Материалдар / Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
11 сынып жаратылыстану - математикалық бағыт . Жаңа әдіс- тәсілдер қолданылған. Экологиялық, химиялық сипаты бар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
32
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

Азот және күкірт

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Азот оксидтері және нитраттарының қоршаған ортаға экологиялық әсері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.8 азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдау

11.2.1.9 азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Азот оксидтерінің атмосфераға, нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін талдайды

Азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту мәселелерін шешудің жолдарын ұсынады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.

Оқушылар мұғаліммен амандасады. Топқа бөлінеді. Оқушылар Random Group Generator арқылы 3 топқа бөлінеді.






Слайд 1

Тақырыпты ашу

Азот және оның қосылыстары жайлы қысқаша шолу. Тақырыптың маңыздылығын түсіндіру.

Оқушылар суретке қарап сабақтың тақырыбын болжайды. Сабақтың оқу мақсатын айқындайды.

Мұғалімнің кері байланысы:

Жарайсың!

Тамаша!

Осындай жауап күткем.

Слайд 2



Сабақтың ортасы

25 мин.

Азот оксидтерінің және нитраттардың экологияға әсері туралы бейнежазбаны QR код арқылы көрсету.

Топтық жұмыс. Постер құру

1 топ Журналисттер

2 топ Химиктер

3 топ Экологтар


Оқушылар мұқият бейнежазбаны көреді

Оқушылар оқулықты, дерекөздерді пайдаланып постер құрады.

1топ Журналисттер. Азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін сипаттайды.

2 топ Химиктер. Табиғаттағы реакцияларды жазады.

3 топ Экологтар. Азот қосылыстарының қоршаған ортаға әсерін азайту жолдарын ұсынады

Топтар бірін-бірі басбармақ әдісі арқылы бағалайды



Плакаттар,

Маркерлер

Азот оксиді мен нитраттардың қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері

https://prezi.com/hob-n_7qb3ek/presentation/

Азот оксидінің айналымы

https://youtu.be/wFkeMdnvcws?si=GckWQRr1t0eq6Ff5

Азот қосылыстарының түзілуі

https://youtu.be/qFysPkO2yh8?si=Y8-YSS6yQtHoSMMp


Жеке жұмыс






















1. Жеке жұмыс.

a) Азот оксидтерінің атмосфераға тигізетін экологиялық әсерлерін түсіндіріңіз.


b)Төмендегі диаграмма автокөліктерден шығатын қауіпті және ластаушы газдарды жою үшін жұмыс істейтін каталитикалық конверторды көрсетеді

Каталитикалық конвертордағы реакциялардың қайсысы орын алады? Бұл реакциялар сапалық және теңестірілмеген.

[HC = жанбаған көмірсутектер; NOx = азот оксидтері]

    1. HC + NOx→ H2O + CO + N2

    2. CO + NOx→ CO2 + N2

    3. HC + NOx→ H2O + CO2 + N2

CO + O2 →CO2

2. Азотты тыңайтқыштарды шектеусіз қолдану өзендер мен көлдерде экологиялық зиян келтіреді. Бұл «эутрофикация» деген аталуымен белгілі. Азотты тыңайтқыштар өзендер мен көлдерге артық мөлшерде түскенде онда қандай процестер орын алады? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз?


Дескриптор

- Азот оксидтерінің атмосфераға тигізетін экологиялық әсерін сипаттайды. 2 балл

- сәйкес келетін реакцияны анықтайды. 1 балл

- нитраттардың топыраққа және су ресурстарына әсерін сипаттайды. 2 балл


Оқушылар дескриптор арқылы бағаланады

Слайд 3


ЕБҚ тапсырмасы Сәйкестендіру

Азот қосылыстарының экологияға әсерін сәйкестендіреді.

Мұғалімнің қолдауымен тапсырманы орындайды.

https://wordwall.net/ru/resource/71498526

Wordwall бағдарламасында сәйкестендіру тапсырмасын орындайды






10 мин Қорытынды

Пиза тапсырмасы

Қышқыл жаңбырлар

Қышқылды жаңбыр атмосфералық ластанудан, әсіресе автомобильдер мен өнеркәсіптерден босатылған күкірттің және азоттың артық мөлшерінің салдарынан ерекше қышқыл су тамшыларын құрайды.Қышқыл жаңбырдың пайда болуына табиғи процестер (жанартау белсенділігі, өсімдік қалдықтарының ыдырауы,орман өрттері) және адам әрекеттерә болып табылады.Металлургия және мұнай-химия кәсіпорындарының, жылу электр станцияларының қызметі нәтижесінде, қалдықтарды жағу нәтижесінде пайда болатын қауіпті заттар атмосфераға шығарылады.

Қазіргі уақытта ауаға тараған күкірт оксидінің басым бөлігі мұнай, көмір, газ сынды табиғи қазбаларды жағудан шығып отыр.Ауаға күкірт диоксиді фотохимиялық тотығу әсерінен күкірт триоксидіне айналады, осы түзілген күкірт триоксиді аудағы сумен әрекеттесіп күкірт қышқылына айналады.Азот оксиді де табиғи түрде бөлінуі мүмкін.Мәселен,найзағай «ойнаған» кезде ауаға тараған азот оттегімен қосылып, азот оксидіне айналады.Сондай-ақ жанар-жағармайды жаққан кезде де ауаға тарайтын түтін – дәл осы азот оксиді.Ал ол жаңбырмен «қосылғанда» азот қышқылына айналып шыға келеді.

1. Мәтіндегі оксидтерді тауып, формуласын жазыңыз?

2. Қышқыл жаңбырдың түзілу реакция теңдеулерін жазыңыз?

Оқушылар мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді.


Слайд 4

Сабақтың соңы

Рефлексия

3 мин.

Топтардың жұмыстарын қорытындылау, ең үздік идеяларды атап өту.


Сары түс - бұл тақырып маған өте қызықты болды.

Қызыл түс - маған барлығы түсінікті

Көк түс - маған көмек қажет

Слайд 5

Стикерлер















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!