Бағалауға арналған тарсырмаларды әзірлеу және сараптауэссе

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағалауға арналған тарсырмаларды әзірлеу және сараптауэссе

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалмдер үшін тапсырма әзірлеуге үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 1 Арыстанова Айсулу Ауелбековна

Ы.Алтынсарин атындағы №17 орта

мектебінің тарих пәнінің мұғалімі

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

a,arystanova@list.ru



«Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»

курсының маңызы

Бағалау саясаты оқу үрдісінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Ал бағалау дұрыс болу үшін бағалауға арналған тапсырма сапалы болу керек. Осы мәселенің өзектілігіне қарай мұғалімдердің бағалау тапсырмаларын әзірлеу мен сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» атты курста білім алдым.

Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Критериалды бағалау жүйесінде ағымдағы бағалау тапсырмаларының бөлім бойынша қамтылған оқу мақсатындағы нақты бір дағдыны тексеру үшін, қорытынды бағалау тапсырмаларының тоқсан соңында белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес жүргізілетінін түсіндім.

Мұғалім өзінің әрбір әзірлеген тапсырмасын сараптау кезінде «Менің әзірлеген тапсырмам белгіленген бағалау критеийлері арқылы оқушылардың оқудағы жетістіктерін анықтай ала ма?» -деген сұрақ төңірегінде ойланады. Себебі, мұғалімнің тапсырмасынан күтілетін нәтиже оқу мақсатының орындалуының өлшемі болып табылады. Сонымен қатар, оқу мақсаттарына сай ойлау дағдыларының деңгейі туралы ойлану да маңызды. Білу мен түсіну деңгейінен жоғары ойлау дағдыларына жету үшін тапсырманың күрделілік деңгейі ескерілуі тиіс. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы бойынша жіктеуде бағалау критерийлерін құруда зат есім мен етістіктерді дұрыс қолданудың маңызды екенін түсіндім.Тапсырмалардың қысқа және толық жауапты қажет ететініне қарай тапсырмалардың түрлерін тұжырымның шындық/жлған екенін,сәйкестендіру және салыстыру, көп таңдау бар тапсырмаларына қарай жіктеуді тәжірибе жүзінде жасай отырып меңгердім. Көп таңдауы бар тапсырмаларды әзірлеуде кілт пен дистракторларының дұрыс құрылуына мән беру керек екенін түсіндім. Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу оңай еместігіне тренер берген тапсырмаларды орындау мақсатында көз жеткіздім. Әсіресе қалыптастырушы бағалау, бөлім бойынша жиынтық баңалаудан кейін нәтижелерді талдау оқу мақсатына жетуге апаратын жол екенін білдім.

Көптен бері нақты түсінбей жүрген модерацияны қалай жүргізу керектігін білгеніме қуандам.

Үйренгеніміз де, үйренерімізде көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып , оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, мектебімізге барып үйренгенімізді үйретуге асығып отырмын.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.01.2019
560
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі