400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала Абай. М. Әуезов

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов туралы қысқаша түсінік беріп, А. Құнанбаевтың балалық шағынан үзінді оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ана тілі.

2 «П» сынып. Наурызбаева Анар Қанағатқызы.

С Сабақтың тақырыбы: Бала Абай. М. Әуезов.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлы жазушысы М. Әуезов туралы қысқаша түсінік беріп, А. Құнанбаевтың балалық шағынан үзінді оқыту.

Сабақтың міндеттері:1. Білімділік. Мәтінді саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Негізгі ойды таба білуге үйрету.

2. Дамытушылық.. Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.

3. Тәрбиелік. Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту сабағы.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап. Ішінара ізденушілік. Қайталау. Талдау, жинақтау. Оқулықпен жұмыс. Машық жұмысы. Тіл дамыту. Топпен жұмыс. Ойын. Көрнекілік.

Сабақтың жабдығы: дидактикалық материалдар, буклет, оқулық..

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Барлық оқушының үй тапсырмасын дұрыс және түсініп орындауын анықтау.

Ақын Ғ. Қайырбековтың «Алғашқы қоңырау» өлеңін жатқа бірнеше оқушыға айтқызу. Бір-екі оқушыға өлеңнің мазмұнын қара сөзбен әңгімелету.

-Сонымен Ы. Алтынсарин туралы не білдік? Тірек сызба арқылы түсіндіреді.


Қандай өлеңдер Кім?

жазған? \ /

Ыбырай

/ \

Қайда туған? Қандай оқу құралын жазған?

ІІІ. Сергіту сәті.

ІV. Жаңа материалды игерту кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. М. Әуезов. Бала Абай. Тақырыпты бір оқушыға оқыту. –Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Абай Құнанбаевтың балалық шағы туралы. Абай Құнанбаев туралы не білеміз?

«Ребус шешу» ойыны. ,,,кітап суреті `` ,,, домбыра суреті ``` ай суреті.

-Қандай сөз шықты?

-Қандай сөз оқыдың? Абай.

« Пікірлер ағашын» толтыру.

Ол кім? \ А / Қандай өлең жазған?

Қайда б

туған? / а \

й Әкесінің аты кім?

Оқушылар жауаптарын тыңдау. М. Әуезов туралы түсіндіру. Мұхтар Әуезов 1897 жылы Семей облысы Абай ауданында туған. Атасы Әуез абаймен дос болған. Бүгін біз «Абай жолы» романынан үзінді оқимыз.

V. Жаңа сабақты оқып-білу кезеңі. Оқушының оқылған материалды есте сақтау әдісін меңгеруін қамтамасыз ету.

1. Оқушылардың Абай туралы білетіндерін сұрау. Жауаптарын толықтыру.

Абай (Ибрахим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы Абай ауданында туған. Шыққан іргетасы ауқатты болған. Ол кішкене күнінен-ақ ертегі аңыздарды құмарта тыңдаған. Оған әкесі Зере мен апасы Ұлжан аңыз ертегі айтып отырған.

2.. Мәтінді мәнерлеп оқып беру. 3. Сөздікпен жұмыс жүргізу. –Қандай түсініксіз сөздер бар екен? Бір аралық кейіпте, әңгімеші, сырқаттанып.

4. Мәтінді 2 оқушыға мәнерлеп оқыту. Мәтінді тізбектей оқыту.

5. Оқушыларға сұрақтар беру арқылы мәтінді түсінген, түсінбегендерін анықтау.

–Абай неге үйден көп шықпайтын болды?

-Абай әжесінен әңгіме тілегенін қалай білдіруші еді?

-Абайға тағы кім әңгіме айтатын?

-Бірде Абайлардың үйіне кімдер келді?

-Ақын қандай жырды жырлады?

Абайға мінездеме берейік.

ақылды ұғымтал

\ /

дана -- Абай --ойлы

/ \

салмақты зерек

VІ. Топпен жұмыс. Деңгейлік тапмырмалар беру. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.

І топ.

Мәтіннен Абай денесінің өсуі туралы айтылған жерін тауып оқыңдар.

ІІ топ.

Әжесі туралы айтылған жерін мәтіннен тауып оқы.

ІІІ топ.

Абайға тағы кім әңгіме айтатын? Соны мәтіннен тауып оқы.

VІІ. Дәптермен жұмыс. Дәптерге мақалдар жазу.

«Өнер -ағып жатқан бұлақ,

Білім-жанып тұрған шырақ..»

Мақалдардың мағынасын түсіндірту.

VІІІ. Жаңа біліммен іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.

Әр топ мәтін бойынша бір-бір сұрақ дайындап, бір-біріне береді. Жауаптарын ауызша айтады. Тыңдап болған соң, басқа топтар толықтырады.

ІХ. Сабақты бекіту кезеңі.

–Ал, енді балалар, осы мәтін бойынша кім қандай сурет салар еді? Ойша сурет салу.-мәтінде кімдер туралы айтылған?

Абайдың әжесінің аты ... .

Абайдың шешесінің аты... .

–Бала Абай нені ерекше жақсы көреді екен?

Мәтіндегі жазушы сөзін пайдаланып, жауап беріп көр. Суретпен жұмыс. Мәтінге сүйеніп жауап бер.

–Суретте кімдер бейнеленген деп ойлайсың?

-Олар отырған үйді сипаттап айтып көр.

-Мәтінге сүйеніп, әжесі мен Абай арасында болған оқиғаны әңгімеле.

Х. Үйге тапсырма беру кезеңі. «Бала Абай» мәтінін оқу, мазмұндапу, мәтін бойынша сурет салу.

ХІ. Сабақты қорытындылау кезеңі.

Сызбаны толтыру. Әр топтан бірнеше оқушы шығып, сызбаны толтырады.


Құнанбай Ұлжан

\ /

Ибрахим--- Абай --- аудармашы

/ \

Зере ұлы ақын

Оқушылар білімін бағалау. Жалпы сыныптың білімін бағалау. Жекелеген оқушылар білімін бағалау.

Рефлексия. Оқушылардың өздерін өздері бағалауы.

–Бүгін нені оқып білдік?

-Сабақтан қандай қорытынды ой түйдіңдер?

-Сабақ саған ұнады ма?


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
929
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі