Материалдар / Бала –болашағым, серігім, бақытым. Психологиялық тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала –болашағым, серігім, бақытым. Психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг. Ата-ана-мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
883
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бидайкөл ауылы

148 орта мектебі КММ-нің педагог-психологы

Бектұрғанова Айнаш Дүйсенқызы

Тақырыбы: Ата-аналарға арналған психологиялық тренинг.

Тренингті өткізу мақсаты:Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін анықтау

Тренинг мақсаты:Ата-ана-мектеп-бала болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату.

Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру

Ситуациядан шығу арқылы бала тәрбиесінде кездесетін қиыншылықтардың алдын алу

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар!Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесіне ата-аналардың психологиялық дайындығы» атты тренинг сабағымызға хош келдіңіздер.Ата-ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі,кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып,ұлтты тәрбиелейміз».Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзі сақтау,ұрпақты жалғастыру,өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса , оны жалғастырып демеуші ата-ана

Барысы:

1.Мотивациялық кезең

Шаттық шеңбері:

Ата-аналарды қолымыздан ұстап , шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз.? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Оң қолымызды жоғары көтеріп, оң жақтағы көршімізге «Сен кереметсің», сол қолымызды жоғары көтеріп, сол жақтағы көршімізге «Сен кереметсің»,енді екі қолымызды жоғары көтеріп өзімізге «Мен бәрінен де кереметпін» деп айтамыз

Танысу

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есіміне бір сын есім қосып және баласының есімін атап, баласының бір жағымды қылығын атайды.

Доппен жаттығу

«Бала сіз үшін кім?». Допты бір-біріне ұсынып сұраққа жауап беру. Бала –болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

«Рухани күш» ойыны

Ата-аналар екеу-екеуден орындыққа жайғасады. Ойынның шарты бойынша орындықтан бірін-бірі итеріп, ығыстыруы керек. Екі қолдарымен орындықтың жиегінен ұстауға болады.

Нәтижесі сұрақтар қою арқылы талданады.

  • Ойын ұнады ма, бір нәрсеге сүйенсе, құламауға бола ма екен?

Демек, өмірде саған сүйеніш болар адамдардың бар екенін ұмытпа, сіз де өз сәбиіңіздің өмірдегі ең жақын сүйеніші екеніңізді ешқашан естен шығармаңыз.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызы

Өз балаларыма көңіл бөлуге әрдайым менде уақыт болмайтын. Жұмыс қызмет бабында өрлеу , жеке бас өмірім. Бірақ менің балаларым ештеңеден тарықпай өмір сүріп жатты, менің олардың тәттілер, компьютерлік қажеттіліктерін қанағаттандыруға қаражатым жетіп отырды. Олардың кемшіліктеріне көз жұмып қарасам, олар менің тарапымнан көңіл бөле алмайтынымды кешіріп жатты. Бірақ мейірімді, жібектей балалық шақтың уақыты тез өтіп кетті. Күрделі жасөспірімдік кезең басталды.Алғашқы өзара кінә қою, алғашқы шынайы сезімдер. Менің түсінгенім, менің балаларым, сүйіспеншіліксіз өскен. Мен олардың есеюіне көңіл бөлмеппін, олардың нашар қылықтары мен әрекеттеріне тосқауыл қоймаппын және жамандықты жақсылықтан ажырата білуді үйретпеппін.

Кезекті келеңсіз жағдайдан соң ас үйде пиязды аршып тұрып, көзімнен жас кетті. Анам кіріп келіп:

  • Неге жылап тұрсың? – деді.

  • Білесің бе, ащы пияз қолыма түсіпті. Көзді жасаурататын сұрыптары болады гой, сол шығар, - дедім.

  • Демек, оны аз суарған шығар деді анам да, мен бір маңызды нәрсені

түсіндім: егер де балаларға балалық шағында аз су құйылса, өздерінің ересек өмірінде олар басқаларды көп жылатады.

Жүргізуші:ватманда бейнеленген жуаның үстіңгі бөлігінде жасыл жапырақты өскін бейнеленген.Ата-аналарға әрбір отбасында балаға қандай сезім мен қарым-қатынас болу керектігін, мысалы: мейірімділік,махаббат,түсіністік осындай жақсы сөздермен жуаның жасыл өскінін толтыруды ұсынады.

Сұрақ метафора ата-аналарға: егер де отбасында осындай қарым-қатынас пен сезімдер болмаса, бала қандай болып өсуі мүмкін?

Бұл жайында сіздердің ойларыңыз? Ата-аналарға сұрақ, талқылау.

Жүргізуші: ал енді осы өскіншеге жапсырылған сөздерді алып тастасақ жуаның өзі ғана қалғандай, шын мәнінде, адам өмірге келгенде әке мен ана деген асиетті сөздерді бойына сіңіреді.Құрғақшылық, қолайсыздық жағдайлары болғанда, біздің өсімдікті суарып үлгермейміз. Ол өледі. Ендеше өсіріп отырған жас өскіндерімізді мейіріммен, сезімталдықпен кішіпейілділікпен суғарайық.

Сергіту сәті

«Сіз өз балаңызды жақсы білесіз бе?»

Мақсаты:Ата-анамен баланың ортасындағы қарым-қатынасты анықтау

Мынадай сұрақтар беріледі.

1.Балаңыздың жақсы көретін түсі

2.Сүйікті пәні

3.Сүйіп жейтін тамағы

4.Ұстазының аты –жөні

5.Ағылшын пәнінің мұғалімінің аты-жөні

6.Сыныбында неше оқушы бар

7.Сыныбында кімнің қасында отырады?

8.Кітапханаға жиі барады ма?

9.Балаңның досы кім?

10.Математика пәнінің мұғалімі кім?

«Көңілді шарлар» жаттығу

Мақсаты: ата-аналардың көңіл-күйлерін көтеру.

Нұсқау: қатысушылар екі топқа бөлінеді. Екі топта бір –бірінің қолынан ұстап шеңбер құрады. Ортаға бір шар жіберіледі.,содан кейін шарлар біртіндеп көбейе береді. Қатысушылар сол шарларды жерге түсірмеу керек. Ережесі:сөйлемеу, жерге түсірмеу, қолдарын үзбеу.

«Рефлексия» /қорытындылау/

Ата-аналар тренингтен алған әсерлерін жазып, ағашқа іледі.Тренингті формативті бағалайды, қолдарымен көрсету.

Міне, осымен « Бала тәрбиесіне ата-аналардың психологиялық дайындығы» атты тренингіміз аяқталды. Ата-аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!