Материалдар / Бағдарлама. "Өлкетану" 7 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Бағдарлама. "Өлкетану" 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Өлкетану» курсы туған өлкенің тарихи, мәдени мұрасын ғылыми зерттеулерге сүйеніп оқытуды мақсат етеді. Бағдарламаны жасауда ұлттық тарихты оқып-үйрену қажеттігі туралы айтылған қағидалар ескеріліп, қазіргі замандық тарихи білім негіздерін ашатын материалдар мен тарихи шығармаларды негізге ала отырып жасалды. Сонымен бірге, 2003 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан кеңсесінде қабылданған «Мәдени мұра» бағдрламасының талаптарын ескере отырып жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2018
2470
10 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат

Жас ұрпақ – біздің өміріміздің тікелей жалғастырушы өкілі ғана емес, еліміздің тірегі, болашағы. Елжандылық рухта тәрбиелеу – жастарды Отан сүйгіштікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке баулыйды.Туған жердің қадірін ұғындыру, туған жердің тұлғаларына деген құрметтерін арттыру, туған елінің, ауылының тарихын таныту мақсатында өлкетану курс бағдарламасы жалпы білім беретін орта мектептердің 7 сыныбына дайындалған. «Өлкетану» курсы туған өлкенің тарихи, мәдени мұрасын ғылыми зерттеулерге сүйеніп оқытуды мақсат етеді. Бағдарламаны жасауда ұлттық тарихты оқып-үйрену қажеттігі туралы айтылған қағидалар ескеріліп, қазіргі замандық тарихи білім негіздерін ашатын материалдар мен тарихи шығармаларды негізге ала отырып жасалды. Сонымен бірге, 2003 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан кеңсесінде қабылданған «Мәдени мұра» бағдрламасының талаптарын ескере отырып жасалған.Бағдарлама 17 сағатқа арналған.

Бағдарламаның мақсаты: тарихы сонау, ежелден басталатын кең-байтақ Отанымыздың шежірелі өңірі аталатын құт мекен – Оңтүстік өлкесінің ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі қилы-қилы тарихын оқып – білуге ерекше көңіл бөлген оқушылардың талап – тілегін орындай отырып, Отан тарихынан, өлке тарихынан қызғылықты, тың және терең білім алуларына барынша мүмкіншілік жасау. Өйткені, әрбір жас жеткіншек өзінің туған жерінің, ауылының, ауданының, өңірінің тарихын терең білмей, кең-байтақ еліміздің тарихын терең білу мүмкін емес. «Өлкетану» курсы оқушыларымызға өлкеміздің тарихы жөнінде жүйелі білім қалыптастыратын болады. Егер мектеп бітіруші 7 сынып оқушыларының дайындық дәрежесінің едәуір жоғарылығын ескеретін болсақ, оқушылар енді мұғалімнің берген шығармашылық тапсырмаларын кітапханларда катологтармен жұмыс істеп, өлке тарихына байланысты түрлі қажетті әдебиеттер мен мерзімді бапасөз материалдарын пайдалана отырып хабарлар, рефераттар, бағдарламалар жасап одан әрі шығармашылық ізденістер мен жұмыстар жасауға дағдыланады. Сабақта оқушыларға өлке тарихы туралы материалдарға, түсініктерге, оқиғаларға, тарихи қайраткерлердің қызметіне баға берілетін болады. Сонымен бірге, белгілі бір оқиғаларға деген пікірін білдіру, оқиғалардың, фактілердің ұқсастық және айырмашылықтарын табу, өз бетінше ізденіп шығармашылықпен айналысу сияқты тапсырмаларға көбірек орын беріледі.









Бағдарламаның міндеті: өлке тарихын үйрету арқылы, оқушыларды өзінің өмір сүріп отырған ортасының тарихын терең білуге, оларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, өлке тарихына қызығушылықтарын арттыру болып табылады. Өлке тарихын үйрету арқылы Қазақстан тарихы пәнінен алған білімдерін тереңдету және кеңейту, отансүйгіштік сезімін қалыптастырушы ретінде ұсынылады.



Пәнаралық байланыстар:Қазақ тілі мен әдебиеті, этнография, археология, география өнер



Курс міндеттері: Оқушылардың білімі, біліктілігі және дағдыларына қойылатын талаптар:



Оқушылар төмендегідей дағдыларды игеру қажет:
  • Туған өлкенің сырларын терең ұғына отырып, тарихи деректер жинау іскерлігін дамыту;
  • Туған өлкенің табиғатын танып-білу, оның құпия сырларын зерттей білуі;
  • Тарихи материалдар, құжаттар, хаттармен танысып зерттей білуі;
  • Карта, хронологиялық картадан қажетті мағлұматтарды ала білуі;
  • Пәнаралық байланысты таба білуі;
  • Тарихи тұлғалардың тарихи жағдайлардағы іс-әрекеттеріне баға бере білуі;
  • Тапсырмалар бойынша баяндама, реферат, хабарламалар дайындай білуі;
  • Өлке тарихын зерттеген ғалымдар, саяхатшылар, тұлғалар туралы нақты деректер бойынша байланыстарды көрсете білуі;
  • Саяси, әскери, мәдени, территориялық, әлеуметтік экономикалық құбылыстардың себептері мен салдарына зерттеу жүргізе білуі.




Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
  • Туған жердің қадір-қасетін ұғыну;
  • Туған өлкесінің тарихын, ата-бабаларының асыл мұраларын құрметтеу;
  • Туған жерінің тарихи тұлғаларын, тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге үйрету.












“Өлкетану” таңдау курсыКүнтізбелік-тақырыптық жоспар(7-сынып. Барлығы 17 сағат. Айына 2 сағат. )

NСабақтың тақырыбыСағатсаны Мерзімі
І. Кіріспе
1Туған жердің тарихы қымбат маған1

ІІ. Нұрын шашқан Оңтүстік
2Оңтүстік Қазақстан облысының халқы1

3Оңтүстік Қазақстан облысыныңэкономикасы1

4Оңтүстік Қазақстан облысыныңбілім беру ісі.1

5Әдебиет пен өнер1

6Мәдени ескерткіштер, және сәулет өнері. 1

7Бұқаралық ақпарат құралдары1

8Спорт саласы. 1

9Шымкент қаласы1

ІІІ. Шардара ауданының құрылымы
10Шардара ауданы, халқының ұлттық құрамы1

11Шардара қаласы1

12Шардара су электр станциясы1

13 Аудандық тарихи- өлкетану мұражайы 1

14





14Ұзын ата кесенесі 1

15Ақшеңгелді ауылдық округі1

16Ақалтын жалпы орта мектебі1

17Қорытынды қайталау1



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!