Материалдар / Ауыл тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ауыл тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз тұрып жатқан ауылға Болгар халқының келіп қоныстануы жайлы баяндау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2020
652
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Агрономия орта мектебі











«Зерде»



Жоба тақырыбы: «Ауыл тарихы-ел тарихы.»



Секция: тарих


Жас ізденуші: 7 "А"сынып оқушысы Ахмедьянова Аяжан Арманқызы



Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі

Асанова Динара Ергалиевна














Зерттеу жұмысының сипаты. Зерттеу жұмысым өзімнің туып-өскен жерімнің тарихын зерделеп, танып білу.

Тақырыптың мақсаты:

  • Қазақстан тарихына көз жүгірте отырып, кіндік қаным тамған жер туралы зерделеу;

  • Ауылдың іргетасының қалануын зерттеу;

  • Қазіргі жастарға ауыл тарихын айтып, кеңінен білуге насихаттау.




Міндеттері:

  • Ауылымның тарихын зерттеп, материалды молынан жинастыру.

  • Ауылдың ертедегі кезі мен қазіргі кезін салыстыра отырып, пайым жасау;

  • Жасалған ғылыми жобаның негізінде ауыл тарихын сыныптастарыма таныстыру.



Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тарихы -таусылмайтын тақырып, қазақ тарихы- сарқылмайтын құндылық. Демек, зерттейтін мәселе әлі де баршылық. Мәселен, ХХ ғасырдың басындағы столыпин реформасы кезінде ауылдың іргетасының қалануының тарихын тұрғылықты халықтың аға буыны білсе де, жас буыны біле бермейді. Ал өскен ауылының тарихы білу өскелең ұрпақтың, біздің тіке міндетіміз. Осы жағынан алып қарағанда тақырыпты өзекті деп білемін.

Тақырыптың тарихнамасы: Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасы ХХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап, бүгінгі күнге дейін.













Пікір


Оқушы алып отырған тақырып бұрын сырттай, жаппай қарастырылған, алайда жеке ауыл тарихына бара бермеген десем қателеспеген боламын. Сондықтан жазық даладағы болгарлардың сандық үлесі, тұрмыс-тіршілігі мүлдем қарастырылмаған деп ата аламын.Басқа да жұмыстарды алып қарастырсаңызоқушының алып отырған тақырыбын ешкім алмағанына көз жеткізе аласыз.

Автор бұл жұмысында туып-өскен ауылының іргетасының қалануына, ондағы болгарлардың үлесіне, ұлтаралық қатынасқа баса мән берді. Ақпарат жинау барысында да бұрын соңды ескерілмеген көздерден жинауға тырысып, тың жаңалық енгізуге тырысқан.


Жоба жетекшісі: Асанова Д.Е.


























Андриановка ауылы. 2015-2016 оқу жылы


Жоспары:

Кіріспе:

Мені қызықтырған...

ІІ. Негізгі бөлім

А) Ауылдың ірге тасының қалануында Болгар халқының үлесі

Ә) Игі істері мол «Агрономия» совхозы

Б) Ел мерейін асырған «Андриановка» совхозы
В) Ауылдың қазіргі келбеті

ІІІ. Қорытынды


































Кіріспе


Мені қызықтырған...... .

Мен Андриановка ауылында 199 жылы дүниеге келдім. Осы ауылдағы Агрономия орта мектебінің 7 «А» сыныбында оқимын.

Ауыл ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай тері төгілген киелі мекен. Ауыл қазақтың алтын бесігі. Жер Ана демекші, ананың әлдиі, аялы алақаны қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы.

Қанша ақын -жазушылар, ел қорғаған батырлар ауылдың қара шаңырағынан шыққан.Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат. Ауыл-сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәңгілік кітабы. Өзінің туған жерінің тау-тасын,
Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін сақтай алады деп ойлаймын. Керемет ақын Мұқағали Мақатаев:
Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,
Бұдан артық рахат табылмайды. – деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады. 
Міне осындай туған жерге деген менін балалық ауылым жайлы тереңірек білуге баулыды.


















Кіріспе

Қазақтың жері кең ғой, бірақ оған қызықпаған мемлекеттер аз. Жоңғарлармен талай арпалысып жеңіп шыққанымен әлсіреп қалған елімізге Ресей самұрығы келіп қонды. Арпалысып жүріп 150 жылда әрең жаулап бітті, бірақ Кенесары хандарымыз қасық қаны қалғанша оларға қарсы тұрды.

Осындай оңтайлы сәтті тауып орыс империализмі біздің даламызға шаруаларды қоныстандыру арқылы жерімізді тартып ала бастады. Мұның асқынып кеткен жылдары тың мен «Кіші Қазан» зобалаңы десек, Столыпиннің арграрлық саясаты кезеңінде де орыстар көптеп қоныстанды. Бірақ түбегейлі саясатқа айналды.

Ресей боданында тіпті елдігімізден біржола айырылып қала жаздадық. Қазақ өз жерінде азшылыққа ұшырап, дініміз жойылып, тіл, мәдениет, салт-санамыз тіптен ахуал – тіршілігіміздің өзі жатқа айналып бара жатты.

























ІІ.1.Столыпин реформасы.

Қазақстандағы күрделі жер қатынастары жағдайында столыпиндік аграрлық реформаны кеңінен жүргізу өріс алды, оның мақсаты қоныстандыру қозғалысын күшейту болатын.

1906-1911 жылдарда Министерлер Кеңесінің төрағасы және Ішкі істер министрі болған П.А.Столыпин елді жаңғырту принциптерін әзірледі, оның бірінші шарты шаруаны жердің иесі етіп бекіту болатын. П.А.Столыпиннің аграрлық саясатының мәні үш заң актісінде көрсетілді. Бұл – Сенаттың қарауына берілетін 1906 жылғы 9 қарашадағы «Шаруалардың жер иеленуінежәне жер пайдалануына қатысты қолданылып жүрген заңның кейбір қаулыларын толықтыру туралы» жарлық, ол ІІІ Мемлекеттік Думада 1910 жылғы 14 маусымдағы «Шаруалардың жер иеленуі жайлы кейбір қаулыларды өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң етіп толықтырылды және қайта өңделді. 1911 жылғы 29 мамырда «Жерге орналастыру туралы» заң қабылданды. Аграрлық реформа бойынша шараларды жүргізу Сенат Жарлықты қабылдағаннан кейін 1906 жылы басталды. 1906 жылғы 1 қаңтардан бастап үлесті жер үшін сатып алу төлемдерінің күші жойылды,оларды шаруалар қауымнан шыққан кезде төлеуге тиіс еді. Осы арқылы шаруалардың бұрынғы қоныстанған жерлерінен еркін кетуі үшін ең басты шектеу алып тасталды. Жарлық «ортақ үлестегі учаскелерден жеке иелікке көшетін жекелеген үй иелерінің меншігін нығайтып, қауымнан еркін шығу құқығын» жариялады. Сонымен бірге 1910 жылғы заңның 42-тармағында Азиялық Ресейдің жеріне қоныс аударғандар оларды жаңа қонысқа түпкілікті тіркеген күннен бастап екі жылдан соң шыққан жерлеріндегі қауымдық жерге үміттену құқығын жоғалтады деп арнайы көрсетілді. Сөйтіп, столыпиндік аграрлық реформа қауым мүшелері – шаруаларды азат етті және олардың көшіп-қонуына еркіндік берді: жерді жеке пайдалану құқығын беріп, қоныс аударушылардың жаңа орында сәтсіздікке ұшыраған жағдайда туған жеріне қайтып оралу мүмкіндігін шектеді. Реформа нәтижелерінің бірі шаруалардың шет аймақтарға, атап айтқанда Қазақстанға жаппай көшуі болды. Қазақстанда қоныс аударушылар үшін алынған жердің жалпы мөлшері жөнінде әр түрлі мәліметтердің өзара едәуір айырмашылығы бар. Мәселен, 1917 жылы қоныс аудару органдарының құзыретті шенеулігі В.А.Тресвятский жариялаған деректер бойынша, 1916 жылға қарай Дала өлкесінде зерттелген 106 миллион десятина жердің 30 миллион десятинасы, яғни үштен біріне жуығы басы артық жер дейтінге жатқызылған және қазақтардан күштеп тартып алуға арналған. Алайда «Оралдың арғы жағына қоныс аудару және жерге орналастыру бойынша шолулар» деректеріне сүйеніп Ә.Б. Тұрсынбаев жасаған есептеулерде 1906-1915 жылдар кезеңі ішінде Ақмола, Семей және Торғай-Орал қоныс аудару аудандарында нақты алынған қазақ жерлері 15,8 миллион десятина болған.


ІІ.2.Болгарлардың Қазақстанға қоныс аударуы.

«Бір кездері Болгарлар Каспийдің солтүстігін мекендеген, оның үстіне осы Каспий маңы жазықтарында олардың қыпшақтан Аспарух атты хан болған... және артынан болгарлар бөлініп кетті, бір бөлігі оңтүстікке кетті, кей бөлігі сол жерде қалып қойды, ал тағы бір бөлігі қазір тұрып жатқан Болгария еліне кетіп қалды.Осылай халық қыпшақтардан славяндықтарға өзгереді»,- деп әңгімеледі «Злата» ұлттық мәдени орталығының өкілі В.Достов.

