Ауыл тарихы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ауыл тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ауылдың тарихы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақала

Ұялы ауылының тарихы

1930 жылы алғаш артель болып құрылған екен. Ол кез кеңес үкіметінің жаңа-жаңа аяғынан тік тұрған кезі. Соған қарамастан 1932-1935 жылдары ұжымдастыру кезеңінен өтеді. Ұжымдастыру артельден күрделірек, колхоздастырудың алғашқы кезеңі болса керек. Осылай күрделене келе 1936-1953 жылдары « Бірлік» колхозы болып ұйымдасқан екен. Мұндай кезеңді барлық ұжымдар Кеңестік дәуірдің кезіңде барлығы да өткен. Одан ұялылықтар да шет қалмаған. Сол дәуірдің қоғамдық сипаты- «Бірлік» ауыл кеңесі екен. Бұл қоғамдық сипат бертіңге дейін созылғанын бәрімізде көргенбіз. Ауылдық кеңес, ауылнай, бүгінгі ауылдық округтің баламасы десек болады

1948 жылы Ұялы ауылы су тасқынына ұшырап, қырға көшіп жаңа Ұялы ауылы құрылды. Біздің ауыл Нұра өзенінің бойына орналасқан және қара суымыз бар, Бес шалқар көліміз бар. Біздің ауылдың Ұялы аталу себебі, бізде құстар көп мекендейді, ұялары көп болған. Көптеген құстардың түрлері бар. «Өзені бардың, өзегі талмас» - дегендей ашаршылық уақытында, біздің ауылдың адамдары ашаршылыққа ұшыраған жоқ. Себебі балық аулап күн көрді. Өзен – көлдерде балықтардың 10 шақты түрі кездеседі. Бертін келе 1954-1961 жылдары Қараегін, Қарғалы, Ұялы - үшеуі бірігіп, іріленген колхоз болғаны да рас, бірақ оның ғұмыры ұзаққа созылмады. Сол кездегі аумалы-төкпелі колхоздардың совхоздарға айналуы дүрбелеңінде орталығы Қараегін болған бұл колхоз да көрші «Ленин жолы» колхозы, кейін «Ленин жолы» совхозының бір бөлімшесі болған көрдік.

Туған жер сырласымдай сағынарым

Сәл ұзап шықсам сені сағынамын.

Түсінбес бұл жырымды, көрмегендер

Арайлап күліп атқан ауыл таңын.

«Ор» аталу себебі ертеде ол жерді бай мекендеген екен. Ол өз байлығын сақтау үшін , қоршау ретінде маңайын ор қылып қазғызған екен.

Ауыл экономикасын көтеру жолында еңбек еткен ағаларымыз:

Аппасов Сартай, Ыдырысов Қалкен, Қасенов Алтынбек, Сатыбалдин Қасымбек , Диханбаев Картай, Аппасов Сағындық.

Көп жылдар бойы Ұялы медициналық пунктінде Қожанова Раушан Жүнісқызы еңбек етті. Адал еңбегінің арқасында «ССР денсаулық сақтау» төс белгісімен марапатталды. Қазіргі уақытта Раушан Жүнісқызы зейнеткер, еңбегінің зейнетін көріп отыр.

Ұлы Отан соғысы басталғанда , біздің ат төбелдей ғана шағын ауылдан 50-ге тарта азамат майданға аттан екен. Олардың көбі майдан орнында елі, жері үшін қаза тапса, небары он үш адам ғана елге оралды.Оның ішінде мүгедек болып оралған азаматтар да болды.

Орындаған 5-сынып оқушысы:Мұрат Қажымұқан

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2023
445
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі