Материалдар / "Ауғанның асуында от кешкендер" ашық сабақ Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ауғанның асуында от кешкендер" ашық сабақ Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толған айтулы күнді атап өту,қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру,Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы Ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу,оқушыларды ерлікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы








«Ауғанның асуында от кешкендер»



















«Ауғанның асуында от кешкендер» Мақсаты: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толған айтулы күнді атап өту,қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру,Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы Ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу,оқушыларды ерлікке,ұлтжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру. 1-жүргізуші: Қайырлы күн,тәлімі мол тарихтың тірі куәгерлері,қымбатты қонақтар,ұстаздар,оқушылар!Биыл 15- ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толды.Бұл аз уақыт емес.Ауған соғысының қасіреті кімдердің жүрегін жараламады десеңізші ?! Азаматтық борышын атқаруға әскерге кетіп,табытпен оралғандары қаншама. Әнұран
2-жүргізуші: Атышулы Ауған соғысының зардабы заман ауысқанымен тарихтың қасірет беттерінде жазулы. Біздің Республикамызда 22 мың адам соғысқа қатысып,720 өмір қыршынынан қиылды,хабар ошарсыз кеткен 20 тағдыр тағы бар.Азалы Ауған тақырыбын біз еш уақытта ұмытпаймыз. 1-жүргізуші:Сұм соғыстың зұлмат өртінде от болып жанып ,шоқ болып жарқыраған,қараңғы қапас түнектен жұлдызды сәуле ,арайлы күн болып болашаққа қимастықпен сағына қол бұлғап қалған қайран тағдырлар......Сарбаз киіміндегі тас бейнелерің «Біздер антқа адал болдық ! Отанды сүйіңдер,сендерге аманат осы» деп көздерімен ұқтырғандай.... 2-жүргізуші: Жанын қиған сен үшін , Тоқта, досым, сабыр ет. Үнсіз тұрып бір минут, Басыңды иіп тәжім ет. Ауғанстан жерінен қаза болған жауынгер ағаларымызды еске алуға бір минуттық үнсіздік жариялаймыз. 1-жүргізуші: « Адам баласы бар жақсы қасиетті туған жердің топырағынан алады» деген ұғым бар.Туған топырағынан жаралған адамзаттың болашаққа деген сенімі мен көзқарас еркіндігі тек қана бейбіт өмір қамтамасыз етілген елде қалыптаспақ. 2-жүргізуші:Иә, әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген,патриоттық рухы жоғары,ержүрек,қайсар ер азаматын тәрбиелеуден бастау алады.Біздің халқымыздың ерлік дастаны ата-бабамыздың сонау заманда найзаның ұшы,білектің күшімен жер қорғауынан бастап,одан бергі небір соғыс зобалаңдарын басынан өткеруінен көрінеді... Соғыс-зұлымдық, жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі А у ғ а н соғысы еді. 1-жүргізуші:Бүгінгі еске алу кездесуіміздің аса қадірлі қонақтары,жалындаған жастық шағын ала бағанның арғы жағына қалдырған ардагерлеріміз біздің арамызда.Өздеріңізге арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты кездесу әрі еске алу кешін ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар,
Тағдыр бізге тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,
Ауғандағы азап шеккен арыстар.
Ауған соғысы аяқталмаған, аласапыран құпиясы мол , табиғаты бөлек соғысы еді. Тарих беттерінен өз бағасын ала алмай жүрген қанмен жазылған соғыстың бел ортасынан аман келген арыстарымызды таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер: .Меркібаев Нәметхан Советханұлы,Аберқұлов Есенғали Жұмаханұлы,Үйрекбаев Серғали Қырбергенұлы,Абдраманов Несіпбай Мұқатұлы,Беймбетов Бақыт Мақсұтұлы.

1-жүргізуші:
Қуанамын адам болып туғаныма
Ата жолын , дәстүрін қуғаныма .
Есімдері ескірмей жасай берер
Ұрпақтары артында тұрғанында . Ән: « Қазағым » 2-жүргізуші:10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып,бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк,сәбилердің шырылын шыңырауға шын батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс барша адамның жадында мәңгілікке жатталады, қажетсіз соғыстың құрбандарына айналған бүгінгі кездесу кешіміздің қонақтарына байланысты сөз кезегін мектеп директорына береміз.
1-жүргізуші: Ауған жеріне жіберілген кеңес әркерлерінің денін Орта Азиялықтар және Қазақстандықтар құрғаны белгілі. Өр халқымыздың ерлігін осы бір жерден аңдауға болады.
Жалын жастан зарын тартқан арланмын,
Тар жол тайғақ кешіп өскен тарланмын.
Өмір үшін өлімгеде сан бардым,
Ал бармауға намыстандым, арландым,- деп жастық шағын сарт етіп қиған Нәметхан ағамыз , сізге сөз беріледі.
2-жүргізуші: Әскерлік анттарын ақырына дейін адалдықпен атқарып және сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан қайран боздақтар есімі мәңгілікке өшпейді. Өмірінің өлшеуші жауқазын жастық шағының сүбелі бір үлесін оқ пен оттың арасында өткізіп тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып туған жермен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау-біз үшін бір ғанибет. Бақыт ағай естен кетпес естеліктерден үзінді айта отырсаңыз.
Ән: 6 «б» оқушылары «Астана»
1-жүргізуші: Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол. Азаттық алу , бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққада оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынына әкеліп, қаншама мемлекетті күйретуімен тарихта қара бояумен таңба болып қалды. Ел аманатын арқалап шет жерге, бөтен елге табан тіреген кезде Несіпбай ағай қандай күйде, қандай әсерде болдыңыз?
(слайд көрсету, оқушылар өлеңін оқиды)
« Астана » Амина

2-жүргізуші: Оқушылар сұрақтары:
1. Сіздермен бірге қазақ жауынгерлері болды ма?
2.Сіздің Ауғанстанға аттануыңызды туған-туыстарыңыз білді ме?
3.Ауған жерінде Ауғанстандықтардың қандай екенін байқадыңыздар?
4.Ауған соғысы туралы фильмдердің шындыққа жанасатындары бар ма?
5. Сіздермен шақырылған жігіттердің қаншасы елге оралды?
6.Соғыстың алдында сіздерге жаттықтыру істері жүргізілді ме?
7.Сіздерге үкімет тарапынан қандай көмек көрсетіліп жатыр?
8.Ауғанстан жерінде тұратын қазақтар жөнінде білеміз. Соғыс кезінде қандастырымызды кездестірдіңіздер ме?
9. Ауғанстанда болғанда үй ішімен жиі хабарластыңыздар ма?
1-жүргізуші: «Ерлік – елдің туы» . Ер қуаты қару болса , ел қуаты-батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. «Отан үшін күрес- ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек дәптерінде, сана сахнасында сақтаулы жүрсе, қазақ баласы азаматтық парызын адал ақтауды ұмытпас. Ауған қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп, рух жасампаздығымен жаңғыртайық. Қош сау болыңыздар.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!