Болгарлар қазақ жерінде столыпин реформасынан кейін жақсы жерлер іздеп пайда бола бастады. Сөйтіп осы жерде қалып қойды. Тіпті Ақтөбе облысында көп бөлігі осы ұлттан тұратын Болгарка ауылы бар. 1942 жылы болгарлардың жартысы Атырау облысына қоныс аударылған.

«Біз Қазақстанда көп емеспіз,шамамен 4 мың. Ең үлкен диаспора – Павлодар, Ақтобе, Қарағанды облыстарында -1500-ден 2500-ге дейін. Мәдени орталықтар Павлодарда, Атырауда, Ақтөбеде, Астанада және Талдықорғанда. 30-40 мың адам болгар тамырлас, олар аралас некеден тарағандар» деп атап өтеді В.Достов.


ІІ.3.Болгарлардың Байқұтты жайлауына көшіп келуі.

Қазіргі менің тұрып жатқан ауылымның орнында ертеде Күрлеуіт елінің жайлауы болған деседі. «Бұл жердің Күрлеуіт елінің жайлауы деуімнің дәлелі, қазіргі зираттың жаны Шөпші қажылар, Балықшы қажылар жайлауы болған, олар қазіргі осы ауылдағы Кикимова Мамиләнің арғы аталары, мың айдаған байлар, бұл жерді Байқұтты деп атаған...»-деп Ахмедьянов Балташ ата айтып өтті.

Ал енді осы Байқұтты жайлауына Болгар халқы қалай және не іздеп келді?

1907 жылы столыпин реформасынан кейін Бесарабия жерінен жаөсы жерлер іздеп келген болгарларды Патша Ертістің жағалауына жібереді, бірақ бұл жерлер казак әскерлерімен бос емес еді. Осылайша олар цивилизациядан алыс кең байтақ жерлерге қырға келіп қоныс тебеді. Ол жер қазіргі Разумовка және Анриановка ауылдары еді. Бірнеше отбасы бала-шағасын, мүмкіндігінше киім-кешектерін аттардың үстіне тиеп, ат арбалатып коныс аударады. Ең алдымен «Разумовка» селосын құрады, кейін Анриянов деген болгардың есімімен «Анрияновка» селосы пайда болады. Қазір ауылда тұрып жатқан Галюровтардың, Баклажанскилердің, Драгановтардың, Соколылардың арғы ата-бабалары осы екі елді мекенді құрған болатын.


1927 жылдары коллективизация кезінде екі елді мекенді колхоз «Новый свет» деп аталған. Сол кезде басшысы Юсембели Афанасий, кейін

СтояновН.А. Анрияновка жеріне Разумовкадан егістік егуге келіп тұрған екен. Кейін бұл жерде де үйлер салып қоныстана бастаған. Осылайша Анриановка және Разумовка елді мекндерінің іргетасы қаланған екен.


ІІ.4.Болгар халқының тұрмысы.

Қоныс аударушы болгар халқы өте еңбекқор адамдар . Оған мына деректер мен суреттер дәлел. Олар көшіп келген кезде өздерімен бірге әр түрлі жеміс бұталарын ала келген екен. Оның бір естелігі Разумовка жерінде қазіргі күнге дейін сақталған «Ерга» ағашының бақшасы. Олар егістікпен,мал шаруашылығымен және баубақшамен айналысқан. Алғашқы үйлерін қолдан құйылған саман кірпішінен қалаған, оның сыртын батбақпен сылап, төбесін ағашпен және қара қағазбен жабқан көрінеді. Осындай үйлерді олар «Землянка» деп атаған. Сол землянканың бір қалдығы І ғасыр өтсе де, Разумовка ауылында сақталған, оның өзі құлау алдында тұр. Осы ауылдарға кейін көшіп келген қазақ халқымен өте жақсы қарым қатынаста болған. Андриановка елді мекенінде бар жоғы екі қазақ отбасы болған. Оның бірі менің арғы аталарым, яғни Ахмедья ата. Ауылдың шығыс жағына қарай Ахмедья көлі бар, сол кезде болгарлар өз тілдеріне ыңғайлы солай атап кеткен. Ұлы Отан Соғысына дейін халық өте тату-тәтті өмір сүрген. Ерлер соғысқа аттанады. Соғыстан кейін елдің экономикасын қалпына келтіру үшін тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты жүргізіледі. Қазақстанның 6 облысында соның ішінде Павлодар облысы, Краснокутск ауданы Андрияновка және Разумовка селолары қамтылады. Украинадан тағы басқа жерлерден келген ұлт өкілдерімен бірге болгар халқы да көп еңбектенеді. Тың игеру кезінде Андриановка ауылы ауылшаруашылығын және егістік жерлерін дамытуға байланысты бұл жерді «Агрономия» деп атады.

Жұмыстың түрлеріне қарамай,халық көп еңбектенеді. Осы кездері ауылда алғашқы 4 жылдық мектеп ашылады. Алғашқы басшысы ҰОС ардагері Кошевой В.И. Сол кезде қатардағы мұғалім болгар ұлтының қызы

Тетекли М.Д. осы кісінің ұрпақтары әлі күнге дейін біздің ауылымызда тұрады. Бірінші мектеп директорының уақытылы демалысқа шығу себебіне байланысты, орнына болгар ұлтының қызы Коморова Ф.Д. сайланады.

1979 жылы совхоз басшысы Драгановтың көмегімен 3 қабатты Агрономия орта мектебі ашылады. Мектеп 360 оқушы орны қарастырылған. Содан бері 25 жыл мектеп басшысы болып Нургалиева С.К. қызмет еткен екен.

Совхоз директоры Драгановтың бастауымен Мәдениет үйі құрылысы 1984 жылы басталады. Бұл жерлерде Виа- «Степные зори» ансамблі өнер көрсеткен, оның құрамында- ПушкинаА, Кравченко С, Червеняк А, Дымов Н, Соколы А, есімді азаматтар болған.

Көптеген азаматтар жемісті еңбектің арқасында Агрономия совхозының құрмет кітабына енген, соның ішінде болгар халқының өкілдері де бар көрінеді. Бұның бәрі жігерлі еңбектің, төзімділік пен шыдамдылықтың және жергілікті халық қазақтардың оларды бөліп жармай құшақ жая қарсалып көмек көрсеткеніміздің арқасы деп білемін.




























Қорытынды

Қазақ тарихына көз жүгіртіп , зерделеп отырсақ, біздің біз болып қалыптасуымызға өзіміз болдық. Алайда тарихтың келбеттерін парақтап қарап отырсаң, жеке ел болып қалыптасуымызға, көшпеліден отырықшы болуымызға , малдан да басқа күн көріс көзімен тіршілік етуімізге өзге ұлттық ықпалы бар екенін мойындауымыз шарт. Дегенмен де өзге жақтан қоныс аударып келген басқа ұлт өкілдеріне құшақ жайып, кең пейілділік танытып, өздерінің өзгеге үйретіп, өзгеден өздері үйренген қазақ халқы асыл жұрт.

Ақтоғайдан шыққан атақты болгарларды ел ішінде ұмытпай есте сақтап, естеліктерін қастерлеп жүрген азаматтарымыз көп. Ақтоғай жерінде тамырын терең жайған-Раевскийлер, Семеновскийлер, Комаровтар, Дымовтар, Галюровтар,Ангеловтар, Стояновтар, Янокогловтар, Таракчи, Соколы, Каланжовтар, Казанжи, Христодоровтар, Баклажанскийлер,Грецевтер, Кассалардың және басқалардың ұрпақтары әлі күнге дейін туған елінде тұрып, еңбек етуде.Тәуелсіздік жылдары аудан экономикасын, оның басты саласы-ауылшаруашылығын дамытуға ерекше күш –жігер жұмсаған шаруа, фермер қожалықтары басшыларының орны бір төбе.

Осы бір жаны жайсаң болгар ұлтының өкілдері, өз халқының басқаларға ұқсамайтын ерекше және, сонымен бірге, Қазақстан халқымен бірге бітісіп кеткен ортақ, тағдырлас дамуына, Ақтоғай ауданының орталығында болгарлардың қазақ жеріне қоныстануының 100 жылдығы құрметіне арнап орнатылған ескерткіш –обелискінің жанында жыл сайын келіп бас қосады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған еліміздегі мемлекеттік ұлт саясаты бағытының дұрыстығын атап өтіп, Қазақ елінде тұратындарын мақтан етіседі.











Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1.Қазақ ССР тарихы, 3-том. Алматы, 1985 ж

2.Общественно-информационная газета «Славяне» №2(2)2002г. Июль

3.Ауыл тынысы №18 (9148) 30 сәуір 2016 жыл

4. Ғаламтор материалдарынан «Google» , «Яндекс»































Кіріспе бөлімі













770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!