Материалдар / Аутодеструктивті мінез құлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Аутодеструктивті мінез құлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2020
2852
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі













Тақырыбы: «Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу»









Педагог-психолог

Сатаева Ақмарал Дусенбековна















2019-2020 оқу жылы




Баядаманың тақырыбы: «Мектептің психологиялық ахуалы,

оқушылар арасындағы аутодеструктивті

мінез-құлықтың алдын алу»




Баяндама авторының

тегі, аты, әкесінің аты Сатаева Ақмарал Дусенбековна







Жұмыс орны, қызметі: «Созақ ауданы әкімдігінің білім

бөлімінің Ш. Уалиханов атындағы

жалпы орта мектебі коммуналдық

мемлекеттік мекемесі, педагог-психолог
























Аннотация


Мен бұл шығармашылық жұмысымды «Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» мақсатында, оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы атан-ана мен ұстаздардың, қоршаған ортаның маңыздылығын көрсеттім. Мектеп ережелерін, жұмыс бағыттарын түсіндіре отырып аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушы бойында қалыптасатын жеке тұлғалық қасиеттерге тоқталып, еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақтың бойына жақсы тәрбие қалыптастыру және өмірге деген құштарлықтарын арттырып, мектептің психологиялық ахуалын арттырып, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында ата-ана мен ұстаздардың зор рол атқаратынын ашып көрсеттім.

































Мектептің психологиялық ахуалы, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу



«Жеке адамның күйзелісімен күресу, оның себептерін

жою жолымен ғана емес, сонымен бірге адамды

жөнге салудың белсенді жолымен, білім бірлігімен,

дамуына жағдай жасау арқылы да нәтижеге

жетуге болады»

Л.С.Выготский


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесiн күшейту қажет.

Енді нақты суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері, белгілері және оның шығу себептеріне тоқталып өтейін. Орта Азия елдері арасында Қазақстан өз-өзіне қол жұмсаудан І орын, ТМД көлемінде Ресейден кейінгі ІІ орынды иеленді. Яғни, әр 100 мың қазақстандыққа шаққанда 20,7 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш 1989 жылмен саластырғанда үш-төрт есеге есті. Бұл мәліметтерді БҰҰ жанындағы Балалар қоры (ЮНИСЕФ) таратты.

Зерттеулерге сүйенсек, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының 41%  жұмбақ жағдайда, 18% жан күйзелісінің салдарынан, сондай-ақ 19% кесімді жазадан қорыққаннан, 18%  отбасындағы жағдайлардан, 6% махаббат «ауруының» салдарынан болған.

«Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінде 2019-2020 оқу жылында мектептегі аутодеструктивті мінез-құлықтың және келеңсіздіктерді алдын –алу мақсатында «БЕС ТЕРЕК» жобасына сүйене отырып психологиялық зерттеулер, іс –шара жоспары жасалынып, сол жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.

1. КАБИНЕТТІК ТАЛДАУ

    1. Әлеуметтік педагогтың мәліметтері.

    2. Мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі.

    3. Мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі.

    4. Медбике толтыратын тізім (Д-есебі).

    5. Сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдауы.

    6. Суицид, құқықбұзушылық, ерте жүктілік орын алған отбасылардағы оқушылар тізімі

2. ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

2.1. Эссе талдауы.

2.2. Сауалнама.

2.3. «Үй, адам, ағаш» проективті әдісі (ДДЧ).

2.4. Люшердің түрлі түстер тесті.

2.5. Отбасы суреті.

2.6. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі.

2.7. «Мен кіммін?» әдістемесі.

2.8. «Суицид қауіпінің картасы»(Л.Б. Шнейдердің жасөспірімдерге

арналған модификациясы)

2.9. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы болжамдық

тәуекел кестесі (А.Н. Волкова).

2.10. Психодиагностика: бақылау, әңгімелесу, диагностикалық интервью.

2.11. Әдістердің нәтижесін тіркеу нұсқасы.

Кабинеттік талдау: Мектеп психологы, ДТІЖО, Әлеуметтік педагог, медбике, мектеп инспкторы, сынып жетекшілері бірлесіп оқушылардың әлеуметтік жағдайын зерттеп, сараптамалық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Кабинеттік талдау психодиагностикалық әдістері арқылы, арнайы жасалған нұсқаулықтар бойынша оқушылар тізімі құрылды. Мектеп оқушылары арасында отбасы жағдайы төмен, жартылай жетім, аз қамтамассыз етіліген, ата–анасы бала тәрбиесіне онша көңіл бөлмейтін отбасылар тізімі жасалды. Әлеуметтік педагогтың мәліметтері, мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі, мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі, медбике тізімі (Д-есебі), сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдау жұмыстары жинақталып талдау нәтижесінде суицид, құқық бұзушылық мектеп оқушыларынан анықталмады. Мектептегі ата –аналар жиналысында осы мәселерге кең көлемінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

3. ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

1. «Өз есімдерін жақсы жағынан көрсетіп танысу» әдістемесі.

2. Сауалнама.

3. «Үй, адам, ағаш» проективті әдісі (ДДЧ).

4. Зунг – депрессия шкаласы

5. Отбасы суреті.

6. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі.

7. «Эссе» талдауы.

8. «Суицид қауіпінің картасы»(Л.Б. Шнейдердің жасөспірімдерге

арналған модификациясы)

9. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы болжамдық

тәуекел кестесі (А.Н. Волкова).

10. Психодиагностика: бақылау, әңгімелесу, диагностикалық интервью.

11. Әдістердің нәтижесін тіркеу нұсқасы.




Балалар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында келеңсіздік әрекетінің әрбір жағдайын жеке жеке зерделеп, оқушы мен оқушы арасындағы қарым –қатынасты анықтау үшін сауалнамалар, тесттер, мектептегі қобалжуды анықтауға арналған сұрақнамалар алу арқылы балалардың психологиялық деңгейлері анықталды.

Оқушылардың көңіл- күйін анықтау мақсатында «менің арманым», «менің досым», «менің отбасым» эсселер жазылды. Жоғары сынып оқушылары мен «Адам өмірінің құндылығы» , «Өмір –сүрудің мәні мен мақсаттары», «Мен өмірді таңдаймын» тақырыптарында және 9 –сыныптар арасында «Адамгершілік құндылықтар достық қарым –қарым қатынас» тақырыбында дөңгелек үстел, пікірталас өткізілді. Мектептегі оқушыларға психологиялық кеңес беру мақсатында өз ойларын ашық айту үшін «Сенім жәшігі және сырласу жәшігі» орнатылған. Мектепте аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түрлі тақырыптарында тест тренинг сабақ және жаттығу сабақтары жүргізілуде.

Мектеп ережелерін, жұмыс бағыттарын түсіндіре отырып аутодеструктивті мінез құлықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушы бойында қалыптасатын жеке тұлғалық қасиеттерін анықтап, еліміздің ертеңі білімді жас ұрпақтың бойына жақсы тәрбие қалыптастыру және өмірге деген құштарлықтарын арттырып, мектептің психологиялық ахуалын арттырып, оқушылар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында түрлі сауалнама жұмыстары,тренинг сабақтары өтілд



Көбінесе ата –ана мен мұғалімдер балалар проблемаларына, алаңдауларына көңіл бөлмеулерінің нәтижесінде балаларда ашу ыза пайда болып мінез-құлықтары өзгеріп отырады.

«ҮЙ, АДАМ, АҒАШ» ПРОЕКТИВТІ ӘДІСІ. (авторы Дж. Бук)

Мақсаты: тұлғаның эмоциясын, кейбір аспектілері мен жасырынып жатқан дүниесін ашу.

Нұсқау: үй, адам, ағаш суретін салу

Picture 3

Үй, адам, ағаш проективті әдісі 8-10 сынып оқушыларынан алынды. қорытынды нәтижесі бойынша оқушылардың өзіндік бағалау деңгейі қалыпты, болашаққа алға қойған мақсаттары айқын. Мінез-құлқының қобалжуы анықталмады. Сағат тілі ойын барысында оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, болашаққа алда қойған мақсаттарына ұмтылыстарының жоғары екенін , сыныпта ұйымшыл екендігін қимыл әрекеттерімен көрсете алды.

Отбасы суреті, «Аяқталмаған сөйлемдер» әдістемесі, «Эссе» талдауы, «Суицид қауіпінің картасы»(Л.Б. Шнейдердің жасөспірімдерге арналған модификациясы), балалар мен жасөспірімдер арасындағы болжамдық тәуекел кестесі (А.Н. Волкова) жұмыстары толығымен жүргізілді.

Бұл тізім жоғарыда аталған мамандардың көмегімен жинақталады: мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторы, сынып жетекшісі ұсынған тізімдер бойынша кабинеттік талдау жүргізіліп, анықталған оқушылар тәуекел тобының жасыл деңгейіне тіркеледі.


Picture 20 Picture 21

«ОТБАСЫ СУРЕТІ» ӘДІСІ

Мақсаты: баланың эмоциялық күйін, үрей мен уайымын анықтау.Жұмысты бастамас бұрын назар аудару қажет:

А) қарындаштар жай қалам немесе қаламсап болмауы тиіс. Өшіргішті барынша қолданбағаны дұрыс.

Б) баланың көңіл-күйіне көңіл бөлу; отбасындағы болған кикілжіңнен кейін бұл жұмысты жасамау, себебі, бала дәл сол уақыттағы көңіл-күйін салады; сурет салу барысында балаға кедергі болмау, дегенмен, баланың сурет салудағы көңіл-күйін бақылу қажет; сурет салу барысында баланы түземеу, мысалы «Сен әкеңді салуды ұмыттың», «құлақ, көз салмадың» деген сияқты сұрақтар қойылмау қажет; тесттің нәтижесін балаға айтпау, бұл бізге анықтама үшін қажет. Яғни, алдағы жұмысты жоспарлау және нақтылау үшін; нақты жауап алу мақсатында суретті 3-4 рет, арасы бірнеше күн өткізіп салдыру салдыру қажет. Сонымен қатар, суретте үнемі салатын жайттарды назарға алу маңызды.

1 ТАПСЫРМА: Осы әдістемені әріптесіңізбен бірге орындап, интерпретация жасап көріңіз.

Нұсқау: А4 форматындағы қағаз бетіне түрлі-түсті қарындаштармен «Менің отбасым» немесе «Мен және менің отбасым» тақырыбында өзіңіздің отбасыңыз туралы бейнелеңіз.

2 ТАПСЫРМА: Көрсетілген суретке интерпретация жасап, қысқаша түрде жазып қойыңыз:


«АЯҚТАЛМАҒАН СӨЙЛЕМДЕР» ӘДІСТЕМЕСІ

Мақсаты: зерттелушінің қоршаған ортаға, өзінің және келесі жыныс өкіліне, достары, ұстаздары, жалпы барлық адамдарға, өз-өзіне, өз болашағына, материалды дүниеге, заңға, тәрбиеге т.б. қатынас ерекшеліктерін анықтау.

  1. Менің мамандығым ______________________________

  2. Болашағым _____________________________________

  3. Білгім келетіні __________________________________

  4. Біздің отбасы ____________________________________

  5. Егер де _________________________________________

  6. Қорқамын, ______________________________________

  7. Менің түсімде ___________________________________

  8. Басқа адамдар ___________________________________

  9. Менің сырт келбетім______________________________

  10. Ең жақсы көретінім _______________________________

  11. Менің уайымдайтыным ____________________________

«МЕН КІММІН?» ӘДІСТЕМЕСІ

Нұсқау: 12 минут ішінде бір ғана «Мен кіммін?» деген сұраққа мейілінше көп жауап беру керек. Әр жаңа жауап жаңа жолдан басталады. Сізге қалай ыңғайлы болса, солай жауап беріңіз, ойыңызға келген жауаптың барлығын жазыңыз. Бұл тапсырмада дұрыс немесе дұрыс емес деген жауап жоқ. Зерттеу кезіндегі тапсырманы орындау барысында туындаған эмоциялық реакцияларға көңіл аударыңыз, сұраққа жауап беру қаншалықты қиын немесе оңай болғанына мән беріңіз.

Суицидтік мінез-құлықтың психологиялық ерекшеліктері:

  1. өзінің сырт келбетіне салақ қарау

  2. өзін үнемі жалғыз сезіну, пайдасыз немесе кінәлі, қайғылы сезіну

  3. бұрын ләззат әкелген жұмыстан қалыпты ортадан қанағаттанбау

  4. өлу туралы ойға салыну

  5. болашаққа жоспардың жоқтығы

  6. ұсақ түйектерге ашулану

  7. сыртқы бейнесімен түрінің мұңлы болуы

  8. бір қалыпты дыбыс

  9. асықпай сөйлеу

  10. сөздің қысқа болуы

  11. жауаптың жоқтығы

  12. жылдам экспрессивті сөйлеу

  13. жоқтау

  14. сыңсуға құмарлық

  15. жалпы қозғалыстың саябырсуы

  16. ештеңе істемеу

  17. тым асыра қозғалу

Эмоциялық өзгерістері:

  1. көңілсіз жүру

  2. қабақ шытуы

  3. ашулылық

  4. бұрқылдау

  5. айналадағы ортаға жағымсыз қарым-қатынас

  6. айналаға жек көрушілік сезіммен қарау

  7. өз-өзіне деген мейірімсіздік

  8. қатыгездік сезімі

  9. мәнсіз қорқыныш

  10. мәнді қорқыныш

  11. көңіл-күйдегі қайғының үнемі болуы

  12. қайғыға душар болу

  13. айнала қуанған сайын көңілсіздікке ұшырау

  14. психикалық аурулар, депрессия

  15. 770 ₸ - Сатып алу

    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!