Материалдар / Байланыс құралдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Байланыс құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
1726
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Байланыс құралдары

Мақсаты:

  1. Балаларды байланыс құралдарымен, компьютердің бөліктерімен таныстыру.

  2. Қазіргі заман технологиясының жетістіктері мен адам еңбегін жеңілдетуге арналған құралдар (гаджеттер) туралы білімдерін кеңейту.

  3. Компьютердің пайдасы және зияны туралы әңгімелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу, мамандардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: суреттер, слайд, бейнетаспа т.б.

Сөздік жұмыс: Байланыс құралдары.

Билингвальды компонент: Байланыс құралдары-средства связи, бұқаралық ақпарат құралдары-средства массовой ин­формации.

Қолданылған әдіс: ВЕНН диаграммасы


Балаларды шеңберге тұрғызу.

Жарқырайды бақшамыз,

Жайнай түсті даламыз.

Аман Отан панамыз,

Аман ата анамыз.

Қайырлы таң қонақтар,

Қайырлы таң балалар.


«Сымсыз телефон» ойыны.

Шарты: Жүргізуші сайланады. Барлық балалар отырады. Жүргізуші бір балаға құпия түрде құлағына сөз айтады. Ол бала келесі балаға айтады, соңында қандай сөз айтқандары сұралады.

Ұйымдастырылған оқу қызметін бастамас бұрын мына қағидаларды айтып кетейік.

Басқаның пікірін сыйла.

Біреу сөйлегенде оның сөзін бөлме.

Басқаның пікіріне құлақ сал.

Ойлағаныңды ортаға сал.

Бұлар нелер?

Топ ережесі

Ендеше, бүгін осы қағидаларды ұмытпайық.


Тәрбиеші: Балалар біз бүгін ақпарат әлеміне енеміз. Қане балалар сендерге жұмбақтар жасырылады, жауабын шешейік.

1.Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды. Телефон


2.Кішкентай ғана сандықтан,

Әңгіме, өлең, ән шықты,

Тыңдап әнін, өлеңін,

Үйден кино көремін. Теледидар



3.Тамақ іше қоймайды,

Тек адамша ойлайды. Компьютер

Тәрбиеші сурет арқылы байланыс құралдарын көрсетеді. (Компьютер, телефон, ұялы телефон, теледидарлар, радио, хат , газет-журналдар т.б.)

Байланыс құралдары жайлы түсінік беру:


Газет - журналды оқығанға жететін ештеңе де жоқ. Газет - журналдың адам өмірінде алатын орны зор. Біз газеттен еліміздегі, шетелдердегі оқиғалардан хабардар боламыз.

Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.

Бірінші: газет - халықтың көзі, құлағы, тілі;

екінші: газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе;

үшінші: газет - халыққа білім таратушы;

төртінші: газет - халықтың жоқтаушысы-деп айтқан екен.


Хат, жеделхат, құтықтау хаттары, сәлемдеме байланыс түрлеріне жатады. Жеделхат– телеграф арқылы берілетін жедел сипатты хат. Ақпаратты екінші адамға немесе мекемеге жеткізу үшін пайдаланылады. Байланыс қызметінің бұл аталған түрлерінің бәрі адамдардың тұрмысына өте қажет.


Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде жаңалық таратуда ең шапшаң, жедел құралдың бірі.


Теледидар адамзаттың күнделікті өмірнің ажырамас бір бөлігіне айналған. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін теледидардан өзіне қажетін тауып, тамашалайды. Жаңалықтар тыңдайды, кино көреді, балалар мультфильм көреді екен. Теледидардың шығу тарихы, Televisorium латын тілінен аударғанда алыстан көруші дегенді білдіреді.


Телефон да байланыс құралдарының бірі. Осы байланыс құралдары арқылы біз ақпарат аламыз.


Компьютер де байланыс қызметі түрлерінің қатарына жатады. Компьютермен әлемнің барлық жерлерінен әртүрлі хабарлар алынады және жіберіледі.


Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады.


«Телефон» дидактикалық ойыны.

Шарты: екі бала ойыншық телефон тұтқасымен бір-бірімен сөйлеседі. Мысалы:

-Сәлеметсің бе, Айзере?

-Сәлеметсің бе, Еркеназ?

-Ертең мен анаммен серуендеуге барамын. Сен бізбен барасың ба?

-Анам рұқсат берсе, барамын...

-Жақсы, онда хабарласарсың...

-Сау бол.


Вацаппен сөйлесу, смс жіберу.

ВЕН диаграммасы Телефонның ұялы телефоннан айырмашылығын айқындау. (балалармен)


Өте жақсы балалар, енді біз дыбыстық жаттығулар жасайық.

Дыбыстық жаттығулар

Ан-ан-ан –бұл тышқан

Та-та-та- бұл пернетақта

Ша-ша- ша–бұл жүйелік қорапша

Ор-ор-ор –бұл монитор


Тәрбиеші:-Балалар бұл дыбыстық жаттығуда нелер туралы айтылған. (тышқан, пернетақта, монитор, жүйелік қорапша)

А. Әшірбекқызының «Компьютер» өлең тыңдайық.

Пернетақта алдыңда,

Дәу монитор тұр қарап.

Көп шаруаны атқарар,

Компьютер бұл ғажап.

Керек емес қаламың,

Жазуды да жазады.

Қарындаш пен бояусыз,

Суретті де салады.

Талай шаруа бүгінде,

Компьютерсіз бітпейді.

Бірақ, байқа, балақай,

Оның да бар зияны.

Соны білген ата-анаң,

Кейде сені тияды.

Көп отырсаң телміріп,

Көз жанарың талады.



Көз жаттығуын жасайды.

Көзді ашып жұмамын,

Жұмып қатты қысамын,

Көзді ашып,жыпылық қағып,

Қабақты түйіп тұрамын.

Оң құлағым қайдасың,

Сол құлағым қайдасың,

Көре алмай сендерді,

Қараймын алға мен енді.


Ойын: Компьютер құрылысы.

Балаларға суреттер беріледі, сол суреттер бойынша компьютер құрастыру.

Компьютердің жалпы қызметі туралы не айта аласыңдар?

Компьютерді адамның миымен салыстыруға бола ма? Қалай салыстыруға бола ма? Қалай ойлайсыңдар, компьютердің «миы» қай жерде орналасқан? (Жүйелік қорапта орналасқан)

Тәрбиеші ноутбукты көрсетеді.

Мынау не? Мұны компьютер деп атауға бола ма?

«Ноутбук» – ағылшын сөзі, ол «қалта кітапшасы» дегенді білдіреді. Тәрбиеші ноутбукке алдын ала жазылып, дайындалып қойылған слайдтарды балаларға көрсетіп, әңгімелейді.


Сурет бойынша әңгіме. Компьютердің алдында отырған бала.

Компьютердің алдында көзі қызарып, шашы жалбырап, түсі бұзылып отырған бала суреті.

Балалар, менің қандай зиянды жақтарым бар, білесіңдер ме? Менің сендерге қатаң ескертетін талабым бар! Ешқашан компьютер алдында 20 – 30 минуттан артық отырмаңдар! (Бейнетаспа көрсету)

Менің зиянды жақтарым:

1.Мен зиянды сәуле шығарамын. Ол зиянды сәуле сендердің денсаулықтарыңның нашарлауына әкеліп соғады.

2.Үнемі тесіліп қарап отырғандықтан, көздеріңнің көру қабілеті төмендейді.

3.Ұзақ уақыт компьютермен әуестену кішкентай балалардың компьютерге тәуелділігіне әкеп соқтыруы мүмкін.


Тәрбиеші: -Балалар бір сәт экранға назар аударайық. «Балапан» телеарнасының жүргізушісі Маржан Нургалиевна бізге қонаққа келмекші. Таныс болайық:

Маржан Нургалиевна: -«Бастау» балабақшасы Айгөлек тобының тәрбиеленушілері. Мен сендерден сұхбат алуға барамын. Мені күтіп алуға дайынсыңдар ма?

Балалар: -Дайынбыз.

Тәрбиеші: -Онда қарсы алайық. (орындарынан тұрып қарсы алады)

Маржан Нургалиевна: - Амандасады, балалар, мен қазір сендерден сұхбат (интервью) аламын.

-Мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер сол сұрақтарға жауап беріңдер?

-Жақсы, жауап береміз.

Қандай байланыс құралдарын білесіңдер? (Теледидар, телефон, радио, хат, газет-журналдар, компьютер)

  • Бұқаралық ақпарат құралдары деген не? (Әлемнің алыс-жақын елдерінен жеткізілетін жаңалық, хабарларды тарататын құралдар)

  • Компьютер байланыс құралына жата ма? (жатады)

  • Сәлемдемемен не жіберуге болады?(барлық заттарды)

  • Құттықтау хаттарын кімдерге және не үшін жазады? (Құттықтау үшін)

  • Компьютердің зинянды жақтарын атаңдаршы. Көз ауырады, ми тынықпайды, қисайып отыруға әкеледі)

  • Ноутбуктың қазақша атауы қалай аталады екен? (Қалта кітапшасы)


-Өте жақсы, жауап бере білдіңдер, енді мен сендерді «Балапан» телеарнасына қонаққа шақырамын, шақырту қағазымды тәрбиеші апайларыңа жолдаймын, келетін уақыттарыңды тәрбиеші апайларың айтады. Рахмет, сау болыңдар!

Тәрбиеші: -Ал, балалар сендер білімді, ақылды болғандарың үшін телеарнаға қонаққа шақырып кетті. Ал бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін мен сендерді марапаттағым келіп тұр.

Оқу қызметіне жақсы қатысқан балалар мадақталады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Теледидар, радио, телефон, компьютер, кітаптар мен газет-журналдардың ақпараттық құралдар түріне жататындығы туралы.

Түсінеді: Байланыс құралдарының жұмыс істеу ерекшеліктері мен маңызын; компьютердің пайдалы, зиянды жақтары туралы мәліметтерді;

Қолданады: Компьютер туралы бұрынғы алған білімдерін.


























































































Бекітемін:
КМҚК «Бастау» балабақша
меңгерушісі

А.Д.Сембаева__________
« »_______ 2019 жыл







Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары



Тәрбиешінің аты-жөні, тегі

Білім беру саласы

Бөлімі

ҰОҚ тақырыбы

Уақыты

1

Зейнелсадыкова Еркежан Серикжановна

Коммуникация

Сөйлеуді дамыту

Байланыс құралдары

15.04.2019

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!