Материалдар / Азаттықтың әр сәті - аманат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Азаттықтың әр сәті - аманат

Материал туралы қысқаша түсінік
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – ащы термен, төгілген қанмен, төгілген жаспен, қаншама адамдардың өмірінің құрбан болуымен, өлмеген жігердің отымен келген тәтті жеңіс яғни ұлы күн. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Бабаларымыз аңсаған бостандықты, ұлы күнді жырға қосқан ақындар аз емес. Осы ретте Мұхтар Шахановтың мына өлең жолдары ойыма оралады:...Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер... Міне, осы шумақтың өзінде бізге Тәуелсіздіктің оңай келмегенін көруге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Желтоқсан 2021
231
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Азаттықтың әр сәті - аманат

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік – ащы термен, төгілген қанмен, төгілген жаспен, қаншама адамдардың өмірінің құрбан болуымен, өлмеген жігердің отымен келген тәтті жеңіс яғни ұлы күн. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Бабаларымыз аңсаған бостандықты, ұлы күнді жырға қосқан ақындар аз емес. Осы ретте Мұхтар Шахановтың мына өлең жолдары ойыма оралады:

...Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер.
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып күзге айналған көктемдер... Міне, осы шумақтың өзінде бізге Тәуелсіздіктің оңай келмегенін көруге болады.

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 29 жыл болды. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 29 жылға таяу уақыт өтсе де, осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналдық. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 

1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия болды. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы, инновациялық білімі деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма тоғыз жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына, Шымкент қаласын ТМД елдерінің астанасына, Түркістан қаласын облысқа айналдырды.

Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі болып келеді. Тәуелсіздік –тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отанымыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың қатарына біз де ендік. Өз тіліміз, дініміз, діліміз, салты мен дәстүріміз, ғұрпымыз, мәдениетіміз дамып, ішкі және сыртқы экономикамыз да қалыптасқан. Қазақстанның – өз Әнұраны, Елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет болдық. Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы іспетті, осы негізде Ата Заңымыз қабылданып, оған сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады.

Тәуелсіздік - киелі ұғым. Себебі, тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінеміз. Біз - ейбіт елдің ұрпағызмыз, біз - еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдында бір төбе екенін еш қашанда естен шығармаймыз.

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі болып табылады. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем таныды.        

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, десек, артық айтпаған болар едік. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды, күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабаның орындалған арманы, сарғайып күткен сағынышы болды. Сондықтан да, тәуелсіздік тарихы ұлы тақырып екендігін ешқашан естен шығармауымыз керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан әуел бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді.

Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады. Қазірде елімізге тыныштық заман орнады деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма тоғыз жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. Өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да дами түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады.

Қорытындылай келе, мен сөз соңын Қалқаман Сариннің мына өлең жолдарымен аяқтағанды жөн көрдім:

...Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Ендеше, қолда бар алтынның қадірін білу, оны келесі бір дәуірге аманаттау – мойнымыздағы парыз деп ұғынайық! Ертеңгі елдің келешегі үшін талмай еңбектеніп, Отанымыз үшін жанған өшпестей жалын болып жана білейік! Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Алдабекова Ақжарқын Асанбайқызы

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА

Шымкент көлік колледжінің тарих пәні оқытушысы, «Жалпы техникалық пәндер»

бірлестігінің төрайымы тарих ғылымдарының магистрі.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!