орындап қорғайды.

-психрометрмен бөлменің ылғалдығын анықтау.


Екі топ құрал түрлерін топта анықтап, ал келесі екі топ күкірттің ,ағаштың жану реакцияларын жүргізіп , бөлменің ылғалдығын әр топтан бір оқушы өз жұмысын тақтада көрсетеді.

Топ өзін-өзі бақылау парағы бойынша бағалайды.

4-тапсырма

«ТАЛДАУ» және «ЖИНАҚТАУ»

(12 мин)

20 мин.

Деңгейлік тапсырмалар:А –деңгей

1.Берілген тәжірибеден шыққан қорытынды бойынша психрометрлік кестені пайдаланып есептер шығару.

2 .Ауаны ластайтын заттарға көмір қышқылы және күкірттің(ІҮ) оксиді ,т.б. жатады,осы заттардың қайсысының құрамында оттегі көп екенін анықта

В-деңгей 110г.кальций ауада жанғанда түзілетін кальций оксидінің массасы қанша.?

С-деңгей. 1.Кальций оксидінің құрамындағы әрбір химиzлық элементтің массалық үлесін анықта .

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздігінен шығарады. есептерді талдап қатемен жұмыс жасайды. Одан кейін өз топтарына барып түсіндіреді.

Дәптерлеріне орындайды.

Оқушы өзін-өзі критерий бойынша бағалайды

Кері байланыс

2 мин

«Қызыл лента»

- Бүгін өз тобыңмен жұмыс істеген ұнады ма?

- Мұғалімдер жұмысына қанағаттандыңыз ба?

- Тапсырмаларды орындауда қиындықтар кездесті ме?

- Тобында белсенділік көрсете алдың ба?

- Бүгінгі сабақта алған ақпаратты (білімді) өзіңізге қажеті бар деп ойлайсыз ба?


«Қызыл лента» әдісі арқылы оқушылар сабақ туралы оз ойларын білдіреді. «Иә», «Жоқ» деген жауапта беру арқылы оқушылардың қаншалықты тақырыпты түсінгенін біле аламыз.


Сабақты қорытындылау

2 мин

Топ жетекшілерін тыңдау.

Your marks for today …


Good bye!

Көшбасшының топтың жұмысын бағалауы.


Good bye!

































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!