Материалдар / «Аутист балаларды оқу – тәрбие жұмыстары арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Аутист балаларды оқу – тәрбие жұмыстары арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу».

Материал туралы қысқаша түсінік
Əрбір ата-ана баласы өмірге келгеннен кейін оның денсаулығының дұрыс болғанын қалайды. Ата-анасы баланың жасаған əрбір қимылына, оның жүзінің жадырағанын, басқан əрбір қадамын, алғашқы шығарған дыбысына, айтқан сөзіне қуанады. Əр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өз əлемінде өмір сүреді. Олар əр жаңа нəрсеге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, əлеуметтік ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Осындай белгілер арқылы балада аутизмнің немесе оның кейбір белгілерін анықтауға болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2022
444
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Аутист балаларды оқу – тәрбие жұмыстары арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу». 


Əрбір ата-ана баласы өмірге келгеннен кейін оның денсаулығының дұрыс болғанын қалайды. Ата-анасы баланың жасаған əрбір қимылына, оның жүзінің жадырағанын, басқан əрбір қадамын, алғашқы шығарған дыбысына, айтқан сөзіне қуанады. Əр бала қоршаған ортаның қамқорлығын қажет етеді. Бірақ кейбір балалар қоршаған ортадан алыстап, өз əлемінде өмір сүреді. Олар əр жаңа нəрсеге қызықпайды, оны танып-білуге қызығушылығы болмайды. Осындай балалар қарым-қатынас жасауда, əлеуметтік ортаға бейімделуде, ата-анасымен сөйлесуде қиындықтарға кездеседі. Осындай белгілер арқылы балада аутизмнің немесе оның кейбір белгілерін анықтауға болады.

Елімізде аутизм туралы ақпарат аз, ал онымен күресіп жүргендер көп. Əлем бойынша 67 миллион адам аталған дертпен арпалысса, қазақстандықтардың үлес салмағы мыңнан асып жығылады. Елімізде аутизмі бар балалардың саны күрт өсуде. 2003 жылы 77 бала тіркелген болса, 3 жылдан кейін бала саны 255-ке жеткен, 2010 жылға қарай 326 бала тіркелген. Ал қазіргі таңда балалар аутизмі мың жарымға жуық балада байқалған.

Аутизм ми жұмысының бұзылуынан туады. Мамандар аутизмнің 300-ге жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты тұжырым, дəйекті дəлел жоқ. Ең алғаш аутизм туралы Э. Блейлер, Лео Каннер, О.С. Никольская, Г. Аспергер, А. Ретта, К.С. Лебединская сынды ғалымдар қарастырған. Қазіргі кезеңде аутизмді зерттеу өрісі кеңейіп отыр. Аутизм ¾ бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол əлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері əсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (ЕБА) синдромы дейді. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса, оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін.

Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша, аутизмі бар балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқымқуалаушылық фактордың əсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті жəне туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекция- лар, тағы басқа жағдай лар барлығы да жағымсыз əсер ету мүмкіндігі бар.

Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дəлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға жəне шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін екпе салдарынан пайда болады деген болжам болған. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нəтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал, психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы» да себеп болады.

Себептердің 1-тобы тұқым қуалаушылықпен байланысты. Кейбір мамандардың айтуынша, аутизм тұқым қуалайды жəне ол гендік деңгейде беріліп отырады. Кей жағдайларда бұл тұжырымның растығын дəлелдейтін мысалдар да бар,

себебі аутистік белгілер бір отбасының мүшелерінен байқалып жатады. Алайда ғалымдар аутизмге жауап беретін генді əлі күнге таба алған жоқ.

Себептердің 2-тобына хромосомалық (генетикалық) мутация, зат алмасудың туабітті аурулары жатады. Кейбір генетикалық синдромдар мен зат алмасу ауруларының клиникалық симптомдарының  қатарына аутистикалық белгілер де кіреді. Мұндай аурулардың қатарында сынғыш (фрагильді) Х-хромосома, Ретт, Мебиус синдромдары, сонымен қатар фенилкетонурия, мукополисахаридоз жəне басқалары бар.

Себептердің 3-тобы орталық жүйке жүйесінің түрлі себептермен зақымдалуымен байланысты.

