Материалдар / "Аяулы менің анашым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Аяулы менің анашым"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
386
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Аяулы менің анашым


Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке,

ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б.

Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізушілерді таныстыру.

1-жүргізуші: Башир Асылан

2-жүргізуші: Байғаж Жалын


Жоспары: Журналдың бетшелеріне шолу

1-бет: Кіріспе

2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)

3-бет: «Болашақ шақ-бақытты шақ» (әңгімелесу)

4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

5-бет: Өнерлі өрге жүзеді .(Би, Ойын)

6-бет.. Қасымда анам жүргенде.

Шаттанып ойнап –күлем. Фота суреттер


ІІ. Негізгі бөлім

1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!

2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.


1-бет: Кіріспе сөз

Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,

мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.

Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Хормен: Құттықтау сөз.8-наурыз әжелер, аналар,қыздар, ұстаздар,әпкелер мейіраммен шын жүректен құттықтаймыз.


1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті жан аналар!

2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі ана деген асыл жан ғой,

Ойлауменен істелік әр қадамды.


2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)

Фатима: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай

О адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл - ойды тонатпай


Дильназ: Ана десем сезім білер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық

Бар адамға берсе ананың мейірін

Орнар еді бар әлемге тыныштық


Ардана: Анамның саясында ер жеттім мен

Аялы ақ бесікте тербетілген

Анамдай ақ ниетті абзал жанды

Таппаспын айналсам да жер бетінен

Аңсар «Анамызға мың алғыс»

Аялаған , баптаған,

Асыраған, сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен

Анамызға мың алғыс!

Динара

Әженің біз күніміз

Ананың біз гүліміҚұттықтаймыз мейраммен

Ұзақ өмір сүріңіз

Жұлдызбек

Жанымызды жайнатқан

Сіздерсіздер балалар

Зор денсаулық, мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Жалын

Үлкен кіші әркімде

Әже де бар ана бар

Аналарды әр күнде

Қуантса екен балалар

Ақниет

Әлпештеген баласын

Ана - бақыт, ана - күн

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын

Жандос

Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз


Ақмаржан

Ана күні, әже күні әлем күні,

Әлемде тебіренер жүрек үні.

Әжесіз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Ана десем, сезім билер тым ыстық

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.


Динасыл

Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды

Саят

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым


Сымбат

Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.


Асылан

Құшағыңа кіргенде,

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе,

Мейірімді күннен де.

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен!


Жанайым

Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!



1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,

Әпкелер мен бауырлар, балалардың.

Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,

Бұл күндер көксеген даналардың.


Ән: Ана әні хормен


3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу)

Әңгіме: «Анамның қолдары»

Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді.

Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді:

«Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»

Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па?

Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді.

Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді.

Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен:

- Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді.



2-жүргізуші: Білмесең надан боласың,

Жау қолында қаласың,

Үйреніп бәрін біле алсаң,

Ақылың жетіп толасың!


4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)

Саят: Ананың сүті - бал,

Баланың тілі - бал.

Ақниет: Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

Жұлдызбек: Анасын көріп, қызын ал,

Аяғын көріп, асын іш.

Жандос: Анасының тілін алмаған азапқа қалады.

Динасыл: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».

Аңсар: Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».




Мақал-мәтелдердің жалғасын тап.

1.Ең сүйікті адам... (Ана)

2.Ананың аяулысы... (Бала)

3.Әке-асқар... (Тау)

4.Бала жағасындағы... (Құрақ)

5.Әдемі жан... (Қыз)

6.Қолға салатын әшекей (Жүзік)


5-бет: Өнерлі өрге жүзеді .

1-жүргізуші: Алақаны ақ самал,

Мәпелеген, жан ана.

Көкте күнім батса да,

Өзің күнсің балаңа


Қыздар тобы би: « Гүлдер»


2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты,

Біздің қыздар бақытты.

Арманға жетер балалар,

Аман болсын аналар!


Ұлдар тобы би: «Қаражорға»


6-бет. Қасымда анам жүргенде.

Шаттанып ойнап –күлем. Фота суреттер

Ойын:1.«қолынан таны»

2.«Анаңды дауыснан таны»

1-жүргізуші: Әженің біз күніміз

Ананың біз гүліміз

Құттықтаймыз мейраммен

Ұзақ өмір сүріңіздеп

Оқушылар аналарға сыйлықтарын табыс етеді.

2-жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз деп

Қыздарға сыйлықтарын табыстайды

ІІІ. Қорытындылау

1-жүргізуші: Ардақты ұстаздар,аналар,Аяулы қыздар !Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.

Ата-Аналарға сөз кезегі


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.

Ана –біздің күніміз!

Ананың біз - гүліміз!

Бізді, ана, қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!