Материалдар / Бал арасының пайдасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бал арасының пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бал арасы және балдың пайдасы туралы жалпы түсінік бастауыш сынып оқушыларына арналған. Адам ағзасына қажетті дәрумендер, ферменттер, минералдар осы ара балынан алынады. Ара балының түрлері және оны көптеген ауруларға шипа,ем негізінде қолданылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1797
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы

М.Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











Оқушының аты-жөні: Ермек Әмір Әділетұлы

Сыныбы: 1 сынып

Тақырыбы: “Бал арасының пайдасы ”

Бағыты: Жаратылыстану

Ғылыми жетекшісі: І .Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университеті

Педагогика және психология факультеті

деканының орынбасары , педагогика

және психология магистрі: С.Б.Шенгелбаева



Жетекшісі: “М.Мәметова атындығы орта

мектебі, мектепке дейінгі шағын

орталығымен ” коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:

Бейсенова А.Б.









2018 жыл

















Аннотация

Зерттеу мақсаты: Бал арасының ерекшелігін, оның түрлерін балды қалай жасап шығаратынын және балдың адам өміріне пайдасын танып білу.

Зерттеу нысаны: 1 сынып оқушысының бал арасы мен балдың ерекшелігін таныту және өзіндік зерттеу, бақылау жұмыстарына қызығушылығын арттыру.

Зат зерттеулер: Зерттеу жұмысын күнделікті өмірде пайдалану арқылы маңыздылығы мен пайдасын анықтау және жұмысты зерттеу уақытының аралығында күрделендіру.

Болжам зерттеулер: зерттеу жұмысын жүргізу барында зерттеушілік шеберлігін дамыту және оның маңызды екенін, одан да жоғары деңгейге көтеруге болатынын,егер де зерттеу жұмысын оқыту процесінде бақылау, зертханалық жұмыстарда пайдалану оқу процесінде іске қосылатын болады.

Қойылған міндеттерді кешенді түрде шешу үшін қолданылатын мынадай зерттеу әдістері қолданылады:

  1. Теориялық талдау жұмыстары. (Ғылыми әдебиет түрлері).

  2. Оқушыны қадағалау жұмыстары.(жетекшісі тарапынан).

  3. Бірге сөйлесу.(оқушының ғылыми тілде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру).

  4. Оқушының жұмысты талдауы.















































Мазмұны:



Кіріспе...........................................................................................1

1Ара - ақылды жәндік..................................................................2

2Ара балының түрлері.................................................................3

3.Ара балының пайдасы..............................................................4

Қорытынды...................................................................................5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................6







































































Кіріспе. Ара-ақылды жәндік.

Адам өміріне пайдалы жәндіктердің бірі - бал арасы. Бал арасы (латынша Apis millifera) - жарғаққанаттылар отрядына жататын бунақдене. Ұзындығы 1-1,5см. Бұл өте пайдалы, үйірімен топтанып ұшатын бунақдене. Бір семьяда бір ұрғашы,бірнеше жүз еркек бал ара, жүз мыңға дейін жұмысшы бал ара болады. Бұлардың бәрі бір ұяда мекендейді.Ұрғашы бал ара күн сайын 1000-2000 жұмыртқа салады. Жыл өткен сайын жұмыртқалауы кемиді.Сондықтан 1-2 жылдан соң оларды жас бал аралармен алмастырып отырады. Небәрі 5-6 жыл өмір сүреді. Еркек бал ара шірне жинамайды, ұя тазаламайды. Тек ашық күндері ұшып ойнайды. Оның аяғында гүл шірнесін жинайтын «кәрзеңкесі» де болмайды. Жыныс қабілеті 3-4 аптада жетіледі. Ұрғашы бал араға жанасқан соң ол бірден өледі. Ұрғашы бал ара секілді еркек бал ара да тек омарташының балымен қоректенеді. Еркек бал ара небәрі 3 айға жуық өмір сүреді. Жұмысшы бал ара жыныс қабілеті жетілмегендіктен шағылыспайды, сондықтан 30-35 күн өмір сүреді. Бұлар 3-4 күндігінен бастап-ақ дернәсілдерін қоректендіреді, ұрғашы бал араны күтеді. Сондай-ақ алысқа ұшып, «барлаушылық» қызметін атқарады, гүл шірнесін жинайды, балауыз бөліп, ұя салады және ұяларын қорғайды.

Жұмысшы бал арасының гүлді өсімдіктердің шырынынан өңдеп шығаратын өнімі – қоймалжың, тәтті сұйықты бал деп атаймыз. Және де бал арасынан фармацевтика, электротехника, авиация өнеркәсіптерінде пайдаланылатын органикалық зат – балауыз алынады. Аралардан прополис (ара желімі), ара уы, гүл тозаңы, биологиялық белсенді заттары бар және емдік әсері өте күшті сүт дайындалады. Бал арасының тіршілігін бақылау адамды табиғатты жақсырақ білуге, байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке баулиды.







Ара балының түрлері

Негізінен, ара балы бір шырынды және көп шырынды болып бөлінеді.

Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қарақұмық балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.

Көп шырынды бал – өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.

Гүлдейтін қаншама өсімдіктер бар болса, соншама балдың түрлері бар. Олардың бастылары мыналар:

Түйебұршақ (донник) балы- бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкозаға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) балы- мөлдір жасыл сары түсті, сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланады.

Жөке (липа) балы- сары жасыл түсті. Оның бактерияға қарсы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандырады, ұйқыны жақсартады.

Шабындық (луговой) балы- бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықтағы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы- ақтүсті. Жоғары сортқа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы -қою қызыл немесе қоңыр түсті. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай болғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге қолайлы. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз ақуыз, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза және т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сондай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тәрізді қышқылдар да болады. Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиеттері арқылы анықтайды.























Қорытынды

Мамандардың айтуынша , балдың адам денсаулығы үшін пайдасы көп. Атап айтқанда, бал қан құрамын жақсартады, ішкі ағзалардың қызметін жандандырады, имунитетті арттырады, дененің физиологиялық қызметін, күш - қуатын қалпына келтіреді. Мидың жұмысын жақсартады,тыныс алу жолдарын артық өңезденуден сақтайды.

































Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қайымов Қ.Биология және техника. Алматы.1985

2. Қазақ Совет энциклопедиясы. 2-том Алматы. 1973

3. Сыбанбеков Қ.  Биология ғажайыптары. Алматы. 1973

4. Жануарлар әлемінде. Алматы. 1992



















































































































































































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!