Материалдар / Аутизм
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аутизм

Материал туралы қысқаша түсінік
Аутизм
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қазан 2024
108
0 рет жүктелген
4500 ₸
Бүгін алсаңыз
+225 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +225 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Аузитм белгілері бар балаларды әлеуметтендіру

Аутизмі бар балаларды арнайы іс шеберліктерін белгілі бір заңдылықпен дамыту үшін балалармен жұмыс істейтін адамдарға түсінікті болу үшін Вильямса Шелленберг пирамидасы көрнекі үлгі ретінде көрсеткелі отырмын.

Баланы жан-жақты дамыту пирамидасы, бұл адамның психологиялық жетілу процестерінің диаграммасы.

Ал енді осы пирамиданы қарайтын болсақ бұл пирамида баланың сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту үшін қандай жүйке жүйелерін дамыту керектігі жөнінде жазылып тұр. Ең алдымен пирамиданың ең жоғары бөлігіне мән берсеңіздер көк түспен тұрған ол пирамиданың басы, біз пирамиданың шыңында сөйлеу, оқу, жазу, интеллект,өзін қоршаған ортада ұстау барлығы пирамиданың шыңында тұр. Бұл пирамиданың шыңына бірден жете алмаймыз. Алдымен баланы үйретуіміз керек, база дегеніміз пирамиданың ең төменгі жағында тұрған Орталық жүйке жүйесін дамыту деген сөз. Біз алдымен орталық жүйке жүйесін дамытуымыз керек. Ол үшін сары түстегі барлық нәрсені балаға жасауымыз керек. Олар тактильді, вестибулярлы, проприоцивтік иіс сезу, көру, дәм сезу және есту сияқты жүйелердің барлығын балада дамытуымыз керек, содан кейін келесі даму сатысына көшеміз. Ал енді тактильді сезім туарлы айтайық.

1.Тактильді сезім дегеніміз ол тері арқылы сезімді, ыстықты, суықты, кедір-бұдырды, үшкірді, тегісті, сырылғанды бала сезу керек. Ол сезімді дамыту үшін баланы жалаң аяқ жүргізу керек, топырақта, құмда ойнаған дұрыс, майда ойыншықтармен, балшықпен, әр түрлі крупалармен ойнаған дұрыс. Бала тамақтанған кезде, қатты тағамдарды жеген кездеде тактильді сезім дамиды. Сондықтан балаға қатты тағамдарды беруіміз керек және түрлі киімдерді киіп көрген дұрыс. Матасы қатты киімдер кигенде, матасы жұмсақ киімдерді кигенде бала сезінуі қажет. Тактильді сезімді дамыту үшін міндетті түрде тамақты қолмен жеп үйрену керек. Баланың алдына тамақты қойғанда өз бетінше тамақты аузына апарып, саусағын сезіп, аузын тауып тамақты жеуі тактильді сезімді дамытады.

2.Вестибулярлық жүйе дегеніміз тепе-теңдіктісақтау жүйесі, егер бізде тепе-теңдікте тірек-қимыл жүйесінде дұрыс даму болмаса, біздің баламыздың сезіну, түсіну қабілеттері дұрыс болмайды. Оны дамыту балаға бір аяқпен тұру, тепе-теңдік сақтау, карусельге отырғызу, бұрылыстар жасап секіру, айналып жүгіру бұлардың бәрі балалардың тепе-теңдік сақтауын дамытады және велосипедайдаған кезде, көзді жұмып ойын ойнаған кезде балаларымызда вестибулярлықжүйе жақсы дамиды сонымен қатар жүрген кезде, жүгіргенде, жерге домалаған кезде вестибулярлық жүйе жақсы дамып отырады.

3.Проприоцептивті жүйе дегеніміз ең негізгі керек нәрсе, бала өзінің денесін сезіну керек. Бала денесін сезіну үшін ең алдымен балаға жақсы көретіні ол-құашақтасу, секіру, ауыр зат көтеру және бір нәрсені тарту, итеру, ауыр доппен ойнағанда денесіне әр түрлі жарақаттар алған кезде бала проприоцептивті жүйені сезінеді. Бала құлап жарақат алғанда қорықпау керек ол баланың проприоцептивті жүйесін дамытады.

Негізгі тактильді, вестибулярлы, проприоцептивті жүйені айтып өттім, енді ар қарай иіс сезу, көру, дәм сезу, естумен жұмыс жасайтын әр түрлі ойындарды қолдансаңыздар болады. Содан кейін жасыл бөлікке көшесіздер. Координация көз қолмен, денесін өзінің сезіну, сөйлеу, есту қабілетін дамыту яғни келесі этаптың барлығын алдымен базаны дамыту арқылы жасай аласыздар. Сондықтан төменгі үш тактильді, вестибулярлы, проприоцептивті жүйелерді дамытумен жұмыс жасауымыз керек. Содан кейін барып, осы сарымен белгіленген жүйелердің барлығын жетілдіргеннен кейін ғана балаға сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуы жеңіл болып есептеледі. Бұл дегеніміз зерттелген, сондықтан осы пирамиданы қолданып, әр түрлі ойындар, әр түрлі жаттығуларды қолданып баламен жұмыс жасайтын болсақ балаларымыздың дамуына көп әсер етеді, септігін тигізеді деп ойлаймын.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!