Материалдар / Бабалар салған дара жол
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бабалар салған дара жол

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада мұғалімдікті дәріптеу және оның маңыздылығын ашу қарастырылады. Сонымен бірге, Ағартушылардың қазіргі білім беру жүйесіне тигізген ықпалы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Маусым 2022
230
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАБАЛАР САЛҒАН ДАРА ЖОЛ

Мен мұғалімдікке қалай келдім? Мектеп қабырғасын артта қалдырып қалаға білім іздеп келген сәтімде бірнеше мамандықты таңдауға мүмкіндігім болды. Менің таңдауым Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттің технологиялар және инжиниринг университетіне түстім. Алғашқы оқу жылында «Құрылыс инжиниринг» мамандығына түсіп, Жоғары оқу орнындағы білім жолымды бастадым. Оқу үрдісі кезінде Құрылыс мамандығына міндеттелген «Физика» пәнін оқу кезінде осы мамандыққа қызығушылым арта бастады. Алғашқы дәріс сабағына қатысып, алғашқы зертханалық жұмысымды алған сәтте менің болашағын осы мамандықпен байланысты екенін түсіндім. Оқу жылының аяқталуымен, ең бірінші қадамымды Физика және математика кафедрасына бастым. Оқытушылардың ақыл-кеңесін алып, Екінші оқу жылында «Физика» мамандығының студенті атандым. Оқу жылдарының қызығы мен қиыншылықтарын жаңа бағытта өткере бастадым. Қазіргі таңда, Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетіні, «Іргелі ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы міндетінде қызметімді атқарым жатырмын.

Мұғалімдікті таңдауға бірінші себепкер болған Физика және математика пәні оқытушыларыны мұғалімнің керемет үлгісін көрсете алды. Екінші себеп, физикалық құбылыстарды, әлемнің тылсым табиғатын терең зерттеуге ие болатын мүмкіндік болып табылады. Оқу жылдарында Қазақ халқы ағартушыларының еңбектерін зерттей арқылы, қазіргі таңдағы білім беру жүйесіне берген үлестері зор екенін байқадым. Қазақстан Республикасының территориясын бірінші мектептің іргесі қаланғаннан бастап, сайын даланы мекендеген халықты ағартушылықпен айналысып келе жатыр. Алғашқы мұғалімдікті елімізге алып келген бабаларымыздың салған жолымен еріп келе жатқан жастартарымыз көп.

ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарының ортасына қарай Жәңгір хан ордасында орталық мектеп ұйымдастыру мүмкіндігін ойластырады. Оның жоспарына сәйкес, ол балаларды Ресейдің арнайы оқу орындарына түсуге дайындауы керек еді. Бұл мектептің ашылуы 1841 жылы Хан Ордасында өтті. Мектепті ұстауға жұмсалатын шығындарды хан өз мойнына алды. Жәңгір хан өмірінің соңына дейін, яғни 1845 жылға дейін өз табыстары есебінен мектепті ұстады, оқушылардан өзі емтихан алды. Шын мәнінде, ол мектептің алғашқы мұғалімі, ал мектеп ісінде оның көмекшісі — Садриддин Аминов атты татар ұлтының ұлы болды.

Орынбор кадет корпусын бітірген мектеп түлектері білімнен басқа офицерлік шендер алды. Мектеп Қазақстандағы жалпы мәдени қозғалыста маңызды рөл атқарды. Жәңгір былай деп жазды: "Мен біздің балаларымыз оқи отырып, қоғамға жақсы қызмет ету үшін барлық ғылымды меңгеретінін жариялаймын. Мұның бәрі мені қуантады, өйткені білімге қол жеткізу — менің халқым үшін үлкен бақыт".

Сондай - ақ қазақ халқының алғашқы ағартушыларының бірі - қоғам қайраткері, жаңашыл педагог, этнограф-ғалым, ақын және прозашы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы, кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін жасаушы Ыбырай Алтынсарин болып табылады.

Мұғалімдікті меңгеріп жатқан студенттерді көргенде, бұл мамандықтың келешекке берер жемісі мол екенін көремін. Шәкірт тәрбиелеу – болашақты игеру деп ойлаймын. Себебі, бүгін отырған өскініміз ертең гүлдейтініндей, шәкіртіміздің болашағы, олардың елге беретін үлесі, жаңашылдықтарының себепкерлерінің бірі – мұғалімдер болып табылады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!