Оған мыналар түрткі болуы мүмкін:

  • жүктілік жəне туу кезінде түрлі патогендік факторлардың əсер етуі: нейроинфекция, вирустық инфекция, жарақат, асфиксия жəне т.б. Мұндай жағдайда аутизмді аурудың салдарынан болған жүйке жүйесінің резидуалды-органикалық күйі деп қарастырады;

  • биохимиялық, нейрохимиялық жəне метаболикалық ауытқулар. Арнайы зерттеулер (жұлын сұйықтығы, қан, несеп сараптамалары) көрсеткеніндей, аутистикалық симптомдар физиологиялық тұрғыдан белсенді заттар (серотонин, катехоламин жəне дофамин) алмасуының бұзылуынан болады. Биохимиялық өзгерістер мен аутистикалық белгілердің арасындағы байланыстың бар екенін дəлелдейтін зерттеулер бар.

Аутизмнің алғашқы белгілеріне тоқталатын болсақ, белгілер баланың үш жасына дейін анық байқалады. Əдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, əлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала естімейтін сияқты болып көрінеді, бірақ тексеру барысында нəтижесі олай еместігін көрсетеді. Мұндайда баланың жалпы дамуы тежеледі. Мінезі тұйықтала түседі. Атын атап шақырса, елең етпеуі де мүмкін. Өзге балалармен де ойнамайды. Танып-білуге ұмтылмайды. Тіпті жаңа ойыншық та оны қызықтыра алмайды. Яғни, мұндай балада қалау, сағыну, аяныш, өкініш, қамқорлық сияқты сезімдердің ешқайсысы болмайды. Оған бəрібір. Өз əлемінде, өзімен өзі өмір сүреді. Тəулік бойы ұйықтамай жүре беруі мүмкін. Ештеңені қажет етпейді.

Кейде бала сөйлеуді бастайды, бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады, күнделікті қылықтары қайталанады, күнде бір ойыншықпен жəне жалғыз ойнайды. Тіпті ойыншық- тың тек бір бөлігімен ғана (мəселен, тек қолымен немесе басымен) ойнауы мүмкін. Күнделікті қайталанатын тəртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері де төмен.

Аутист-балаларды оқытуда кешенді түзете-оқытуда жаңа технологияларды қолданудың артықшылығы оқу материалын визуалды түрде елестете алу қабілеті болып табылады. Қоғамның жəне білім беру жүйесінің қазіргі кездегі дамуы түрлі іс-əрекеттердің интенсификациялық үрдісінің өсуіне байланысты болып келеді. Осыған орай, болашақ білім беру жүйесі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім берудің көп бөлігі жаңа технологияларға негізделетінін, қозғалмалы ойын жəне ақпараттық технологиялардан тұрады.

Тəжірибе көрсеткендей, кешенді түзете-оқыту əдістері мақсатты түрде аутист балаларды түзете оқыту жəне тəрбиелеуде пайдалану балалардың жан-жақты дамуына, түзету мен толықтыру жақтарына психологиялық-педагогикалық жағдай жасайды. Сонымен қатар əр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескереді.

Түзете-оқыту үрдісінде кешенді түзете-оқыту əдістерін қолдану бала ағзасының компенсаторлы мүмкіндіктерін белсендіріп, ауытқушылықтарды жеңуге, алдын алуға мүмкіндік туғызады. Осы толықтырудың негізінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қабылдаудың сақталған түрін жүзеге асыру жəне баланың психикалық функцияларын дамыту қолайлы жүзеге асады.

Ақпаратты көрнекі түрде көрсету қандай іс-əрекет болсын оның əсерлілігін жоғарылатады. Арнайы білім беруде бұл əсердің маңызы зор. Заманауи құралдарды, диагностикалық əдістерді жəне технологияларды қолдану баланың тек сол кездегі ғана функциясын анықтамай, сол кезде пайда болатын объективті қиындықтарды анықтап, оларды қолжетімді тəсілмен жеңуге көмектеседі.

Аутизмі бар балалармен түзету жұмыстарын жүргізуде біз ұсынған əдістеменің тиімділігін көрсетудегі зерттеу жұмыстарының мақсаты ерекше болды. Эксперимент жүргізу үшін зерттеу жұмысы бойынша эксперименттің ұйымдастырылу кезеңдерін белгілеп алдық. Алғашқы кезеңінде тəжірибелік-эксперимент жұмысы ұйымдастырылып, белгіленген іс-шаралар жүйесі жүзеге асты:

  • эксперимент жұмысының мазмұны іріктелді;

  • педагогикалық бірізділік анықталды;

  • оқу үдерісіне ендірілген бағдарламалар мен оқыту формаларының мазмұнының тиімділігі анықталды.

Эксперимент жүргізілді:

  • аутизм диагнозы бар балалардың сөйлеу тілін, қарым-қатынасын, психикалық процестерін

«Ойын технологиясы» əдісі бойынша ойын элементтерін қолдану арқылы қалыптастыру;

  • глобалды оқыту əдістемесі бойынша аутизмі бар балалардың есте сақтауын дамыту;

  • сенсорлы интеграциялау əдісі арқылы аутизмі бар балалардың қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастыру;

Эксперимент жұмыстарын жүргізу кезінде түзету кабинетінде оқытылатын 6 бала қамтылып, зерттелді. Эксперименттік жұмыс барысында қолданылған əдістер:

Ойын технологиясын қолдану.

Аутизмі бар баламен қарым-қатынас орнату.

«Айналма» ойыны.

Ойын барысы: нұсқаушы балалар арасынан барлық баламен амандасып, əр баламен қол алысып амандасатын баланы таңдайды. Сол бала айналма ортасында болатын баланы таңдайды. Барлық балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Ортадағы баламен амандасады. Ортаға балалар кезекпен тұрады. Сəлемдескен кезде мына сөздер айтылады:

Балақайлар, тұрайық;

Шеңбер құра қалайық;

Сен де менің досым;

Мен де сенің досың;

Барлығымыз доспыз.

Қарым-қатынасты дамыту.

Аутизмі бар балалардың оқытуда, қарым-қатынасқа түсуін, əлеуметтік ортаға бейімделуін, сөйлеу тілін қалыптастыруда, психикалық үрдістерін дамытуда кешенді түзете-оқыту əдістерін жүйелі қолданып, пайдалану үдерісіне сараптаулар мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:

  • тəжірибелік топтағы балалардың психикалық функцияларын қалыптастыру сапасы жоғарылады;

  • аталмыш жаттығуларды, тапсырмаларды орындауда балалардың белсенділігі, қызығушылығы арта түсті;

  • аутизмі бар балаларға жүргізілген эксперименттен кейін балалар мен педагог арасындағы қарым-қатынас жаңа қарқын алды;

  • аутизм диагнозы бар балаларға эксперимент жүргізу нəтижесінде жақсы нəтиже көрсетілді.

Түйіндей келе, біз мынандай қорытындыға келдік. Аутизмі бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету, оларды қоғамдық ортаға бейімдеу, өзінің қатарлас құрбыларымен қарым-қатынасқа жиі түсуін бақылау, отбасымен, арнайы мамандармен қарым-қатынасын, əлеуметтік педагог, психолог, логопед тарапынан қолдау табуы қажет. Балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсету шараларын жүргізуде кешенді түзете-оқытудың, заманауи əдістердің маңызы зор. Аутизм диагнозы бар балалардың қоғамда өздерін ұстай алуын, достарымен қарым-қатынасқа түсуге əзірлігін  арттырудың маңызды тəсілі арнайы таңдап алынған түзету-педагогикалық көмек көрсетуді қолдану болып табылады.

Қорыта айтқанда, аутизмі бар балалармен жүргізілген жұмыс нəтижесі бойынша зерттеу болжамдарының дұрыс екені дəлелденіп, аутизм диагнозы бар балаларды оқытуда кешенді түзете- оқытудың, заманауи əдістерді пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Яғни, аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізу барысында кешенді түрде əдістерді қолдану баланың сауығуына барынша мүмкіндік береді. Ең алдымен, баламен қарым-қатынас орнату оңайға түседі, қызығушылығы оянады.

 








































Жаңаөзен арнайы мектебі















Баяндама

Тақырыбы: «Аутист балаларды оқу – тәрбие жұмыстары арқылы әлеуметтік ортаға бейімдеу». 








Педагог-психолог:Калапбаева А.Ы









2019-2020 оқу жылы

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!