Материалдар / «Ауыл тарихы – ел тарихы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Ауыл тарихы – ел тарихы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Ауыл тарихы – ел тарихы» Мақсаты: Оқушылардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жердің тарихы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеу Көрнекілігі: Слайд, баннер…
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Сәуір 2018
424
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Чайзатов Мұрат Серікұлы3 Күршім гимназиясы,өзін-өзі тану пәні мұғалімі



Тақырыбы:  «Ауыл тарихы – ел тарихы» Мақсаты:  Оқушылардың  туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін  арттыру, туған жердің тарихы туралы білімдерін кеңейту, отансүйгіштікке тәрбиелеуКөрнекілігі:  Слайд, баннер… Мұғалімнің кіріспе сөзі: Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оңжағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай Күршім не заманнан қалың Найман мекені. Сол Алтаймен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал, күн жылт етсе төрт түлік мал қарағайлы Қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған, ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі- алтай жазы тау еркесі- киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалына сайран етіп жатқаны... .Жүсіпбек Аймауытов. «Ақбілек» романы, 1928 жыл.Немересі атасына келіп «Күршім» атауының шығу тарихын айтып беруді сұрайды. Немересі: Ата, ата маған мұғалім ауылымыздың атауының шығу тарихы туралы тапсырма берді маған сол туралы айтып бересізбе? дейді (сахна шетінде атасы және немересі отырады.2 оқушы киінген үстел жазылған.)Атасы: Ол ұзақ әңгіме балам Немересі: Айтып беріңізші?Атасы: Қарашілік... –ертеректе біздің тұрған жеріміз осылай аталған- деп аздап кідіреді. Немересі: сосын Атасы: Бұл жерде ит тұмсығы өтпеген ну орман болған. Сол себепті адамдар ұзақ уақыт бойы осы аумақты уақытша тұрақ ретінде қолданған. Осы аумақта негізінен Найман руынан шыққан Саржомарттар мен Телетайлықтар уақытша мекен еткен. Кейін 1905 жылдардағы ревалюциядан соң мында Сібірден, Доннан, Кубаньнан, Татарстаннан және Қазақстанның өзге аймақтарынан адамдар қоныстандырылды. Ең алғашқы қоныстанушылардың бірі қылып, Саратов губерниясының «Киізшілер» отбасы Құмаш деген байдың ауылының жанына қоныстандырады.Сосын Кумаш атты татар саудагері үшін бұл жерді қолайлы аймақ деп тауып, осында саудамен айналысады.Немересі: Сонда бұл жерді не үшін таңдап алды?Атасы: Біріншіден: осы жерден ертіс өзені ағып өтеді.Екіншіден: Ертісте ол кездері таптырмас көлік құралы болған Параходтар жүретін. Үшіншіден: Зайсан көлі де жақын орналасқан болатын.Немересі: Сонда олар не сатқан?Атасы: Адамға күнделікті керек затттарды (Ұн. Шай қант кәмпиттерді сонымен қатар әр түрлі маталарды) Немересі: Ол кезде де ақша болды ма?Атасы: Иә. Ол кездері ақша орнына айырбас сауда жүрген.Немересі: Сонда қандай заттарға айырбастады?Атасы: ол кезде жергілікті халық айырбас құралы ретінде малды, сүт өнімдерін, және қолдан жасалған заттарды қолданған болатын.Немересі: Ата сонда Күршім атауы қайдан шыққан?Ерте ерте ертеде қазақ пен қалмақ арасында жер үшін таластар жүріп жатады. Сондай соғыстардың бірі өзеннің жағасында өтеді. Қазақтың батыры Күрсін деген қалмақтың батырының басын алады. Сол кезден бастап өзен аңғары қалмақтың қаза болған батыры құрметіне Күршім деп аталды.Атасы: Осы Құмаш байдың құрметіне бұл жер «Кумашкино» аталған. Ал 1968 жылы бұл жерге заңды түрде Күршім атауы беріледі.



Сұрақтар: Күршімнің орналасқан координатасы қандай? 48°33′53″ с. е.83°39′37″ ш. б.Блыс орталығы Өскемен қаласы мен Күршімнің арақашықтығы неше км? Өскемен каласымен Күршім ауылының арақашықтығы – 220 км2016 жылғы санақ бойынша Күршім ауданындағы тұрғын саны қанша? 7,2 мың адамҚорытынды: Балалар мінекей көріністе атамыз айтқандай біздің асем ауылымыз жай ғана мекен ретінде пайдаланған. Қазір қарап отырсақ ауылымызда керек құрылғылардың барлығы бар. Облыс орталығына да тез жете аламыз. Жылдан-жылға ауылымыз көркейіп өсіп келеді.







































































































Қаралды _________ Бекітемін ____________Кафедра жетекшісі Директордың тәрбие ісі Маликова Н. жөніндегі орынбасары Асанова Д.Ж.

















«Ауыл тарихы – ел тарихы»(Тарих кафедрасының апталығына орай өткізілген)











Пән мұғалімі: Чайзатов М.С.













2017 ж.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!