Бағдарлама "Шебер қолдар"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағдарлама "Шебер қолдар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қол өнерден мағұлмат беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосымша білім беру педагогының «Шебер қолдар» үйірмесінің жылдық күнтізбелік жоспары 5-10 сыныптар

Р\С

Тақырыбы

Сағат саны

Өтілетін мерзімі

теория

практика

Қазақ халқының қолөнері – 6 сағат

1

Қазақ халқының қолөнері

2



2

Қазақтың ұлттық қолөнерінің шығу тарихы

2



3

Қауіпсіздік ережелері. Керекті құрал-жабдықтар тізбесі

2



Шыны бұйымдармен жұмыс – 15 сағат

4

Шыны бұйымдармен жұмыс

2



5

Түрлі суреттерді қалауы бойынша салу

2



6

Салған суреттері бойынша жұмыс жасау


2


7

Суреттердің әрбір бөліктерін шынымен жапсыру


5


8

Шынымен жапсырылған бөліктерді лакпен бояу


2


9

Бұйымды аяқтау. Жұмыстарын қорытындылау


2


Бисермен жұмыс – 23 сағат

1

Бисердің шығу тарихы

2



2

Моншақ түрлері

2



3

Тігуге арналған құрал-жабдықтар

2



4

Су моншақпен алқа тоқу


2


5

Су моншақтан сыйлықтар әзірлеу


2


6

Су моншақтан жасалатын заттардың жасалу жолдарын түсіндіру

2



7

Қалаулары бойынша сурет салу


2


8

Салған суреттері бойынша жұмыс жасау


2


9

Салған суреттерінің әр бөліктерін моншақ пен жабастыру


5


10

Шығармашылық жұмыстарын қорытындылау


2


Квиллинг өнері(Қағаз қиындыларынан спираль тәрізді иіп заттар жасау) – 12 сағат

1

Квиллинг өнері туралы түсінік

2



2

Қажетті құралдар тізбесі, оларды пайдалану тәсілі

2



3

Квиллинг жасауда бұйымның суретін салу


2


4

Қағаздарын ұсақтап қию


2


5

Қағаздарды спираль тәрізді орап иіп желімдеу


4


6

Сурет бойынша жұмысты аяқтау


2


Коллаж жасау(түксіз кілем) – 12 сағат

1

Коллаж жасау туралы түсінік

1



2

Қажетті құралдарды пайдалану

1



3

Сурет салу


2


4

Суретті ұсақ жіп қиындыларымен толтыру


2


5

Суреттегі бөліктерді үйлестіріп жіп қиындыларымен толтыру


2


6

Сурет бөліктерін әртүрлі жіп қиындыларымен толтыру


2


7

Шығармашылық жұмысқа талдау. Көрме ұйымдастыру


2


Түсініктеме


Бүгінгі күн талабына сай ақпараттық телекоммуникация технологияны пайдалану өскелең ұрпақты заманға сай құралдармен қамтамасыз етеді. Қосымша білім беруде шебер қолдар пәнінің бағдарламасы аптасына 2 сағат 68 сағатқа жоспарланып жасалған. Шебер қолдар бағдарламасының негізгі мақсаты-жасөспірімдерді өздігінше еңбек ете білуге, бұқаралық кәсіпті игере алуға даярлау. Арнайы білім мен іскерлік дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылығын, іскерліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Қосымша білім беруде шебер қолдар үйірмесінің бұрынғы еңбекке баулудан айырмашылығы, баланың жеке шығармашылық жұмысының дамуын қалыптастырады. Шебер қолдар пәнін игеру барысында оқушылар білімдерін игеріп қана қоймай іс жүзінде меңгере алады, өндірісте бизнес саласында қолдана алуы тиіс. Жоспар құрастырудың бірегей формасы жоқ, әр мұғалім жекеше шығармашылық тұрғыдан қарайды. Қосымша білім беруде шебер қолдар үйірмесінің оқытуда аптасына 2 сағат жүктеме оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына көп септігін тигізеді. Елбасымыз «болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер – бүгінгі мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап өткен болатын. Қоғамымыз бастан кешіп отырған аумалы-төкпелі заман қиындықтары халыққа білім беру саласына да салқынын тигізбей қойған жоқ. Оның ішінде еңбекке баулу сабақтарының деңгейі өте төмендеп кетті. Мектептерде осыған дейін қолданылып келген бағдарлама, орыс тілінен тікелей аударма болғандықтан, ұлттық ерекшеліктерге, жергілікті жағдайларға, күнделікті қажеттілік пен мүмкіндіктерге сәйкес келе бермеді “Өнер көзі-халықта”, халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ. Алдымен өнерді халықтан үйреніп,көне мұрасын тауып,жаңғыртып іске асыру – перезенттік парыз деп түсіну керек. Жаңа технология қолөнер арқылы оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушының оқуға ынтасын, қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру болып табылады. Шебер қолдар үйірмесінде оқушының жеке тұлғасын дамытуға арналған өнер болғандықтан қызығушылық аясын кеңейтіп, шығармашылығын қалыптастыруда өзін-өзі танып, жауапкершілікті сезіну үшін жоспар бойынша белгіленген тақырыптық жобалар ұсынылып отыру керек. Қазақ халқының қолөнері салт дәстүріміздің, тұрмыс тіршілігіміздің қажетін өтейтін көп салалы мәдени мұра. Сол мәдени мұраны оқушыларға жаңаша үлгіде жасата отырып, қолмен істетіп, іс-тәжірибе барысында ақпараттар беріп, ұлттық мәдениеттін көтерсек ұтарымыз көп.



Мақсаты:

  • Ұлттық қолөнер ұйымдарын тоқып, жасай білуге, өнерді құрметтеуге ықпал жасау, алған білімдерін іс жүзінде көрсете білуге үйрету.

  • Өнерді сүюге, шеберлікке кәсіптік қолөнер бұйымдарын дайындай білуге, икемділікке, шапшаңдыққа, эстетикалық талғаммен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Міндеттері:

  • Оқушының қолөнерге қызығушылығын арттырып, іскерлігін анықтау.

  • Ойлау қабілетін, көркемдік жұмыстарды шығармашылық түрде жасай білуге дағдыландыру.

  • Кәсіби өнерді игеріп, өмірде өз орнын табуға бағыттау.


Күтілетін нәтиже

  • Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыру.

  • Бизнес саласында қолдан жасалған бұйымдарын қаржылай сауда-саттық жасауға үйрету.

  • Ақшалай пайда табуға, үнемділікке үйрету.

  • Өз беттерімен қолөнер ұйымдарын дайындау арқылы жауапкершілігі мен ерік жігері қалыптасып шыңдалады.

  • Белгілі бір маман иесі болуға талпыныс жасалады .


Қарағанда облысы

Қарақаралы ауданы

30 Теректі орта мектебі

Мизамбаева Кулзия Рахымбекқызы жоғарғы санатты ұстаз



Қосымша білім беруде шебер қолдар үйірмесінде оқушылардың жасаған қол-өнер бұйымдары. Суретте сол жақта – пән мұғалімі Мизамбаева Кулзия, оң жақта оқу ісінің орынбасары – Балтабаева Алмагүл. Шыныдан жасалған заттарды тамашалауда.



Қарағанда облысы

Қарақаралы ауданы

30 Теректі орта мектебі

Мизамбаева Кулзия Рахымбекқызы жоғарғы санатты ұстаз










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
551
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі