Материалдар / Аяулы, ардақты анашым!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аяулы, ардақты анашым!

Материал туралы қысқаша түсінік
8 наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2020
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аяулы, ардақты анашым!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, әжелер, қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындлай сезім мен нұр құйып 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Бүгінгі «Аяулы, ардақты анашым!» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән: «Ақ дидарлы анашым»

Жүргізуші: Ананың әрбір сөзі жылулыққа толы. Ананың көз нұры, мейірімі тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар балалардың сіздерге деген жылы лебіздерін, тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Бексұлтан: Айболған:

Ана біздің гүліміз! Әр сөзіңді жаттаған.

Ана біздің күніміз! Жүрегіңде сақтаған.

Ұландарды қуантып, Анашым деп мақтанам.

Ұзақ өмір сүріңіз! Айналайын-ақ мамам!

Димаш: Б. Жанель:

Мәпелейсің мені анам, Аналарды сүйеміз,

Қолыңдағы құсыңдай! Сөзін ойға түйеміз.

Құлпыра өсіп демалам, Әжелерді ардақтап,

Құшағыңда қысылмай. Әдеппен бас иеміз!

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекемізге көктемді шақырайық.

Көктем:

Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кенеледі.

Орман, тоғай, бақтарда.

Өйткені мен көктеммін!

Шуағымды төккенмін!

Би: Вальс

Жүргізуші: Төрлет көктем. Қош келдің! Балаларымыздың өзіңе арнаған тақпақтарын қабыл ал.

Балым: Думан

Келді көктем гүлім. О, Алақай балалар!

Күлімдейді күнім! Шақырады далалар.

Алтын айлы анам! Көктем келді гүл алып.

Мерекеңмен бүгін! Құстар келді жыр алып.

Қаламқас: М. Айсұлтан:

Бәйшешектен білеміз, Көктем күні керемет,

Көктем келіп қалғанын. Жаңбыр жауар себелеп.

Мәз боламыз, күлеміз, Күн ашылса болғаны,

Көрсек бүршік жарғанын. Көлбеңдейді көбелек.

Ойын: Гүл жинау

Жүргізуші: Бүгінгі күн әжелеріміз үшін де ерекше. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» демекші, біздің балаларымыз әжелеріне арнаған құттықтау тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Али: Еркеназ:

Мақтанышым апа, Әжем менің әйбәт,

Шат әнім апа. Ешкім оған жетпейді.

Өзңіе тақпақ, Күні бойы ойнап,

Жаттадым апа. Жанымнан бір кетпейді.

Ә. Жанель:

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың егізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Ән: Құттықтаймын сені туған күніңмен!

Би: Өзбек биі

Жүргізуші: Балалар бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Сайқымазақ:

Жан-жағыма қарасам,

Қонақтар өте көп екен.

Ұлдар да көп, қыздар көп

Апайларда мұнда көп.

Құттықтауға мен келдім.

Аналарды, қыздарды.

Сүйікті әжелерді де.

Жүргізуші: Рахмет сайқымазақ.

Сайқымазақ: Мен билегенді жақсы көрем. Менімен кім билейді?

Би: Қуыршақтар.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар біздің бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнаған орыс тіліндегі тақпақтарына кезек берейік.

Т. Айсұлтан: Раяна:

С праздником веселым, Мама, мама, мамочка,

С праздником весны. Я тебя люблю.

Всех на свете бабушек. Я тебе весеннюю

Поздравляем мы. Песенку спою.

Алиасқар: Мухаммеджан:

Песенку весеннюю, Мы с моею бабушкой,

Мы подарим маме. Старые друзья.

Ручейки весенние, Очень уж хорошая,

Пойте вместе с нами. Бабушка моя.

Көктемге қоңырау шалынады.

Көктем: О алло, ия көктеммін! Тыңдап тұрмын. Жапырақтар бүршік жармады, кірпілер оянбады. Қазір барам, лезде жетем. Сау болыңдар балалар, менің атқарар шаруам көп. Жолыққанша!

Жүргізуші: Рахмет саған Ару көктем.

Сайқымазақ: Ал, балалар енді ата-аналармен ойын ойнайық.

Ата – аналармен ойын

Жүргізуші:

Сүйкімді ғой балалар,

Өнерлі ғой баршасы.

Міне осындай қойылым.

Көрсетті «Болашақ» бақшасы.

Құрметті ата-аналар, қыздар, апайлар! Сіздерді «Көгершін» тобының атынан шын жүректен құттықтаймыз. Ақ жаулықты әжелеріміз, аналарымыз, ару қыздарымыз, бүлдіршіндеріміз аман болсын!

































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!