Бағыты мен болашағы айқын жолдау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бағыты мен болашағы айқын жолдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Ел президентінің жолдауы туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мыңжасар Маңғытаев атындағы

43 жалпы білім беретін мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Керимбекова Айгуль Балхибековна



Бағыты мен болашағы айқын – жолдау

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында бүгінгі қоғамның бірқатар өзекті мәселелерін шешуге бағытталған. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартудың тың жолдары айқындалып, заманауи жобаларды жүзеге асыру ісі жоспарланған. Олардың қатарында, еліміздің білім беру саласын күтіп тұрған оң өзгерістерге назар аудару маңызды саналады. Жолдауда еліміздің білім беру саласының барлық салаларына қатысты мәселелер қамтылған.

Жолдаудағы маңызды мәселенің бірі – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады – деген Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы олқылықтар мен атқарылар жұмыстарды жіпке тізгендей етіп айтып берген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 қыркүйек Білім күні Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етуі кездейсоқ емес. Президентіміз өз Жолдауында еліміздің одан әрі дамуына, білім және ғылым жүйесінің алдында тұрған бірқатар маңызды және өзекті міндеттерді шешуге бағытталған негізгі мәселелерді атап өтті.

Мектептерде орын жетіспеушілігі мәселесін шешуде 2025 жылдың соңына дейін 1000 мектеп салу міндеті қойылды. Балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдайда тәрбиеленуі керек. Егер біз жастардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуын қаласақ, балалар тиісті жағдайда тәрбиеленуі керек, бұл – бүгінгі заманның талабы десек болады.

Бүгінде атқарылып жатқан жұмыстардың отдандық білім беру жүйесінің дамуына қызмет ететіні сөзсіз. Қазақстан цифрландыру саласында қол жеткізген жетістіктерін еселей түсуге тиіс. "Электронды үкімет" платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Келесі жылы Астанада Жасанды интеллект ұлттық орталығын іске қосу керек. Бұл орталық оқушылар, студенттер, ғалымдар және кәсіпкерлер үшін әрдайым ашық болады.

Президент тапсырмасымен "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты "Самұрық-Қазына" қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс.

Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады. Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындарына талапты, қабілетті жастарды қабылдауға баса мән беру керек. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстың беталысы жақсы, оны жалғастыру қажет.

Сөз соңында, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында айтылған мәселелер Әділетті Қазақстанды құруда ролі жоғары. Сол себепті де Жолдауда айтылған бастамалар қоғам мүшелерінің тарапынан қолдауға ие болып, қолға алынған жобалар мен міндеттерді барынша белсенділікпен орындауға атсалысу қазақстандықтар үшін маңызды мәселе.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2024
285
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі