Материалдар / Байғанин ауданы туризмін дамыту
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Байғанин ауданы туризмін дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Туризм, география, өлкетану саласына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
674
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қалалық жас туристер стансасы



Рисунок 5

Ғылыми жұмыс

Байғанин ауданының танымдық туристік потенциалы























Ақтөбе, 2021 жыл



Жоспар:

І. Кіріспе ……............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім.. …......................................................................................4

Танымдық туризм сипаттамасы…..............................................................5

ІІІ. Зерттеу бөлімі.

Байғанин ауданының танымдық туристік потенциалы….......................7

5. Байғанин ауданының тарихи туристік нысандары…..........................9

6. Байғанин ауданының табиғи туристік нысандары….........................11

7. Байғанин ауданының танымдық туристік потенциалын алға жылжыту

түрлері….....................................................................................................13

ІV. Қорытынды

V. Пайдаланылған әдебиеттер

VI. Қосымша





































Аннотация

Жұмыстың міндеті:

1. Танымдық туризм сипаттамасын қарастыру;

2. Байғанин ауданының танымдық туристік потенциалы туралы сипаттау;

3. Жұмыс бойынша қорытынды жасау.

Болжам: Егерде Байғанин ауданының туристік орындарына көңіл бөлінсе,

ол ауданда туризмнің даму болашағы жақсы деңгейде қалыптасар еді.

Зерттеу әдісі: Әдебиетті талдау, салыстыру, жалпылау, бақылау.

Жұмыстың жаңашылдығы мен практикалық маңызы:

Зерттеу жұмысында Байғанин ауданының туристік потенциалы туралы

айқындап көрсетілген. Жұмыс нәтижелерін география сабағында туризмге

байланысты тақырыптарды оқыған кезде пайдалануға болады. Ашық аспан

астындағы архитектуралық ескерткіштер мен табиғи ландшафтылар

мұражайы болуға лайық Байғанин өңірі - Қазақстан бойынша ғажайып

ескерткіштері бар аймақ.






























I. Кіріспе

XXI ғасыр - туризм ғасыры.

Туризм - көзін тапқан елге көл-көсір табыс әкелетін, елдің дәулетін асырып

қана қоймай, әлем қауымдастығының алдындағы беделін өсіретін сала.

Қазіргі уақытта танымдық туризм әлемдік деңгейдегі туризмнің басқа

түрлерінің ішінде елеулі үлесті алады (40-тан 60% дейін). Танымдық туризм

бүгінде - соңғы онжылдықта бүкіл әлем бойынша кең тараған, қазіргі

заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты болып табылады. Танымдық туризм

танымалдылығына дәлел болатын фактілер, яғни танымдық туризмді одан әрі

дамытуға қызығушылық танытып жүрген атақты халықаралық ұйымдар:

Бүкіл әлемдік Туристік Ұйым, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақстан туристік

ассоциациясы. Көптеген елдер тәжірибесі дәлелдегендей экотуризм

индустриясы кез-келген экономиканың маңызды бөлінбейтін бір бөлігі

болып саналады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында танымдық

туризмнің алар орны айрықша.

Еліміздегі танымдық туризмның қарқынды даму мүмкіншілігі бар өлкеніңбірі - Ақтөбе облысы. Ақтөбе облысы еуропа мен азияның түйіскен жерінде орналасқандықтан, еліміздің «Батыс қақпасы» деп айтуымызға толық негіз бар. Облысымыз табиғи және тарихи ескерткіштерге өте бай.

Осындай ескерткіштерге бай ауданның бірі - Байғанин ауданы. Байғанин

ауданында ауыз толтырып айтатын табиғи, тарихи орындар жетерлік.

Ақбота-Сәңкібай тауы, Ақтолағай, Доңызтау, Хантөрткүл дөңі, Құлшардың

шоқысы, Алатау, Үйтас секілді табиғат жараты. ыстары мен тарихи маңызы

бар ескерткіштер: Дәуімшар, Қарасақал, Сүндет, Ақсай, Асан қожа,

Қарақұл, Нұрманбет, Тайлан қорымдары, Үлкен Жыбысқы, Сүлікті,

Ащыайрық, Тұщыайрық, Беспай, Сұлтан ақын, Қынқар ата, Арыс әулие

кешендері, Алып Ана бейіті және т.б. көретін көз керек. Ал көрген адамға

ұмытылмас әсер қалдырады. Бұл жер Ақтөбе ғана емес, Қазақстан бойынша

ғажайып ескерткіштері бар аймақ. Ашық аспан астындағы архитектуралық

ескерткіштер мен табиғи ландшафтылар мұражайы болуға лайық Байғанин

өңірі.
















2.Негізгі бөлім

2.1 Танымдық туризм сипаттамасы

Туризм (француз тілінен - қыдырыстау, сапарға шығу) -- бұл бос уақытта

саяхатқа шығу, қазіргі уақытта әлемдік индустрияға, белгілі бір маршрутқа

жасалатын саяхат.

Туризм жалпы халықаралық көлемде танылған аса маңызды мәдени, ағарту,

танымдық, спорттық, демалыс шараларымен байланысты іс ретінде көп

елдерде кеңінен пайдаланылып келе жатқандығы белгілі.

Біздің облысымыздың да тек осы аймақтың ғана тұрғындары емес, өзге де

алыс, жақын елдердің жұртшылығын қызықтыратындай танымдық, тарихи,

археологиялық, көрікті табиғи орындар мен ескерткіштер аз емес. Алайда

оларға күні бүгінге дейін мәдени, рухани тұрғыда жеткілікті мән

берілмегендіктен көпшілігі көзден де, көңілден де таса болып, бұл реттегі

рухани сұраныстар мен экономикалық талаптарға жауап бере алмай келеді.

Облыстың аудандары мен елді мекендерінде көз тартар табиғи алқаптар,

көңіл мен санада ескермеуі тиіс ескерткіштер, қашан да жадыңнан кетпеуі

тиіс тарихи, мәдени орындар аз емес. Мысалы, Ырғыз өңіріндегі әлемге

белгілі Жаманшың, Ойылдағы ғасырдан астам тарихы бар, сирек кездесетін

қарағайлы орман, Темір ауданындағы сыйы мен құпиясы туралы оқулықтар

деуге болады. Біздің жағдайымызда, негізінен, көне қорымдар мен бейіттік

кесенелер ғана тек тарихшылар мен өлкетанушылардың назарына ілігіп

келеді. Соның өзінде олардың көбінесе тек тарихи жарықтары ғана

баяндалып, танымдық қырлары, ой мен санаға беретін рухани мүмкіндіктері

ұмыт қалуда.

Табиғи, мәдени, тарихи маңызы зор мұндай орындар мен ескерткіштер барша

жұртшылыққа, әсіресе жас ұрпаққа қызмет етуі тиіс. Ескіден келе жатқан

некропольдер, ел болып ұюдың әр дәуірінен хабар беретін өнер мен

тағылымдық, сабақтастық, яғни елдік үрдістерді жалғайды.

Осы себепті аудандарда, округтерде, еңбек ұжымдарында, әсіресе мектептер

мен арнаулы орта және жоғары оқу орындарында туризм ісі тәрбиелік те,

танымдық та шаралар ретінде ұдайы назарда болуы тиіс. Әрине оны

ұйымдастыру мен өткізу елеулі қызметтерді, ықылас пен жігерді талап етеді.

Алайда оның нәтижесі мен сабағы қандай шығындарды да еселеп қайтаратын

болды. Туризмнің экономикалық жағы, егер ұқсата білсе, елеулі түрде пайда

әкелетіндігі белгілі.

Бірқатар елдердің экономикасы нақ осы салаға бағытталғандығын ескермеуге

болмайды. Жалпы айтқанда бұл істі ұйымдастырудың өңірді үлкен де

көлемді міндеттері тұр. Бұл үшін осы жұмысты үйлесімді жүргізуде өзге

елдердің жақсы тәжрибелерін үйрену және зерттеу кажеттігі де туындайды.

Қай істің де қарқынды атқарылуы оның кадрларына тәуелді десек, оған

жауапты орындар туризмге ықыласты, ынталы және қабілетті адамдарды

іріктеп алуға мұқият қарағаны жон. Туризм- өңірдегі бұған дейін өрістемеген ісі еді, оның енді қарқын алуы - баршамызға тәуелді.




Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды

қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе

көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты

сфераларының біріне айнала алады. Қазақстанның бұл орайда мүмкіндігі зор.

Оның дәлелі ретінде Қазақстан - Еуразия жүрегінде орналасқан алып жерді

қамтитын, өткен кезеңдер мен бүгінгі күн көршілес тұратын, шығыс

дәстүрлері, батыстың модернімен ұштаса отыратын мемлекет. Соңғы

уақытта Қазақстанға, туристтік бағдаретінде, әлемдік қызығушылық артып

барғандықтан, көбірек саяхатшыларды тарту үшін, жергілікті туроператорлары ұсынатын қызмет түрлері жылдан жылға ұлғайып барады.

Бүгінгі таңда Қазақстан туризмнің барлық түрлерін ұсынады - танымдық,

емдік, этникалық, экологиялық және тағы басқа. Аталған туризм

бағыттарын біріктіретін ортақ мәселе - танымдық туризм. Қазіргі уақытта

танымдық туризм әлемдік деңгейдегі туризмнің басқа түрлерінің ішінде

елеулі үлесті алады. Танымдық туризм бүгінде - соңғы онжылдықта бүкіл

әлем бойынша кең тараған, қазіргі заманға сай туризмнің жаңа бір бағыты

болып табылады. Көптеген елдер тәжірибесі дәлелдегендей танымдық

туризм индустриясы кез-келген экономиканың маңызды бөлінбейтін бір

бөлігі болып саналады. Расында, экономиканың қарыштап дамуында

танымдық туризмнің алар орны айрықша.

Еліміздегі танымдық туризмнің қарқынды даму мүмкіншілігі бар өлкенің бірі- Ақтөбе облысы. Ақтөбе облысы еуропа мен азияның түйіскен жерінде орналасқандықтан, еліміздің «Батыс қақпасы» деп айтуымызға толық негіз бар. Облысымыз тарихи және табиғи ескерткіштерге өте бай. Ғылыми жобаның өзектілігі: ішкі туризмді қалыптастыру мен дамытудың негізгі алғышарты өлкені танып -білу болса, дипломдық жұмыста осы мақсатты жүзеге асыру барысындағы танымдық туристік маршруттарды

ұйымдастыру бугінгі күннің ең маңызды мәселесі болып отыр.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдаған жолдауында туризмді

дамыту мәселесінің басымдылығын атап көрсетеді. Туризмді дамытудың

алғышарттарының бірі ретінде туристік нысандарды қарастыратын болсақ,

облысымызда әлеуеттілігі жоғары. Танымдық туризмде аталған ресурстарды

қолданысқа енгізу бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе.

Танымдық туризм - бұл өлкені, қаланы, туристік аймақты, тарихи және

табиғи орталықтарды немесе бір елдің тарихы мен, мәдениеті,

этнографиясымен танысу мақсатында жасалатын саяхат, жорық болып

табылады.

Танымдық туризмнің негізгі функциялары мыналар: жаңғыртушылық,

танымдық, сондай-ақ өзін-өзі көрсету. Бұл функциялардың барлығы да өзара

тығыз байланысты, туризмге бағдарламалық қызмет көрсету ретінде қазіргі

заманғы ұстанымды жүзеге асыра отырып, бірін-бірі толықтырады және

қатар жүреді.



ІІІ. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ.

3.1 Байғанин ауданына танымдық туристік потенциалы

Байғанин ауданы - 1920 жылы Адай-Табын ауданы (11 болыс) ретінде

құрылған. 1921-1924 жылдары 2-3 рет ашылып жабылған, кейін Адай округі,

1929 жылы Ақтөбе губерния округі құрамында болған. 1932 жылы Ақтөбе

облысы құрамындағы 28 ауданның бірі. 1940 жылы қазіргі атаумен аталады.

Аудан облыстың оңтүстік батыс, Атырау облыстық шекаралас Шіліаша өзені

бойы, Атырау-Ақтөбе темір жол тас жолы бойы. Халқы 24 024 (1999ж),

негізгі тұрғындары қазақтар. Жер көлемі 61,1 мың шаршы км, 6 селолық

округке бөлінген, орталығы - Байғанин селосы, Ірі елді мекендері: Ноғайты,

Жарқамыс, Жарлы, Ебейті, Кемерши, Қопа. Климаты тым континеттік, қысы

суық (-16 -18°C), жазы ыссы (+22°С), қардың қалыңдығы 15-20 см, жауын

мөлшері 150-175 мм, жері негізінен құба топырақты, сұр құба топырақты.

Жусан, сораң, эфимер шөптері өседі. бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян,

қарсақ, құстардан бөдене, қаз, үйрек, т.б. мекендейді. Басты өзендері:

Алшынсай, Шаған, Қияқты, Тереңсай, Жиделі, Жарлы, Ебейті, Дайылды.

Көлдері: Саркөл, Күнгейкөл, Ақкөл, Көкбұлақ, Шөптікөл, Қоскөл, Қаракөл,

Дәуіткөл, Тамдыкөл, Үлкен Жуалы, Шалқар көл, Әңгіасу, Үкілі, Желтау,

Доңызтау, Караоба, Ақтау, Сәнкібай, Ақтолағай, Алатау. Құмдар:

Аққұмсағыз, Құмжарған, Толағай, Оймауыт, Төсағаш, Мойынқұм, Баршақұм.

Жерінде пайдалы қазбалардан гипс, әк тас, бор, қиыршық, тас, кир т.б.

құрылыс материалдары кездеседі. Мұнай, газ кен орындары бар. Байғанин

ауданында ауыз толтырып айтатын табиғи, тарихи орындар жетерлік.

Ақбота-Сәңкібай тауы, Құлшардың шоқысы, Алатау, Үйтас секілді табиғат

жаратылыстары мен тарихи маңызы бар ескерткіштер: Дәуімшар, Қарасақал,

Сүндет, Ақсай, Асан қожа, Қарақұл, Нұрманбет, Тайлан қорымдары, Үлкен

Жыбысқы,Сүлікті, Ащыайрық,Тұщыайрық,Беспай, Сұлтан ақын, Қынқар

ата, Арыс әулие кешендері, Алып Ана бейіті және т.б. көретін көз керек. Ал

көрген адамға ұмытылмас әсер қалдырады.

Бұл жер Ақтөбе облысы ғана емес, Қазақстан бойынша ғажайып

ескерткіштері бар аймақ. Ашық аспан астындағы архитектуралық

ескерткіштер мұражайы болуға лайық Байғанин өңірі.

Қарауылкелді (Байғанин) селосы - Байғанин ауданының ортылығы.

Облыстың оңтүстік-батысы, Шиліаша өзенінің оң жағы. Ақтобеден 251 км.

Қандыағаш-Атырау темір жолы, Ақтөбе-Атырау тас жолы бойында

Қарауылкелді темір жол стансасы және Атырау-Орск мұнай құбырының

салынуына байланысты 1940 жылы негізі қаланған. Баспахана, мәдениет үйі,

кинотеатр, мектеп, бала бақша, стадион, спорт, музыка мектебі, кәсіптік-

техникалык училище, кітапхана, аурухана, мешіт, мұражай т.б. бар.

Радио, телехабар қабылдайды.

Қырында киігі жүйткіген, төскейінде төрт түлігі тең өрген Байғанин өңірі құт- береке мекені. Жерінің бетіндегі халықтың өз қолымен жасалатын


байлығын бір төбе десек, оның жер асты қойнауындағы қазынасы да тұнып

тұр. Мұның барлығымен аудандағы мұражайға қойылған экспонаттар

шертетін сырдан қанығуға болады.

Әр ұрпақтың өзіндік өрнегін сақтаған аудандық мұражай үйі 1989 жылы

іргетасы қаланып, 2003 жылы өткен ауданымыздың 75 жылдық мерей

тойында мұражай үйі жаңартылып, жасақталды. Бүгінгі таңда аудандық

мұражай қорында 3138 жәдігер жинақталды. 15 бөлімнен тұратын

экспозиция жалпы аудан тарихы туралы сыр шертіп келеді.

Табиғат бөлімінен Байғанин ауданында мекендейтін аң құстар мен жабайы

жануарлар көрсетілген. Қызғалдақты, Түйе жапырақты деп аталатын дала,

Сағыз бойындағы құмның сұлу көрінсі таң қалдырады. Тоғалай ащысы -

ауданнан 180 шақырым жердегі Миялыдан 6 шақырым жердегі таудай болып

көрінетін құм. Құмның төменгі жағы, ұзындығы 15 шақырымдай жері малға

жайлы, шөбі қалың, қыста қары аз. Етегі - бұлақ, су. Тоғалай құмы деп

аталуының себебі бар. Сәнкібай деген батыр, би, бай адам болған. Оның

Жұбанай, Күлдір, Тоғалай, Бесбай деген төрт әйелі болған екен. Әр әйеліне

бөлек жер мен мал беріп бір - бір ауыл етіп ұстаған. Олардың қоныстанған

жерлері сол әйелдердің аттарымен аталып кеткен.

Мұражайдың этнография бөліміне жергілікті қол өнер шеберлерінің жасаған

дүниелері қойылған. Олардың ішінде көзге түсері- темір сыбызғы. Оның иесі

Боқанов Қайдас 1898 жылы Ебейтіде туған. Жастайынан Жем бойының нар

қамысынан сыбызғы жасап тартып машықтанған. Бір кластық та білімі жоқ,

тұла бойы тұнған талант сыбызғышы Қайдас қарт "сегіз қырлы, бір сырлы»

болған. Наурызбаев Байман, Оңғалиев Тәжіғали

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!