Материалдар / Аяз би шыншыл ертегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аяз би шыншыл ертегі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2018
2470
14 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 1-бөлім. Туған жерім – аялы алтын бесігім

Мұғалімнің аты-жөні: Нәбиғаппарова Толғанай Ермекқызы

Мектеп: №34 ЖББОМ» КММ

Күні:

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Аяз би» шыншыл ертегі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.1 Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік – қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру

Сабақ мақсаты

  1. «Аяз би» ертегісінің мазмұнын түсіну

  2. Ертегіде көрсетілген әлеуметтік мәселені талдау

  3. Көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе әділдік пен шыншылдықты ертегі идеясы арқылы түсіндіру

Бағалау критерийі

  • ертегіде көтерілген мәселені талдайды;

  • ертегідегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар

Сөздік қор: шеңгел, қырғауыл, қарақоға, сыйықсыздық, тұлпар, кулдіреуіш, қанын жуктемеу, тәңірі жазса.

Диалог үшін пайдалы тіркестер: Менің ойымша....., Тақсыр!...., Уәзірлерім!...

Құндылықтарға баулу

Ертегі мазмұны шыншылдыққа, тапқырлыққа, әділдікке баулиды.

Сабақ барысында қолданылатын жұптық, топтық формалар әдістері оқушылардың:

  • шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауға;

  • қарым-қатынас жасау қабілетін;

  • өзгелердің мәдениетіне жәнекөзқарастарына құрметпен қарауға үйретеді.

Пәнаралық байланыс

Өзін өзі тану. Шығармаға арқау болған адамгершілік құндылықтары кейіпкер бойынан көрініс табады.

Алдыңғы білім

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі

Ширату жаттығуы «Жағдайлы волейбол»

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, жақсылық немесе жамандық туралы сөзді айтып, бір біріне допты лақтырады. Жақсылық жайында айтылған сөзде допты қағып алу міндетті. Ал жамандық жайында айтылған сөзде допты ұстамауы керек. Доп қағып алуда шатасқан бала ойыннан шығады.



Кері байланыс және топтастыру: «Өз орныңды тап»

Оқушыларға қима қағаздарды үлестіріп беремін. Онда берілген ақпараттар бойынша оқушы сыныптың әр бұрышында ілулі тұрған А4 парағында жазылған

«Ертегілер»,

«Салт-дәстүр»,

«Мақал-мәтелдер»,

«Батырлар жыры»

«Шешендік өнер» тұстарында топтасады.



Оқылым алды тапсырмасы

С. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл!», «Ханмын деп аспа, баймын деп таспа!» қанатты сөздердің мәнін ашады. Сол арқылы сабақтың тақырыбы ашылады.



Доп



















А4, қима қағаздар











Интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы –

20 минут


Оқылым тапсырмасы

ТЖ. «ДЖИГСО» әдісі

Әр топқа ертегінің мәтіні бөлімдер бойынша бөлініп беріледі. Ертегінің әр бөлігі топ ішінде оқылған соң әр топ мүшесі 1,2,3,4,5-ге бөлінеді. 1-лер, 2-лер, 3-тер, 4-тер, 5-тер бір топ болып әркім ертегінің өзіне тиесілі бөлігін айтып түсіндіреді, ортаға салып талқылайды.

І топ «Хан тапсырмасы»,

ІІ топ «Хан сынағы»,

ІІІ топ «Жаманның үйленуі»,

ІҮ топ «Қырық уәзірдің іштарлығы»,

V топ «Жаманның даналығы» бөлімдерін үлестіріп беремін.



Оқылымнан кейін

Ж. Ертегіде көтерілген әлеуметтік-оғамдық мәселені анықтап, идеясын түсіндір.



Тапсырма арқылы саралау

А. «Сәйкестендіру» кестесі

Кестедегі тұжырымдардың дұрысын сәйкестендіріңіз.

Ертегіде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселелер

Мысалдар

-Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сен де жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман кісі сенде жұмысым бар,- дейді. Сенен ол да дәметіп келген білем!- деп қалжыңдайды.

-Тақсыр ханым! Ақыл ойың ешкімнен кем емес, бірақ хандық қара басыңда, қарадан туып хан болғансыз, Атаңызда хандық жоқ,- дейді.

-Апырай, сен жаман болмадың ғой! Қайта сен бір данышпан болып жүрме! Ал енді менің өзімді сынашы. Мен неше атамнан бері хан екенмін?

-Ойда жоқта ойға салған сендер едіңдер. Енді әйелді алуға маған қандай айла тауып бересіңдер?- дейді. –Жақсы, тақсыр! Жаманды шақыр! Біз оны Барсакелмеске жұмсайық! Сонда ол өлер, ол өлген соң әйелін сіз оңай аласыз!-дейді

«Бұл Жаман біздің жаман кісі іздегенде ат артына мінгестіріп алып келген жаманымыз еді. Бұл күндері хан оны өзіне жақсы дос етіп, қыз әперді, бізді есепке алмай тастады. Қой, бүйтіп болмас! Біз бұл екеуін раздастырайық. Жаманның әйелін мақтап үйіне қонаққа апарып көрсетейік. Сөйтіп екеуінің арасына от жағалық» деседі.

Ол түрі жаман болғанымен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып барып бер,- деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді.

Бұл оқушылар тобына кестені толтыру үшін ертегіде көтерілген мәселе мен оған дәлел ертегі эпизодтары дайын беріледі, оқушылардан оларды өзара сәйкестендіру ғана сұралады.

Бағалау критерийі:

ертегіде көтерілген мәселені талдайды;

ертегідегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Дескриптор:

- эпизодтарға ділелдерді сәйкестендіреді;

- сәйкестендіру себебін түсіндіреді;



В. Кесте толтыру

Ертегіде көтерілген қоғамдық-әлеуметтік мәселелер

Мысалдар

Хан мен уәзірлер арасындағы алауыздық


Шыншылдықтың шыңы


Сертке беріктік


Бұл оқушылар тобына кестеде көрсетілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелер анықталып беріледі, тек мысалдарын мазмұннан өздері іздеп табулары керек.

Бағалау критерийі:

ертегіде көтерілген мәселені талдайды;

ертегідегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Дескриптор:

- берілген мәселелерге ертегіден мысалдар жазады;

- себебін түсіндіреді;

С. FILA кестесін толтыру

Әлеуметтік қоғамдық мәселеге фактілер

Идеясы

Кейіпкердің іс-әрекеті

Сұрақтар





Бұл оқушылар тобы FILA кестесімен жұмыс жасайды



Бағалау критерийі:

ертегіде көтерілген мәселені талдайды;

ертегідегі әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіреді;

Дескриптор:

- мәселелерді ріктеп жазады;

- идеялық ой беретін сөйлем жазады;

- дәледейтін кейіпкерлер әрекеттерінен мысалдар жазады;

- 2 сұрақ қояды;



ҚБ. Өзара бағалау. «Түсіндірме» әдісі

Топтар бір біріне ауызша кері байланыс ұсынады.

Қазақ әдебиеті оқулығы. Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған/C.Ч Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова. . Арман-ПВ. 2018ж

























Сәйкестендіру кестесі

















































































Сәйкестендіру кестесі























FILA кестесі

Сабақтың соңы –

10 минут

Бекіту тапсырмасы

ЖЖ«Шындық-жалған» әдісі

Тапсырма

Дұрыс

Бұрыс

Аяз би сынақтан өтеді



Шөптің жаманы-қарақоға



Хан наубайшының баласы



Уәлібайдың қызы Жаманға кесе, балта, күміс беріп жібереді



«Таудың басы-қырау шалғаны» шаштың ағарғанын білдіреді





Ынталандыру.Жарайсың! Тамаша!



Рефлексия ЖЖ ПОПС формуласы

Менің ойымша ...

Себебі, мен оны былай түсіндіремін...

Оны былай дәлелдеймін...

Осыған байланысты мен осындай қорытындыға келдім...

«Шындық-жалған» кестесі

























Стикер



Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау, құндылықтарды сіңіру

Саралау тапсырмасы «Сәйкестендіру» және FILA кестелерін толтыру арқылы жүзеге асады.

А деңгейлі оқушылар тобына кестені толтыру үшін ертегіде көтерілген мәселе мен оған дәлел ертегі эпизодтары дайын беріледі, оқушылардан оларды өзара сәйкестендіру ғана сұралады.

В деңгейлі оқушылар тобына кестеде көрсетілген әлеуметтік қоғамдық мәселелер анықталып беріледі, тек мысалдарын мазмұннан өздері іздеп табулары керек.

С деңгейлі. оқушылар тобы FILA кестесімен жұмыс жасайды















Бағалау-бағалау критерийлері мен дескрипторлар арқылы көрініс табады. Кері байланыс өзара бағалау, «Түсіндірме әдісі» арқылы беріледі. Әр тапсырма сайын бір бірінің жұмысынан қандай ерекшелік көрді, нені толықтыру керек екені туралы пікірлерімен алмасады.

ПОПС формуласы арқылы оқушы ертегінің мазмұнын қаншалықты түсінді, оны қалай дәлелдейді деген сауалдарға жауап алынады. Сол арқылы келесі сабағымды тиімді жоспарлауға негіз болады.

Сабақтағы жағымды ортаны қалыптастыруда ұйымдастыру кезеңінде «Жағдайлы волейбол» ширату жаттығуы, кері байланыс және топтастыру үшін «Өз орныңды тап», саралау жүргізу үшін «Сәйкестендіру» кестесі және «FILA» кестесі, «ПОПС формуласы», жұптық, топтық, жеке тапсырмалар беріледі. Сұрақ-жауап арқылы бірін бірі қолдауға, көмектесуге үйренеді. Тапсырмалар деңгейі қабылдау, зейіндерін шоғырландыру қабілеттерін арттыруға негізделеді. Белсенді әрекеттер арқылы адамгершілік, парасаттылық, мәдениеттілік сынды құндылықтарды игереді.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!