Материалдар / Ауғаныстан жүректегі жара

Ауғаныстан жүректегі жара

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қырқүйек 2018
574
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Ауғанстан- журектегі жара.Сабақтың мақсаты: Білімділігі:  Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану. Дамытушылық:  Оқушылардың ой – қабілетін дамыту. Тәрбиелік:  Оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап.Көрнекілігі: Тақырыпқа сай суреттер, мақал – мәтел.Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, назарларын сабаққа аудару.Қ.Р.Гимн орындату. Негізгі бөлім.Кіріспе.Соғыс жан алыпжан беруСоғыс халықтың басына келген қасірет, жұтКеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28  жыл толуына байланысты. «Ауғанстан- жүректегі жара» тақырыбындағы тәрбие сабағымызды ашық деп жариялаймыз.1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды перзеттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.Ауған соғысы қалай басталды?

1979 жылы  25-желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйрығымен Ауғанстанға Кеңес әскерлерін енгізу басталдыомандирлерБұл қысқа мерзімдік акция,тапсырманы орындаймыз да кетеміз’’ дегенімен “акция” 9 жылдан астам уақытқа созылады. Талай боздақтардың өмірін қиған зұлмат адамдардың тағдырын ак өптеген зардап әкелді.Тарих парақтарын ақтарсақ,1979 жылы желтоқсанда Ауған жеріне Кеңес әскері енгізілді.Бұл сол кездегі СОКП-ның бас хатшысы Брежнев бастаған Кремльдегі топтың шешімі еді.Ауғанстанға Кеңес әскерінің енгізілуі оппозициялық қозғалыстың күшеюіне және елдегі шиеленістің қатты ушығуына әкеліп соқты.Ауған оппозициясының отрядына қарсы ұрыс қимылдарына Кеңес әскерінің қатысуы Ауғанстандағы соғысқа ұлт азаттық сипатын берді.Ауған соғысы (27.12.1979 — 15.02.1989) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демокр. үкіметті” қолдап, көршілес елдің соц. бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. .Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000 – ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 – дайы мүгедектер қатарында.1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Л.И.Брежнев, Ю.В.Андропов, М.А.Суслов, Д.Ф.Устинов Ауғаныстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп 1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғаныстан шекарасынан өтіп онда 1989 жылдың ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді.Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсынЕсіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшінМәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!Қымбатты жауынгер ағалар! ”Батырдың ғұмыры қысқа,даңқы ұзақ” дегендей сіздер мәңгі бізбен біргесіздер.Ауған соғысында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бас иеміз.Балалар соғыс кезінде жазылған өлең жырлардан үзінді оқиды.1.Оқушы. Жалт ете қап оқ жаудан ұшқан,Сен құлаган көлбетіп таулы алыстан.Елестейсің көзіме қасірет бопҚайғам да сен мәңгілік- Ауғаныстан!2.Оқушы:О, олардың көз жасының татымынТатып көрсен ойланар ең пақырымХалық болып ешқашанда оңбайдыЖылатқан ел ақыны мен батырын3.Оқушы:Бітпейді соғыс салған салдарлары,Бейбіт күн адамзатқа арман ба әліҚырық бірдің отты жылы көнергендеЖаңғыртты жолсыз жанжал АуғандағыТаулы аймақ Кабул, Баграм, ҚандагардаӨлім сеуіп ұлыған қанды аралдаОн сегіз – жирмадағы боздақтардыңКөрсеткен ерлігінде сан болар ма.Мақал- сөздің мәйегі.
  • Ел барда, ер қор болмас, Ер барда, ел қор болмас. 
  • Батырды жауда, шешенді дауда сына. 
  • Мергеннің көзі де мерген, Қолы да мерген. 
  • Еліңді сүйсең ерлік істейсің. 
  • Ерліктің шарты - өзіне сенгендік. 
Дәптермен жұмыс Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіре отырып жаздыру. Сергіту сәті. Тапсырма.Сендер мына тапсырмада нүктелердің орнына керек сөзді қойып, мақал-мәтелдің мағынасын ашыңдар.а) Ердің аты...шығады.ә) Ер игісі...жүгін көтереді.б) Досыңның досы дос,Жауының...одан да жақсы дос.в) Батыр...дәулеті,Балқұрақ...сәулеті.г) Ер жігіт...үшін туады,...үшін өледі.Қорытынды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ауған соғысы туралы: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери команданың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты» – деген ойлы сөзі бар.Жылма-жыл ақпан айының ортасында біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Өйткені бұл соғыста өрімдей жас жігіттер жазықсыздан-жазықсыз құрбан болды. Бүгінгі жастар сол кездегі жігіттердің Отан алдындағы борышын адал орындағандарын ұқсын, олардың патриоттық сезімінен тағылым алсын деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