Материалдар / Бәйтерек-өмір ағашы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бәйтерек-өмір ағашы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ барысында қолдануға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пән: Дүниeтану


Мұғалiмнiң аты-жөнi: Сарсенбаева Асия Абылайқызы-

Әйтеке би ауданы, Талдық НМ бастауыш сынып мұғалімі

Ұзақ мeрзiмдi жоспар бөлiмi: 3


Сынып: 1



Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Бәйтерек - өмір ағашы

Осы сабақта қол жeткiзiлeтiн оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сiлтeмe)

1.3.1.2 көне заманның

танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстыру

Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар: Бәйтерек монументі туралыаңызды тыңдайды, талдайды. Көне заманның танымал кейіпкерлерімен танысады.

Көптеген оқушылар: Ертедегі адамдар мен қазіргі заман адамдары туралы түсінігін салыстырады.

Кейбір оқушылар: «Бәйтерек» монументін сипаттай отырып, алған ақпарат негізінде шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Бағалау критeрийлeрi

Оқушылар Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарымен таныстырады.

Тiлдiк мақсаттары

Елбасы, монумент, ақпарат, аңыз, кейіпкер

-Бәйтерек нелерді байланыстырған?

-Үш әлем дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Патриоттық және шығармашылық-коллаж жасау кезінде

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек-кейіпкерлерді бояу

АКТ қолдану дағдылары

Аудио жазбадан бәйтерек туралы түркі аңызын тыңдайды, “Бәйтерекке саяхат” фильмін қарайды

Бастапқы бiлiм

Астана, елбасы, Қазақстан

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кeзeңдeрi

Сабақтағы жоспарланған iс-әрeкeт


Рeсурстар



Сабақтың басы

0-5минут








Тыңдалым.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін аудиожазбадан бәйтерек туралы түркі аңызын тыңдату.

МТ

Жетекші сұрақтар:

- Бәйтерек нелерді байланыстырған?

-Үш әлем дегеніміз не?

-Самұрық қай жерге ұя салыпты?

-Өзендер қайдан бастау алған?

Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыздар?

Ұ.

«Ассоциация» әдісімен Бәйтерек сөзіне болжам жасау.

МТ

Бәйтерек монументі, көне заманның танымал тарихи ескерткіштері туралы тапсырмаларды орындаған балалар бәйтерек суретін жинап отырады, сабақ соңында кім бәйтерекке көп сурет жабыстырса, сол балаға Астанаға билет беріледі.


Аудиожазба







«Ассоциация» әдісі сызбасы



Бәйтерек суреті


Сабақтың-ортасы


5-35 мин.



МТ Тыңдалым.

Астана-Бәйтерек монументі туралы мәліметті тыңдайды.

Талдау сұрақтары:

-Астана-Бәйтерек қай жерде орналасқан?

-Неліктен биіктігі 97 метр?

-Бәйтерек деген сөз қандай түсінік береді?

-Кімнің бастамасы бойынша салынған?

-Шардың диаметрі неше метрге тең?

(Ұ)

Самұрық құс және Айдаһар туралы аңызды айтып бер. Аңызды аяқтап көр.

Дескриптор:

-аңыз кейіпкерлерін талқылайды

- мейірімді, зұлым кейіпкерді атайды

- неліктен Бәйтерек Астанада орналасқанын анықтайды

-аңызды аяқтайды.

Бағалау бәйтерек суретін жинау арқылы жүргізіледі.


(Ө) «Сәйкестендір» әдісімен.

Кейіпкерлерді сипатта.

Дескриптор:

- жақсылық, самұрыққа сәйкес;

- жамандық Айдаһарға ұқсайтынын табады.


Жазылым.

Барынша қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма:

Бәйтерек туралы аңыз” кейіпкерлерінің суреттерін боя.


(Т) «Суреттер не болды?» әдісімен зерттеу жұмысын жүргізу.

Дескриптор:

1.“Бәйтерекке саяхат” фильмін қарайды.

2. Бәйтеректің әр бөлігіне назар аударады.

3. Әр бөлігінде не орналасқанын жазады.

Зерттеу сұрақтары:

-Неліктен бәйтеректі үш бөлікке бөлген?

-Жер үсті бөлігінде не бар деп ойлайсыңдар?

-Жер астында ше?

-Аспан әлемін білдіріп тұрған қандай фигура?

Аз қолдауды қажет ететін оқушылар зерттеу тұжырымын жасайды және дәлелдейді:

Мұнардың үш бөлігі аңызға сай үш дүниені — жер үсті, жер асты, аспан әлемін білдіреді. тінін түсіндіру.


ҚБ тапсырмасы:

Астана қаласының көрікті жерлерінен коллаж жаса. Өз бетіңмен тағы қандай нысан қосар едің?

Бағалау критерийі:

Оқушылар Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарымен таныстырады.

Дескриптор:

-көрікті жерлерді табады;

-коллаж жасайды;

-өз нысанын көрсетеді.

Бағалау «Кім көп жинады?» кері байланыс әдісімен жүргізіледі.


(Ж)«Бұл жауабы болса, сұрақ қандай болады?» әдісімен.

1. 1997 жыл.

2. “Аялы алақан” композициясы

3.Н.Ә.Назарбаев

Сұрақтары:

1.Елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырған уақыт?

2.Бәйтеректің жоғарғы бөлігінде не орналасқан?

3.Астанада Монумент салу идеясын кімұсынды?


Оқулық










Дәптер, түрлі-түсті қарындаш









Дәптер




Қарындаштар





Интерактивті тақта











Астананың көрікті жерлерінің суреттері

Сабақтың соңы

35-40 мин.

«Рефлексия пирамидасы» әдісімен сабақты талдау жүргізіледі:

Сіз үйренген 4 нәрсе;

Сіз үйренгіңіз келетін 3 нәрсе;

Сіз көбірек білгіңіз келетін 2 нәрсе;

Сіз есте сақтайтын 1 нәрсе.

пирамида

Саралау-оқушыларға қалай көбiрeк қолдау көрсeтудi жоспарлайсыз?

Қабiлeтi жоғары оқушыларға қандай мiндeт қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың матeриалды мeңгeру дeңгeйiн қалай тeксeрудi жоспарлайсыз?

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!