Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ауырлық күші
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды үйкеліс күші ұғымымен таныстыру, бұл күштің неге тәуелді екенін, үйкеліс күші ұғымын физика, технология, өсімдіктану пәндері арқылы түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды осы сабақ арқылы қазақи дәстүрлерді сақтауға, қазақтың «табақ тарту» дәстүрін үйренуге, біліп жүруге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, қазақтың салт дәстүрін бойларына сіңіру, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып түсіндіре дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ, жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: кітаппен жұмыс, демонстрация, видео әдісімен, жаттығулар орындау, танымдық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: Графопроектор, суреттер, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Саламатсыздарма оқушылар! Баршаңыз «табақ тарту» атты сабағымызға қош келдіңіздер!
Өзінің аты айтқандай бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше. Қазақ халқы ежелден қонақжай халық. Келген қонаққа қой сойып ет асылады. Мал етінен қазақтың ұлттық тағамының ең бастысы ет асылып, бесбармақ дайындалады. Құтты қонақтардың алдына жасалған табақтар тартылады. Табақ тарту олда өнер. Қазақта еттен табақ тартқанда оның ерекше құрмет дәрежесін білдіретін бірнеше табақ аттары бар. Алайда қонаққа ет тартудың өзіндік мәні мен өз ерешелігі бар. Осындай табақтарды жасау үшін, әдет-ғұрып пен салт —сананы білетін адам болғаны жөн. Әр табақ атына, маңызына қарай жасалады. Малдың әр мүшесінің атаулары, сол мүшелерден қонақтарға бөлінетін сыбағалар бар. Сыйлы қонақтарға ең жақсы жерін атап салады. Ет пісіп болған соң, ет бөлуші кісіге қай қонаққа қандай табақ тарту керектігін айтады. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек қазақта «қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады» — демекші бүгінгі сабағымыздың жоспарымен танысайық. Алдымен осы мақалдың мағынасын түсінейікші. Иә, яғни балалар тамағың толып тұрса, тамағың тоқ болса, ақылыңда, біліміңде болады, сайрайсың деген. Олай болса бүгінгі сабақта сендердің ақылды, білімді, қазақтың әдет-ғұрыптарын қаншалықты білетіндеріңді байқаймыз.
Жоспар:
І. Бас табақ (үй тапсырмасы)
ІІ. Сый табақ (асату)
ІІІ. Жеңге табақ (сематикалық карта)
ІV. Құда табақ (жаңа сабақ)
V. Қыз табақ (есептер шығару)
VІ. Күйеу табақ (бекіту сұрақтары)
VІІ.Сыбаға (бағалау, үйге тапсырма)
Енді сабақты бастамас бұрын малдың асықты жілік деген жілігінде асық болады. Осы асық жілікпен қазақтың ер балалары ойнаған. Бұл асық ойыны да ұлттық ойындарға жатады. Сондықтан бүгінгі сабағымызда мен балалардың сабақта берген дұрыс жауаптарын осы алдымызда тұрған асықпен бағалағым келіп тұр.
І. Бас табақ (үй тапсырмасы):
Бұл бас табақты қадірлі қонаққы ұсынған. Балалар кім біледі мұны, өткен сабақта үйдегі үлкен кісілерден сұрап келіңдер деп тапсырғанмын. Қане, Мөлдір айта қойш. Иә, балалар, әуелі табақтан бас алынбай табаққа қол салынбайды. Басты үлкен адам, қадірлі қонақ ұстайды. Ол — бастың маңдай ортасын тігінен және көлденеңнен тіліп, төрт бұрышы бар таңба салады. Бұл «төрт құбылаң сай болсын» дегені. Дәстүр бойынша бас ұстаған адам әуелі өзі ауыз тиеді де, содан кейін табақтастарына құйқа үлестіріп, тегіс ауыз тигізеді. Әр қонақтың өзіндік сыйы сияқты, жілік ұстау рәсімдері бар. Бас, жамбас, ортан жілік, қабырға, жылқының қазы-қарта, жал-жаясыда салынады екен. Енді осы еттердің астында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар жасырылған, осыларға жауап берейік.
1. Ауырлық күші дегеніміз не?
