Материалдар / Азот және аммиактың молекулалық құрамы мен құрылысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Азот және аммиактың молекулалық құрамы мен құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттер мен оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қаңтар 2021
3316
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Орал «Сервис» технологиялық колледжі

(білім беру ұйымының атауы)

«Бекітемін» _______

Басшының оқу ісі жөніндегі

орынбасары __________

Т.А.Ә. (болған жағдайда)

20___ж. "____" _________










Педагогтің сабақ жоспары


Азот және аммиактың молекулалық құрамы мен құрылысы

(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы____Химия________________________________


Дайындаған педагог _Муратова Жулдызай Рахимжановна________

2021 жылғы "27" _қаңтар_












2020-2021

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ __І курс, 2020-2021оқу жылы 6 топ_

Сабақ типі : теориялық

2. Мақсаты, міндеттер:

1.Азот және аммиак молекуласының құрылысы мен қасиеттері туралы білу.

1) Молекуланың құрылымы негізінде азоттың төмен химиялық белсенділігін түсіндіреді;

2) Газ тәрізді аммиактың және оның су ерітіндісінің химиялық қасиеттері мен алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастырады;

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

3) Аммиак пен азот қышқылын өнеркәсіптік өндіру және қолдану салаларын сипаттайды.

3. Сабақты жабдықтау

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

3.2 Техникалық құралдар, материалдар

4. Сабақтың барысы

Оқытушы студенттерге азоттың ашылу тарихын баяндайды.

1772 жылы қарапайым зат ретінде азотты («бүлінген ауа» атауымен) Даниэль Резерфорд сипаттады, ол азоттың негізгі қасиеттерін (сілтімен әрекеттеспейді, жанбайтын, тыныс алу үшін жарамсыз) көрсеткен магистрлік диссертациясын жариялады. Дәл Даниэль Резерфорд азоттың бірінші ашушысы болып саналады. 

Тапсырма: 1172 жылы Генри Кавендиш келесі тәжірибені жасады: ол ауаны бірнеше рет жанып жатқан от үстінен өткізді, одан кейін оны сілтімен өңдеді, нәтижесінде Кавендиш тыныс тарылтатын (немесе мефитикалық) ауа деп атаған қалдық алынды.

Тәжірбиені түсіндіріп,сәйкес реакция теңдеуін жазыңыз. Қандай газ өзгеріссіз қалды

Жауабы: химия тұрғысынан жанып жатқан отпен ауа оттегісінің реакциясы кейін сілтімен жұтылатын көмірқышқыл газына бай­ла­ныс­ты­рыл­ды. Осыған қоса газ қалдығы көп мөлшерде азот ретінде ұсынылады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып, оқушылар бағалау критерийлерін ұсынады.


(



Ж) Студенттер ауаның құрамын көрсететін диаграмманы сызады және не себептен ауаның құрамында азоттың пайыздық құрамы көп және өзгеріссіз қалатынын талқылайды.Оқушылар қорытындылай келе азотың ешқандай затпен реакцияға түспейтіндігімен түсіндіреді.


Мұғалім
студенттерге азоттың төмен белсенділігін түсіндіруге шақырады. Мәселені шешу үшін алдымен азот атомы мен азот молекуласының құрылысын зерттейді.

Студенттер жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындайды.

2-тапсырма. Азотқа ПЖО орны бойынша сипаттамаберіңіз:

-

-периоды

- топ

- атом құрамы

- толық электронды формула

- мүмкін болатын тотығу дәрежелері, қосылыстардың мысалдары.

Азоттың сипаттамаларын бірлесіп талқылау.

(К) немесе (Э) Жану кезінде шамамен ауаның 20% жұмсалатындығын көрсету үшін «Шыны қалпақтың астында май шамның жануы» тәжірибесі оқушыларға көрсетіледі. Көрсетілім алдында қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

С) Ауа құрамын анықтау үшін көрсетілім нәтижелерін оқушылармен талқылаңыз.Азоттың химиялық белсенділігінің төмен екендігіне көз жеткізеді.

(Ж) немесе  (Т) Студенттер азот молекуласының «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салады, молекула құрылымның қалай төмен белсенділікке әкелетінін талқылайды. 

Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, азоттың физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттайды.

(С) Азот молекуласының құрылымын және химиялық реакциялар теңдеулерін жазудың дұрыстығын талқылайды. Азоттың төмен химиялық белсенділігі молекулада үш байланыс болуымен байланысты деп тұжырымдайды.

Мұғалім сұрақ қояды:

Аммиак молекуласында бөлінбеген электронды жұптың болуы қандай қасиеттерге әкеледі?

Студенттер аммоний ионын «нүкте және айқыш» диаграммасы арқылы бейнелейді және бағалау критерийлері бойынша өзара тексеріс жүргізеді.

Әрі қарай мұғалім аммиак молекуласы мен аммоний ионының пішінін болжау үшін валенттік орбитальдардың электронды жұптарының тебілу теориясын қолдануды сұрайды.


Сабақты қорытындылау. Рефлексия:

«Сіз бүгін сабақта не білдіңіз?»деген сұраққа әр топ жауаптарын жазады. Содан кейін топтар парақтарды ауыстырады. Сұраққа жауап беру кезінде басқалардың жазғанын қайталамауы керек. Әр топ өзінің бастапқы жауабы келгеннен соң басқа топтардың жазғанын талдайды және қорытындылайды

5. Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Студенттердің барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

6. Үй тапсырмасы: §39-40. 5-7 бет. (1-5)








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!