Материалдар / Бала дамуындағы ойыншықтың маңызы. Педагогикалық көркемдік құңдылығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бала дамуындағы ойыншықтың маңызы. Педагогикалық көркемдік құңдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Туғаннан 15 – 20 күнге толған нәрестеге дұрыс тәрбие беріп, олардың өсіп жетілуіне аса зор көңіл бөлуге міндеттіміз . Ойыншық – балалардың өсіп жетілуіне, ақыл – ойының, тілінің дамуында үлкен орын алады. Туғаннан бастап, есту, көру, талпыну, еңбектеу, ең алғашқы уілдеу, алғашқы буындар, тілінің шығуына ары қарай жас ерекшелігіне қарай тілінің дамуында алатын орыны зор және маңызды. Ойыншықтың - ең басты бала өміріндегі, баламен тығыз қарым – қатынаста болатын, жан – жақты дамуға әрекетін ең маңызды құрал. Ойыншық баланың жас ерекшелігіне қарай таңдауға тиіс және баланың өміріне қауіп келтіретін болмауы керек. Осы процестердің бәріне жауап беріп ,қадағалап баланың жан – жақты дамуына бағыт беретін тәрбиешілер болып саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2021
1149
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мазмұны


Кіріспе............................................................................................................3

1. Баланың жан-жақты дамуына ойыншықтың тиімділігінің теориялық негіздері

1.1 Ойыншықтардың бала өміріндегі алар орны........................................5

1.2 Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды жаңа ойыншықтармен таныстыру әдістемесі............................................................................................10

2. Мектепке дейінгі балалардың дамуындағы ойыншықтың маңызы және педагогикалық-көркемдік құндылықтары

2.1 Тілді дамыту және айналаны бағдарлауда ойыншықтардың маңыздылығы.........................................................................................................18

2.2 Ойыншықтар арқылы ойын әрекетін жетілдіру................................22

Қорытынды .................................................................................................25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................27































Кіріспе


Зерттеу өзектілігі. Халықтың өткен тарихына зер салсақ, қай кезеңде де ұрпақ тәрбиесі әр елдің ең басты мәселесі. Өзге халық "бала тәрбиесі жөргектен" десе, дана халқымыз, бала тәрбиесі құрсақтан екенін айтып кеткен. Өмірге келген нәрестенің, жеке басының дамуына әулеметтік ортаның маңызы зор. Өмірге келген нәресте - әлеуметтік ортаның жемісі .

Мектепке дейінгі балалар үшін, әулеметтік ортасы, өзі тіршілік етіп жатқан балалар үйі мен топтағы құрбылары, тәрбиешісі, дәрігерлер, күтушісі және басқа да қызмет көрсетушілер. Сондықтан да осы балаларға ерекше қамқорлық жасау – қоғамның және осы балалар үйінің қызметкерлерінің міндеті.

Туғаннан 15 – 20 күнге толған нәрестеге дұрыс тәрбие беріп, олардың өсіп жетілуіне аса зор көңіл бөлуге міндеттіміз .

Ойыншық – балалардың өсіп жетілуіне, ақыл – ойының, тілінің дамуында үлкен орын алады. Туғаннан бастап, есту, көру, талпыну, еңбектеу, ең алғашқы уілдеу, алғашқы буындар, тілінің шығуына ары қарай жас ерекшелігіне қарай тілінің дамуында алатын орыны зор және маңызды.

Ойыншықтың - ең басты бала өміріндегі, баламен тығыз қарым – қатынаста болатын, жан – жақты дамуға әрекетін ең маңызды құрал. Ойыншық баланың жас ерекшелігіне қарай таңдауға тиіс және баланың өміріне қауіп келтіретін болмауы керек. Осы процестердің бәріне жауап беріп ,қадағалап баланың жан – жақты дамуына бағыт беретін тәрбиешілер болып саналады.

Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық  әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.

Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.

Ойыншық — баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады. Бірақ сауда айналымындағы ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы мардымсыз. Қазір базардан балаларға қажетті ойыншықтың түр-түрін табуға болады. Аң бейнесі  үлгісінде түрлі-түсті матадан тігілген жұмсақ қуыршақтар, асүйлік бұйымдар, үлкен машиналар, «Барбилер» бөбектерді ғана емес, үлкендерді де еріксіз қызықтырады. Алдымен ойыншыққа ойыншық деп емес, оны бала тәрбиесіне көрсететін құрат ретінде қарау керек.

