Материалдар / Ауызекі сөйлеу стилі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ауызекі сөйлеу стилі

Материал туралы қысқаша түсінік
Күні Сабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі (оның ауызша,жазбаша формаларының өзіндік ерекшеліктерін таныту) Сабақтың мақсаты. Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру,сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндерді ажырата білу,талдай білу. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып,соған байланысты мысалдарды келтіре алу. Сабақтың түрі.Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі.Сұрақ-жауап,баяндау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
4340
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КүніСабақтың тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі (оның ауызша,жазбаша формаларының өзіндік ерекшеліктерін таныту) Сабақтың мақсаты. Тілдің байланыс қызметін баса сезіндіру,сөйлеу стилінің қолданылатын орындары мен қолданылатын формаларын білдіру. Ауызекі сөйлеу стилінде жазылған мәтіндерді ажырата білу,талдай білу. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдарын пайдалана отырып,соған байланысты мысалдарды келтіре алу. Сабақтың түрі.Жаңа білім беру сабағы. Сабақтың әдісі.Сұрақ-жауап,баяндау. Сабақтың барысы. Ұйымдастыру кезеңі.Жаңа материалды меңгертуге бағытталған жұмыс түрлері.Сөйлеу тілі – адамдардың күнделікті бір-бірімен қарым-қатынасқа түсетін құралы.Сөйлеу стилі белгілі бір тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан,ол ауызекі сөйлеуге байланысты жүзеге асады. Ауызекі сөйлеудің өзіндік ерекшелігі – адамдар ойын еркін жеткізеді.Онда күнделікті өмірге байланысты мәселелер айтылады.Сондықтан күнделікті тұрмыста өздерің естіп,қолданып жүрген үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады.Ауызекі тілдесу кісілердің бетпе-бет қатысуы негізінде жүреді.Мына кестедегі сөйлеу тілі екі түрлі.Мысалдарға назар аударыңдар.























Сөйлеу стилінің өзіндік ерекшелігін жасайтын белгілі бір жағдайға байланысты сөйлеу мәнері бар екендігін байқап отырмыз.Сөйлеу тілінің әртүрлілігімен қоса,олардың лексикалық құрамына назар аударайық.Жоғарғы диалогте лексикалық құрам қарапайым сөздерден тұрса,төменгі диалогте тұрпайы сөздерден тұрады.Сөйлеу стиліне,яғни сөйлеу тілі лексикасына тән сөздерге қарапайым сөздер,тұрпайы сөздер,диалектизмдер,кәсіби сөздер жататындығын айта келіп,оқушылардың назарын келесі кестеге аударамын.Мысалдарды оқытып,диалекті және кәсіби сөздерді табу қажет.



















Күнделікті өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен қолданылатындықтан,ауызекі сөйлеу стилі бірнеше түрге бөлінеді: 1. Дидарластық сөз (әңгімелесуі,сұхбаттасу); 2. Полемикалық (пікірталас) сөз; 3. Көпшілікке арналған сөз (баяндама,лекция).Сыныпта жаттығулар орындау төмендегі кестені толықтыру арқылы.

ТеңеуМетаномияМетафораЭпитетӘсірелеуМақал-мәтелТұрақты тіркес,т.б.


Шегіртке

Терең көлшікҮстіңгі ерні көк тіреп, астыңғы ерні жер тіреп

Босбелбеу болу Жер жұту
Үлгі:

Мәтіндегі сөйлемАуызекі баяндау өзгерістері
Ол кезде бір сұлу төрдің Қосарық деген жерінде тұратынбыз.Бұлай деп кім,қашан қойып жүргені бізге беймәлім.Бірақ әр жерде бір шоқиған тапал тамдардың ара-арасымен ирелеңдеп ағып жататын жалғыз арық бар болатын.Неше жылдар бойына су шайып,мүжіле-мүжіле арнасының екі жиегі биіктеп,жарқабақтанып кеткен.Онда Сұлутөрде Қосарық деген жерде тұрдық.кім сүйтіп атағанын білмеймін.Үйлердің жанында жалғыз арық ағатын.Су шайып екі жағы мүжіліп кеткен.




57- жаттығумен жұмыс бағытын ұйымдастыру.1.Абай сөздерінің мазмұнын қалай түсіндіңдер?2. Өзіндік ой түйіндерің.3. Абай сөздерінің қасиеттілігі мен қажеттілігін қалай бағалар едіңдер.



Оқушыларға «Аяулыммен бірге асылдың басты қасиетін ашу,асылзаттың тегі бөлек жан екенін табу» Балалр «Негізгі қасиеті неде?» зат қасиеттерін топтастырып,саралай қарап,таңдау жасауды үйрену.

СөзЕрекше белгі,қасиетіСөзЕрекше белгі,қасиеті
АзматЕр жігіт Жігіттің нары Еңбек ері Елге қызмет етеді Елге елеулі Халыққа танылған Мықты жігіт Бір сөздіАсылзатАсыл тас не жарқыраған зат. (Сәуле) Жақсы дамаға байланысты айтылады. (Жұлдыз) Шоқанды асылзат деген атам. (Әлібек) Неге олай депт? (Айдана) Ол тегі жақсы асыл жан. (Аймекен) Иә,ол атақты Абылайдың тұқымы. (Сәрсенбай) Неге асылтек демеген? (Гүлден) Олардың мағынасы бір. (Шапағат(


Үйге:60 жаттығу. берілген үлгілер бойынша және жаттығудағы талап бойынша орындау.Бекіту:1.Ауызекі стилі неше түрге бөлінеді? 1. Дидарластық сөз (әңгімелесуі,сұхбаттасу); 2. Полемикалық (пікірталас) сөз; 3. Көпшілікке арналған сөз (баяндама,лекция).2. Дидарласу сөзінің мағынасын түсіндір. Жауап: Дидарластық сөзстилі екі немесе бірнеше адамдардың бас қосқан сұхбатында қолданылады.Дидарластық кездесу жарасымды түрде өтеді.Жарасымды әңгімеден адамның көңілі өседі.ләззат алады.3.Полемикалық (пікірталас) сөзінің мағынсын түсіндіріңдер. Жауап: Даулы сөз пікір таластырушы немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады.Өз пікірін дәлелді ететін аргументтер келтіріледі.Қарсы жақтың мысын басатын мысқыл сөздер де қолданылады.Даулы мәселені шешуге әркімнің дайындалып (стратегиясын,тактикасын құрып) барғаны жөн.

Бағалау. Үй тапсырмасы









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!