Материалдар / «Азаматтық борышты өтеу – қасиетті парыз»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Азаматтық борышты өтеу – қасиетті парыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1461
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық борышты өтеу – қасиетті парыз

Сабақтың масаты:Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, Туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру, патриотты тәрбиелеу. Өз ойларын айта білуге, көзқарастарын, ойтолғауларын жеткізуге бағыт беру. Азаматтық міндеті мен парызын адал атқаруға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:ҚР рәміздері, суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар.


Кіріспе сөз.
Мұғалім:Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт бағдарын ұстанған өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында Азаматтық борышты өтеу – қасиетті парыз атты ашық сынып сағатын өткізіп отырмыз.
Тәуелсіздік жолында талай жылдар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын–қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөзі: Біз Қазақстанның Тәуелсіздігінің оңайлықпенен келмегенін біліп, оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті
Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.Алтын торда алтын құс өсіресің де, бұлбұл құсӨскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, деп сабағымды бастаймын.
Елім менің (бейне клип)
Мұғалімнің сөзі: Қазақстан қандай мемлекет?



Оқушы: Гүлден менің өр елім!
Мұғалім: Қазақстан елі қай қасиетімен айбатты, айбынды.
Оқушылар: Әнұранымен, Туымен, Елтаңбасымен.
Оқушы: Тәуелсіздік тірегім.
Егемен Қазақстан (бейне клип)
Мұғалім: Сонымен тәуелсіз ел - өз нышандары, жері, дәстүрі, әдет-ғұрпы, тарихы, мәдениеті, өз елін басқарушысы бар еркінел. Ал әрбір азамат өз елінің негізгі нышаны белгілерін, рәміздерін жақсы білуі қажет және қастерлеу керек.
Еліміздің барлық халықтары Ата заңымыз – Конституцияға бағынады. Заң дегеніміз – ереже. Ата Заңымызды әркімнің білім алуына, денсаулығын сақтауға, тынығуға құқығы бар екендігі көрсетілген. Сонысмен қатар, Отанды қорғау, мемлекеттік нышандарды құрметтеу, тарихи-мәдени есерткіш-мұражайларды қорғау, табиғатты сақтау және қорғау әр азаматтың міндеті екені баса көрсетілген. Осыны естен шығармайық.

Оқушы: “Назар аударайық”
Азаматқа тән жан жомарттығы, бауырмал ізгілік Отан үшін отқа күйген перзенттік батылдық, жасымайтын қайсарлық, ісімен аңыз еткендей біртуарлық, тамырын ұлт тарихынан, тілі мен ділінен алған, әлемдік рухани-гуманистік құндылықтардан нәр алған жан екенін аңғару үшін мына мәтінге назар аударайық.
М. Қозыбаев
... Азамат дегенді халық қалай түсінеді? Азамат – деп пенденің кәмелеттік жасқа келіп, төлқұжатқа ие болған кезін айтқаны рас, ал іс жүзінде кең мағынадағы Азамат - әке-шешенің ғана емес, ел баласы болып өскен, елінен ауа жүріп емес, халқымен бірге өмір кешкен, қиын-қыстау жерде замана түйінін шешкен парасатты жанды айтады.
Азамат – деп ата-ана, ел үмітін ақтаған, Отан сенімін бойтұмар қылып сақтаған, достың сырын шашпаған, зұлымдық жолын баспаған, сегіз қырлы бір сырлы арлы жанды айтады.
Азамат – деп ата-анасының жанынан ұзап, ат жалын тартып мініп, қатарынан озып, биіктерге қол созып, мен боламын, тезірек өсіп толамын деген екпінді де қарымды талапкер жасты айтады.
Азамат – деп қиын сәтте тәуекел қайығына қаймықпай иінетін, қас дұшпанның езуін тілетін, жетім-жесірге, шаршап-шалдыққанға, қайғы басып, қамыққанға көмекке келіп, шапағатын аямаған ерен ерді айтады.
Азамат – деп ата-анасына, еліне, халқына адал, туысқанға бауырмал, ізгі жанды айтады.
Азамат – деп қай істі болса да өнер деп білген, өмір жолын еңбек жолы деп сүйген, Отаны үшін жалынға шарпылып, отқа күйген ел перзенттерін айтады.
Азамат – деп ез болып отыра бермейтін, замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр өр адамды айтады.
Азамат – деп қате басқан жері болса, қайталап түзеп, өз мінін өзі мініп, сүрінсе мұқалмай, бір тізерлей тік тұрып, қайта түлеп, озық кеткен қатарына жетіп, одан әрі өтетін қайран есіл ерді айтады.
Азамат – деп алды тар, арты жар күрес жолында өзі құласа да, тіккен туды құлатпаған, артын шулатпаған, тірісінде есімі аңызға айналған біртуар ұлын айтады.
Бір сөзбен айтсақ, қазақтың азамат туралы ұғымы – ресми ұғымнан кең. Оның тамыры ұлт тарихында, ұлттың тілі мен дінінде жатыр, әлемдік рухани, гуманистік құндылықтарда оның қайнарлары бар.

Оқушы: Отан, ел, ана алдындағы парызын атқарған париот ұлдың пікірі өзінің оттай қызуымен, алмастай өткірлігімен ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Отан деп соққан өршіл жүректе намыс пен кекке малынып парыз міндеті жаны жай таптырмайды. Сондай сәтте бойына ерлік рухын берген Елім-айды айтуға шақырады.
ШЫҒЫС ҰЛЫНА ХАТ
Б. Бұлқышев
Шығыс ұлы!
Біздің қазіргі уақыттағы орнымыз қанды майдандағы қызу ұрыста ғой. “Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, еңку-еңку жер шалмай” біздің ісіміз бітпейтін нағыз қызу кезең осы емес пе, Шығыс ұлы!
Шығыс ұлы! Сонау туған өлкең Арқаны есіңе түсірші. Ондағы мейірімді халықты, бізді тәрбиелеп өсірген Отан-ананы еске түсірші! Сен соларды сүйетін едің. Бүгін сол шын махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып отыр.
Отан деген бір-ақ сөз. Бірақ осы сөздің мағынасына тең келер ешбір сөз жоқ. Сол ардақты Отан бүгін қауіпте тұр.
Менің көз алдыма: “Қарағым, ұлым, тағдырым сенің қолыңда” деп тұрған ізгі ана – қазақ әйелінің бейнесі келеді. Бұл маған Отан өміріне төнген қауіпті аңғартады. “Ұланым, туған еліңді сақтап қал!” дегендей болады. Осы лебіз жанды жанып, күш қуатты тасытады.
- Сақтаймыз, ана, өміріңді сақтаймыз, - дегің келеді, сөзбен емес, іспен ақтауға ұмтыласың.
Ел қорғауға ер намысымен аттаған біздің алдымызда үлкен бел жатыр. Шығыс ұлы! Туған елдің келешегін сақтауға біз міндеттіміз. Ендеше қазақ қыздарының ғасырлар бойы “Елім-ай” деп сары даланы күңірентіп салған зарлы әнін бүгінгі күні жаңа күймен ұрыс алдында біз шырқасақ, оның айы-шамы жоқ. Елім-ай - елін сүйген қыз жүрегінен шыққан ән. Елін сүйген ер жігіт қазіргідей заманда “Елам-ай” десе, ол – ант! Ол – серт! Ұрыс алдында жауынгерлердің жүрегіне төтенше махаббат құймақ. Шығыс ұлы, кел шырқатып “Елім-айды” салайық. Қайғымен емес, жауға бермейміз елімізді деп, жігерленіп салайық; қасіретпен емес, ел үшін өлімге қарсы жүреміз деп серт беріп, “Елім-айға” салайық.

Оқушылар: Б.Момышұлының парыз туралы бір топ ойы. (түйіндеме).
Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұр үшін аянба – жігіттеріңе сын.
Отан үшін отқа түскін – күймейсің.
Тізе бүгіп тірі жүргенше, тік тұрып өлген артық.
Міне өмір бойы парыз сеніміне бой алдырып, жалғыз соған ғана бағынып келдім.
Парыздан күшті күш жоқ.
Парыздан қатал сот жоқ.
Парыздан қорқынышты жаза жоқ.
Парыздан жарқын жарық жоқ.
Парыздан кіршіксіз тазалық жоқ.
Парыз – жан рухы, жүректің жүрегі.
Парыз – арман мен даңқ асқары.
Парыз – адал берілгендік тамыры.
Парыз – ержүректің рухы.
Парыз – қаһармандық жүрегі.
Парыз – ұлттың іргетасы.
Парыз – намыс күзетшісі.

Оқушы: Қ. Мырза Әлі
Он кісілік парыз бар бір басымда,Одан ауыр жоқ шығар қорғасын да!Жақсылықты көргенде жарқылдаймынСұлулардың саф алтын сырғасындай!


Ән: Атамекен

Мұғалім: Қорытынды сөз.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!