Күні:
Тақырыбы: Азаматтық құқық
негіздері
Сабақтың
мақсаты:
-
Оқушыларға азаматтық құқық
негіздері мәліметтері мен таныстыру;
-
Білімдерін дамыту, ой
өрістерін кеңейту;
-
Құқық пәнініне
қызығушылықтарың ояту.
Сабақ
түрі:
Аралас
Сабақ
жабдығы: интерактивті
тақта.
Сабақ
барысы:
I. Ұйымдастыру
кезеңі
II.Үй тапсырмасын
тексеру:
1. Ауызша
тапсырмалар.
2.Үйге берілетің
сұрақтар.
3. Өздік тапсырма
орындау.
4.Қорытынды ой
айтқызу.
III. Жаңа материалды
оқыту:
Лекция
жоспары:
1.Азаматтық құқық туралы
түсінік.
2.Азаматтық құқықтың
қағидалары
3 .Азаматтық құқықтың
жүйесі
4.Азаматтық құқықтың қайнар
көздері
5. Басқа да заң
актілері.
IV.Бекіту: 1.Ортақ ой тұжырымдама
жасау.
V.Қорытынды: Қорытынды
шығару, бағалау.
VI. Үй
тапсырмасы:«Азаматтар құқығы» -
тақырыбына презентациялар жасау.
Тақырыбы: Азаматтық құқық
негіздері
Азаматтық құқық туралы
түсінік
Азаматтық құқық
дегеніміз азаматтық заңдарда көрініс
тапқан мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке
қатынастарды реттейтін нормалар азаматтық заңнамада көрініс
тапқан.
Нарықтық қатынастар,
негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі. Нарықтық қатынастар кең
етек жая дамыған елдерде Азаматтық кодекс екінші Конституцияға
теңестірілген.
Азаматтық құқықтың да өзіндік
реттеу пәні бар. Ол – мүліктік және мүліктік емес жеке
қатынастар.
Мүліктік қатынастар
дегеніміз – мүлікті иелену, пайдалану
және билік етугебайланысты қатынастар. Басқаша айтқанда, мүліктік
қатынастар – материалдық игіліктермен байланысты қоғамдық
қатынастар екі топқа бөлінеді – мүліктік қатынастармен тығыз
байланысты мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке
қатынастар.
Бірінші
топтағы мүліктік қатынастармен тығыз
байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты
мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық
меншікпен байланысы бар қатынастар
құрайды.
-
Ғылыми еңбектің авторы немесе
өнертапқыш өзінің авторлық құқығын қорғауға байланысты сотқа талап
арыз беріп, арыз сот арқылы қанағаттандырылатын болса, онда ғылыми
еңбектің авторының немесе өнертапқыштың қаламақы немесе басқалай
сыйақы алуға құқығы болады. Бұл жағдайда мүліктік емес жеке
қатынастар мүліктік қатынастармен байланыстылық сипат
алады.
Жеке мүліктік емес
қатынастардың екінші тобын – мүліктік қатынастармен байланысы жоқ
мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Денсаулыққа келтірілген
зиянның нақты ақшалай құнын анықтауға болмайды. Дегенмен де,
азаматтық құқықтың нормалары істің мән-жайына байланысты
денсаулыққа келген зиянның орнын толтыруды
реттейді.
Жеке өмірге, тұрғын үйге,
ар-намысқа, іскерлік беделге қолсұқпаушылық екінші топтағы жеке
мүліктік емес қатынастарға жатады.
-
Реттеудің азаматтық-құқықтың
әдісі заңды тараптардың теңдігін, құқық бұзушылық кезіндегі
жауапкершіліктің мүліктік және өтемақылық сипатын, сотқа жүгіну
арқылы жүзеге асатын құқық қорғаудың айрықша әдісін білдіреді. Бұл
әдіс диспозитивті деп аталады. Бұл тараптардың теңдігін, әрекеттің
тәуелсіздігін, қарым-қатынастың еріктілігін
білдіреді.
-
Дүкен иесі тауар жеткізіп
берушілерді өзі анықтайды, тараптар баға мен басқа да шарттар
туралы келіседі және бұл әрекеттерді келісімшарт түрінде
рәсімдейді. Аталған келімісмшарт бұзылғанда тараптар келісімшарттың
күшін жояды, ал бір біріне қоятын талаптары болса, онда ол
мәселелер сот арқылы шешіледі.
Азаматтық құқықтың қағидалары
Азаматтық құқықтың
қағидаларына:
-
Тараптардың
кеңдігі;
-
Шар теркіндігі және талдау
құқығы;
-
Еркіндік;
-
Тәуелсіздік;
-
Меншікке
қолсұқпаушылық;
-
Біреудің жеке ісіне келісімсіз
араласпауы;
-
Азаматтық құқықтардың еш
кедергісіз жүзеге асырылуы;
-
Бұзылған құқықтарды қалпына
келтірудің қамтамасыз ету;
-
Азаматтық-құқықтық қатынасқа
қатысушылардың құқықтарын сот арқылы қорғау
жатады.
Аталған қағидаларды азаматтық
құқықтың барлық қатысушылары басшылыққа алуы тиіс, өйткені олар
әрбір адам өмірінің негізін қалаушы мәнге
ие.
Азаматтық құқықтың
жүйесі
Азаматтық құқықты қолдануды
жеңілдету үшін оны жалпы және ерекше бөлімдерге бөледі. Азаматтық
құқықтың жалпы бөліміне жалпы ережелерді реттейтін нормалар жатады.
Олар: келісімшарт, меншік құқығы, және міндеттемелік
құқығы.
Ерекше бөлімді негізінен нақты
қатынастарды реттейтін нормалар құрайды. Олар – айырбас, жалға алу,
сатып алу – сату, интеллектуалдық меншік, авторлық құқық және
өсиетнама.
Азаматтық құқықтың қайнар
көздері
Азаматтық құқықтың қайнар
көздеріне мыналар жатады:
-
Қазақстан Республикасының
Конституциясы. Конституция меншіктің түрлі нысандарын қалыптастыру
үшін жеке меншікке байланысты қатынастарды, оның ішінде мүліктік
қатынаспен байланысты жеке мүліктік емес түрлі қатынастардың реттеу
негізінде енгізілген.
-
Қазақстан Республикасынының
Азаматтық кодексі азаматтық құқықтың негіздері жүйесіндегі ерекше
орынға ие. Бұл заңда азаматтық құқық қатынастардың негіздері,
азаматтық құқықты негізгі институттары т.б.жағдайлар нақты
баяндалған.
Басқа да заң
актілері.
Бұған азаматтық қатынастардың
реттейтін арнайы конституциялық заңдар мен жай заңдар Қазақстан
Республикасының Президентінің Конституциялық заң күші бар және жай
күші бар жарлықтары, парламенттің және оның палаталарының
қаулылары, т.б.жатады.
Заңға негізделген нормативтік
құқықтық актілерге әр түрлі министрліктер, атқарушы органдар
жергілікті органдардың азаматтық қатынстарды реттеуге арналған
нормативтік құқықтық актілер жатады.
әдеттегі
құқықтар
Топпен
жұмыс:
Сен қалай ойлайсыңдар,
қандай жағдайда ҚР азаматтылығын беруден бас
тартылады?
-
Адамзатқа қарсы халықаралық
құқықта көзделген қылмыс жасаса,
-
ҚР егемендігі мен
тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса,
-
..........................................................................................................................................,
-
..........................................................................................................................................,
-
..........................................................................................................................................,
-
..........................................................................................................................................,
-
..........................................................................................................................................,
-
Басқа елдің азаматы болып
табылса
азаматтық берілмейді және осы негіздерде
ҚР-ның азаматтылығы тоқтатылады.