2. Ауырлық күшінің формуласы?
3. Дененің салмағы дегеніміз не?
4. Салмақ қандай әріппен белгіленеді, өлшем бірлігі?
5. Реакция күші дегеніміз не?
6. Салмақсыздыққа мысал келтір?
7. Ауырлық күші қандай әріппен белгіленеді, өлшем
бірлігі?
Жауап берген оқушылар асықпен бағаланады.
ІІ. Сый табақ (асату):
Сый табақты қалай жасаймыз? Кім айтады екен? Қане, Мұратбек. Иә, жауырын, бас, жамбас, бел омыртқа, қабырға қазы —қарта, жал-жая салады екен. Бұл де ерекше сый құрметке лайық адамдарға тртылатын табақ. Сондықтан артта отырған мұғалімдерімізге қазақта асату деген бар сый табақтан асату берсек. Бұлда тағамдарда қазақтың ұлттық тағамдарының бірі. Олар бауырсақ, жеті нанмен шұбат. Нанды киелі дейді қазағмыз және де Келін алып, құда күткенде осы ағарғанмен сыйлаған. Оларды қазақтың ұлттық ыдыстарымен ұсынсақ.
ІІІ. Жеңге табақ (сематикалық карта):
Қазақта жеңге табақ бар екен. Оның жасалуын кім біледі? Қане, Аяжан айтам дейді, айта ғой. Иә, балалар, қазақтар жеңгесін құрметтеген халық. Жеңгесімен қайын іні, қайын сіңілісі қалжыңдасып жатады. Сондықтан етке қойдың жамбасын, жауырынын, асықты жілігін, қабырға, жүрек, бауырын, ток ішегін, бүйрегін салады екен.
Бауыр—бүйрек — қайныңды бауырыңдай
көр,
Жүрек — табысқанда жүрегің бұрылып тұрсын,
Ішек-қарын — бауырымыздай аралассын дейді
екен.
Енді семантикалық картамызға келейік.
Жауап берген балалар асықпен бағаланады.
ІV. Құда табақ (жаңа сабақ):
Қазақтар құдаларын құдайындай сыйлаған халық. Құда табақта сыйлы табақ. Ол туралы кім біліп келді балалар? Айжанат айта қой қане. Бас, жамбас, кәрі жілік, қазы-қарта, жал-жая, құйрық-бауыр. Құдаларға құйрық-бауыр береді. Ол молшылық, ырыс, тоқшылық, бауырдай тату-тәтті болу үшін береді екен.
Енді осылайша жаңа сабағымызды бастайық. Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік — бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды.
Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама — қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады. Fүйк. әрпімен белгіленеді. F = µN
1. Тыныштық үйкелісі. Блеуді көлбеу тақтайға қоялық. Тақтайдың еңке? Бұрышы онша үлкен болмаған кезде білеу орнында қала алады. Оны төмен қарай сырғудан не ұстап тұр? Тыныштық үйкелісі. Үстелде жатқан дәптерді қолдарыңмен қысыңдар да оны жылжытыңдар. Дәптер үстелге қатысты қозғалады, бірақ сендердің қолдарыңа қатысты тынышuықта тұрады. Сендер ненің көмегімен дәптерді қозғалуға мәжбүр еттіңдер? Дәптердің қолмен тыныштық үйкелісі көмегімен. Тыныштық үйкелісі қозғалыстағы транспортер таспасында тұрған жүктердің орнын ауыстырады, баулардың шешілуіне кедергі жасайды, тақтаға қағылған шегені ұстап тұрады және т.б. Тыныштық үйкеліс күші әр түрлі бола алады. Ол денені орнынан қозғалтуға ұмтылған күшпен бірге артады. Бірақ кез келген екі жанасушы денелерде ол одан әрі бола алмайтын бір шама аз мәнге ие болады. Мысалы, ағаш тақтада тұрған ағаш білеу үшін ең көп тыныштық үйкелісі шамамен оның салмағының 0,6-сын құрайды. Денеге максимал тыныштық үйкеліс күшінен асып түсетін күш түсіріп, біз денені орнынан қозғаймыз және ол қозғала бастайды. Тыныштық үйкелісі сол кезде сырғанау үйкелісімен алмасады.
2. Сырғанау үйкелісі. Таудан сырғыған шана біртіндеп ненің салдарынан тоқтады? Сырғанау үйкелісінің салдарынан тоқтады. Мұзда сырғанап келе жатқан шайба өз қозғалысын неге баяулатты? Сырғанау үйкелісінің салдарынан. Сырғанау үйкелісінің күші әрқашанда дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы жаққа бағытталған.
Үйкеліс күштерінің пайда болу себептері қандай?
1. Жанасатын денелердің беттерінің кедір-бұдырлығы. Тіпті тегіс көрінген беттер шын мәнісінде әрқашанда микроскопиялық тегіс емес (томпақ, ойыс) болады. Бір дененің екінші дененің бетімен сырғанаған кезінде бұл тегіс еместік бір біріне ілініседі де, қозғалысқа бөгет жасайды.
2. Үйкелісетін денелердің түйісетін жерлерінде әрекет ететін молекула аралық тартылыс. Қазір бір нәрсені — заттардың молекулаларының арасында өте аз қашықтықтарда тартылыс пайда болатынын меңгеру маңызды. Молекулалық тартылыс тек денелердің жанасатын беттерін жалтыратқан жағдайларда ғана көрініс табады. Мәселен, арнайы технология көмегімен вакуумда өңделген өте таза және тегіс екі металл салыстырмалы сырғанаған кездегі үйкеліс күші тегіс емес ағаш білеуін жерде орын ауыстырған кездегіге қарағанда айтарлықтай үлкен болады екен. Кейбір жағдайларда осы металдар бір бірімен «ұстасып» қалады да одан әрі сырғанау мүмкін болмайды.
3. Домалау үйкелісі. Егерде дене бірінің бетінен бірі сырғымай, дөңгелек немесе цилиндрге ұқсас домаласа, онда олардың түйіскен жерінде пайда болған үйкелісті домалау үйкелісі деп атайды. Домалаған дөңгелек жол табанын бір шама жаншиды, сондықтан оның алдында әр уақытта жеңуге қажетті шамалы төмпешік болады екен. Домалаған дөңгелекке үнемі алдында пайда болатын төмпешіктен шығуға тура келеді, домалау үйкелісінің пайда болу шарты осыған саяды. Сол кезде жол неғұрлым қатты болса, домалау үйкелісі солғұрлым аз болады.
Бірдей жүктеме кезінде домалау үйкеліс күші сырғанау үйкесіс күшінен айтарлықтай аз болады. Бұл тіптен ертеде байқалған. Сондықтан ауыр жүктерді жылжыту үшін біздің ата-бабаларымыз олардың астына дөңгелейтін зат немесе бөрене қойған. Осы себептен адамдар көлікке дөңгелек пайдалана бастады.
V. Қыз табақ (есептер шығару):
Төркіндеп келген қызына қазақ арнап қой
сояды. Самал айта қойш қандай еттер асады екен? Иә, сойылған малдың
құйымшақ, жауырын, бел омыртқа, асық жілік, тіл, жүрек-бауыр,
бүйрегін салады. «Қыздан қызық қалсын, көңілінде сызық қалмасын,
сыз қалмасын» дегені.
Енді есептерімізге көшейік:
14-жаттығу.
1. Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?
2. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.
3. Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?
VІ. Күйеу табақ (бекіту сұрақтары):
Қазақтар күйеу балдарын да сыйлаған. Оған қандай еттер асқан? Аружан айта қой. Төс, асықты жілік, қабырға, омыртқа, қазы-қарта, жаурын.
Бекіту сұрақтары:
1. Қандай күшті үйкеліс күші деп
атайды?
2. Үйкеліс күші нешеге бөлінеді?
3. Үйкелістің пайдасы мен зияны?
4. Үйкелісті азайту жолы?
5. Нормаль қысым күші дегеніміз не?
6. Үйкелістің формуласы?
Енді балалар қазақтар бата алмай, ас қайтармай дастарханнан тұрмаған. Қане, кім бата қайтара аласыңдар. Алғабек келе ғой.
VІІ.Сыбаға (бағалау, үйге тапсырма):
Сыбаға дегеніміз қазақтар соғым сойғанда тума-туыс, көрші—көлемдеріне соғымнан сыбаға деп бір асым ет берген. Енді балалар осы «табақ тарту» сабағымызды қорытып сендердің жинаған асықтарың бойынша бағалайық.
Олай болса үйге тапсырма ала қойыңыздар:
§ 32. Үйкеліс күші. 14 жаттығудың 5-ші есебі соңғысы.
Осымен «табақ тарту» сабағымыз аяқталды. Балалар қазақтың салт-дәстүрін ұғынды деп ойлаймын. Сау болыңыздар!
Сынып 7 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:Үйкеліс күші
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға үйкеліс күшінің қандай күш екенін, түрлерін және оның табиғат заңдарындағы маңызын, өмірмен байланыстырып түсіндіру.
2. Дамытушылық: Мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ой-өрісін ғылыми ой қорытындыларын жетілдіру, өз ойларын сөзбен жеткізуге дамыту.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды топта жұмыс жасау арқылы бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:слайд, карточка, бейне баян
Техникалық құрал-жабдықтар:компьютер, видеопроектор.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары.
V. Бағалау.
VІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сынып жағдайын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқушыларды түгелдеу, оқушыларды топқа бөлу (атом және молекула суреттері қиылып жасырылады, оқушылар суреттерді таңдап оны құрастырады және сурет бойынша топқа бөлінеді. Суреттің артында өткен тақырыптар бойынша сұрақтар беріледі де оқушылар сол сұрақтарға жауап береді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Доп лақтыру» ойыны арқылы оқушылар алдынғы сабақтан бір-біріне сұрақ қояды.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға сөзжұмбақ жасырылады:
СӨЗЖҰМБАҚ
Сұрақтары:
-
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама (күш)
-
Жердің табиғи серігі (Ай)
-
Дененің салмағы қандай шама? (векторлық)
-
Күшті өлшеуге арналған құрал (динамометр)
-
Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлігі (молекула)
-
Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін деформация түрі (серпімді)
-
Денелердің инерттілігінің өлшемі (масса)
-
Серпімділік күшін ашқан ғалым (Гук)
-
Грекше «гелиос» қандай мағынаны береді? (күн)
-
«Атомос» - сөзі қай тілден алынған? (грекше)
-
Тарихта Аристотель қаншаншы ұстаз атанды? (бірінші)
Шананы қара жолмен сүйрегеннен гөрі мұз бетімен, қар үстімен сүйреген ыңғайлы. Тетік - бөлшектері майланбаған велосипедті тебу де, тұрмыстық жиһаздарды еден бетімен жылжыту да қиынға түседі. Жол бойымен келе жатқан машинаның қозғалтқышын жүргізуші өшіргеннен кейін ол тоқтайды. Мұз айдынында коньки теуіп жүрген бала да, төбешіктен сырғанап түскен шана да, домалап келе жатқан доп та біраздан соң тоқтайтын болады. Бұл тәжірибелер бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде қозғалыс жылдамдығына қарама – қарсы бағытталған және дененің қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болатынын көрсетеді.
Үйкелісті азайту үшін -беттерді жылтыр етіп өңдеу
керек,
Үйкелісті азайту үшін -үйкелетін беттерді майлау керек,
Үйкелісті азайту үшін - сабын көпіршіктерін пайдалануға
болады.
Судан аулай салысымен, балықтардықолда ұстау қиындау себебі, сыртқы
қабатында үйкелісі аз болғандықтан.
Үйкелетін материалдарды таңдау арқылы да үйкелісті реттеуге
болады:
Резеңкенің -топырақ ,ағаш, асфальт беттерімен ілінісуін болдырмау
үшін үйкелісті азайту шараларын қарастырады.
Үйкелісті арттыру үшін- резеңке пайдаланамыз
(бөлшектерді резеңкеден жасау, етігіміздің табанына резеңке
жапсыру)
Қыста мұз бетінде үйкелісті арттыру шараларын жасайды(жолдарға
құм,тұз себу)
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.Үйкеліс күшін F әрпімен белгілейді.
Үйкеліс түрлері
• Сырғанау үйкелісі
• Домалау үйкелісі
• Тыныштық үйкелісі
Сырғанау үйкеліс күші. Өте жақсы өңделген екі бірдей металл кубты алып, оларды әр түрлі беттерге қояйық, біреуін кішкене кедірлі – бұдырлы бетке, ал екіншісін жылтыр бетке. Бет аздап кедірлі – бұдырлы болғанда дененің оңай сырғанайтынын байқаймыз. Ал керсінше екі өте жақсы тегістеліп өңделген беттің бір – біріне сырғымайтынын көреміз. Себебі мұндай беттердің бөлшектері бір – біріне өте жақын орналасады екен, олардың арасындағы үлкен тартылыс күштердің салдарынан олар бір – біріне жабысып қалады екен. Конькидің жүзі мұзға қысым түсіреді де оның ермеуіне әсер етеді, конькидің астында пайда болған су қозғалысты жеңілдетеді, қысым түсіру тоқталса су бірден қатып қалады. Неліктен сұйық үйкелісті азайтады? Сұйық қабаттары жанасқан беттерге жабысады да бір – бірімен тайғанауға әкеледі. Сұйықтардың қозғалысы да белгілі тұтқырлық деп аталатын кедергіге әкеледі, бірақ оның шамасы қатты беттердің арасындағы кедергіден әлдеқайда аз болады(бейне баян).
Тыныштық үйкеліс күші. Бұл бір жағынан дененің қозғалуына кедергі жасайтын күш, ал кейде тыныштық үйкелісі қозғалыстың басталуына себеп бола алады. Мысалы: жүргенде аяқ киім табаны жолмен өзара әсерлесе отырып, үйкеліс нәтижесінде пайда болған тыныштық үйкелісі адамның аяғына үдеу береді, сөйтіп адам жолды аяғымен итеріп оны кері қарай қозғалуға мәжбүр етеді. Өзіміздің тәжірибемізге сүйене отырып, біз мұздың үстінен жайлап абайлап жүреміз де, онда ақырындап жылжимыз. Мұздағы тыныштық үйкелісінің аздығы сондай, адам табаны тиесімен сырғып кетеді. Бұл тайғанауға әкеледі де, жүруге кедергі жасайды (бейне баян).
Дененің өзі жанасып тұрған бетке (жанасу бетіне
перпендикуляр) түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
Оны N
әрпіменбелгілейді.
N=mg
Үйкеліскүшіқысымкүшіне тура пропорционал:F=μN
ІV. Жаңа тақырыпты меңгерту тапсырмалары
А) Оқулықпен жұмыс: 14-жаттығу
-
Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ?
-
Жалпы массасы 1т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?
-
Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.
Б) Деңгейлік есептер.
1 - деңгей.
Массасы 50кг денені орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті0,3
2 - деңгей.
а) Дененің нормаль қысым күші 600 Н сол дене 240 Н үйкеліс күш әсерінен бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициентін тап.
б) Шананы қар үстімен сүйрегенде жұмсалатын ең
үлкен күш 0,5 кН болады.
Үйкеліс коэффициенті 0,1. Осы күштің әрекетінен бірқалыпты
қозғалатын жүк тиелген шананың массасын
тап.
3 -деңгей.
Көлемі 2 дм3 тіктөртбұрыштыағашбілеушеніорнынынқозғалтуүшінқандайүйкеліскүшпенитерукерек? Үйкеліскоэффициенті0,5
В) Сапалық есептер
1. Көктайғақта жолға неге құм себеді?
2. Футболшы киетін аяқ киімнің табанына үшкір шегелер қағылады. Оның қажеті не?
3. Неліктен тірі балықты ұстап тұру қиын?
4. Бәтеңкенің жібек бауы, мақта бауға қарағанда оңай шешіліп қалады. Неге?
5. Неге жаңбыр тамшылары үй шатараның көлбеу бетімен төмен оңай сырғанайды, ал қар шатырда қалың қабат жасап жиналып қалады?
V. Бағалау (топтар бірін-бірі бармақ әдісімен және смайлик арқылы бағалайды, соңында мұғалім өзі оқушыларды бағалайды).
VІ. Үйге тапсырма: «Масса және күш» тарауын қайталау