«Өнерлі ұрпақ- салауатты
өмірдің жарқын болашағы»
атты музыка және дене шынықтыру пәндері
апталығының ашылу
сценарийі
Жер бетінде адам өмір
өткізер,
Бар
нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар
ізгілік тек өнерден алынар,
Өнерменен аспанға жол салынар –
Жүргізуші:
Қайырлы күн! Таңмен таласа оянып, білім
алуға асыға басып, мектепті бетке алатын
барша оқушылар мен аяулы ұстаздар!
Жүргізуші: «Өнерлі ұрпақ- салауатты
өмірдің жарқын болашағы»
атты музыка және дене шынықтыру пәндері
апталығының ашылуына қош
келдіңіздер!
(ВИДЕОРОЛИК
қосылады)
Апталықты ашу үшін
сөз мектеп директоры Сарсенбаев
Бекбулат Утеуовичке беріледі.
Оқу ісі жөніндегі
орынбасары ____________________________
беріледі.
Апталықтың жоспары мен
мақсаттары туралы «Эстетикалық бағыт» бірлестігінің әдіскері Айна
Капиятовнаға баяндайды.
Жүргізуші: Биыл міне қара шаңырағымызға
100 жыл және тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толып
отыр.Тәңірдің өзі тарту еткен еркіндік әрқайсымызға
қымбат.
Ұлт үшін ұлы есімдерді
ардақтау-перзенттік парыз.Былтырғы жыл Абай
мен
Әл-Фараби жылы болса, енді
биыл Жыр алыбы Жамбыл, Алаш арысы Әлиханның және жауырыны жерге
тимеген балуан Қажымұқанның мерейтойлары аталып өтіледі.Осы
тұрғысында алдағы апталық жоспарында мерейтойларымызды қамти отырып
«Тәуелсіз елдің
ұланы» атты сурет байқауы
және «Музейге
саяхат»,
«Әуенді
тап» атты музыкалық сайыстар
өткізілетінін хабарлаймыз.
Бүгінгі апталығымыз өнер
саласына, музыка әлеміне арналғандықтан балаларымызға арнайы қонақ
ретінде ерекше өнер иесін шақыртып
отырмыз.
Сіздердің құрмет
қошеметтеріңізбен Мадина ханымды тамаша цирк өкілдерімен ортаға
шақырамыз.
Апталығымызды әсем
әуенмен жалғастырайық.
Ән: «
»
Орындайтын: Райканқызы
Дана
Жүргізуші: Өнер ұлт болмысының айнасы десек, музыка –
халықтың асқақ рухының тілі.Ол ғасырлар бойы үздіксіз жетіліп, даму
үстінде болатын жанды мәдени
құбылыс.
Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне,
адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына игілікті әсер
етеді.
Осыған орай «Өнер таусылмас азық, жұтылмас
байлық» деп өнерді құдіретті күш адамның жан серігі, рухани байлығы
деп бағалаған.
Би: «
»
Жүргізуші: «Білген адам, білімді өмір бойы іздейді»
деп Ахмет Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу
қоғамда өз орнын табудың
кепілі.
Ендеше, балалар сендердің білім деңгейлеріңді
тексеру үшін тамаша бір сұрақтар дайындап
әкелдім.
Екі топқа бөлініп,
жарысайық.
«Кім тапқыр»
ойыны
«Бұл кім»
ойыны
Жүргізуші: Музыка пәніне деген қызығушылықты арттыру,
оқушыларға өнер мен мәдениет туралы түсінік қалыптастыру,
шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу мақсатындағы апталығымыздың
ашылу салтанаты өз мәресіне жетті.Алдағы апталығымызда сайыста,
жарыста, суреттер байқауыда болады.Тамашалап, атсалысып, білімді,
білікті жастар екенімізді
көрсетейік!