Бала және отбасы (мақала)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бала және отбасы (мақала)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі үлкен орын алады. Отбасындағы тәрбие.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бала және отбасы

Түркістан облысы Шардара ауданы

Сүткент ауылы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Махатаева Жанна Байтасовна

Бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігі үлкен орын алады. Себебі, ата-аналар баланың мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Балалар үйде көрген тәрбиесін мектептен алған білім –тәрбиесімен толықтырады. Дана халқымыз: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дейді ғой.

Отбасы мәселесі барлық уақытта да адамзатты –толғандырған. Әрбір отбасы өз баласын қалай тәрбиелеуді өзі шешеді. Бұл мәселе бойынша бірыңғай ой жоқ. Әрбір ересек адам бала өмірінде маңызды рөл атқарады. Балалық шақ-педагогикалық әсер етулерге бағынатын кезең.

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты –тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.

Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз-ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер-жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Ата-ана-бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2020
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі