Кажиакберова Маржан
Араратовна
ШҚО Тарбағатай ауданы
Ақсуат ауылы
«Тарбағатай колледжі» КММ
геогорафия пәнінің оқытушысы
Сабақтың
тақырыбы: Азияның саяси картасы және
аймақтары.
Сабақтың
мақсаты:
Білімділік: Студенттерге Азия
елдерінің қалыптасуы мен аумақтарға бөлінуі туралы түсіндіру. Ішкі
айырмашылықтар мен басқару формаларының өзгеруі жөнінде білім
беру.
Дамытушылық:Азия елдерін саяси
картадан көрсете отырып білім, біліктерін қалыптастыру. Кескін
картадан аумақтарды бейнелеу, оларды еске сақтауды
қалыптастыру.
Тәрбиелік:Географиялық
мәдениетке тәрбиелеу. Өзге елдердің тарихын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,
картамен жұмыс, кестені толтыру.
Сабақтың барысы: І:
Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
Студенттермен амандасу.
Түгендеу. Сабаққа дайындалу.
ІІ: Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
-
Өткен материалдан студенттерге
сұрақ қою. Азияның шекараларын және географиялық орнының
ерекшеліктерін естеріне түсіріңдер. Азияның аумақтарына саяхат
жасағандар.
Азия-екі жарты шарда бірдей
орналасқан ең үлкен дүние бөлігі, ауданы 44 млн
км2
. Жер шарының халқының жартысы
мұнда тұрады. 40-қа жуық мемлекет бар. Саяси картаның қалыптасуы
ұзақ уақытты қамтиди.
Саяси картаның қалыптасуының
кезеңдері.Азиядағы ежелгі мемлекеттер негізінен, ірі өзендердің
аңғарларында қалыптасыт. 4 мың жылдай бұрын Тигр және Ефрат ө
аралығында алғашқы қалалар пайда болды. Б.з.д. ҮІІ ғ. Вавилон қ. 1
млн –ға жуық адам тұрды.
Сонымен Азия айрықша көшпенді
өркениеттің бесігі болды. Қара теңіз бен Сары теңіз аралығында ғұн
мемлекеті қалыптасты. Қазақтар осы өркениеттің бір тармағы болды.
Отырықшы және көшпенді өркениеттің ірі мемлекеттік құрылымдары
пайда болды.
Тарихтан алған білімдерін
естеріне түсіріп, Орта Азия мен қазақстан жерінде қандай
мемлекеттер болғанын естеріңе түсіру.
Азияның отарлау кезеңі ХҮ ғ.
Васко да Гамманың Үндістанға баратын жолды ашуынан басталды. 1511
ж. португалдықтар Малакка түбегін басып, Испания Филиппин аралдарын
басты. Ең күшті держава болған Ұлыбритания мен Нидерланд Азияның
көп бөлігін өз иелігіне басып алды. Кейін Франция, Португалия,
Ресей, АҚШ және Жапонияның отарына айналды. ХХ ғ 56 пайыз
отарланды. Отарлаушы мемлекеттердің ішінде Ұлыбритания алдыңғы
орынға шықты. 10- сызбанұсқаны қарау.
Дамыған елдер Азияны ХХ ғ.
ортасына дейін сақтады. Отарлық жүйе екінші дүние жүзілік соғысынан
кейін ыдырай бастады. Көпшілік мемлекеттер тәуесіздікті
алды.
-
Тарихи-географиялық аймақтары.
Мемлекеттер құрылысы. Азяи аймақтары
-
Географиялық орналасу
жағынан
-
Табиғи жағдайлары мен
ресурстары;
-
Тарихи
тағдыры;
-
Әлеуметтік
мәдени;
-
Экономикалық даму
жағынан
Төрт аймаққа
бөлінді.
Кесні толтыруға
тапсыру.
Аймақтары
|
Ішкі және сыртқы
айырмашылықтар
|
Басқару
формалары
|
Оңтүстік-Батыс
Азия
|
17 ел енеді, Шығыс-Машрик,
Батыс-Мағриб араб географиясында аталады.Су жолдарының тоғысында
жатыр. Мұнай қорына бай, Суэц каналы іске қосылғаннан кейін Берлин
және Бағдат темір жолы
салынды.
|
Республикалар-Грузия, Израиль, Ирак, Иран,
Йемен, Ливан, Кипр, Сирия, Түркия, Ауғанстан.
Конституциялық-Иордания. Абсолюттік-Бахрейін, Катар, Кувейт, БАӘ,
Оман, Сауд Арабиясы,монархиясы да
бар.
|
Оңтүстік
Азия
|
7 елді қамтиді. Үнді мұхиты
арқылы еуропа, Африка, Аусралиямен сауда қатынас жасайды. ХІХ ғ
Британдық Үндістан пайда
болды.
|
Республикалық-Үндістан, Пәкістан,
Бангладеш, Шри-Ланка, Мальдив, Непал.
Конституциялық
монархия да
бар.
|
Оңтүстік-Шығыс
Азия
|
Үндіқытай түбегі,
Малай архипелагі, 10 ел
енеді.
Қытай мен Үндістан аса маңызды
теңіз жолдарында жатуы халықтың шаруашылықтың дамуына әсер
тигізген.
|
Республикалар-Вьетнам, Индонезия, Лаос,
Мьянма, Сингапур, Филиппин. Абсолюттік-Бруней,
Конституциялық-Малайзия, Таиланд,
Камбоджа.
|
Орталық және Шығыс
Азия
|
Жапония, Корей ХДР, Қытай,
Тайвань, Корея Республикасы, Монғолия, Сянган, Аомынь. Жапонияның
отарында болды.
|
Монархия-Камбоджа,1999 ж
Аомынь мен 1997 ж Сянган Қытай құрамына енді, 80-шы ж Тайвань мен
Қытай «бір мемлекет-екі жүйе»
бірікті.
|
Қорытындылау: Азия саяси
картасына үнемі өзгерістер түсуде. Халықтың діни мен ұлттық құрамы
күрделі, елдердің шекаралық мәселелері түбегейлі шешілмеуі,
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы алшақтық
болуы.
Бекіту үшін сұрақтар қою: 1.
Азияның 4 аумаққа бөлінуі қандай себептер болды.? Азия елдері
отарлыққа түсуі қай кезден басталды? Тәуелсіздікті қай кезден
бастап ала бастады? Отаршылар елдердің ішінде ең қуатты
мемлекеттерді ата. Олардың иелігінде қандай мемлекеттер
болды?
Үйге тапсырма беру. Параграф
соңындағы тапсырмаларды орындау. Азия елдрі туралы анықтама
дайындау.
Сабаққа белсенді қатысқан
студенттерді атау, баға қою.