Материалдар / Аутист балаларды әлеуметтік бейімдеуге арналған ұсыныстар

Аутист балаларды әлеуметтік бейімдеуге арналған ұсыныстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Аутист балаларды абилитациялау және оңалту орталығында бейімделуге арналған ұсыныс.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аутист балаларды әлеуметтік бейімдеуге арналған ұсыныстар

Аутист балалармен оқу-тәрбие жұмысында зейіннің маңызы өте зор. Сондықтан да, оқу жұмысында осы психикалық үрдісті дұрыс ұйымдастырып, дамытып отыру қажет. Зейін - таным процесінің басты факторы. Аутизмі бар балалармен жұмыс барысындағы ең күрделі мәселе –оның зейінін аударуы  мен тұрақтылығы. Зейінді  дамытуға ойын терапиясы тиімді. Ойын терапиясы баланың көптеген сұраныстарын қанағаттандырады.

Аутизмі бар  балалармен ойын процесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар:

1. Аутизмі бар бала бір орнында  отырып ойнай алмайды, сондықтан әрбір

істі оның ыңғайына келтіріп,  ойын арқылы өткізуге тырысыңыз;

2. Ойын баланың даму деңгейі мен мүмкіншілігіне сәйкес келуі керек  және

балаға үнемі көмек көрсетілуі қажет;

3. Ойында еркіндік элементтері болуы керек;

4. Әрқайсысы қызықты әрі жаңадан болуы үшін, үнемі ойын барысын 

өзгертіп отыру қажет;

5. Аутизмі бар бала  ұзақ уақыт бір нәрсемен шұғылдана алмайтынын ескеру;

6. Баланы басқа балалармен ойнауға үйрету;

7. Баланың ұсақ моторикасын дамыту үшін: жіпке моншақтарды өткізу,

пішіні, көлемі және түсі бірдей заттарды іріктеу, заттарды ыдысқа салу және

оларды қайтадан шығару;

8. Көлемді басқатырғыштар мен құрылыс кубиктері де заттардың пішіні мен

түсін  ажыратуға көмектеседі және ұсақ моторикасын дамытады.

Аутист балалар қарапайым қоршаған ортаға бейімделуге қабілетсіз болуы мүмкін, міне дәл осы себептен олардың потенциалдарын барынша қолдану үшін оларды айналасындағы ортаға өзгерістер енгізу қажет болады. Мұндай бейімделу үйде, оңалту орталығында, балалар бақшасында, мектепте және бала өз уақытында елеулі бір бөлігін өткізетін кез келген өзге ортада қолдануы мүмкін.

- Шкафтың жәшіктерін ретке келтіріңіз, қажет болса балаға киімдерін өз

бетінше таңдауға мүмкіндік беру үшін олардың сыртқы бетіне суреті бар

жапсырма қыстырып қойыныз.

- Бала тепе теңдік ұстауға қиналатын болса, отырып киінуге үйретіңіз.

- Киіну процесі бейнеленген суреттері бар «киіну кестесі» бұл әрекеттердің

ретін бекітуге көмектесе алады.

- Тапсырманың шағын қадамдарға бөліңіз, барлық қажетсіз қадамдар мен

кезеңдерді алып тастаңыз. Әрбір қадамды стрестері аз еркін жағдайларда

қайталап жаттығыңыз. Біртіндеп бұл қадамдарды бір – бірімен

байланызтырыңыз, содан кейін тапсырманы табиғи жағдайда орындаңыз.

- Баланың тамақтану процесіне ынтасын арттыру үшін белгілі бір түсті

немесе бір түсті немесе бір тақырыпқа сәйкес ыдыс аяқтар мен ас ішу құралдарын қолданып көріңіз.

- Моторлы Аутистикалық спектрдің бұзылуынан зардап шегетін көп балалар қолдарының қызметтеріне байланысты қиындықтарға тап болады, бұндай жағдайда келесі жаттығулар үй жағдайында қолдану пайдалы бола алады. Жаттығуыңызды бірнеше кезеңдерге бөліңіз, алдымен тек саусақтарымен жұмыс істетіңіз, содан кейін ғана бүкілалақанымен жасайтын қимылдарға көшіңіз.

- Бала шыдайтын болса, жазу құралына қолдарын нығыз жанастыра отырып терең сенсорлық әсер жасап көріңіз, алақаныңызбен мықтап ұстаған күйі « баланың қолымен» жазуға немесе сурет салуға әрекет етіңіз. Бала қолдарын ластаудан қашатын болса: «Онша лас емес» әрекет түрлерімен көбірек айналысыңыз.Материалдарымен жұмыс істеу үшін құралсаймандарды мүмкіндігінше жиі қолданыңыз. Шпатлевка немесе арнайы созылғыш қоспалар секілді иілгіш қасиеттері және кедергілік әсерлері бар материалдарды қолданыңыз. «Сәтті олжа» ойынын ойнаңыз - әртүрлі заттарды құрғақ өнімдердіің ішіне жасырыңыз да, балаға оларды қолмен іздетіңіз. Аутизмі бар балалармен жұмыс барысындағы ең күрделі мәселе –оның зейінін аударуы  мен тұрақтылығы болып табылады.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