Бірақ көп ойыншықтың қатарында балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін, ұлттық нақыштағы ерекшелігімізді, салт-дәстүрімізді насихаттайтын отандық ойыншықтар жоқ. Кейбір ойыншықтардан жағымсыз иіс бөлініп, бала денсаулығына кері әсер етеді. Әрісін айтпағанда, қыруар қаржыға келген бұйым әп-сәтте сынып, жарамсыз боп қалады.

Мектепке дейінгі балалардың ойыншығы талғамға сай, сапалы болғаны жөн. Ойыншықты сатып аларда түсіне ғана емес, сапасына, педагогикалық-психологиялық, биологиялық, медициналық қасиеттеріне, санитарлық-гигиеналық, техникалық, механикалық қауіпсіздігіне де назар аудару керек.

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда ойыншықтарды қолданудың маңызын, бала дамуындағы тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеті:

- мектепке дейінгі балалардың өмірінде маңызды орын алатын ойыншықтардың шығу тарихын анықтап, пайдасы мен зиянын түсіндіру;

- мектепке дейінгі ұйымдарда ойыншықты қолдану тиімділігін көрсету;

- мектепке дейінгі балалардың ойыншықтар туралы түсінігін молайту;

- мектепке дейінгі балалар өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлін анықтау.

Зерттеу объектісі: Бала дамуындағы ойыншықтың маңызы мен педагогикалық-көркемдік құңдылықтары.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер балаларды ойыншық түрлерімен таныстырып, ойыншықтарды жақсы қөруге, ұқыпты күтіп ұстауға үйретсе, онда балалардың тілдік қорлары мен танымдық қабілеттері арта түседі. 

Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттер, баспасөз материалдары, озат тәжірибені қолдану.

























1. Баланың жан-жақты дамуына ойыншықтың тиімділігінің теориялық негіздері

1.1 Ойыншықтардың бала өміріндегі алар орны


Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.

Ойыншық — әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Оны пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір кұбылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмектеседі. Ойыншықтармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-катынастары, өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеті қалыптасады.

Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.

Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.

Мектепке дейінгі баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.

Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.

Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.

Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.

Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.

Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.

Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.

Матрёшка

Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б.

Бейнелік, ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяғымен); адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуаршақтар мен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады.

Текше пішінді балалар ойыншығы

Техникалық ойыншықтар (транспорттық, құрылыстық т.б). Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді.

Конструкциялық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы – алмалы-салмалы) тақырыптық, схемалық, немесе әмбебеп конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы – алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерде тұрады.

Мәселен мынадай «Скейттегі кісі» (басқатырғыш ойыншығы), «Кертіктері бар доп», «Drawing&writingBoard» тақтасы, «Басқатырғыш - машина»,«№8024 скейтборд - басқатырғыш», «Фотоаппарат», «Суда жүзгіш үйрек», «Кубиктер», «Музыкалық дабыл», «QY-148А үялы телефоны», «Қамыр» сияқты ойыншықтарда стирол концентратының шамадан көп екені анықталды. Стиролмен улану кезінде бас ауыру, бас айналу, ұйқы басу, жүректің шаншуы, терінің қышуы, мұрын мен ауыз қуысы құрғауы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы сияқты симптомдары байқалады.

Сылдырмақтар және қатты дыбыс шығаратын ойыншықтардың кейбір түрлері тексерістен өтпеді. «Дисней», «Kaili» және«Неваляшка» өте қатты дыбыс шығарады. Дыбыстың деңгейден жоғары болуы есту аппаратының зақымдануына және жүйке ауруларына әкеп соғады.

Есту қабілеті балалар үшін ойыншықтың орны бөлек. Ойынды – балалардың жұмысы деп те айтуға болады. Сырт көзге ойнап жүрген бала ерігіп, еш нәрсе істемей жүрген тәрізді; бірақ шындығында олай емес, ол өзін-өзі жетілдіру үстінде; қиялын шыңдап, жаңа ақпаратты қабылдап үйренуде, сөйлеп және тыңдап жаттығуда. Бірақ ойыншық біткеннің барлығы баланың дамуына септеспейді. Ғалымдар кей ойыншықтың баланың аса сезімтал келетін есту органдары үшін аса зиянды екенін анықтады. Белгіленген нормаға сәйкес – шу деңгейі ересектер үшін 85 децибелден аспауға тиіс, мектеп оқушылары үшін рұқсат етілген шу деңгейі 55 децибел, ал кішкентай балдырғандар үшін 45 децибелден асатын дыбыстар зиян болып табылады. Адамдар әдетте 40-60 децибелден аспайтын мөлшерде сөйлейді. Сондықтан да, қадірлі ата-аналар, балаларыңызға дауыс көтермес бұрын оның салдары жайлы әбден ойлап алған жөн. Ғалымдар бірнеше танымал ойыншықтардың шу шығару деңгейін зерттеп көрді. Нәтижесінде кей машиналар мен лазер қару-жарақтың 100 децибелға дейін шу шығаратыны анықталды. Айта кету керек, 140 децибелден асатын шуға тап болған адамның кенет саңырау болып қалуы мүмкін.

Бала табиғаты қызыққыш, сезімтал. Оларды жастайынан ұлттық үлгідегі ойыншықтармен достастырсақ, тәрбие төңірегіндегі біраз даудың саны азаяр ма еді? Қазақ балалары аудиториясына арналған мультфильмдер саны көбейіп, сапасы да ұмыт қалмай, олардың кейіпкерлерін бала ойыншық ретінде қолына ұстап жүрсе, біздің ұтарымыз көп. Бұл ұлттық тәрбие негізін дамытудың төте жолы емес пе? Қалай десек те, ойыншыққа тек баланы қуанту немесе жұбату құралы ретінде қарауға болмайтынын түсінетін кез келді.

«Балаларымыз көркем әдебиетке қызықпайтын болды» деп дабыл қаққаннан, оның себебіне үңілгеніміз әлдеқайда пайдалы. Ұлттығымызды танытатын ойыншықтармен достасқан сәби ол ойыншық кейіпкері туралы мультфильмді көру арқылы ой-санасын дамытады. Баланың ой-өрісі ұлттық шеңберімізден алыстамай, «ұрпақ пен ұлттық мінез сабақтастығы үзіліп қалмай ма?» деген қаупіміз де біраз сейілер еді. Ойыншық пен мультфильм кейіпкері арқылы танылып қалған батырлар жыры мен аңыз-әңгіме кейіпкерлері жайлы ертегілер мен ұзақ жырларды оқуға деген қызығушылыққа жол ашылып, балалық шақта қалыптасқан дағды өмірлік әдетке айналуы да ғажап емес. Осылайша, бүгінгі күнге ауадай қажет баланы тәрбиелеудің жүйеленген баспалдағы құрылмай ма?

Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.

Ойыншықтың балалар өмірінде үлкен рөл аткаратынын Н. К.Крупская атап көрсетті. «Балдырғандарға арналған ойыншықтар туралы» мақаласында ол былай жеп жазды: «Біз балалар ойыншығы туралы мәселеге ересек адамға қандай ойыншық ұнайды деген тұрғыдан карай алмаймыз. Біз ойыншық туралы мәселеге балаға не ұнайды және оған не керек, деген түрғыдан қарауға тиіспіз».

Н. К.Крупская ойыншықта өмірдің нақты кұбылыстары, адамдардың, жануарлардың образдары шынайы бейнеленген болуға тиіс деп көрсетті. Ол баланың жас ерекшеліктерін зерттеуге, соларға сәйкес ойыншықтар жасауға және іріктеуге шақырды. «Ересек адам баланың жас ерекшеліктерін мұқият зерттеуге тиіс. Ойыншық жасаушылар да осыны істеуге тиіс, өйткені онысыз ойыншық баланы шынымен куантпайды, оның өсуіне, дамуына көмектеспейді».

А. М. Горький балаларға дүние жүзі туралы, өз елі туралы білім беру қажет екенін айта келіп, былай деп жазды: «Бұған қызықты, ақылды және қарапайым жазылған шағын кітап арқылы әбден жетуге болады, ал қызықты ойыншық арқылы жету одан да оңайырак»

Неғұрлым талантты шеберлер ойыншықтарды өзінің балалары үшін ғана емес, сату үшін де істей бастады. Біртіндеп ойыншық жасау кәсібі пайда болды. Ресейде ірі ойыншық кәсібі Мәскеу түбіндегі Богородское ауылында болды (тарихи құжаттарда ол туралы тұңғыш рет 1663 жылы айтылады). Богородскоенің шеберлері ағаштан ойып аю жасауға ерекше көңіл бөлді. Ойыншықта ол қолапайсыз, маймақ табан орман тұрғынының сипатты белгілеріне лайык бейнеленді, сондай-ақ еңбек сүйгіштік, білім құмарлық, думанға, музыкаға құмарлык секілді адам қасиеттерімен суреттелді.

Мәскеу облысының Подольск ауданындағы Бабенки ауылында 1911 жылы орыс шеберлерінің артелі ұйымдасты, олардың токарлық станокпен әрлеген ойыншықтар: конустар, түрлі түсті шығыршықтардан мұнаралар, жиналмалы ойыншықтар, кеспекшелер, тізбекшелер жасаумен аттары шықты. Бабенки ойыншықтары формасының айқындығымен, түсінік тазалығымен және сонылығымен ерекшеленеді, олардың конструкциясының қарапайымдығы ойыншықтармен алуан түрлі әрекеттер жасауға мүмкіндік береді.

Нижегород губерниясында (қазіргі Горький облысы) Хохлома ауылында ағаш ойыншықтар (самауыр, шыны аяқ, т. б.) жасайтын шеберлер оларды алтын түсті қызғылт бояумен әшекейледі. Городец ауылындағы шеберлер ағаштан теке, ат, бұқалар ойып жасады, Семенове ауылында матрёшкалар жасалды. Бұлардың құндылығы ғажайып көріктілігінде, қызғылықтылығында. Вятск губерниясындағы (казіргі Киров облысы) Дымково ауылында саздан жасалған (дымково) ойыншық ерте заманнан бері бар, оның ерекшелігі — формасының әдемілігі мен әшекейлерінің айшықтылығы, көркемдігі. «Көнілді түтіндер»—деп атайды халық бұл ойыншықтарды. Оларды ең тұнғыш жасаған — шаруа әйелі Анна Мездрина (1853—1938). Өз ерекшелігі бар талантты ойыншык суретшісі Е.Кошкина да кеңінен мәлім. Мездрина мен Кошкина өмірде көргендерін: үстіне кен юбка, басына калпак киген, колына шатыр ұстаған, бес биенің сабасындай, кербезденген бай бәйбішелерді, сықиған сәнқойларды, гусарларды ойыншықтарда бейнеледі. Күлкілі пішімдерінде егжей-тегжейлі суреттеу жоқ, бірақ прототипке тән белгілер — киімі, қозғалысы, көніл күйі бейнеленген; бұлар өте нәзік, өте дәл байқалған, айқын берілген.

Төңкерістен кейін ойыншық өндірісі тез өркендей бастады. Суретші шеберлердің еңбектерінде жаңа өмір бейнесін тапты, заман тақырыбы: «Чапаев тачанкасы», «Колхоз деревнясы», «Өзен порты», «Космодром», т. б. пайда болды. Ойыншықтарда нағыз халыктық дәстүрлер: әдемілік, бейнелілік, шарттылык, балалар үшін тартымдылык, сақталып қалды.

Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойыншық такырыптарына талдау жасау, оларды көркемдеу балалардыпсихо-ң логиясын, ойыншықтың баланы тәрбиелеуші және дамытушы ыкпалын ескере отырып, ғылыми негізде жүргізіледі. 1932 жылы Загорск каласында Ойыншық ғылыми-зерттеу институты құрылды, онда суретшілер, мүсіншілер, инженерлер, педагогтар жұмыс істейді. Институттың міндетіне ойыншық шығаратын кәсіпорындарға техникалык және консультациялық көмек корсету жатады.

Ойыншық — былай алғанда, нәзік зат, оның өмірі де қысқа, сондықтан ойыншықтың пайда болған уақытын, тарихын аныктау өте киын. Ең алғашкы ойыншықтардың бала күшіне лайыкталған еңбек құралы болғаны айдан анық. Кішкене садақ, жебе түп нұскасына үқсас еді. Оны"балалардың мергендігін, дәлдігін, козғалыстарының үйлесімдігін дамыту үшін ересектер жасап беретін. Балалар оны аңға шығу, андар мен кұстарды аулау ойынында пайдаланды. Едәуір кейінірек аңдарды, кұстарды, адам кескінін бейнелейтін ойыншықтар табылды.

Көпке дейін ойыншықты отбасында балалардың «көңілін аулау» үшін ересектер жасап келді. Ойыншықтар балаларға деген сүйіспеншілікті, оларды куантуға, алдандыруға, бірдеңені үйретуге деген ыкыласты бейнелейді. Ойыншық жасауда шығармашылық ой үшқырлығы, балалардың мүддесін, тілегін түсінушілік көрініс тапты. Ойыншық адам еңбегінің сипатты белгілерін, табиғатка деген сүйіспеншілікті, табиғатты тануды, жануарлардың, кұстардың ерекшеліктері мен мінез-құлықтарын белгіледі. Ойыншықтардың бояуы ашық, формасы айқын, мәнерлі және түсінікті болды.

Ойыншықтың өмірлік мәні.

Е.А.Аркин ойыншыққа өте көп мән берді:

  • Баланы сезімге бөлейді

  • Айырылмас , тыңдайтын дос.

  • Балаға ақыл береді.

Ойыншықтың пайдасы мен зияны, оларды таңдай білу.

Ойыншықтың пайдасы өте көп, бала ойыншықпен ойнау арқылы өмірді таниды. Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы.

Ал зиянына келер болсақ, қытайдан әкелінген ойыншықтар жайлы айтар едік.

Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі — зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі.

Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.

Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.

Қытайдың ойыншықтарынан көп мөлшерде мырыш қосылғаны да анықталыпты. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында ася зиянды улы зат — фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен.

Мектепке дейінгі балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде отандық ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді.

Ойыншық таңдауда төмендегі гигиеналық талаптарға көп мән беру керекпіз:

  • қауіпсіз

  • сапалы боялған

  • жууға қолайлы


1.2 Мектепке дейінгі ұйымдағы балаларды жаңа ойыншықтармен таныстыру әдістемесі


Топта жаңа ойыншықтың пайда болуы- әрқашан да қуаныш. Балаларды онымен таныстыру алдымен педагогтің қандай міндетті шешкісі келетініне байланысты. Егер ол балалардың назарын ойыншықта бейнеленген қандай да бір затқа аударғысы келес, ол соны көрсетіп, оның өзіне тән қасиетін, сапасын айтып береді. Ересек кісінің бейнесі болса, оның көзқарасын білдіреді. Көңілді, қызық ойыншықты көрсетер алдынан қызықтыра түсетін ескерту жасап қояды. Егер ойыншық нәзік болса, механизмі абайлап ұстауды қажет етсе, бұл жөнінде балаларға ескеріп, сынып не бұзылып қалғанда ренжімес үшін оны күтіп ұстаудың тәсілдерін көрсетіп беру керек.

Қанда ойыншықты болмасын ойынна бөліп алап, көрнекі құрал етіп пайдалануға болмайды. Таныстыруда тәрбиеші ойын элементтерін алады: қуыршақтың атын, оның қайдан келгенін, қайда және қай жерде тұрғаын қандай ертегілер,өлеңдер, ойындар білетінін айтады.

Ойыншықтарды сақтау ойыншықтарды сақтау ерекшеліктері мыналармен қамтамасыз ету қажеттіліген байланысты:

-ойыншықтарға орналасуындағы балалардың қол жететін жәнен олармен өздігімен ойнау мүмкіндігінің болуы

-ойыншықтардың орналасуындағы толық тәртіп, әрбір ойыншықтың тартымды түрінің сақталуы

-ойыншық шаруашылығында балаларпдың өздерінің тәртіп сақтауы, оларға ұқыпты қарауы.

Бірінші талапқа ашық текшелері бар сөрелер неғұрлым сай келеді. Текшелер балаладың бойы жететінде,ойыншықтарды ерекше саймансыз ақ оңай алатындай болып орналасыуға тиіс. Оларда әр түрлі ойыншықтарға тұрақты орын бөлінеді. Ірі құрылыс материалдары үшін төменгі, сюжетті образды ойыншықтар үшін одан жоғарылау, стол үстінде қағаз басылған ойындар үшін ең жоғарғы текшелерді пайдаланған жөн.бір ойыншықтарға екінші ойыншықтарды тасаламай, көрініп тұруын қамтамасыз ету керек. ойыншықтарды ойнауға әзірлеуге және ойнап болғаннан кейін жинап қоюға жұмастлатын уақыт та елеулі рольатқарады. Ірі құрылыс материалдарын әдетте құрылыс ойындары өткізілетін жерде жақын жинаған дұрыс. Дидактикалық және сюжетті образды ойындар үшін подностардың не кәрзеңкелердің болғаны жөн. Бұл ойыншықтарды столға немесе ойын өтетін жерге арау, ойыннан сой жинау оңай болады. Сонымен бірге бұл балаларды ұқыптылыққа ұйымшыл әрекетке тәрбиелейді.

Мектепке дейінгі балалардың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін. Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі эмоция қозғауыштарымен шарттасады.

Әр баланың сырласатын

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!