Материалдар / Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйретуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйретуі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәніне арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2020
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы:



Бабаларымыздың жылқы түлігін қолға үйретуі


Мектеп: Есбол Өмірбаев

Күні:

Мұғалімнің есімі: Абдиева Ажархан


СЫНЫП: 2 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау

2.3.3.1 Ботай мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

2.3.3.2 Жылқы жануарын жан-жақты білу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих,география,математика

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


Шаттық шеңбері

Әр оқушы өзін таныстыра отырып,өзін сипаттайды.


Топқа бөлу

Себетпен фигураларды әкелу. Оқушыларға себеттен фигураларды алуларын сұраймын.Фигура түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1.Сәйгүлік

2.Арғымақ

3.Тұлпар




1-топ Сәйгүлік

(үшбұрыштар)

2-топ Арғымақ

(Шаршылар)

3-топ Тұлпар

(Тіктөртбұрыш)



Ортасы


Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


Бейнеролик көру.

Бейнероликте не туралы көрсетілді?


Бейнеролик көру.

Ботай қонысының тарихынан үзінді

Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата.
Жылқының жаңа туған баласын құлын дейміз.

6 айдан асқан құлынды жабағы дейміз, 1 жастан асқанын тай дейміз. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі.Жылқы жануарының ерекшелігі 360 градусқа дейін көре алады,тек алдын ғана емес арт жағында толық көре алады.Дүниежүзі бойынша жылқы жануарының 160 түрі бар.Бөкей қонысында жылқы жануарының аттың ауыздығы табылды.Қыш ыдыстың сынықтары табылды.Қыш ыдыстар жылқы жануарының тағамдарының бұзылмауына көп септігін тигізеді.Жылқы жануарын ерте кезде көлік болмағандықтан көлік ретінде пайдаланған.Жылқы жануарының қымызы 40 түрлі емге шипа,соның ішінде өкпе ауруына және буын ауруына емдік шипасы мол.Жылқы жануарынан алынатын ұлттық тағамдар қымыз,қазы,қарта,жал-жая.

Қазақтың ұлттық ойындары «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бәйге»,

«Көкпар».Ботайлықтар ең бірінші жылқы жануарын қолға үйретіп,санын көбейтті.


Жұптық жұмыс

«Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі


Сабақ кезінде айтылған мәліметті жұбына түсінгенін айтады,

Жылқы жануарына сипаттама береді.Ат әбзелдерін айтады.Ұлттық ойындарды,тағамдарын сипаттайды.


1.Жұппен жұмыс істей алады.

2.Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Топтық жұмыс

«Еркін жазу»әдісі

1.Топпен жұмыс істей алады.

2.Сөздерді сәйкестендіріп,толықтырады.


Бейнеролик көру

Сергіту сәті

2 минут

«Қара жорға!»

би билеу

«Қара жорға!» биі


Аяқталуы

«Бір сөзбен түйіндеу» әдісі


Мақсаты:Оушылардың жылқы малы туралы түсініктерін арттыру.

Оқушылар жылқы мүсінімен сабақтан түйген ойларын айтады.


1 .Жылқы жануарын сипаттап айтады.




Оқушылар жылқы мүсінімен білгенін айтады.

Бағалау


Тәттілермен бағаланады.




Үйге тапсырма: мазмұндау.




































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!