Материалдар / Бағдарлама "Компьютерлік сауаттылық" 4-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бағдарлама "Компьютерлік сауаттылық" 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаттары: - Қазіргі компьютерлік технологияларды оқып үйренуге және меңгеруге деген қызығушылығын ояту; - Дербес компьютердің программалық жабдықтары туралы білімдерін толықтыру, тереңдету және жүйелеу; - Оқушылардың текстік, графиктік редакторлармен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
986
9 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






















Түсінік хат

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген, орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Білімберу үрдісін ақпараттандыру – жаңаақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту,дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарынжүзегеасыраотырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігімен сапасынжоғарылатуды көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияэлектрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысындакомпьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтіқұралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын меңгеруге негізделеді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтыңжан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттықәдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Демек, Қазақстанның болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы мен нәтижелігі заман талабына сай жалпы орта білім беруде бейінді оқытуға көшу болмақ .
Дербес компьютерді пайдаланудың ең танымал бағыттарының бірі – компьютерлік графикамен жұмыс істеу екендігі белгілі.
Компьютерлік графиканың қолданылу көкжиегі өте кең – қарапайым сурет салудан бастап теледидардағы жарнама және кинодағы арнайы эффектілерге, машина жасау саласындағы компьютерлік жобалаудан іргелі ғылыми зерттеулерге дейінгі аумақты түгел қамтиды.
“Компьютерлік сауаттылық” білім беру курсы оқушылардың текстік және графикалық редакторлар, жарнамалар мен қарапайым презентациялар құру бағдарламаларының көмегімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған теориялық және практикалық мазмұнды мәліметтерді қамтиды.

Мақсаттары:

- Қазіргі компьютерлік технологияларды оқып үйренуге және меңгеруге деген қызығушылығын ояту;
- Дербес компьютердің программалық жабдықтары туралы білімдерін толықтыру, тереңдету және жүйелеу;
- Оқушылардың текстік, графиктік редакторлармен жұмыс істеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;

Міндеттері:
- Оқушылардың танымдық қызығушылығын, теориялық және шығармашылықпен шабытты ойлау қабілеттерін дамыту, сонымен бірге ең тиімді шешім алуға көмектесетін алгоритмдік ойлау жүйесін жетілдіру;
- Есте сақтау, логикалық ойлауын дамыту, тиянақтылыққа, ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
- Оқытудың электрондық бағдарламаларымен жұмыс істеуге, қосымша материалдар іздеуге және оны тиімді пайдалана білуге үйрету;










19
Құю. Көлем. Көлеңке.
1

20
Автофигуралар.
1

21
Автофигураларды қисайту , бұру, өлшемін өзгерту.
1

22
WordArt текстік объектісі.
1

23
Жобалау жұмысын орындау.
1

24
Publisher– мен танысу.Бағдарлама ерекшеліктері.
1

25
Бағдарлама терезесі.
1

26
Баспа жарияланымдары.
1


ІV тоқсан (8 сағат)


27
Жобалау жұмысын орындау.
1

28
Бос жарнама.
1

29
PowerPointбағдарламасы-мен танысу.
1

30
Презентациялар дизайны мен слайдтар макеті.
1

31
Слайдқа объектілер енгізу.
1

32
Анимациялық эффектілер. Презентацияны көрсету.
1

33
Жобалау жұмысын орындау.
1

34
Қорытынды сабақ
1

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау

Сабақтың тақырыбы
Сағат саны


І тоқсан (9 сағат)


1
Кіріспе. Қауіпсіздік техникасының ережелері.
1

2
Компьютерлік графика (векторлық және растрлық).
1

3
Графикалық редакторPaint. Құралдар панелі.
1

4
Қалыңдықтары мен түстері әртүрлі түзу және қисық сызықтар салу.
1

5
Формасы, ені, түсі әртүрлі қылқалам пайдалау.
1

6
Боялған және боялмаған әртүрлі фигуралар – тіктөртбұрыш, көпбұрыш , дөңгелек, элипстер тұрғызу.
1

7
Құю және Бүріккіш құралдарын пайдаланып суреттер салу.
1

8
Ерекшелеу элементтерін қолданып суреттерді жылжыту, көшіру.
1

9
Суреттке текст енгізу.
1


ІІ тоқсан (7 сағат)


10
Үзіндіні бейнелеу, бұру, созу және еңкейту.
1

11
Дайын фотографиялармен жұмыс.
1

12
Жобалау жұмысын орындау.
1

13
Қортынды сынақ
1

14
Word редакторының графикалық мүмкіндіктері.
1

15
Сурет салу тақтасы.
1

16
Суреттерді файлдан енгізу.
1


ІІІ тоқсан (10 сағат)


17
Диаграмма тұрғызу.
1

18
Сызық типтері. Штрих типтері.
1



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

Оқушылар ненібілуі керек:

информатика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;
векторлық және растрлық графика айырмашылықтарын;
графикалық редакторлар мүмкіндіктерін;
презентация мен жарнама құру бағдарламаларының мүмкіндіктерін;
Paint терезесінің элементтерін;
құралдар тақтасындағы батырмалар қызметін;
объекті қисайту мен симметрияны қолдану алгоритмін;
мозаиканы, суретті пиксельдер көмегімен құру тәсілдерін.
кескін құруға қажетті Word терезесінің элементтерін қолдана білуді;
Сурет салу панелінің батырмаларының қызметін;
Кескінді өзгерту мүмкіндіктерін (қисайту, бұру, құю, кескінге көлем және көлеңке қосу).
PowerPoint бағдарлама терезесінің құрамын;
бағдарлама мүмкіндіктерін және қолданылу аймақтарын;
презентация құру әдістерін;
мультимедиялық эффектілер қосу мүмкіндіктерін.







Оқушылар нені үйренуі тиіс:

күнделікті өмірден графиканы қолданудың мысалдарын келтіре білуді.
құралдар тақтасының батырмаларын пайдалана білуді;
суреттер салуды, суреттік файлды сақтауды және ашуды;
объектіні ерекшелеу, орын ауыстыру, көшіру, өлшемін өзгертуді;
қайталанатын объектілерден сурет құрастыруды;
объектіні берілген бұрышқа бұруды;
мозаика құру және олардан суреттер құрастыруды;
тор көмегімен сурет салуды.
жариялымдардың параметрлерін (түстік және шрифтік схемаларды) өзгертуді;
қосымша әртүрлі графикалық объектілер енгізуді;
әртүрлі жариялымдар құруды (визиттік карточка, ашық хат, мақтау қағазы, жарнама, меню, т.б)
PowerPoint-ты іске қосуды және жұмысқа керекті панелдерді орнатуды;
өз бетімен типтік презентацияларды құруды;
өз көрмелерін жобалауды және қорғауды.







Мазмұны:

Кіріспе -2 сағат
Қауіпсіздік техникасының ережелері.
Растрлық графикалық редактор Paint-пен жұмыс істеу негіздері-11 сағат
Құралдар панелімен жұмыс. Мәтін қою.
Word мәтіндік редакторындағы графика-10 сағат
Мәтінді құрастыру. Мәтіндік редактор мүмкіндіктері.
Publisher бағдарламасында жарнамалар дайындау-
5 сағат
Бағдарлама ерекшеліктер, баспаға шығару
ережелері.
Мультимедиялық презентациялар құру-5 сағат
Презентация құру дизайны, слайд макеті.
Қорытынды сабақ-1 сағат







Пайдаланылған әдебиеттер:

1.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары Алматы – 20082.Информатикадан 30 сабақ . Б.Б.Бөрібаев, Е.Қ.Балапанов, А.Б. Дәулетқұлов Алматы – 20043.Информатика 7 оқулығы. Ермеков Н.Т. Стифутина Н.Ф. Атамұра 2012.4.Шелепаева А.Х., Поурочные разработки по информатике. Универсальное пособие. – М.: Вако 2005 год5.Программно-методические материалы по информатике, 1 – 11 класс, – М.: Дрофа, 1999 год6.Информатика негіздері № 1 – 6 2005-2012 жыл7.Компьютерлік дизайн (әдістемелік құрал) С.Т.Мұхамбетжанова, Д.С.Момбекбаев, Е.Бұлтұлы, М.Е.Сағымбаев8.Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Учебное пособие. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.9.Залогова Л.А. Компьютерная графика. Элективный курс: Практикум. – М.: БИНОМ. Лаборатория знаний, 2005.
Интернет Ресурстары:
http://www.rusedu.info – Білім берудегі ИКТ
http://www.orakul.spb.ru – “Азбука PC” – үйренушілерге арналған.
http://www.syrtsovasv.narod.ru – “Информатика” бөлімі – мұғалімге арналған материалдар
http://metodist.lbz.ru/avt_masterskaya_BosovaLL.html – мұғалімге арналған материалдар


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!