Аустралия климаты. өзендері мен көлдері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аустралия климаты. өзендері мен көлдері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Аустралия климаты. өзендері мен көлдері туралы мағлұмат беріп, білімдерін тексеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ 7-класс

Сабақтың тақырыбы: Аустралия климаты. өзендері мен көлдері.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Аустралия климаты. өзендері мен көлдері туралы мағлұмат беріп, білімдерін тексеру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа бір - бірінің жауабын тыңдауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: суреттер, кескін карта, атлас арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі, әдісі: аралас, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кескін карта, атлас, суреттер
Пәнаралық байланыс: технология,тарих,
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгендеу.

  1. Психологиялық дайындық. Амандасу.

Жарқырап күн де ашылды

Күн нұры түгел шашылды

Қайырлы күн

Біз нәзік қыздармыз

Қайырлы күн

Біз ержүрек ұлдармыз

Қайырлы күн, қонақтар

Біз әдепті баламыз

Қайырлы күн, ұстазым

Біз көңілді баламыз!



2. Үй тапсырмасы

-Балалар, біз сендермен Африка материгін аяқтап білімдерімізді әрі қарай толықтырамыз. Үй тапсырмасын тексеру арқылы  жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

«Сиқырлы мозайканы»  шешіп көрейік. Бәріміз тақтаға қараймыз.  Бір оқушы  тақтаға шығып, кез келген санды ашады. Санның артында жасырылған сұраққа жауап беріп, картадан көрсетуге тиіс.

1-тапсырма

1. Мадагаскар аралының астанасын ата- Антанариву

2. Африка материгінің шеткі нүктелерін ата-

3. Африка жағалауын мұхит шайып жатыр? 
4. Африка материгіндегі ең ежелгі мемлекет  Египет 
5. .Африканың ең биік нүктесі  Килиманджаро 
6. Африканың ең үлкен көлі (Виктория)

7. Африканың ең мол сулы өзені (Конго)

8. .Ол Оңтүстік Африканы батыстан шығысқа қарай кесіп өтіп, Замбези өзенін зерттейді, Виктория сарқырамасын тауып, Конго өзені ағысын, Ньясса көлін сипаттап жазды. Ол 30 жыл Африкада тұрып, сонда қаза тапты. Бұл қай саяхатшы?

(Ағылшын саяхатшысы Давид Ливинхстон)

9. Африка материгіндегі ең, ең,

10. Секретарь құсы тіршілік ететін зона саванна


Үй тапсырмасы бойынша оқушыларды житон арқылы бағалау \ кенгуру, түйеқұс, коала, эвкалипт ағашы\.

Класты 4 топқа бөлемін жұмбақтар арқылы.

Жаңа сабақтың барысы-

Сабақтың мақсаты мен міндетін ашу- Бүгін өтейін деп отырған материк «Үлкен жүректі кішкентай материк». Ол жақта бақтар қазан айында гүлдейді, өзендері сусыз ағады, кейбір жануарлар жұмыртқадан шығады. Сонымен қатар, бұл материкте дүние жүзінің барлық елінен жиналған ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Сонымен біздің бүгінгі өтейін деп отырған жаңа тақырыбымыз: «Аустралия материгінің географиялық орны, жер бедері, пайдалы қазбалары мен зерттелу тарихы» Бұл материкте қалталы жануарлар көп. Соның бірі кенгуру. Оның баласы туғанда жаңғақтың үлкендігіндей ғана болады екен. Содан ол үлкен болғанша анасының қалтасында жүреді.
• Бұл материкте өмір сүретін коала да ерекше жануар. Ол бейбіт сүйгіш аң. Ол еш ызаланбайды. Егер ренжісе алдыңғы аяғымен көзін басып «жылай салады». Бір зоопаркте мынадай қызық жағдай болған. Бір коаланың баласы өліп қалыпты. Ол қатты қайғырып екінші коаланың баласын ұрлауға әрекет жасаған. Ақыр соңында зоопарк директоры оған ойыншық аюдың баласын бергенде ғана тынышталған екен. Олар өте балажан, баласын қолына алып, тербетеді де.
• Елтаңбасында Эму құсы мен кенгуру бейнеленген.
Сабағымыздың негізі ұстанымы: «Естідім - ұмыттым, көрдім – еске сақтаймын, жасадым - мәңгілік менікі».

Видеоролликті тамашалаймыз. Аустралияға саяхатқа шығу үшін ұтыс билетін ұтып алумыз керек. Ол үшін мына сұрақтарға дұрыс жауап беруміз керек.

1. Дүниежүзінде неше материк бар.

2. Ең ыстық материк-

3. Дүниежүзіндегі мұхиттардың саны қанша оларды ата-

4. Аустралия материгін неше мұхит шайып жатыр-

5. 2000 жылы Аустралия материгіндегі Сидней қаласында өткен олимпиада ойындарында, қазақтың біртуар ұлдарының бірі Б. Саттарханов алтын иеленді

І.Оқушылар Аустралияға жолдаманы ұтып алды.
Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап берілсе ұшақ билеті тегін Беріледі.
ІІ. Билетті ұтып алып ұшақпен Аустралияға жеттік алдымыздан
аборигендер шығып қарсы алды. Бізден сұрақтар сұрады.

Австралиялық аборигендер деген кім - Австралияның байырғы халқы. Австолоид нәсіліне жатады. Австралияға

50 000 жыл бұрын Азияның оңтүстік-шығысынан келген.

18 ғасырда Австралияға келген европалықтар аборигендерді қырғынға ұшыратты. Соның салдарынан қазір Австралия халқының 2,6 % құрайды.



1-топ Постер қорғау Аустралия материгінің географиялық орны мен жер бедері және пайдалы қазбалары.

2-топ Картамен жұмыс Өзендері мен көлдері

3-топ Кестемен жұмыс Табиғат зоналары

4-топ Термин сөздермен жұмыс жаңа сөздерге анықтама береміз.

Қорытындылау.

Венн диаграмма Shape1

1.Аустралия материгі қандай жарты шарда орналасқан?
2. «Аустралия» сөзін айтқанда көз алдымызға не келеді?
3. Көзімізді жұмып, көз алдымызға табиғаттың әсем көріністерін елестетейік. Әсем табиғат көріністеріне не жатады екен?

4. Аустралия материгі түгелімен оңтүстік жарты шарда жатыр, материк атауының өзі латын тілінен аударғанда «оңтүстік» деген мағынаны білдіреді.

 Міне балалар біз саяхатымыздың соңғы мәресіне келіп жеттік. Бүгінгі саяхатымыз осы жерден аяқталады.  Сендерге бүгінгі саяхат қызықты болды ма, нені білдіңдер сол туралы  қане кім өз пікірін айтады?

Бірнеше оқушы тұрып нені білгендерін, ұнаған жерлерін айтады.

Бағалау сәті:  Топ басшылары кемеше – житондарын санап, санын айтады да, өз тобындағы  оқушыларды бағалайды. 



Рефлексия. Балалар өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамаған жақтарын стикерге түсіреді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.01.2019
1192
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі