Бала – біздің қуанышымыз,
тірегіміз
Мақсаты:
Ата-аналар бір-бірлерін жақсы танып, олардың арасындағы
қарым-қатынасты нығайту. Ата-аналармен ашық, жайлы қарым-қатынас
атмосферасын орнату. Ата-аналардың метеппен байланыста болуына
ықпал ету.
Барысы:
1.
«Алақанды ашу»
тренингі
Ата-аналар екіге бөлініп,
олардың біреуі жұмылған қолдарын ұсынады. Қолы жұмылған ата-ана өзі
біледі алақанын ашады ма, ашпайды ма. Енді біреуі оның алақанын
күштеп емес, ол адамды ренжітпей, қолын ауыртпай ашу
керек.
Сұрақтар:
- Қалай ойлайсыз көршіңіздің
алақанын ашу сізге қиындық туғызды
ма?
- Сіз оның алақанын қалай
аштыңыз?
- Сіз бұл тренингтен не
ұқтыңыз?
Бұл тренингтің мәнісі –
балалар тұлғасы әр түрлі болып келуі мүмкін. Олардың біреуі – ашық,
біреуі – ұяң, біреуі – тұйық болып келеді. Бес саусақ бірдей емес,
сондықтан мектебімізде әр түрлі балалар кездеседі. Менің мақсатым –
ол баламен тіл табысу, ол баланың мінезін ұғу және ол балаға
психологиялық тұрғыдан қолдау, көмек, кеңес беру. Қиын жағдайда
ата-анасымен тығыз байланыста болу. Жаңағы тренинг барысында алақан
ашуда қандай қиындықтар болса, маған да балалармен қарым-қатынаста
сондай қиындық туғызуы мүмкін. Алақанды күштеп ашпаймыз, себебі
адамның жанын ауыртамыз. Сол себепті балалармен тіл табысуда,
қарым-қатынаста оның көңіліне қаяу түсірмейтіндей түрлі әдістерге
барамыз. Мен үшін ең басты принцип – баламен қарым-қатынаста зиян
келтірмеу.
2. «Мұғалім болып көріңіз»
ойыны
Жағдаят
шешу
Мұғалім балаларға тапсырма
берді. Барлығы орындап жатыр. Бір бала тапсырма орындағысы келген
жоқ, онымен қоймай: - мен тапсырма орындағым келмейді деп айтады.
Мұғалім қалай жауап беру керек?
1.
Орындатамыз!
2. Сабаққа не үшін
келдің?
3. Оқысаң оқы, оқымасаң
қой!
4. Сен мұның арты немен
аяқталатынын ойламайсың ба?
5. Себебін түсіндіргің келмей
ме?
6. Біз бұл мәселені бірге
шешейік.
7. Басқа
жауап.
3. «Менің жүрегім ән
айтады, егерде мектепте....
Менің жүрегім қайғырады,
егерде мектепте...» - өз ойымен
жалғастыру.
4. «Қызыққа толы, ғибратты
мәліметтер» айдары
Сіздің балаңыз дауласуға,
таласа кетуге әуес пе? Ендеше мұндай қылық әрдайым жаман, жарамсыз
деу қате, тіпті, кей іске, мысалы спорттың «жауынгерлік» түрінде
қажетті, таптырмайтын қасиет. Алайда ұл немесе қыз бала өмірдегі
қарапайым жағдайлардың бәрінен де айналасынан жау тауып,
ұрыс-керіске дайын тұрса, ата-ана қайткенде де ертерек шара
қолдануға тырысулары керек. Мұндай балаға сұлы, қарақұмық ботқасын,
қызылша қосылған тағамдарды пісіріп беруге болады. Осыдан кейін
нәтижесін күте беріңіз. Балаңыздың мінезі де өзгере бастайды.
Бойында сабырлылық, байсалдылық қасиеттері
қалыптасады.
Ашуланшақ балалардың бойында
ашу қайдан пайда болады деп ойлайсыңдар? Мінез кемшілігіне ішетін
астың тигізер әсері де бар. Жартылай дайындалған тағамдардың
құрамында (Е-251 мен Е-250) нитраттары көп кездеседі. Нитраттар
колбасада, сосискада, қақталған тағамдарда және ет консервілерінде
кездеседі. Адам ағзасында нитраттардың шамадан тыс жиналған алғашқы
белгілері – ашушаңдық пен себепсіз агрессияға әкеліп
соғады.
Күні
кешеге дейін тіл алғыш бала 12 жасқа толғанда бойында
қырсықтық пайда болады. Тіпті өзінің қырсықтығынан жақын адамдарын
ренжіткенін де байқамай қалады. Неліктен? Олай болу себебі
фосфорлы-кальций зат алмасуының бұзылғандығының әсері. Ол үшін
балаға жұмыртқа, ірімшік, котлет, бифштекс, етсіз борщ, бұқтырылған
капуста тағамдары болса да
жеткілікті.
5. Сауалнама
«Сіз қандай
ата-анасыз?»
Бұл сұраққа жауапты кім
білгісі келмейді! Осыған орай, балаңызбен
қарым-қатынаста Сіз төмендегі
фазалардың қайсысын жиі қолданатыңызды
белгілеңіз:
1. Саған қанша рет қайталап
айтамын.
2. Маған ақылынды айта
қойшы.
3. Мен сенсіз не істер
едім
4. Сонша кімге
тартқансың!
5. Сенің достарын қандай
тамаша адамдар!
6. Туу,
ұқсағансың!
7. Мен сендей
кезімде....
8. Сен менің тірегім мен
көмекшімсің ғой!
9. Сенің достарың өзі қандай
адамдар....
10. Сен тегі не ойлап
жүрсін?!
11. Сен менің
ақылшымсың!
12. Ұлым. Қызым сен қалай
ойлайсың...
13. Басқаның баласы бала
сияқты, ал сен
14. Сен қандай ойлап
тапқышсың!
Енді жалпы ұпайды санап,
жауапты табыңыз, әрине, Сіздің қандай
ата-ана екеңінізді Сізден артық
ешкім білмейді. Бұл тек Сізге ой салуға беріліп
отыр.
Кілті:
7-8
ұпай – Сіз балаңыз екеуіңіз бір-
біріңізді сөзсіз түсінуге ұмтыласыз. Ол Сізді жақсы сыйлайды.
Сіздердің қатынастарыңыз тұлғаның қалыптасуына мүмкіндік
береді.
9-10
ұпай – Сіз
қарым-қатынаста бір қалыпты емессіз.
Ол сізді сыйлағанмен әрқашан сырын ашып айта бермейді. Оның дамуы
кездейсоқ жағдайлар мен оқиғалардың ықпалына түсіп кетуі
мүмкін.
11-14
ұпай – Сіздің балаңызбен
қарым-қатынасыңызды өзгерту қажет.
Сіз балаңызға аз сенім білдіресіз, қиын жағдайларда қолдамайсыз.
Оның оқшаулануына, балаңызбен конфликтілік қатынасқа мүмкіндік
береді. Ол тұлғаның өсуіне кедергі
жасайды.